Қазақстандағы мал шаруашылығы


Slide 1

Тақырыбы: Мал шикізатының жіктелуі

Шымкент2020

Slide 2

Мал шикізаты

Мал шаруашылығы - халық шаруашылығының маңызды саласының бірі. Мал шаруашылығына қой, ешкі, cиыр, жылқы, түйе, құс, үй қояны, бұғы, есек, бал арасы, ит, жібек құртын өсіру жатады. Мал шаруашылығы халқымызды аса қажетті тағамдармен (сүт, ет, май, жұмыртқа, бал) жеңіл өнеркәсіпті құнды ішкізаттармен (жүн, қаракөл елтірісі, қыл, тері, мүйіз), күш, көлікпен (жылқы, түйе, бұғы, есек, ит) және тағы басқалармен қамтамасыз етеді, кейбір өнімдерінен дәрі және түрлі препараттар жасалады. Малдың қиы жақсы таңайтқыш, кейбір өнімдерінің қадықтары мал азығы (тартылған сүт, ет-сүйек және сүйек ұны) үшін қолданылады.

Мал шаруашылығының саналық сипатында да елеулі өзгерістер болды. Жоғары өнімді, жергілікті жағдайға жақсы бейімделген жаңа мал тұқымы шығарылды. Мұның бәрі мал шаруашылығы өнімдерін өндіруді еселеп арттыруға жағдай туғызды. Дегенмен халықты малдың өнімдерімен қамтамасыз етуде әлі де жетіспестік сезілуде. Экономиқалық және әлеуметтік дамыуының негізгі бағыттарында, генетикамен селекцияның жетістіктеріне сай малды саналық жағынан жақсартудың биологиялық жаңа әдістерін пайдалану негізінде, мал шаруашылығы өнімдерін мал өндіру қамтамасыз етілген.

Бүгінгі бейінді оқыту пәні бойынша оқушыларға төрт-түлік туралы түсінік бере отырып, олардың пайдалы тұстарын жан-жақты түсіндіремін. Топ ішінде талдай білуге үйретемін.

Slide 3

Мал шикізаты

Мал шаруашылығы - ауыл шаруашылығының мал өнімдерін өндіру үшін мал өсірумен айналысатын саласы. Мал шаруашылығы халықты азық-түлікпен (сүт, май, ет, т. б. ) жеңіл және тамақ өнеркәсіптерін шикізатпен (жүн, тері, ет өнімдері қалдықтары, т. б. ) ауыл шаруашылығы өндірісін күш-көлік (ат, өгіз, түйе, т. б. ) және тыңайтқышпен қамтамасыз етеді.

Slide 4

Ірі қара өсіру

Ірі қара өсіру қоңыржай белдеудің табиғи және мәдени жайылымдармен жақсы қамтамасыз етілген орман, орманды дала, дала аймақтарында жақсы жолға қойылған. Дүниежүзі бойынша ірі қараның мал басы 1, 3 млрд-қа жетіп отыр. Өндірілетін сүттің барлығын дерлік, ал еттің 35%-ын осы ірі қара малы береді. Интенсивті сүтті және етті-сүтті бағыттағы мал шаруашылығы дамыған елдерге тән, оларда мал қолда да, жайылымда да бағылады. Өнімділік өте жоғары болғандықтан, бұл шаруашылық саласы жылдан-жылға өркендеуде.

Slide 5

Етті бағыттағы мал көбінесе қоңыржай және субтропиктік белдеулердің неғұрлым құрғақ аудандарында таралған. Онда экстенсивті отарлап жайылымда бағу және көшпелі мал шаруашылығы басым келеді. Дүниежүзінде етті ең көп өндіретін елдер қатарына АҚШ, Қытай, Бразилия, Аргентина және Ресей жатады. Сүт өндіру бағытындағы ірі қара өсіру көбінесе қала маңы мен халық тығыз қоныстанған аудандарда дамыған. Әсіресе Еуропа мен Солтүстік Американың орман зонасында орналасқан елдерде жақсы жолға қойылған. Сүт өндіруден АҚШ, Ресей, Үндістан, Бразилия және Батыс Еуропа елдері ерекше көзге түседі. Жайылымдық жерлер мен шөптесін өсімдіктердің жеткілікті болғанына қарамастан, Африкада, әсіресе оның тропиктік аймақтарында ірі қара саны өте аз. Оның басты себебі - ұйқы ауруының қоздырғышын тарататын цеце шыбыны. Сондықтан мұнда бұл ауруға шалдықпайтын ірі қарадан зебу өсіріледі.

Slide 6

Қой шаруашылығы

Қой шаруашылығы ет-жүн бағытындағы және биязы, жартылай биязы жүн бағытындағы болып бөлінеді. Ет-жүн бағытындағы қой шаруашылығы ылғалы жеткілікті және климаты біршама жұмсақ аудандарда, ал биязы жүнді қой шаруашылығы неғұрлым құрғақ аудандарда таралған. Дүниежүзі бойынша қой саны 1, 2 млрд басқа жетіп отыр. Қой шаруашылығының ет-жүн бағытындағы тауарлы өндірісі Солтүстік және Оңтүстік Американың, Аустралия мен Оңтүстік Еуропаның, Орталық және Орта Азияның, Оңтүстік Африканың қоңыржай және субтропиктік белдеулерінің құрғақ аудандарында жақсы дамыған.

IKAZ. KZ - ашық мәліметтер порталы

Slide 7

Биязы жүнді қойлар өте сапалы жүн береді, ол жүн маталарын жасау, кілем тоқу мен тері-былғары өнеркәсібінде қолданылады. Алдыңғы Азия, Орта Азия және Оңтүстік Африка елдерінде қаракөл елтірісін дайындау жолға қойылған. Дүниежүзіндегі қойы ең көп ел - Аустралия (130 млн астам), одан кейін Қытай (112 млн-нан астам) . Ал Қазақстандағы қойдың саны 2008 жылы 16 млн-нан сәл ғана асты. Жүн өндіруден жетекші елдер қатарына Аустралия, Қытай, Жаңа Зеландия, Уругвай және Ресей жатады.

Қой шаруашылығының дүниежүзіндегі аса ірі аймағы - Аустралияның шөлейтті аудандары. Қойдың басым көпшілігі жеке иелерге немесе компанияларға қарайтын ірі қой шаруашылығында өсіріледі. Ондай шаруашылықтар "шипстейшнз" деп аталады. "Шипстейшнз" ондаған, кейде тіпті жүздеген мың гектарды алып жатады. Оның ең үлкенінің ауданы 2 мың км²-ден асады. Мұнда бір мезгілдегі қой басы 10-20, тіпті 50-100 мыңға дейін жетеді. Қой бүкіл жыл бойы табиғи жайылымдарда жайылып бағылады. Көбінесе жоғары сапалы жүн беретін биязы жүнді қой тұқымы - Аустралия мериносы өсіріледі. Гоулберне қаласында осы қойға "Үлкен Меринос" деп аталатын ескерткіш орнатылған.

Slide 8

Құс шаруашылығы

Құс шаруашылығы - ауыл шаруашылығының ең жаңа және ең қарқынды дамып келе жатқан саласы. Өнімнің қысқа мерзімде өндірілуі нарық сұранысына бағыт-бағдар ұстауға мүмкіндік береді. XX ғасырдың екінші жартысынан бастап, Солтүстік Америка мен Батыс Еуропа елдерінде бройлер балапандарын өсіретін ірі құс өсіру кешендері қалыптаса бастады. Бүгінгі таңда құстың саны жөнінен Қытай, АҚШ, Ресей, ал жұмыртқа өндіруден Қытай, АҚШ, Жапония, Ресей және Үндістан ерекше көзге түседі.

Slide 9

Қазақстандағы мал шаруашылығы

Мал шаруашылығының тарихы осыдан 10 мың жылдай бұрын жабайы жануарларды қолға үйрету кезеңінен бастау алады. Алғашқыда мал шаруашылығы табиғи сипатта дамығандықтан малдардың өнімділік бағыттары мен тұқымдары санын ұлғайтуға жеткілікті жағдайлар болмады. Мал тұқымдарын шығарудың қарқын алуы мал шаруашылығы өнімдерін өндіру тауарлары сипат алған капиталистік қатынастардың өркендеуімен тығыз байланыста жүрді. Мыңдаған жылдық тарихы бар мал шаруашылығының Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамуындағы орны ерекше болды.

Slide 10

20 ғасырдың басына дейін адамдардың әл-ауқаты мен тұрмыс тіршілік деңгейі түгелге жуық мал шаруашылығының өркендеу деңгейімен анықталды. Қазақстан жерінде мал шаруашылығы ежелден жайылым ауыстырып отыруды талап ететін көшпелі жүйе бойынша дамығандықтан негізінен қой, ешкі, жылқы және түйе өсірілді. Салыстырмалы түрде күтімді және құнарлы азықтарды көп қажет ететін сиырдың кеңінен таралуы, сондай-ақ, қазақ халқы төрт түлік мал санатына қоспайтын шошқа өсірудің қолға алынуы 19 - 20 ғасырларда Ресейден орыс шаруаларының қоныс аударып келе бастауымен тығыз байланысты. Сол кездерде Орталық Қазақстан аймағындағы мал шаруашылығы ерекшеліктерін анықтау мақсатында жүргізілген зерттеулер нәтижесі мал түрлері үлес салмағының төмендегідей болғандығын көрсетті.

Slide 11
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы мал шаруашылығының дамуы
Ерте темір дәуірінің хронологиясы мен археологиялық ескерткіштері
Қазақстандағы түйе шаруашылығы
Мал шаруашылығының маңызы
Қазақстан мамандары
Орталық Қазақстан экономикалық ауданы
Бұдан басқа, мал шаруашылығы жергілікті халықтың атадан келе жатқан дәстүрлі кәсібі
Егіншілік пен мал шаруашылығы
Орлов желісті жылқысы
ҚОЙ ЕТІ ЕШКІ СҮТІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz