ОҚУШЫЛАРДЫҢ МАМАНДЫҚ ТАҢДАУЫН ЗЕРТТЕГЕН ҒАЛЫМДАР


Slide 1

Дифференциалды - диагностикалық сауалнама

Әдістемесі (Е. А. Климов)

Slide 2

Алуан-алуан кәсіп бар,

таңдай біл де, талап қыл!

Өмірге жаңа араласқан жас өспірімнің алдында бірнеше мыңдаған түрлі кәсіптің, біреуін таңдау міндеті туады. Әрбір жас адам бір ғана емес, көптеген кәсіпке қабілетті болады, бірақ барлық кәсіпке бірдей қабілетті болмайды және қабілеттері әр түрлі дәрежеде болады. Сондықтан балаларды қабілеттеріне, қызығушылықтарына, талап-тілектеріне қарай мамандыққа бағыттау, бейімдеудің міндеті олардың болашақ өмір жолын таңдауына, оның жеке басының қабілетіне сәйкес келетін мамандық таңдауына ғылыми негізделген көмек беруде болып табылады.

Мамандық таңдау - бұл белгілі білімдер жүйесі мен өзіндік қасиеттерді игеру жолы. Қазіргі мәдениетте мамандық таңдау оқу орнын таңдаумен тең келеді

Мамандық таңдау кездейсоқ факторға тәуелді стихиялы процесс болмауы керек.

Slide 3

Саналы түрде мамандық таңдау өте күрделі іс-әрекеттің түрі және ұзаққа созылатын процесс болып табылады. Әйтсе де, бүгінде білім алушылардың мамандыққа деген ынтасының классификациясы төмендегідей:

Мамандықтың қоғамдық-мемлекеттік маңыздылығы.

Осы саладағы мамандыққа дайындық.

Мамандықтың танымдық маңыздылығы.

Таңдалған жұмысқа қызығушылық

Мектептегі жетістіктің осы таңдалған мамандыққа байланыстылығы.

Мамандыққа деген қабілеттілік

Мамандықтың тәрбиелік маңызы.

Туған туысқандарының, мұғалімнің, досының, отбасының ақылы мен үлгілері.

Оқуға түсу, жұмысқа тұру жеңілдіктері.

Материалдық қызығушылық.

Slide 4

Ғалым-зерттеуші Е. А. Климов кәсіпті (мамандықты) таңдауға ықпал ететін 8 негізгі факторларды атап көрсетеді:

Slide 5

Психологтар мамандықты таңдаудағы негізгі факторларға төмендегілерді жатқызады:

Субъективті факторлар: қызығушылықтар (танымдық, кәсіби, мамандыққа қызығушылық, бейімділік) ; қабілеттіліктер (белгілі іс-әрекетте жетістікке жетуге қажет психологиялық механизмдер) ; темперамент; мінез.

Объективті факторлар:

даярлық деңгейі (үлгерімі) ; денсаулық

жағдайы, мамандық әлемі туралы ақпарат алу. Сондай-ақ, әлеуметтік ортаның, үй-тұрмыс жағдайының және ата-анасының білім деңгейінің де орны ерекше.

Slide 6

Мамандық таңдаудағы негізгі мотивтер:

Slide 7

Профессор И. Кон мамандық таңдауды 4 сатыға бөледі:

1

2

3

4

Slide 8

Мамандығын әлде де толық таңдай алмаған балаға мамандар, яки мұғалімдер, ата-анасы, үлкендер тарапынан көмек қажет. Ол көмек - «кәсіптік бағдар беру» деп аталады.

Кәсіптік бағдар дегеніміз

әрбір адамның жеке тұлғалық ерекшеліктерін, қызығушылығын және қабілетін анықтауға бағытталған белгілі бір жүйе шаралар, саналы мамандық таңдауға көмек көрсетуге оның жеке мүмкіндігіне қарай әрбір адамға арналған жүйе болып табылады.

Кәсіптік бағдар - оқушылардың жеке бейімділігін, қабілеттерін және қоғамдық қажеттіліктерді есепке ала отырып, дер кезінде белгілі бір еңбектік іс-әрекеттің түрімен, техника және өнер жетістіктерімен таныстыруға, белгілі бір кәсіп түріне оқушыларды бейімдеуге бағытталған мектептігі оқыту мен тәрбиелеудің құрамдас бөлігі.

Slide 9

Кәсіпке бағдарлау - бұл әрбір жеке тұлғаның индивидуалды ерекшеліктерін және халық шаруашылығына, экономикалық аудандарға, жеке салаларға қажетті сұранысы бар мамандықтарды ескере отырып жастарды еркін және өзіндік мамандық таңдауға дайындаудың ғылыми негізделген жүйесі. Бұл жүйенің негізгі объектісі бастауыш сыныптан жоғарғы сыныпқа дейінгі оқушылардың тұлғасы.

Кәсіби бағыт беру принциптері: жүйелілік; кәсіби бағыттың өмірмен байланысы; мектеп пен отбасының байланыста болуы; топтық, индивидуалды формадағы жұмыстың байланысуы; оқушыларға дифференциалды тұрғыдан қарау.

Slide 10

Бүгінде білім ордаларында мынадай кәсіптік бағдар берудің бағыттары кеңінен қолданылады

Кәсіби диагностика

Slide 11

Оқушылардың мамандық таңдауына көмектесудегі әлеуметтік педагогтың қызметі

Әлеуметтік педагогтың қызметі оқушының мамандық таңдауына көмек көрсетуде маңызды рөл атқарады. Әлеуметтік педагогикалық қызмет құралына : қызметтің мақсатына жететін барлық іс-әрекеттер, әдіс түрлері және технологиялар жатады.

Slide 12

Педагогикалық әдістер - сөз арқылы, көрнекіліктер арқылы, тәжірибелік, тұлғаның санасын қалыптастыратын әдістер (әңгімелесу, лекциялар, пікір талас, үлгі әдісі) ; мінез-құлқы мен қызметін ынталандыратын әдістер (байқаулар, жарыстар, мадақтау, жазалау) ;

Әлеуметтік-психологиялық әдістер - зерттеу әдістері (ақпарат жинау әдісі, анықтау әдісі, өңдеу әдісі) ; әсер ету әдістері (түзету және басқару, мативациялау, үйрету, дамыту, құрастыру және шығармашылық әдістері) ;

Оқушының мамандығын таңдауға көмектесетін мамандар әртүрлі әдістерді қолдана алады:

Slide 13

Әлеуметтік педагогтың дәнекерлік қызметіне:

Бұл жұмыс педагогикалық кеңес, психологиялық-педагогикалық консилиум, ата-аналар жиналысын ұйымдастыру мен өткізу арқылы жүзеге асады.

Slide 14

Оқушылардың мамандық таңдауын зерттеген ғалымдар:

Slide 15

И. В. Дубровина болса жасөспірім кезеңдегі негізгі психологиялық өзгеріс өзін-өзі анықтау емес, сол өзін-өзі анықтауға психологиялық дайындық деп есептейді. Мұндағы өзін-өзі анықтауға психологиялық дайындық дегеніміз:

Сана сезімінің жоғарғы дәрежеде қалыптасуы;

Тұлғалық қажеттіліктің дамуы;

Жоғарғы сынып оқушыларының әрқайсысының өзіндік қызығушылығымен қол жетерлік табыстары.

С. П. Крягже алғашқы этапта мамандықталған өзін-өзі анықтау екі түрге бөлінеді деп көрсетеді, яғни белгілі мамандық таңдау немесе мамандырылған мектеп таңдау.

Slide 16 Slide 17

Фобияның

ең көп тараған жас кезеңі 25 пен 45 жас аралығын құрайды. Сонымен қатар, фобия әйелдерде 55 %, ерлерде 45 % шамасын құрайды. Себебі, әйелдердің жүйке жүйесі ерлерден қарағанда сезімтал келеді.

ДДС әдістемесін

Е. А. Климов 1984 жылы мамандықтықтың 5 типін ажыратуға байланысты ойлап тапты. Бұл әдістеме жасөпірімдер мен ересекетерге арналған. Сауалнаманың құрылымына келетін болсақ сауалнама 20 жұп сұрақтан тұратын бланк және жауап парағынан тұрады. Зерттелушi берiлген қызмет түрлерiнiң 20 жұбынан тек бiр ғана түрiн таңдау керек және парақтың сәйкес торында «+» белгiсiн қоюы қажет. Сауалнамаға берілетін уақыт шекетелмейді, егер зерттелуші тағы да уақытты қажет етуін сұраса өз еркінде, негізінен көбіне сауалнама уақыты 20-30 минут аралығын құрайды.

Slide 18

ДДС сауалнама қағазы

Slide 19

Мамандық таңдауды анықтау үшін оқушыларға арналған сауалнама

Фамилиясы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . Есімі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

Мектебі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . Сыныбы. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . Жасы. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

Толтырылған күні. . . . . . . . . . . . . . . . . Мекен-жайы. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

1. Сіздің сабаққа үлгеріміңіз қалай оқисыз?

2. Қандай пәндерді ұнатасың?

3. Қандай пәндерді ұнатпайсың?

4. Қандай үйірмеге қатысасың? Театр, музыка, спорт, би, сурет салу, кесте тігу, мүсіндеу, биология, жас техник

5. Осы уақытқа дейін қандай үйірмеге қатысқан едің?

6. Сыныпта қандай қоғамдық тапсырмаларды орындап жүрсіз? Староста, физруг, т. б

7. Достарың көп пе? (көп, біреу, бірнеше)

8. Саған қандай кәсіп ұнайды?

9. Қандай әдебиет оқуға құштарсыз? (көркем, ғылыми-көпшілік, шытырман оқиға) !

10. Өз бойыңызда қандай қасиеттерді тәрбиелегіңіз келеді? (мақсаткерлік, еңбексүйгіштік, қажыр, қайрат, адалдық, батылдық)

11. Сізді мына мамандықтың, білімдердің қайсысы қызықтырады: жаратылыс-ғылыми (математика, физика, химия, биология, медицина, экономика, юридиция), гуманитарлық (әдебиет, журналистика, лингвистика, педагогика, психология), өнер (музыка, театр, бейнелеу, вокал, өнірістегі жұмыс) .

12. Өзіңді қызықтырған қызмет немесе білім саласын меңгеру үшін не істеп жүрсің?

- ынта- ықыласқа сай оқу пәндерінен мінсіз оқып жүрсіз беБ

- қосымша әдебиеттер оқисыз ба? (ғылыми-көпшілік, ғылыми-техникалық)

- қызықтырған пін жөніндегі үйірмеге қатысасың ба? (қандай)

13. Бос уақытыңызда немен айналысасыз? (сурет салу, техникамен, шеберлік іс, спортпен шұғылдану, музыкалық аспапта ойнау, театрға, музейге, көрмеге, концертке бару, тоқу, киім тігу)

14. Қоғамдық жұмысқа қалай қатысып жүрсіз? (қатыспайсыз, тұрақта тапсырмаңыз бар), берілген тапсырманы соңына дейін орындайсыз ба?

15. Экскурсияға бардыңыз ба (қайда, қашан)

16. Өндіріс озаттарымен кездесулерде болдыңыз ба? (неше рет, қай кездесу бәрінен көп әсер етті)

17. Сен өзің үшін қандай кәсіпті және одан әрі оқу жолын таңдайсыз?

Негізгі ой-ниетіңіз. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

Екінші ой-ниетіңіз. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

Қосымша ой-ниетіңіз. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

18. Қалауыңызға ата-анаңыз келісе ме?

19. Ата-анаңыздың ұсынысы қандай. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

Slide 20 Slide 21

Әдістеме бойынша мамандық классификациясы

ІІ. «Адам-техника» - еңбек объектiсi техникалық жүйелер, машиналар, аппараттар және установкалар, материалдар және энергия. Жатады: радиомеханик, токарь, темiр ұстасы, жүргiзушi, инженер т. б.


Ұқсас жұмыстар
Мамандық таңдау ережесі
Қазақстанда жасөспірімдердің мамандық таңдау дағы ұстанымдары
ТӘРБИЕ ОБЬЕКТІСІ МҰҒАЛІМ
Химиялық эксперименттің түрлері
Оқушылардың жас
Балалардың жас ерекшеліктері
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
ТҰТАС ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРОЦЕСС
Педагогтың кәсіби біліктілігі
Метапәндік тәсіл ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz