Көшеттік жылыжай Гүлзар жылыжайы Көкөністік жылыжай




Презентация қосу
Қорғалған топырақтағы көкөніс шаруашылығы
Қорғалған топырақ дегеніміз-арнайы
қондырғылары бар, маусымнан тыс,
яғни жыл бойы көкөніс өсіруге
арналған микроклиматы бар жер
үлескілері мен құрылымдарды айтады.
Қорғаулы топырақ құрылымдарын
культивациялық құрылымдар деп те
атайды
Қорғаулы жер өсіру құрылыстары (жылыжай, булыжай) және жылытылған
болып бөлінеді. Солтүстік Қазақстанда 60-жылдардың ортасына дейін өсіру
құрылыстарының құрылымын- да негізінен булыжай басым болды, оның
басты міндеті, көшет өсіру болатын. Бірақ булыжай көшетінің өзіндік құны
өте жоғары. Көшет өсіру шығыны өнім шығынының 30-40 % тең. Осыған
байланысты булыжайлар өз маңызын жоғалта бастады. Жылытылған жерді,
булыжайдай, әуесқой - көкөнісшілер кеңінен қолданады.
*Жылыжайлар - ең жетілген өсіру құрылыстарының бірі, мұнда өсімдік
тіршілігінің барлық факторларын, сондай-ақ өнімділікті де реттеуге
болады. Жылыжайдың қорғаулы жердің басқа құрылыстарынан
айырмашылығы мүнда барлық технологиялық проңестерді
механикаландырып қана қоймай, сонымен бірге автоматтандыруға да
болады. Жылыжайдағы еңбек-өнеркәсіптік өндірістің бір түрі.
Жылыжайлардың негізгі міндеті- маусымнан тыс уақытта көкөніс,
қорғаулы және ашық жерлер үшін көшет өсіру.
Міндеті бойынша

Көшеттік жылыжай Гүлзар жылыжайы Көкөністік жылыжай
Пайдалану ұзақтығы
Қысқы жылыжай Көктемгі жылыжай

Жыл бойы көкөніс және көшет өсіріледі Ерте көктемнен қоңыр
күзге дейін(ерте көкөніс
және ашық жер үшін
көкөніс өсіріледі)
Өсіру технологиясы бойынша
Сөрелі,сөресіз(жерде),гидропонды жылыжайлар,фитотрондар және қозықұйрық
(шампиньон) бөлып бөлінеді

Сөрелі және сөресіз жылыжайлар көкөніс дақылдарына жарайды, бірақ олар
көбінесе көшеттер өсіруге пайдаланылады. Көлденені 8 м жылыжайларда
сөрелер ұзынынан, ал 10-12 метрліктерінде сөрелер көлденеңінен
жасалынады. Ұзын бойлығымен орналасқанда бүйірлік сөрелер- дің ені 80-90
см, ортасындағысынікі 160-170 см болады. Көлденеңінен орналасқан
сөрелердің ені - 60-90 см. Сөрелердің тереңдігі 25 см, жерден биіктігі 70-80 см,
жолдан сөренің үстіңгі ернеуіне дейін-95 см. Сөрелердің арасынан өтетін
жолдың ені 50-70 см. Сөрелер ағаштан және темірбетоннан, ал тіреулері
металдан жасалынад
Гидропонды жылыжайларда өсімдіктерді қоректік ерітінді- лер құйылған, су
өтпейтін бетонды астауларда есіреді. Әдетте гидропонды жылыжайларды: қажет
және органикалық тыңайтқыштар жоқ аймақтарда, жүйелі түрде топырақты жак-
сарту қиынға түсетін калалардың іргесіндегі ірі жылыжай ком- бннаттарында,
сондай-ақ. Қиыр Солтүстікте, шөл және шөлейт аудандарда, ұзақ сапар
кемелерінде, Антарктидада салады.
Фитотрондар-қоршаған орта факторларының өсімдікке өнерін зерттеу үшін жасанды
жағдайларды реттейтін кондырғылар. Фитотрондарды қолданып, әр түрлі климаттық
жағдайларды жасап, бір жылда бірнеше өнім алуға селекциялык процесті
жеделдетуге болады. Ғимаратының аумағы және зерттеу көлемі бойынша үш түрлі
фитотрон белгілі: жасанды климат станциясы, вегетациялык камера, вегетациялык
шкаф. Қазіргі кезде әлемнің көптеген ғылыми-зерттеу мекемелерінде кеңірек
қолданылатындары вегетациялык камералар мен шкафтар.
Қозықұйрық өсіргішжай - жылыжайлардың қозықұйрық өсіруге
бейімделген түрі. Мұнда саңырауқұлақты механикаландырған
технологиямен өндіру қарастырылған. Кейбір шаруашылықтарда
саңырауқұлақты бес қабатты сөрелері бар камераларда өсіреді.
Ғимараттардың түріне, механикаландыру мүмкіншілігіне қарай,
қозықұйрықты жүйектерде, контейнерлерде (жәшік және полиэтиленді
қаптар), көп қабатты сөрелерде осіреді. Қозықұйрықты өсіру үшін әр түрлі
құрылыстар пайдаланылады: штольнялар, үңгірлер, карьерлер, сондай-ақ,
жертөле, ескі ғимараттар, жылыжайлар. Германияда қозықұйрықты
өсіруге, өзінің тікелей мақсатында пайдаланбаған кезде, қоймаларды іске
жаратады.
Қоршаудың пішін үйлесімі (конфигурациясы) бойынша жылыжайлар ангарлы және
блокты болады, көлденең қуысының пішіні бойынша сыңар жақты және екі жақты
құламалы, тегіс және цилиндрлі құламалы болып бөлінеді. Алғашқы жылыжайлардың
бірі-Клин жылыжайы. Оның саңылаусыз солтүстік қабырғасы және оңтүстікке
бағытталған сыңар жақты құламалы шатыры болады. Кейіннен, жылыжайлардың
көлемдері ұлғайған сайын сыңар жактылар екі жақты құламалы шатырлы ангарларға
ауыстырылды. Ангарлы жылыжайларда тіреу болмайды. Блокты жылыжайлар ангарлы
жылыжайлардың бірнешеуін бір-бірімен тіркестіре салынғандай. Җәне мүндайда әр
іргелес жылыжайдың арасындағы қабырғалары тіреулермен ауыстырылады. Пролеттің
ені - 3,2 және 6,4 м.
Булыжайдың негізгі міндеті-ашық жер үшін қажет көшет және ерте көкөніс өсіру. Құрылғысы
бойынша булыжайлар сыңар итаркалы, екі итарқалы, терендетілген немесе жер үстілік болып
бөлінеді.Жер үстіліктерден кең қолданыс тапқандары тұрақты және көшірмелі булыжайлар. Жарық
өткізгіш жабуы кәсекті немесе перделі, шынылы немесе пленкалы болуы мүмкін. Жылытылуы
бойынша булыжайлар биологиялық, күн- көзілік және техникалық жылуды пайдаланатын болып
бөлінеді. Жылда пайдалана бастау уақытына байланысты ерте (жылы), орташа (жартылай жылы)
және кеш пайдаланатын булы жайлар болады.

Ұқсас жұмыстар
Жылыжай шаруашылығын ұйымдастыру
Жоғары жарық өткізгіштігі
Қызанақ дақылы
Жылыжай құрылыстарын жаңғырту
Пирамидалы жылыжай
Көкөніс(қызынақ,қияр,,аскөк) өсіретін жылыжай
Бизнес жоспар Көкөніс өсіретін жылыжай
Білім беру мекемелерінің аумағын көгалдандыру
Қиярдан келетін кірістер
Жылыжайдағы жылыжай зиянкестерінің энтомофагтары және акарифагтары
Пәндер