САЯСИ РЕЖИМДЕР ТОТАЛИТАРИЗМ




Презентация қосу
САЯСИ РЕЖИМДЕР
ТОТАЛИТАРИЗМ

Орындаған: Ертуғанова
Айдана
Саяси режим (тәртіп) дегеніміз – саяси биліктің заңды
түрде жүзеге асырылуы, қоғамды басқарудың (билікті
жүзеге асырудың) әдіс-тәсілдерінің жиынтығы,
азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерінің
демократиялық дәрежесін айтамыз.

Саяси режимнің белгілері:
-қоғамдағы саяси күштер мен саяси институтардың
қарсы тұруы немесе келісімі;
- қоғамдағы ақырғы саяси ахуал (жағдай);
- билікті жүргізудің әдіс-тәсілдері;
-қоғaмдағы демократияның деңгейі
САЯСИ РЕЖИМДЕР

ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ АНТИДЕМОКРАТИЯЛЫҚ

ПРЕЗИДЕНТТІК ПАРЛАМЕНТТІК ТОТАЛИТАРЛЫҚ АВТОЛИТАРЛЫҚ
Тоталитаризм
Тоталитаризм (лат. totalіs – тұтастай, түгелдей) –
деспотизмнің бір түрі. Тоталитаризм орнаған мемлекетте
қоғам өмірінің барлық саласы биліктің бақылауында болып,
адам бостандығы мен конституциялық құқықтары
жойылады, оппозиция мен өзге саяси ой өкілдері саяси қуғын-
сүргінге ұшыратылады. Тоталитаризмнің тарихи үлгілері
КСРО-да Сталин, Қытайда Мао Цзэ-дун, Солтүстік Кореяда
Ким Ир Сен режимі кезінде фашистік Италия мен Германияда
орнады. "Тоталитаризм" терминін ғылымға енгізген
қоғамның, жеке адамдардың өмірін деспоттық,
авторитарлық — бюрократиялык мемлекеттің күшімен
басқаратын қоғамдық-саяси құрылыс. Тоталитарлы саяси
жүйе ең сорақы түрі — фашистік тәртіп;
саяси ой-жүйедегі тоталитарлық тәртіпті атқарушы бағыт.
Тоталитаризмнің 3 түрі ХХ ғасырда болған.Ол
Италиядағы Муссолини кезіндегі фашизм,
Германиядағы Гитлер кезіндегі национал-социализм
және Кеңес Одағындағы Сталин негізін салған
коммунизм.
Коммунистік тоталитаризм
Тоталитаризмнің алғашқы тарихи формасы коммунизм болды.
Оның бастамасы ретінде 1918 жылы қабылданған әскери-
коммунистік жүйе болды. Коммунистік тоталитаризм бұл
жүйенің негізгі келбетін сиптаттайды.Бұл жүйеге сәйкес жеке
меншікті толықтай жою, сонымен қатар тұлғаның дербестігін
сақтамау тән. Тоталитаристік тәртіпке қарамастан, бұл
тоталитаризмнің түрі ізгі политикалық мақсаттарды да
қамтыды. Мысалы,КСРО кезінде халықтың сауаттылық деңгейі
бірден жоғарлады, халықты әлеуметтік қорғау жүзеге асырылды
және қылмыс деңгейі төмендеді.
Фашизм
Тоталитарлық политикалық жүйенің келесі түрі-фашизм.
Бұл жүйе ең алғашқы рет Италияда 1992 жылы
орнатылған.Тоталитарлық келбет бұл жүйеде толықтай
қамтылмаған. Италияндық фашизм тек жаңа қоғамды
құруды мақсат еткен жоқ, сонымен қатар тәртіп және
қатал мемлекеттік билікті орнатуды мақсат етті.
Италияда фашизм шекарасы мемлекеттің ең ықпалды
топтарының ұстанымымен белгіленген.Бұл жүйенің негізін
қалаған-Б.Муссолини
Национал-социализм
Тоталитарлық жүйенің үшінші түрі-национал-
социализм.Бұл жүйе 1933 жылы Германияда
орнатылған және коммунизммен қатар фашизмдік
келбетті тоғыстырған. Егер коммунистік жүйеде
агрессия елдің ішіндегі азаматтарына бағытталса, ал
национал-социализмде сыртқа бағытталған. Национал-
социализмнің негізгі мақсаты-германдық нәсілді
ұлықтау. Негізін қалаған-Гитлер.
• Тоталитарлық режимдер демократиялық
дәстүрлері әлсіз әлемнің көптеген
елдерінде қалыптасты, олар: азаматтық
соғыстың нәтижесінде демократиясы
күйреген Испания, Қытай, Солтүстік Корея,
Куба, Румыния, Албания, Югославия.
Чехословакия, Венгрия, Польша, ГДР секілді
социалистік бағыттағы Еуропаның
бірқатар елдерінде КСРО-ның қысымымен
тоталитарлық тенденциялар
қалыптасты.

Ұқсас жұмыстар
САЯСАТТАНУ ПӘНІ САЯСИ РЕЖИМДЕР
СӨЖ САЯСИ РЕЖИМДЕРДІҢ ЖІКТЕЛУІ
Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің орны, тарихи түрлері, ұғымы белгілері
Бірде тұтқын әйелдер
Демократия шарты
САЯИ РЕЖИМДЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЖІКТЕЛУІ
Қазақстанның саяси жүйесі
Мемлекет нысаны
Мемлекет туралы ақпарат
Саяси режим
Пәндер