Құнды қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу



Құнды қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу
Орындаған: Тоқтар Д.

Бағалы қағаздар нарығын реттеу деген оған барлық қатысушылардың іс-әрекетін және олардың арасындағы операцияларды тәртіпке келтіруге бағытталған қоғам өкілетінің қызметі.
Бағалы қағаздар нарығын реттеудің мақсаты - бағалы қағаздармен келісімге келушілердің заңды мүдделері мен құқығын сақтауды қамтамасыз ету. Мемлекеттің мұндай айырықша статусқа ие болуы ол бағалы қағаздар нарығында ең ірі эмитент (мемлекеттік қарызды қаржыландыру), әрі инвестор (кәсіпорындар мен банктердің бағалы қағаздарындағы мемлекеттік акциялардың бумасы) болуына байланысты туындайды. Сондай-ақ, бағалы қағаздар нарығына қызмет көрсететін қаржы институттарының ісін бағыттау мен реттеу мемлекеттік органдарға жүктелген. Олардың ең негізгісі - 1995 жылы Президенттің «Бағалы қағаздар және Қор биржасы туралы» жарлығына сәйкес құралған Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссия.

Нарыққа қатысушылардың іс-әрекетін екі жақты - ішкі және сыртқы - реттеуге болады.
Ішкі реттеу деген осы ұйымның, оның бөлімшелері мен қызметкерлерінің өз қызметінде ұйымның жарғысын, ережелерін және т. б. іс-әрекетін айқындайтын ішкі нормативтік құжат талаптарын орындауы.
Сыртқы реттеу деген осы ұйымның өз қызметінде мемлекеттің, басқа да ұйымдардың, халықаралық келісімдердің нормативтік актілерін орындауы.

Кез келген бағалы қағаздар нарығын тікелей немесе жанама түрде сауда-саттыққа барлық қатысушылардың - эмитенттердің, инвесторлардың, кәсіби делдалдардың, нарық инфрақұрылымы ұйымдарының қызметін тәртіпке келтіретін уәкілетті органдар реттеп отырады. Реттеудің түрлері:
• мемлекеттік реттеу, онымен қызмет бабына реттеу функциясы кіретін мемлекеттік органдар шұғылданады;
• нарықтың өзін-өзі реттеуі, немесе бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың өз ұйымдарының қызметін реттеуі. Жалпы мемлекеттің немесе нарықтың кәсіби мамандарының өз реттеу қызметін бастауының ең алғашқы себебі бағалы қағаздар нарығының кейбір іс-әрекеттеріне қалың бұқара топтарының қарсылығы болып табылады;
• қоғамдық реттеу, яғни нарықты қоғамдық пікір арқылы реттеу.
Таратып айтқанда, бағалы қағаздар нарығындағы кейбір іс-әрекеттер мемлекеттің немесе нарыққа кәсіби қатысушылардың реттеу әрекеттерін жүргізуіне негізгі себепші болуы мүмкін.

Бағалы кағаздар нарығын мемлекеттік реттеу - бағалы қағаздар нарығындағы мемлекеттің басты құралы.
Бағалы қағаздар нарығындағы қатынастардың күрделілігі, оның ауқымы, нарыққа тән тәуекел, оған қатысушылардың қауіпсіздік мүдделері ондағы жұмыстың егжей-тегжейлі стандарттары мен ережелерін қабылдау, сондай-ақ реттеу мәселелеріне түрлі мемлекеттік органдар мен өзін-өзі реттеуші ұйымдарды тарту қажеттігін талап етеді. Бағалы қағаздар нарығына қатысушылар мен мемлекет мүдделерінің көптеген ұстаным бойынша сай келуі туындаған мәселелерді оралымды түрде шешудің әдісі ретінде өзін-өзі реттеуді пайдалануға мүмкіндік береді. Бағалы кағаздар нарығын мемлекеттік реттеу мына қағидаларға негізделген: ел аумағында нарықты реттеудің нормативтік негіздерінің, режимінің, әдістерінің бірлігі; мемлекеттің аз араласуы және өзін-өзі көп реттеу; тең мүмкіндіктердің болуы; бағалы қағаздар нарығындагы бәсекеге мемлекеттің ынталандыруы; бағалы қағаздар нарығында түрлі жобаларды мемлекеттік қолдаудың жария бәйгелестікпен бөлінуі; нарықта жұмыс істейтін мемлекеттік кәсіпорындардың коммерциялық кәсіпорындардан артықшылығы болмауы; нарыктың кәсіпқой қатысушылары көрсететін қызметтің бағасын мемлекеттік реттеуден бас тарту; бағалы қағаздар нарығын реттеу жүйесін дамытудағы сабақтастық.

Әлемдік тәжірибеде бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу екі түрлі жолмен жүргізіледі:
мемлекеттік органдар уәкілі қатысуымен тікелей араласу
сонымен қатар іс-шаралар арқылы нарыққа жанама араласу
• бағалы қағаздар нарығы мәселелері жөнінде заң шығаратын өкілетті органдардың жұмысы;
• осы мәселелер бойынша атқарушы үкімет органдарының қаулылары мен бұйрықтары;
• бағалы қағаздар нарығының жұмысына жаңа ережелер енгізетін немесе ескілерін өзгертетін басқа да мемлекеттік органдардың іс-шаралары. Негізінен бұл бағалы қағаздар нарығына қатысушыларға лицензия беру, бағалы қағаздардың кейбір түрлерінің айналысына шек қою немесе оны тоқтату, бағалы қағаздарды тіркеу және с. с. жұмыстар.
• несие үшін процент мөлшерін өзгерту арқылы айналымдағы ақша массасын және несие көлемін мемлекеттік бақылау;
• мемлекеттің салық саясаты;
• депозиттерге, несиелерге, қарыздарға үкімет кепілдігі;
• қарыз капиталы нарығына мемлекеттің араласуы (қазынашылық облигацияларды, вексельдерді, орта және ұзақ мерзімді бағалы қағаздарды, мемлекеттік органдардың міндеттемелерін және с. с. шығару) арқылы мемлекет пен корпорациялардың арасында несие үшін тікелей бәсекенің тууы;
• мемлекеттің сыртқы экономикалық саясаты (шетел валютасы мен алтын операцияларын, экспорт шараларын ынталандыру және с. с. жұмыстарды реттеу) ;
• мемлекеттің сыртқы экономикалық (саяси байланыстарды ұлғайту немесе шектеу және с. с. ) іс-шаралары.

Бағалы қағаздар нарығын реттеу мемлекеттік органдарға, не арнаулы ұйымға (бағалы қағаздар жөніндегі комиссияға), не қаржы министрлігіне, не мемлекеттік (орталық) банкке жүктеледі. Мысалы, АҚШ-та тиісті заңдарды шығарып, олардың орындалуын тексерумен конгрессте құрылған бағалы қағаздар және қор биржалары туралы комиссия шұғылданса, Жапонияда бұл сұрақтар Қаржы министрлігінде қаралады.

Реттеуші органдар инвесторлардың қаржысын қорғауға бағытталған негізінен үш қызмет атқарады.
Біріншіден, нарықта шаруашылық субъектілері ретінде қызмет істейтін барлық бағалы қағаздар нарығына қатысушыларды, сонымен қатар, бағалы қағаздарға тікелей қатысы бар қызметкерлерді тіркеу. Тіркеуден өтетін барлық кандидаттар қаржы жөнінен белгілі бір талаптарға сай болуы қажет, яғни олардың керекті мөлшерде (минимум) өз капиталы болғаны жөн. Инвесторлардың мүддесін қорғау мақсатында, әдетте, тіркеуші органдар тіркеуден өткізбеу құқығын алады.
Екіншіден, экономиканың барлық субъектілерін нақты хабарлармен қамтамсыз ету. Ол әдетте, бағалы қағаздарды шығару мен оны шығарушылар туралы анық та толық хабар беретін эмиссия проспектін шығарумен жүзеге асырылады. Оған алдын ала белгілі бір адамдар ғана біліп және тек солардың арасында орналастыратын жеке бағалы қағаздар қосылмайды. Одан басқа эмитенттер бұқаралық ақпарат беттерінде үнемі қаржы есебін, фирманың басшы адамдары туралы өзгерістерді жариялап тұруға міндетті.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz