Бағалы қағаздар нарығы, оның қызметі және құрылымы



Бағалы қағаздар нарығы, оның қызметі және құрылымы

Нарықтық экономика
адамзат өркениеттілігінің ең жоғарғы жетістігі және өндірісті ұйымдастырудың ең тиімді түрі екендігін дүниежүзі мемлекеттерінің көпшілігінің өркендеу тәжірибесі дәлелдеген ақиқат шындық. Қаржы нарығы - мемлекеттің бүкіл ақша қорларының жиынтығы. Жалпы қаржы нарығы біріне-бірі байланысты және бірін-бірі толықтырып тұратын, бірақ әрқайсысы өз алдына қызмет жасайтын үш нарықтан тұрады:
◼️ Айналымдағы қолма-қол ақша нарығы.
◼️ Несие капиталының нарығы.
◼️ Бағалы қағаздар нарығы.

БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР
НАРЫҒЫ
Сонымен бағалы қағаз нарығы капитал нарығының, яғни ақша және басқа материалдардың құндылықтардың нақты қызметін көрсетеді. Бағалы қағаздар нарығы нарықтық экономикада күтпеген кездейсоқ болатын процестердің реттеушісі. Экономикасы дамыған мемлекеттерде бағалы қағаздар көмегімен қосымша капитал алу анағұрлым жеңіл.
Сонымен бағалы қағаздар нарығы - экономикалық өрлеуді көп жағдайда қаржыландыратын ең оңай және ең қолайлы қаржы көзі.
Бағалы қағаздар - ең алдымен мүлікті иемденуде құқық беретін ақшалы құжат немесе қарыз берушіге қарыз алушының берген қарыз міндеттемесі.

Бағалы қағаздар нарығын олардың шығуы мен бағалы қағаздар нарығына қатысушылар арасындағы экономикалық қатынастарының жиынтығы ретінде анықтауға болады. Бұл тұрғыдан алғанда ол кез келген басқа тауар нарығының анықтамасынан ерекшеленбейді. Зерттелетін нарық нысанын жеке салыстырғанда ғана айырмашылық пайда болады. Бағалы қағаздар нарығының номенклатурасы қандай да бір жеке тауар нарығына емес, тұтас тауар нарығына сәйкес келеді, әрі кез келген елдің қаржы нарығының құрамдық бөлігі болып табылады. Бағалы қағаздар нарығының негізін тауар нарығы, ақша және ақшалай капитал құрайды.
Бағалы қағаздар нарығы

Бұл нарық түрлерінің жіктелінуі бағалы қағаз түрлерінің
ұқсайды және былайша ажыратылады:
- мемлекеттік және корпоративтік (мемлекеттік емес) бағалы қағаздар нарығы;
- халықаралық және ұлттық бағалы қағаздар нарығы;
- ұлттық және аймақтық (аумақтық) нарықтар;
- нақты бағалы қағаз түрлерінің нарықтары (акция, облигация және т. б. ) ;
- алғашқы және туынды бағалы қағаздар нарығы.

Бағалы қағаздар нарығының функциясын шартты түрде екі топқа
бөлуге болады: жалпы нарықтық және өзіндік ерекшелігі бар функция.
Функцияның бірінші тобына мыналарды жатқызуға болады:
- коммерциялық - осы нарықтағы операциялардан пайда табу функциясы;
- мақсатты - нарықтық бағаны қалыптастыратын процесті, олардың ұдайы қозғалысын және т. б. камтамасыз етеді.
- ақпараттық - яғни, нарық өз қатысушыларына сауда нысандары мен оның қатысушылары туралы нарықтық ақпараттарды жеткізеді;
- реттеуші - ондағы нарық сауда және оған қатысудың ережесін, қатысушылардың арасындағы дау-таласты шешудің тәртібін жасайтын болса, артықшылықтарды, бақылау органын немесе басқару органын және т. б. белгілейді.

Өзіндік ерекшелігі бар бағалы қағаздар нарығының функциясына мыналарды жатқызуға болады:
- қайта бөліну;
- баға және қаржы тәуекелдіктерін сақтандыратын функция. Қайта бөліну функциясы қосалқы үш функцияға бөлінеді:
- нарық қызметінің салаларына ақша қаражаттарын қайта бөлу;
- ең алдымен халықтың жинақтарын өнімсіз формадан өнімді формаға ауыстыру;
- инфляциялық емес негізде, яғни айналысқа қосымша ақша қаражаттарын шығармай, мемлекеттік бюджет тапшылығын қаржыландыру.

Бағалы қағаздар нарығындағы сауда тәсілдерінің ұстанымы тұрғысынан мыналарды бөліп көрсету қажет:
- алғашқы және қайталамалы;
- ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған;
- биржалық және биржадан тыс;
- дәстүрлі және компьютерлендірілген;
- кассалық және мерзімді нарықтар.

Бағалы қағаздар нарығы сауда - саттық
және өсімқорлық операциялардың іс-
тәжірибесімен байланысты пайда болды.
Олар алғашқы бағалы қағаздар - вексельдер
мен коносаменттердің пайда болуына себепкер
болды. Ал олар одан әрі мемлекеттің
эмиссиялық қызметі мен акционерлік
қоғамдардың пайда болуымен байланысты
дамыды. Капиталдың бағалы қағаздарға кең
ауқымды инвестициялануы XIX ғасырдың ортасында
басталды. Бұл уақыт аралағында бағалы қағаздардың
нарығы айтарлықтай дамыған болатын. Оның қатысушы
топтары да анықталып үлгерді. Оның алғашқы
қатысушылары - банк иелері мен жеке трейдерлер
ретінде алға шыққан жеке тұлғалар, содан кейінгісі
заңды тұлғалар.

01
02
03
04
05
06
Сауда алаңы
Клирингтік ұйымдар
Сауда агенттері
Қор нарығының инфрақұрылымына кіретін ұйымдар
Кастодиандар
Бағалы қағаздар портфелін басқарушы
Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушьшарына
мыналар жатады:

Сауда алаңы

Сауда агенттері

Клирингтік ұйымдар

Қор нарығының инфрақұрылымына кіретін ұйымдар

Кастодиандар

Бағалы қағаздар портфелін басқарушы

Бағалы қағаздар нарығының құралдарына бағалы қағаздар жатады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес формалар мен реквизиттерде белгіленген мүліктік құқықты куәландыратын құжат бағалы қағаз болып табылады. Бұл бағалы қағаздың жүзеге асырылуы мен берілуі тек оны ұсынғанда ғана мүмкін болады. Бұл оның заңды анықтамасы болып табылады. Ал оның экономикалық мағынасы бүкіл тауар әлемінің екіге бөлінетініне байланысты анықталады: тауарлар (материалдық игіліктер, өндіріс құралдары, қызмет көрсетулер) және ақшалар. Ақша жай және жалақыны әкелетін капитал ақша боп бөлінуі мүмкін. Заңды немесе жеке бір тұлғадан екіншісіне ақша берудің қажеттілігі ұдайы болып тұрады. Қаржы нарығының әлемдік іс-тәжірибесі ақша берудің екі негізгі тәсілін - несиелеу процесін және бағалы қағаздарды айналысқа шығаруды таңдап алды. Тауар нарығында да мұндай жағдайлар болып тұрады: тауарды табыс ету сәтінде оның әлі жеткізілмегеніне немесе өндірмегеніне байланысты тауар болмай қалған жағдайда осындай жағдай орын алады. Алайда бағалы қағаз - ақша немесе материалдық тауар емес. Оның құндылығы - өз иесінің қандай да бір қажеттілігін қанагаттандыруына мүмкіндік беретін кұқықта. Сатып алушы өзінің акшалай капиталын бағалы қағаздарға айырбастай алады. Бұл арада оның меншік құқығы, сонымен бірге қарызға берілген капиталдың пайыздары немесе дивидендтері түрінде нақты жүйелі табысты алу құқығы сақталады.

Ақша да, тауар да осы заманғы жағдайда капиталдың әр түрлі формалары болып табылады. Экономикалық тұрғыдан алғанда бағалы қағаздар - бұл тауарлық, өндірушілік және ақшалай капитал формаларынан өзгеше болатын капитал формасы. Оның өзгешелігі - оны басқа капитал формаларының орнына беруге болады әрі нарықта тауар ретінде айналыста болып, табыс әкеледі (немесе табыс әкелуі ықтимал) .
Бағалы қағаздар - бағалы қағаздар нарығында айналыста болатын ерекше тауар, алайда ол заттай тауар немесе қызмет немесе ақша болып табылмайды. Оны ақшаға жақындататын бірқатар өз ерекшеліктері бар. Олардың ішіндегі ең басты ерекшелігі - оны әр түрлі формадағы ақшаға айырбастауға (өтеу, сату-сатып алу, эмитентті қайтару, құқықты қайта табыстау және т. б. жолдармен) болады. Ол есеп айырысуда пайдаланылуы мүмкін, кепіл де бола алады, оны бірнеше жыл сақтауға да немесе мұра бойынша мерзімсіз беруге де болады, оны сыйлық ретінде біреуге ұсынуға да болады.

Қазақстан Республикасында қолданылатын барлық бағалы қағаздар мынадай санаттарға бөлінеді:
№
Атауы
01
Негізгі бағалы қағаз
олардың негізіне қандай да бір активке, әдетте, тауарларға, ақшаға, капиталға, мүлікке әр түрлі ресурстарға және т. б. берілген мүліктік құқық жатады.
02
Туынды бағалы қағаз
бұл қандай да бір базиске активке арналған бағалы қағаз: базистік активтер бағаларына пайыздық мөлшерлемелер, индекстер жатады. Базистік активтерге тауарлар (мұнай, алтын, астық және т. б. ), негізгі бағалы қағаздар (акциялар, облигациялар және т. б. ) жатады. Туынды бағалы қағаздарға: фьючерстік келісімшарттар (тауарлық, валюталық, пайыздық, индекстік және т. б. ), варранттар, құқықтар және еркін айналыста болатын опциондар жатады.
03
Үлестік бағалы қағаз
Үлестік бағалы қағаз - кәсіпорын таратылғанда өз иесінің мүліктің бір бөлігіне ие болу құқығын бекітіп береді, өз иесіне жарғылық капиталды құруға қатысуына мүмкіндік береді, пайданың бір бөлігін алуға және кәсіпорынды басқаруға қатысуына құқық береді. Үлестік бағалы қағаздарға акциялардың барлық түрлері, инвестициялық пайлар жатады.
04
Борыштық бағалы қағаз
Борыштық бағалы қағаз - қарыз иелері мен эмитенттері арасындағы қарыз қатынасын бейнелейді. Олар оны сатып алу және белгілі бір пайыз төлеу міндеттерін өз мойындарына алады. Борыштық бағалы қағаздың үлгілеріне облигацияларды, ипотекалык куәліктерді, қазынашылық міндеттемелерді, ҚР Ұлттық банкінің ноталарын жатқызуға болады.

Бағалы қағаздардың меншік құқығын жүзеге асыратын формалар бойынша мыналар бөліп көрсетіледі:
№
Атауы
Мағынасы
01
Атаулы бағалы қағаз
олардың барлық иелерін сәйкестендіруді қарастырады. Иелері туралы ақпарат тізілімінде болады, ал осы бағалы қағаздармен бекітілген меншік құқығының басқаға өтуі оларды сәйкестендіруді қажет етеді.
02
Ордерлік бағалы қағаз
ол бойынша құқық бағалы қағазда аталған тұлғаға тиесілі болады және осы бағалы қағазда табыстау жазуын индоссаментті орындау жолымен беріледі. Оның үлгілеріне вексельдер, ипотекалық куәлік жатады.
03
Ұсынбалы бағалы қағаз
осы қағазбен куәландырылған құқық оны ұсынатын адамға тиесілі болады. Осы бағалы қағазға бекітіліп берілген құқықты жүзеге асыру үшін аталған бағалы қағазды ұсынса жетіп жатыр.
04
Құжаттандырылған
Құжаттандырылған - қағазбен тасымалдаушыға эмитеттеледі.
05
Құжаттандырылмаған
шотқа жазу жолымен эмитенттеледі.
06
Нарықтық бағалы қағаз
бағамдық айырмашылық ретінде одан табыс алуға мүмкіндік береді.
07
Инвестициялық бағалы қағаз
дивидендтер, купондар, пайыздар түрінде осы бағалы қағаз бойынша ағымдағы табысты алу мақсатында ұзақ мерзімге сатып алынады.
08
Қайтарылымды бағалы қағаз
мерзімнен бұрын өтелуі мүмкін.
09
Қайтарылымсыз
айналыс мерзімі біткенше айналыстан алынбайтын бағалы қағаз.

Сауда алаңы:
Сауда агенттері:
Қазақстан Республикасының заңына сәйкес бағалы қағаздың мынадай түрлері айналысқа түседі:
- мемлекеттік бағалы қағаздар;
- акциялар;
- облигациялар;
- коносаменттер;
- ипотекалық куәліктер;
- туынды бағалы қағаздар;
- жай қоймалық куәліктер;
- қосарлы қоймалық куәліктер (қоймалық + кепілдікті куәлік) ;
- ҚР-дағы айналысқа жіберілген шетелдік эмитенттің бағалы қағазы;
- Заң актілерімен белгіленген тәртіпте бағалы қағаздардың қатарына жатқызылған басқа да құжаттар.

Бағалы қағаздардың Қазақстан нарығындағы қаржылық құралдарына қарай оның құрылымын былайша көрсетуге болады:

Акция. Оны (акцияны) ұстаушының (акционердің) акционерлік қоғамға түскен пайданың бір бөлігін дивидендтер түрінде алу құқығын, оның істерін және мүліктің бір бөлігін акционерлік қоғам таратылғаннан кейін де басқаруға қатысу құқығын куәландыратын бағалы қағаз болып табылады. Акция - акционерлік қоғамның капиталына қатысуға мүмкіндік беретін бағалы қағаз. Оны мемлекеттік органдар емес, тек акционерлік қоғамдар ғана шығарады. Бұл арада корпорациялар қалыптастыратын капитал корпорация таратылғанда қарыз капиталы ретіндегі (оның ішінде облигация ретіндегі) міндеттемелер төленбегеннен кейін екінші кезекте орны толтырылатын:

акция бір акционерден екіншісіне берілу тәсілі бойынша мыналарға бөлінеді:
- атаулы;
- ұсынбалы.
табысты алу құқығына қарай:
- жай;
- артықшылықты.
Акцияларды былайша
жіктеуге болады:

Облигация - бұл оны, номинал құны немесе басқадай мұліктік эквивалентті шығаратын тұлғадан осыларды өз иесінің алу құқығын куәландыратын бағалы қағаз. Облигация, сонымен бірге өз иесіне оған тіркелген номинал құнынан немесе басқадай мүліктік құқықтан пайызды алуына мүмкіндік береді. Облигация - бұл эмитенттің қарыздық міндетемесін растайтын құжат, ол оның активтеріне қарсы қойылады. Оның көмегімен жұмылдырылған капитал акционерлік капитал болмайды. Облигацияны шығару - капитал қарызының бір формасы.

Облигация - бұл оны, номинал құны немесе басқадай мұліктік эквивалентті шығаратын тұлғадан осыларды өз иесінің алу құқығын куәландыратын бағалы қағаз. Облигация, сонымен бірге өз иесіне оған тіркелген номинал құнынан немесе басқадай мүліктік құқықтан пайызды алуына мүмкіндік береді. Облигация - бұл эмитенттің қарыздық міндетемесін растайтын құжат, ол оның активтеріне қарсы қойылады. Оның көмегімен жұмылдырылған капитал акционерлік капитал болмайды. Облигацияны шығару - капитал қарызының бір формасы.

Облигациялар акциялар секілді әр түрлі корпорацияға арналған инвестицияның маңызды көзі ретінде қызмет етеді. Алайда бұл бағалы қағаздардың бір-бірінен көп айырмашылығы бар:
1) облигациялардың иесі несие беруші болып табылады, ал акционерлер - корпорация меншік иелерінің бірі.
2) облигациялардың иесі эмитенггің табысына қарамастан облигация бойынша пайыз алады. Акционерлер дивидендтерді алуы мүмкін, бірақ олар жай акцияның иелері үшін тіркелмейді әрі табыс болмаған жағдайда төленбейді.
3) облигация иелерінің дауыс құқығы болмайды, олар акционерлердің жиналысына қатыспайды және корпорацияны басқаруға қатыстырылмайды. Акционер зінің мүліктік мүдде-сіне қатысты барлық мәселелерді шешуде дауыс құқығына ие болады.
4) облигация бойынша төленген пайыздық төлемдер корпорацияның шығынына жатқызылады және салық салынатын табысты кемітеді. Сонымен қатар салық салынғаннан кейін корпорацияның алатын таза табысы дивидендтердің көзін құрайды.
5) облигациялар, әдетте, белгілі бір мерзімге шығарылады, ал акциялар мерзімсіз бағалы қағаз болып табылады.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz