Іскерлік этикет пен сөз әдебі: тілдік нормалар мен келіссөз мәдениеті


Slide 1

Іскерлік этикеттегі сөз әдебі.

Орындаған: Амангелді Анеля

Тексерген: Қадырбекова Д. С

Тобы: ФТ3-1

Slide 2

Іскерлік қарым-қатынастағы негізгі түйіндердің бірі-ондағы тілдік ерекшеліктерді білу, сауаттылық, сөйлеу этикасын меңгеру.

Іскерлік қарым-қатынас-мекеме, кәсіпорын, өнеркәсіп саласында қызмет істейтін кісілердің өзара және басқа да қызмет барысындағы адамдардың бір-бірімен пікірлесуі, келіссөз жүргізуі, келісімшарт жасауы, құжаттар алмасуы нәтижесінде болатын әрекет.

Slide 3 Slide 4

Іскерлік қарым-қатынас әдебі сөйлеушінің өз ісіне жауапкершілікпен қарауынан, өзін-өзі ұстауынан, сыпайылығынан, өжеттігінен, батылдығынан, тартымды сөйлеу мәнерінен көрінеді.

Ортаға, пікірлесетін адамға құрметпен қарау мен сәлемдесуде, өзін, жұмыс орнын таныстыруда, ондағы ұлттық дәстүрді сақтау әрекеттерінің белгілі бір қалыптасқан нормалары болады.

Тақырыпқа байланысты тілдік терминдерді дұрыс, біліктілікпен қолдану, тапқырлықпен нақты, жүйелі сөйлеу де іскерлік әдебін танытады.

Slide 5 Slide 6

Іскерлік қарым-қатынаста тіл табысуға кері әсерін тигізетін нәрселер:

Пікір алысқалы отырған мәселенің тақырыбын жетік білмеу, сөз мағынасын түсінбеу, мәнсіз көп сөзділік, өз айтқанынан қайтпау, дәлелсіз қайшы пікірге келу, жігерсіздік, ұялшақтық.

Slide 7

Іскерлік әңгіменің нәтижесі жеке адамның іскер топ ортасында немесе іскер адаммен бетпе-бет сөйлескенде өз пікірін өтімді айта білу, пікірін қорғай алу, сөзін дәлелді жеткізу дағдыларын меңгергенде оң болады. Сондықтан субъект көздеген мақсатына жету үшін іскерлік әңгіме тақырыбын, оның негізгі жүйесін алдын ала жоспарлауы тиіс. Адам іскерлік әңгімеде өзінің жұмысқа қабілетті екенін, бұл мәселені жан-жақты білетінін таныту үшін артық сөз, артық мақтануға бой алдырмауы керек.

Slide 8 Slide 9

Дайындықтың бірінші қадамы кімге баратыныңды зерттеуден басталады. Қызметке қабылдайтын жауапты адамның жалпы болмысы қандай, онымен қалай тіл табысуға болады деген мәселені анықтап алған ұтымды.

Екінші мәселе-сөзді бастау, ойды негіздеу, басты тұжырым қандай болу керек дегенді жоспарлау. Ол үшін мына жайттарға баса назар аударылады:

Slide 10

Фактінің, деректің мол болуы.

Себептер мен тұжырымның сәйкес келуі.

Басты мәселенің шешілуінің тиістілігіне деген сенім.

Мәселенің екі жаққа да пайдалылығының дәлелділігі.

Мәселені шешудің бірнеше жолын қатар ұсыну.

Slide 11

Келіссөз, негізінен, үш кезеңнен тұрады.

Мәліметтер алмасу; екі жақтың ұстанған бағыты мен тұжырымдамасы, өзара іскерлік қызығушылығын анықтау.

Мәселені талқылау; негізгі ұсыныстар мен көзқарастар, дәлелдер мен қарсы дәлелдер.

Ұстаған бағыттардағы келісім, келіссөзде талқыланатын мәселеге деген өз қызығушылығың қандай дәрежеде, әріптесіңнің қызығушылығы қандай, қандай мәселелерде мүлде келісімге келуге болмайтынын анықтап алу керек.

Келіссөзде күнделікті қолданып жүрген сөз тіркестерін қолдануға болмайды. Сондықтан іскерлік ортада қолданылатын, олардың сөйлеу мәнерінде қалыптасқан сөз орамдарын қолдану орынды.

Slide 12

Сонда іскерлік келіссөздің тиімді болуының басты шарттары:

Тіл табыса білу;

Оның небір қырларын меңгеру;

Айтқан сөзде, уәдеде тұра білу;

Екінші адамның не топтың сеніміне кіру.

Slide 13

Әдептілікке байланысты мақал-мәтелдер

1. Ұлық болсаң, кішік бол.

2. Жаман сөз жылытады, жақсы сөз жұбатады.

3. Аңдамай сөйлеген -ауырмай өледі.

4. Әдепсіз өскен адамнан, тәртіппен өскен тал жақсы.

5. Киіміне қарап қарсы алады,

Біліміне қарап шығарып салады.

6. Өзіңді зор тұтпа, өзгені қор тұтпа.

7. Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі.

Slide 14
Ұқсас жұмыстар
Іскерлік қарым-қатынастағы сөйлеу мәдениеті мен келіссөз жүргізу әдебі
Іскерлік этикет және қарым-қатынас: мінез-құлық пен тілдік аспектілер
Ресми және бейресми қарым-қатынас стильдері: іскерлік этикет пен сөйлеу мәдениеті
Іскерлік ортада ресми іскерлік қатынастың тілдік, тілдік емес және сөз әдебінің аспектілері
Кәсіпкерлік мәдениет пен этика: басқару, нормалар және этикет
Тіл мәдениеті: баспасөз тілі, сөз мәдениеті және сөйлеу әдебі
Германиядағы қоғамдық және іскерлік этикет ережелері
Тілдік коммуникация және сөз мәдениеті: ауызша және жазбаша қатынастың теориясы
Сөздің функционалдық типтері мен сөз мәдениеті
Іскерлік қарым-қатынас мәдениеті мен этикасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz