Қабілеттің түрлері
Презентация қосу
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ЖОҒАРЫ МЕЙІРБЕКЕЛІК
КОЛЛЕДЖІ
ПРЕЗЕНТАЦИЯ
Тақырыбы:Қабілет нышан темперамент
Орындаған:Құдайберген Нұрсұлтан
Тексерген
ЖОСПАР
Қабілет туралы түсінік
Қабілеттің түрлері
Нышан туралы түсінік
Темпераментке жалпы сипаттама
Темпермент типтері.
Қабілет деп әр адамның белгілі бір іс-әрекет түріне икемділігін айтады
немесе қабілет дегеніміз – мақсатқа бағытылған, тәлім-тәрбие жұмысына
байланысты адамның бір іс-әрекетке ұйымдасқан түрде бейімделуі және оны
нәтижелі етіп атқаруы
Қабілеттің түрлері.
Адамның қабілеттілігі оған ықпал етіп отыратын тәлім-тәрбиеге орай әрбір
адамда түрліше сипатта өтеді. Адамның қандай да болмасын белгілі бір іс-
әрекет түріне қабілетті болуы мынадай екі түрлі көрсеткіш арқылы анықталады:
Іс-әрекет тез бейімделу.
Іс-әрекет орындау нәтижесінің сапасы.
Әрбір адамның іс-әрекетті орындау тәсілі сол адамдардың психиқалық таным
процесінің даму ерекшеліктеріне, жүйке-жүйесі талдағыштарының жұмысына,
сезім мүшелерінің сыртқы тітіркендіргіштерге әсерленіп, қабылдау
жылдамдығына және адамның даралық қасиетіне байланысты. Қабілеттік –
адамдағы жеке-дара өзіндік ерекшелік, яғни бір адамның екінші адамнан
айырмашылығың көрсететін психологиялық сипат. Қабілеттің мұндай
сипаттарын былайша түсіндіруге болады. Мысалы, саусақтарының салалы
болуы-көбінесе музыкантарға, ал бойшаң болып келу –
баскетболшыспортшыларға тән ерекшелік. Адам бойындағы ерекшеліктер
қабілеттіліктің тек белгілі бір іс-әректке орай табысқа жетуге көмектесетін
белгілері ғана. Қабілеттілікке аса қажетті қасиет, мысалы, музыка саласында
әуенді есту мен ырғақты сезу, оларды бір-бірінен айыру болып табылады. Ал
қимыл-әрекет реакцияларының жылдамдығы неғұрлым жоғары деңгейде болса,
спорт түрлерімен шұғылдануға өзіндік әсері мен пайдасы тиері даусыз. Кез-
келген адамның екі-үш түрлі іс-әрекетті атқаруға бейімділігі болады
. Бұл – адам қабілетінің жалпы түрі, өмір сүруі мен тіршілік етуге
деген икемі және әрекетшіл көрінісі. Адам әрекетсіз, еңбексіз
ешқандай іс тындыра алмайтын болса, ол өмір сүре алмас еді.
Жалпы, қабілет адамның жеке басының әрекетімен байланысты
түрде жүзеге асады. Адамның даралық ерекшеліктерінен оның
арнаулы қабілеті де аңғарылады. Қабілеттің арнаулы түрі белгілі бір
істі үздік орындаудан, оған деген ықылас-ынтадан, дағды мен
икемділіктен айқын көрінеді.
Әр адамның іс-әрекеттің бір түріне икемді болуы оның сол әрекетті
орындауы үстінде, әсіресе, істің нәтижесінен анық байқалады. Бұл -
адамдардың даралық ерекшеліктері. Мысалы, бірдей жағдайда бір
істі бір адам тез меңгеріп, өте шапшаң, нәтижелі әрі сапалы етіп
атқарса, ал екінші адам іске бірден төселіп кете алмай, сол іс-
әрекетке лайық әдет-дағдыларын қалыптастырмағандықтан, істі
баяу, нәтижесіз, сапасыз атқаруы мүмкін. Бұл жайттар бірінші
адамның қабілеттілігі екінші адамға қарағанда әлдеқайда жоғары
деңгейде дамығандығын көрсетеді.
Адамның істеген ісі мен әрекетін бақылап көрмей тұрып, оны сол іске
қабілетті не қабілетсіз деп кесіп айтуға болмайды. Мәселен, сурет
өнерінің әліппесімен әлі танысып үлгірмеген баланы өнердің бұл
түріне қабілетті не қабілетсіз деу әлі ертерек. Тек ұйымдастырылған
оқү-тәрбие негізінде ғана оның сол іс-әрекет түріне қаншалықты
бейімді екендігін білуге болады.
Арнайы жүргізілген зерттеулердің көпшілігі адамның қабілеті ата тегіне,
яғни тұқым қуалау факторына байланысты деген көзқарасты қолдайды.
Бұл көзқарас бойынша, әр адамның қабілеті – оған туа берілетін өзіндік
дара табиғи қасиет.
Дегенмен, қабілетті адамда тек туа пайда болатын қасиет деген дұрыс
емес. Себебі, қабілеь – адамның даралық психологиялық ерекшелігі. Ал
туа пайда болатын нәрсе – қабілеттің дамуына негіз болатын
анатомиялық және физиологиялық ерекшелік – нышан. Нышаның табиғи
негізі – жоғары жүйке жүйесінің қызметтері, бас миындағы
миллиардтаған клеткалардың қозу, тежелу сияқты сан қилы әрекеті
және олардың алмасып отыруы. Ол өмір тәжірибесі, тәлім-тәрбие істері
нәтижесінде үнемі дамып жетіледі.
Нышан – мидың, жүйке жүйесінің, талдағыштардың адамдар арасындағы
табиғи даралық өзгешеліктерін айыруға себеп болатын тума
анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктері. Адамның белгілі бір іс-
әрекетті орындауға бейімді болуы қабілеттің дамып қалыптасуына
мүмкіндік туғызады. Алайда, бұл нышандар іс-әрекеттің нәтижелі
болуының толық жағдайы болып саналмайды. Ол үшін адам бойындағы
нышандарды дер кезінде анықтап алу керек. Содан соң оны әр алуан
әрекет үстінде дамытып отыруға бейімделіп, тәлім-тәрбие арқылы
өрістете түсу қажет. Нышан сан қилы мағынада көрініс беоеді. Мәселен,
әлеуметтік ортаның, тәрбие мен оқыту істерінің және түрлі
жағдайлардың әсерінен белгілі бір нышандар негізінде түрлі
қабілеттердің дамуы мүмкін. Мысалы, бойында шапшаңдық пен дәлдік,
ептілік пен шеберлік нышандары бар адамдар тіршілік жағдайы мен
қызмет саласына сай әр түрлі қабілетке ие болуы мүмкін. Бірі – хирург
дәрігер, екіншісі – гимнаст, үшіншісі – суретші т. с. с.
Нышанның ерекше түрі адамда жас кезінен байқалады.
Қазақтың аса дарынды күйші-композиторы Құрманғазының
шәкірті Дина Нұрпейісова өзінің күйшілік қабілетін сегіз
жасынан-ақ байқатып, бір-ақ рет тыңдаған күйін мүдірмей,
айна-қатесіз, дәл орындай алған. Дарынды киноактер, әрі
режиссер Шәкен Аймановтың да жалпы өнерге деген
құштарлығы бала кезінен-ақ айқын байқалғандығы жайлы
Қазақстанның халық әртісі Кәукен Кенжетаев тебірене еске
алады. М. Әуезов өзінің “Еңлік - Кебек” пьесасын 20 жасында
жазған. Әйгілі суретші К.П. Брюллов тоғыз жасында Сурет
академиясына оқуға түскен. Ал А.С. Пушкин сегіз жасында-ақ
өлең жаза бастаған. Алайда, мынадай жағдайды да естен
шығармаған абзал. Егер белгілі бір іс-әрекет барысында
жоғарыда келтірілген мысалдардағыдай жетістіктер адамның
балалық шағынан байқалмаса, ондай балада қабілет жоқ деп
айтуға болмайды. Мысалы, аса көрнекті математик Н.Н.
Лузин, биолог К. Линней, жазушылар В. Скотт, С.Т. Аксаков,
И.А. Гончаров т. б. өздерінің қабілеттілігін әлдеқайда кешірек
танытқан.
Темперамент белгілі бір адамға тән және өмір әсерлеріне жауап
реакциялардың динамикасы, тонусы мен бірқалыптылығында көрініс
беретін мінез – құлықтың табиғи ерекшеліктері.
Темперамент индивидтің барлық психикалық көріністеріне реңк беріп
отырады, ол эмоция мен ойлауға, еріктік қимыл – қозғалысқа, сөздің сарыны
мен ырғағына әсер етеді.
Қазіргі кезеңде психология ғылымы белгілі жүйеде темперамент типтерінің
бәріне толық пстхологиялық сипаттама беруге негіз боларлықтай деректер
топтанған.Алайда, дәстүрлі қабылданған темераменттің төрт /сангвиник,
холерик, флегматик, меланхолик/ түрінің психологиялық сипатын түсіну
үшін көбіне төмендегі аталған негізгі темперамент қасиеттері
қолданылады:1.Сезімталдық – адамның қандай да психикалық жауап
әрекетінің пайда
болуынасебепші сыртқы әсер күшінің ең төменгі деңгейі мен сол жауап -
әрекеттің туындау шапшаңдығы.
2. Жауап - әрекетке келу – бірдей ықпалды сыртқы не ішкі әсерлерге болған
ырықсыз жауап - әрекет дәрежесі.
3. Белсенділік – мақсатқа жетуде адамның қоршаған дүниеге ықпал жасау
және
кедергілерді жеңу үшін жұмсалған әрекет – қылығының қарқындылығы
/табандылық, зейін қою, бағдар таңдау т.б./
4.Жауап - әрекетке келу мен белсенділік қатынасы – адам іс - әрекетінің өзін
пайда
еткен себепке қаншалықты тәуелді екенін білдіруі: кездейсоқ сыртқы немесе
ішкі
жағдайлар /көңіл – күйден, кездейсоқ оқиғалардан/, болмаса ниет, мақсат,
талғаи т.б.
Икемділік – адамның сыртқы әсерлер мен өзгерген жағдайларға қаншалықты жеңіл
әрі жылдам үйренісе алуы немесе жаңа жағдайға салғырт, тіпті жатқылық көрсетуі.
Жауап - әрекет қарқыны - әрқилы психикалық әрекеттер мен процестер, сөйлеу, ым
– ишара қозғалыстары мен ой білдіру шапшаңдығы.
Экстраверсия, интраверсия – адамның жауап әрекеті мен іс қимылына себепші
жағдайлар – нақты мезеттегі сыртқы сезімдер немесе өткен мен болашаққа
байланысты санадағы бейне, елес пен ойлар.
Сезімдік қызбалық – эмоционалдық жауап болуы үшін қажет ең төменгі әсердің
шамасы мен оның туындау жылдамдығы
Темпермент типтері.
Холерик:
Шапшаң, эмоциялы
Жылдам, тез әсерленгіш
Күйгелек, шыдамсыз
Көңіл-күйі тез өзгереді
Қарым-қатынасы тік, аумалы-төкпелі
Тұрақсыз, соқпамінезді
Белсенді, пысық, шешім қабылдауға қабілетті
Ашуланшақ
Қимыл-қозғалысы батыл
Сөзі жылдам, интонациясы толқымалы
Іс-әректтерді атқаруға бейім
Бастаған істі аяғына дейін аяқтайды
Сезімге берілгіш
Жаңалыққа жаны құмар
Тез ашуланады, ашуын ұзақ ұстайды
Жетекші жұмыстарды ұнатады
Ұйымдастырушылық қабілеті мол
Белсенді әрекеттерді орындауды жақсы көреді
Сангвиник:
Көңілді, тез қозғыш
Қуатты, іскер, белсенді
Өзін көтеріп бағалауға бейім
Жаңаны тез меңгереді, сұрақ қоюға жаны құмар
Әсершіл, көңіл-күйі тез өзгереді
Ұнатқан нәрсесіне елігіп әуестенеді, бірақ тез басылады
Ұзақ уақыт мұңайып жүрмейді
Шапшаң да икемді, қозғалғыш, сергек
Уәде береді, бірақ кейде орындай алмай қалады.
Бір істен екінші бір іске көңілі тез ауысып кете алады
Қызыққан іске талабы көп, бірақ оп-оңай солғындап қала береді
Бастаған ісіне тыңғылықты болмай, жұмысы аяқсыз қалады
Сөзі жылдам, анық, ым-ишара жағы басым
Қарым-қатынасқа жақын, жаңа адамдармен араласуда өзін еркін ұстайды
Тез ренжіп, тез тарқайды
Ісі жоқ кезде сылбыр күйге түседі
Бір сарынды жұмыстарды жасауды қиынсынады
Шешім қабылдауда асығыстық, шашыраңқылық көрсетеді
Флегматик:
Байсалды, салқын қанды
Асықпай, баппен жүріп тұрады
Сақ, сенімді
Сезімдерін сыртқа шығармайды
Қызуланып желікпейді
Бір сарынды, монотонды сөйлейді
Мимикасы, өзге қимылдары мәнерсіз
Бастаған істі соңына дейін жеткізеді
Қимылы баяу
Кісімен араласуы мардымсыз
Тиянақты, тұрақты
Ұқыптылықты, тәтіптілікті жақсы көреді
Жаңа жағдайларға қиындықпен үйренеді
Көрсе қызар емес
Мәселені тез шешуге, орындауға асықпайды
Ашушаң емес
Бос нәрселерге күшін сарқымайды
Бір жұмыстан екінші жұмысқа ауысуы баяу
Меланхолик:
Ұялшақ, жасқаншақ
Жаңа жағдайда өзін жоғалтады
Бейтаныс адамдармен араласуға қиналады
Өз мүмкідігіне сенімі аз
Көңілі көбіне жабыраңқы
Ақырын сөйлейді, сөзі мәерсіз
Іске бірден кіріспейді, кіріссе аяқтап шығады
Көпшіліктен шеттеп жүреді
Сыртқы көрінісі әлсіз
Сезімтал, жаны нәзік
Сәл нәрсеге ренжігіш
Тұйық
Әсерленгіш
Жылауға бейім тұрады
Тез шаршайды
Сыртқы жағдайлардан үрейленгіш
Өмірде болып жатқан уақиғаларды үлкен әсермен қабылдайды
Көңілденуі қиын
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz