Педагогикалық зерттеу әдістері


Slide 1

Педагогикалық зерттеу әдістері

Орындаған: Әлтаева А. Б

Қыдырбай А. М

Мамандық: 7М01504-Биология

Қабылдаған: Құдайбергенова А. М

Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық универтитеті

Биология және Биотехнология факультеті

Биофизика және Биомедицина кафедрасы

Slide 2

Жоспары:

Педагогикалық зерттеу дегеніміз не?

Педагогикалық зерттеу әдістердің бағыты

Педагогикалық зерттеу әдістерінің жіктелуі

Зерттеудің эмпирикалық әдістері

Зерттеудің теориялық әдістері

Қорытынды.

2

Slide 3

Педагогикалық зерттеу дегеніміз не?

Педaгогикaлық зерттеулер оқыту мен тәрбиелеудің жaңa зaңдылықтaрын, құрылымы мен мехaнизмдерін, мaзмұнын, техникaсын, принциптерін, aйқындaуғa бaғыттaлғaн ғылыми іс-әрекет үрдісі және нәтижесі.

3

Slide 4

Педагогикалық зерттеу әдістердің бағыты:

Іргелі зерттеулер педaгогикaның теориялық және прaктикaлық жетістіктерін қорытa отырып, нәтижесінде жaлпы тұжырымдaмaлaр мен педaгогикaлық жүйелердің болaшaққa бaғыттaрын, дaму моделдерін ұсынaтын сaлa.

Қолдaнбaлы зерттеулер дегеніміз - педaгогикaлық үрдістің кейбір элементтерін тереңдете отырып зерттеуге, педaгогикaлық прaктикaның зaңдылықтaрын жaн-жaқты aнықтaуғa бaғыттaлғaн зерттеулер.

4

Өңдемелі зерттеулер дегеніміз - бұғaн дейінгі белгілі теориялық қaғидaлaрды ескере отырып, нaқты ғылыми-прaктикaлық ұсыныстaрды жaсaуғa және негіздеуге бaғыттaлғaн зерттеулер

Slide 5

Педагогикалық зерттеу әдістерінің жіктелуі:

Теориялық зерттеу әдістері

Эмпиракалық зерттеу әдістері

5

Slide 6

Зерттеудің эмпирикалық әдістері

Кез келген ғылым зерттелгелі отырған құбылыс туралы жалпы ережелерді қолданып, өзіне тән әдістерін қолданады. Әрбір ғылымның өзінің зерттейтін саласы, оған тән зерттеу әдістері бар. Оның сипаты зерттеу алдында тұрған міндеттерге байланысты.

Ғылыми әдістер эмпирикалық және теориялық әдістер болып бөлінеді.

Эмпирикалық зерттеу әдістері - құбылысты зерттеу барысында алынған мәліметтерді жанама немесе тікелей жинауды қамтитын әдістердің жеке тобы. Эмпирикалық зерттеу дегеніміз - объектіні зерттеу барысында алынған нақты деректердің жиынтығы. Эмпирикалық зерттеулерде зерттеуші мен зерттелетін объект арасында тікелей байланыс болады.

6

Slide 7

Зерттеудің эмпирикалық әдістері

7

Slide 8

Бақылау

Педагогикалық бақылау - табиғи жағдайда педагогикалық үрдісті тікелей ұғыну және қабылдау. Педагогикалық зерттеуде бақылау әр түрлі мақсатта пайдаланылуы мүмкін. Ол ғылыми болжам жасау үшін ақпарат көзі ретінде де қолданылады және оның көмегімен зерттеуші нысан туралы қосымша ақпарат алуға болады. Бақылау нәтижелері дұрыс шығу үшін түрлі формулалар, кестелер, фотосуреттер, сұлбалар, әсіресе, техника құралдарды (киноға түсіру, магнитофонға жазу, т. б. ) кеңінен пайдаланады. Бақылау материалдары арнайы күнделікке, хаттамаға жазылады.

Бақылау кезіндегі қиыншылықтарды объективті және субъективті деп қарастыруға болады. Объективті қиыншылыққа уақыттың шектеулілігі мысал болса, бақылаудың субъективті қиыншылықтарына зерттеушінің адамның іс-әрекеті мен мінез-құлқын өзінің жеке “мені” арқылы, яғни тұлғалық құндылықтары жүйесінде түсініп, талқылауын келтіруге болады.

8

Slide 9

Бақылау

Қамту деңгейіне байланысты жаппай (тұтас топ) және ішінара (топтағы бір адамға) деп бөлінеді.

Өткізілуі бойынша жүйелі және кездейсоқ деп ажыратылады.

Формасына қарай құрылымданбаған және құрылымдалған деп бөлінеді.

Бақылау тура және жанама болып бөлінеді. Тура бақылау зерттеушінің үрдісті тікелей зерттеуімен сипатталады, ал жанама бақылауда зерттелетін құбылыстардың ерекшелігін зерттеуші үшінші адамдардың қатысуымен анықтайды.

Жасырын немесе елеусіз бақылап-зерттеу - зерттеу объектісіне білдіртпей мәлімет жинау.

Зерттеушінің зерттелетін жағдайға қатысу деңгейіне қарай кірістірілген және кірістірілмеген бақылау

болып ажыратылады.

Ұзақтығына байланысты бақылаудың келесідей түрлері ажыратылады: ұзақ уақыттылық, қысқа

уақыттылық, үздіксіз, дискретті (аз уақыт ішінді бірнеше рет қайталау) .

9

Slide 10

Эксперимент

Эксперименттің мақсаты - ғылыми теория мен болжамды растау немесе жоққа шығару.

Эксперимент ғылыми зерттеудің теориялық және эмпирикалық деңгейлері арасындағы байланыстырушы буын.

Эксперименттің екі түрі бар: лабораториялық және табиғи.

Лабораториялық экспериментті алғашқы рет В. Вундт, Лейпциг қаласында 1879 жылы жүргізді. Лабораториялық эксперимент, мысалы, балалар зейінінің қасиеттерін, сезгіштік қасиеттерін, ақыл-ойының даму деңгейін, белгілі мамандыққа икемділігін анықтау үшін оқушылардың белгілі бір топтарын бөлу арқылы жүзеге асады. Табиғи экспериментті психологияға 1910 жылы А. Ф. Лазурский енгізді. Табиғи эксперимент бойынша психологиялық зерттеулер оқыту мен тәрбиенің үйреншікті күнделікті жағдайына сәйкес жүргізіледі.

10

Slide 11

Эксперимент

Лабораториялық эксперименттің нәтижелілігі мына төмендегі жағдайлардан пайда болады:

Байқалатын объект жөнінде экспериментатордың күн ілгері болжамы (гипотеза) болуы тиіс.

Тәжірибені күн ілгері белгіленген жоспар бойынша арнаулы әдістеме сай дайындау.

Зерттеуші зерттейтін құбылысты өзі табады және оған белсенді әрекет жасайды.

Эксперимент жүргізуші кейде зерттеліп жатқан құбылыстарды коррекциялау;

Эксперименттің нәтижесін қайтадан қарастыруға мүмкіндік туғызу.

Табиғи эксперименттің зертханалық эксперименттен өзгешелігі

адамның күнделікті іс-әрекетінің мазмұны сақталады,

зерттелетін құбылысты міндетті түрде іске асыруға жағдайлар жасалады.

Сонымен қатар табиғи экспериментте байқау әдісінің және эксперименттің жағымды сапалары араласып келеді: біріншінің табиғилығы, екіншісінің белсенділігі. Оның негізгі мақсаты- зерттеудің эксперименттік сипатын болмыстық жағдайлармен ұштастыру.

11

Slide 12

Сауалнама әдісі

Сауалнама - нақты адамдар тобына сұрақтар қою арқылы алғашқы ақпаратты жинау әдісі.

Сауалнама мақсаты - жеке және қоғамдық санадағы құбылыстар немесе қарапайым фактілер, оқиғалар туралы ақпарат алу. Сауалнама ақпараттың дәлдігі мен жүйелігін қамтамасыз етеді.

Сауалнама өткізу жиілігіне байланысты бір рет және көп рет болып бөлінеді. Сонымен бірге сауалнама жазбаша және ауызша деп те бөледі. Сауалнама тиімділігі тұрақты сауалнама алушы және оған қатысушылардың болуынан тәуелді.

Сұрақтардың жиынтығы бұл әдістің түп негізін құрайды. Сұраулардың көмегімен ақпарат алып жиналады. Ғылымда сауалнама жүргізуші адамдар-сауалшылар және сұрақтарға жауап қайтарушылар - респоденттер деп аталады. Алынған ақпараттың сипатына қарай және оны алу тәсіліне қарап сауалнама бірнеше түрге бөлінеді.

Сауалнама әдісінің екі түрі бар:анкеталық және сұхбат (интервью) .

12

Slide 13

Сұхбат əдісі

Сұхбат əдісі - қажетті ақпаратты алу немесе бақылау барысында түсініксіздеу болған құбылыстың мəнін аша түсу мақсатымен дербес не қосымша қолданылатын зерттеу тəсілі. Сұхбат айқындалуы тиіс нақты сұрақтар бойынша күні ілгері түзілген жоспармен орындалады. Əңгімелесу еркін жүргізіліп, сұхбаттас кісінің жауаптары хатталмайды.

Сұхбаттасудың екінші бір түрі педагогикаға əлеуметтану саласынан енген - интервью алу. Бұл əдісте сұрақтар алдын ала түзіліп, бірізділікпен қойылып барады. Интервью жауаптары анық жазылып, хатталады.

13

Slide 14

Анкеттеу

Анкеттеу - ауқымды материал жинақтау үшін қолданылады. Сұрақ жауаптары жазба күйінде қабылданады. Сұхбаттасу мен интервью алу бетпе-бет əңгімелесумен жүргізіледі, ал анкеттеу - сырттай орындалады. Аталған əдістердің нəтижелі болуы қойылатын сұрақтардың мазмұны мен құрылымына тəуелді.

Сауалнама түзуде ескерілетін жəйттер:

1) алынатын ақпараттың сипатын анықтап алған жөн;

2) қойылатын сұрақтың бірнеше баламалы өрнегі болғаны қажет;

3) сауалнаманың бірнеше жоспары түзіліп, ол алғашқы тексеруден өткізілуі тиіс;

4) сауалнама кемшіліктері түзетіліп, пайдалануға ақырға редакциясының ұсынылуы дұрыс.

14

Slide 15

Сұрақ-жауап әдісі Әңгіме әдісі

Сұрақ-жауап әдісі педагогикалық зерттеулер тәжірибесінде кеңінен таралып келеді. Сұрақ-жауап тікелей немесе үшінші тұлғаның қатысуымен жүргізілуі мүмкін. Сонымен қатар, топтық және жеке, көзбе-көз және сырттай, ауызша және жазбаша сұрақ-жауап болып ажыратылады.

Бақылау мəліметтерін əңгіме əдісі арқылы түскен материалдармен толықтырады. Əңгіме əдісін дұрыс қолдану үшін арнайы жоспар жасап, онда негізгі сұрақтар мен жанама сұрақтардың жəне əңгіме жасаудың əдістері мен тəсілдерінің нақты көрсетілгені жөн.

15

Slide 16

Рейтинг немесе өзін-өзі бағалау әдістері

Рейтинг - іс-әрекеттің белгілі бір жақтарын құзырлы экспериментпен бағалау.

Эксперттерге қойылатын талаптар:

құзыреттілігі;

шығармашылық міндеттерді шешу қабілеттілігі;

обьективтілік;

өзін-өзі сынау.

Бұл әдіс білікті қазылардың (сарапшылардың) іс-әрекеттің қандай да бір жақтарын бағалау кезінде пайдаланылады. Сарапшыларға белгілі бір талаптар қойылады:

шығармашылық міндеттерді шешуге қабілетті;

білікті болуға;

сараптамаға оң қабақ танытуға;

әділ, обьективті өзіне-өзі сыни тұрғыдан қарауға тиісті.

16

Slide 17

Рангілік бағалау әдісі Тәуелсіз сипаттамаларды қорыту әдісі

Мұндай бағалау кезінде анықталған себептер олардың көрініс дәрежесіне немесе кему тәртібімен орналастырады немесе осындай басқа бір белгілер бағалауды жүзеге асырушының ұстанған бағытына байланысты оның мәніне қарай өсу орналастырылады.


Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық зерттеулердің зерттеу әдістері
Педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негіздері мен әдістері
Педагогикалық теория
Педагогикалық тәжірибе
Теориялық әдіс Эмпирикалық әдіс
Этнопедагогиканың зерттеу әдістері
Педагогика тарихында қолданылатын диалектикалық әдіс
Педагогика әдіснамасы
Әдістанымның жалпы сипаты
Теориялық зерттеу әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz