Туризмдегі экономикалық басқару жүйесі
Презентация қосу
Туризмдегі экономикалық
басқару жүйесі.
Орындаған: Амангелді Анеля
Тексерген: Нұрғалиева Н.А
Тобы: ФТ2-1
• Басқару әдістері дегеніміз– тәсілдер мен адамның
іс-қызмет аясындағы қандай да болмасын
амалдарының жиынтығы, белгілі мақсаттарға
жету тәсілі, белгілі бір міндеттерді шешу
жолдары. Тәжірибеде басқарудың негізгі үш әдісі
бар:
• экономикалық
• әкімшілік
• әлеуметтік-психологиялық
• Басқарудың экономикалық әдістері–экономикалық
құралдарды пайдалана отырып әрбір жұмысшыға
және ұжымды ынталандыратын, олардың
мүдделерімен міндеттеріне сай келетін
экономикалық механизмдер арқылы ықпал жасау.
Өз бетімен жұмысқа негізделген жағдайда ғана
басқарудың экономикалық әдістеріне көшуге
мүмкін болады. Туристік ұжым материалдық
қорды, түскен пайданы, еңбекақыны өзі реттеп,
басқарады және өзінің экономикалық
мақсаттарын жүзеге асырады.
• Экономикалық әдіс жаңа мүмкіндіктердің және қордың
анықталуына себеп болады, әсіресе нарықтық
қатынастарға көшу мезгілі маңызды өндірістік
процестің барлық қатысушылары экономикалық
қызығушылығымен жүйенің материалдық
ынталандыруының өзгеруі туралы айтылады. Бұл
бағыттағы барлық жұмыстың басты мағынасы басқару
іс-әрекеттерінің экономикалық салдарын максималды
түрде толық ескеру жағдайына қою. Экономикалық
әдісте еңбек ұжымын және оның мүшелерін жұмысқа
ынталандыру бір жүйеде болады және әкімшілік қысым
нәтижесінде емес (бұйрық, директивалар, жарлықтар)
экономикалық ынталандыру нәтижесінде жүзеге асады.
• Басқарудың әкімшілік әдістері–бұл басшылардың және
директивті органдардың ұжымның мақсатына жетуі
үшін туристік ұйымды басқаруға, тікелей ықпал
жасауға бағытталған ұйымдық-әкімшілік
құралдарының жиынтығы. Бұл әдістер айқындылықты
және туристік ұйым жұмысының тәртіпке келуін
қамтамасыз етеді. Осыған орай бұл әдістер
шаруашылық заңдар және еңбек құқықтық актілермен
реттеледі. Басқарудың әкімшілік әдістерінің 3 әдісі бар:
• 1. міндетті жазылым (бұйрық, тыйымдар және т. б.)
• 2. келісімділік түрі (кеңес, мәмілелердің рұқсаты және
т. б.)
• 3. кепілдеме, тілек (түсіндіру, ұсыныс және т. б.)
• Басқарушының жұмыс стилі–оның басқару
процесінде пайдаланатын тәсілдерінің,
амалдарының, іс-әрекеттерінің жиынтығы.
Басшының стилі–бұл шешім қабылдау және
қызметкерлерге тапсырма беру әдісі. Туристік
ұжымды басқарушының дербес стилі алуан түрлі
обьективтік факторлардың ықпалымен қалыптасады:
• Іс-әрекет сипаты;
• Басшы мен бағыныштылар арасындағы өзара
байланыс;
• Психологиялық қасиеті;
• Орындау тәртібінің жағдайы, т. б.
• Туристік ұйымды басқару стилінің типі түбегейлі
қалыптаспаған. Сондықтан да отандық және шетелдік
әдебиеттерде оның өзі түрліше жіктеледі. Мәселен, Х.
Кох (Германия)басшы стилін былайша бөледі:
• Бір жақты автократтық стиль;
• Билікті біркелкі қолдана отырып басқару стилі;
• Өндіріс процесіне немесе тұтастай жұмыс процесіне
біркелкі қатыса отырып басқару стилі;
• Парламенттік сипаттағы басқару стилі;
• Бағыныштылар негізінен дербес, жоғарғы
басшылардың тікелей қатысуынсыз-ақ әрекет ететін
басқару стилі.
• Автократтық және парламентарлық стильдер туристік
ұйымды басқаруда қолайсыз деп саналады. Себебі
алғашқысында бағыныштылар тарапынан ешқандай
дербестік болмайды, ал екіншісінде жұмыс жоспарсыз
жүргізіліп, бағыныштылар мүлдем дербес әрекет етеді.
• Туристік ұйымды басқарудың ең тиімдісі–«кооперативтік
стиль», жақсы ынтымақтастықта, ұйымдасқан түрде әрекет
ету, қиын жағдайларда өзара бірлесе, ынтымақтаса отырып
күш біріктіру. Туристік ұйым басшысы жұмысшыларды
мұқият тыңдайды, олардың ұсыныс, пікірлерін ескереді,
нақты міндеттер қойып, шешімді жоспарлы түрде
қабылдайды. Мұндай стильде қойылған міндеттер
іскерлікпен орындалады, өйткені дәл осындай жағдайда
әрбір қызметкер өзін іске қатыстымын деп есептейді.
• АҚШ-та туристік ұйымды басқарудың мынадай
стильдері белгілі (басқару жүйесі деп аталады):
• Қызметті беру стилі;
• Міндетті бөлісіп басқаруі;
• Ерекшелеу тәсілімен басқару;
• Жүйені ретке келтіру арқылы басқару.
• Тәжірибеде көбінесе туристік ұйымды
басқарудың классикалық 3 стилі кездеседі:
• Либеральдық стиль;
• Авторитарлық стиль;
• Демократтық стиль.
• Либеральдық стильде туристік кәсіпорын басшысы ерекше
белсенділік танытпайды, іс-әрекетінде кездейсоқтық басым,
жүйелілік болмайды. Мұндай стильді ұстанатын басқарушы
принципсіз мәселелердің өзінде де өзінен жоғары
қызметтегілерге қарайлайды.
• Мұндай стильдегі басқарушы тәртіп бұзушыға қатаң талап
қоймайды. Туристік кәсіпорындағы қызметкерлерінің
білімінің төмендігіне, жұмысты орындауына және еңбек
тәртібіне онша мән бермейді. Мәселелерді немқұрайды
талқылайды, ашық пікірлесуге, сын-ескертпелерге бара
бермейді. Мұндай басшы кез келген келіспеушілікті жағымсыз
құьылыс ретінде қабылдайды. Туристік кәсіпорында мұндай
басшының беделі онша болмайды, әрі кәсіпорында тиімді
жұмыс атқара алмайды. Соның салдарынан жауапсыздық,
берекесіздік, тәртіп бұзушылық орын алады.
• Авторитарлық стильде (батыста мұны тиімсіз
деп есептейді) шешімді бір адам қабылдайды. Ол
жарлық, бұйрық түрінде келеді. Бұйрық
талқыланбайды, күдіктенуге ешкімнің хақысы
жоқ.
• Туристік ұйымды басқарушы автократ
бағыныштыларының іс-әрекетін өз
жауапкершілігіне алады.Тек қажетті мәліметтер
жөнінде ғана пікір алысып, өз жоспары туралы
әңгіме қозғамайды.
• Туристік ұйымды басқарудың авторитарлық стильінің
алуан түрлі нышандары болады:
• патриархалдық–барлық «жанұя мүшелері» басшыға
бағынуы тиіс, ал басшы бағыныштыларын әлі жетілмеген
деп есептейді;
• харизматикалық–лидерді ең көрнекті, дана деп есептейді.
Ал оның өзі бағыныштыларына өте аяусыз, қатал, әрі
оларға қамқорлық жасауды қажет деп санамайды;
• автократтық–басшылықты аппараттағы бағынышты
инстанциялар арқылы жүзеге асырып, жанама түрде
автократтық шешімді жүзеге асырады;
• бюрократтық–төрешілдік, басшының жұмысты
ұйымдастыруды өз қолына алуы, өз билігін сақтауы мен
нығайтуы.
• Демократтық стильде (Батыста кооперативтік стиль деп аталады)
мәселенің көпшілігі туристік ұйымның жұмыскерлер ұжымы арасында
талқыланып, сонда шешіледі. Бұйрықтар осындай талқылаудан кейін
беріледі. Проблеманың көпшілігі ұжымда шешіліп, сонан кейін бекітіледі.
• Демократ басшы ұжымдағы мәселелер туралы, алда тұрған қиындықтар
туралы туристік ұйым қызметкерлеріне үнемі хабарлап отырады, өз атына
айтылған сын-ескертпелерді дұрыс қабылдайды, бағыныштылармен қарым-
қатынас жасауға тырысады, ол ешқашанда қызметкерлерге үстемділігін
көрсетпейді, ол туристік ұжымның басшысы емес, соның бір мүшесі
ретінде әрекет етеді. Мұндай басшы жақсы ұйымдастырушы, ұсақ-түйекті
елемейді. Басты назарын түйінді міндеттерін шешуге шоғырландырады.
Өзінің қарамағындағыларды туындаған мәселелерді дербес шешуге
баулиды, олардың пікірімен санасады. Кейбір міндеттерді дербес шешеді.
Қарамағындағыларға нақты міндет те, нұсқаулар да береді. Тиісті жерінде
мадақтай да, жазалай да біледі. Ұйымдағы қызметкерлердің жұмысын әділ
бағалайды. Өэіне-өзі қатал, жұмысты құлшына істейді, құрмет пен
қошеметті күтпейді. Мұндай жағдай туристік ұжымда белсенділік,
шығармашылық ахуал, ұйымшылдық, татулық, ауызбіршілік туғызады.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz