Оқытудың заңдылықтары


Slide 1

Тобы: 1508-29a

Орындаған: Жұмаева Н.

Қабылдаған: Тоқтасынова А.

Slide 2

Қарастырылатын сұрақтар:

Дидактика: оқыту және білім беру теориясы.

Педагогтардың дидактика туралы көзқарастары

Дидактиканың негізгі категориялары

Оқыту үдерісінің мәні, мақсаты мен міндеттері

Slide 3

Дидактика білім беру мен оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін зерттейтін педагогика ғылымының саласы. "Дидактика" - бұл ежелгі грек сөзі, didakitos - нұсқаушы, didasko - үйренуші деген ұғымды білдіреді. Мектеп - Мактаб (парсы) тілінен енген.

Дидактиканың нысаны - оқыту үрдісі.

Дидактиканың пәні - оқыту үрдісінің заңдылықтарын ашу, ұстаз-оқушылар, оқушылар-басқа оқушылар, оқушы-оқу материалы жүйелерінің қарым -қатынасын зерттеу.

Slide 4 Slide 5

Дидактика туралы көзқарастар

Я. А. Коменский дидактиканы «баршаны барлық нәрсеге үйретуші әмбебап өнер» деп түсіндірген.

ХІХ ғ. басында неміс педагогы И. Гербарт дидактиканы тәрбиелеп оқытудың өз алдына тұтас және қайшылықсыз теория ретінде таныды.

Slide 6

Чех педагогы Я. А. Коменский 1657 жылы «ұлы дидактика» атты еңбегін жарыққа шығарды.

Slide 7

"Ұлы Дидактика" кітабында оқыту мақсаты, әдістері, принциптері, сынып-сабақ жүйесі туралы жазылды. Ол басты мақсат - адамшылық, оған жету жолы - білім беру және оқыту деп санады. "Көп емес, өмірге керекті білімдерді" беруге шақырып, оны түсіндіру үшін жаттығу, тәжірибелік әдістерді қолдануды ұсынды. Оқушыны жақсы сезімге бөлейтін әдістердің пайдалылығын дәлелдеді. Я. А. Коменский саналылық және белсенділік, көрнекілік, жүйелілік және сабақтастық, жаттығу және түсініктілік принциптерін ұсынды.

Slide 8

Оқыту теориясы ның негізін қалаушылар:

Я. А. Коменский,

И. Т. Песталоцци,

Ф. Дистервек

Ж. Ж. Руссо,

К. Д. Ушинский,

В. Сухомлинский

А. С. Макаренко

Slide 9

И. Г. Песталоцци, И. Гербарт, А. Дистерверг, К. Д. Ушинский, Ы. Алтынсарин, Д. Дьюи, Г. Кершентейнер, В. Лай, П. Ф. Каптуров, С. Т. Шацский, П. П. Блонский, М. М. Пистрак

Әлемдік деңгейде дидактиканың дамуына үлес қосқан ғалымдар

Slide 10

Педагогика ғылымының «Дидактика» саласындағы белгілі қазақ педагог- ғалымдар мен ағартушылар:

Ы. Алтынсарин,

М. Жұмабаев,

А. Байтұрсынов,

М. Дулатов,

Ж. Аймауытов,

Ш. Әлжанов

Slide 11

Дидактиканың негізгі категориялары

Білім беру

Оқыту

Оқу

Оқытудың заңдылықтары

Оқытудың принциптері

Білім берудің мазмұны

Оқытудың әдістері

Оқытудың тәсілдері

Оқытудың формалары

Білім, іскерлік, дағды

Оқытудың нәтижелері

Slide 12

Дидактиканың міндеті - білім мазмұнын, оқыту әдістерін және оқытуды ұйымдастыруды ғылыми тұрғыдан негіздеу.

Slide 13

Дидактика

Оқыту қалай жүргізіледі, оның заңдылықтары қандай?

Кімдерді оқыту керек?

НЕНІ ОҚЫТУ КЕРЕК ?

ҚАЛАЙ ОҚЫТУ КЕРЕК ?

Не үшін оқыту керек?

Қайда оқыту керек?

Slide 14

Оқыту - мұғалім мен оқушылардың белгіленген мақсатқа жетуге бағытталған, реттелген, бірлескен іс-әрекеті, оқушылардың танымдық іс-әрекетін арнайы ұйымдастыру.

Оқыту процесі - мұғалім мен оқушының бірлескен іс-әрекеті.

Оқыту процесінің белгілері:

1) екі жақтылығы;

2) оқушы мен мұғалімнің біріккен іс-әрекеті;

3) мұғалімнің басқаруы;

4) арнайы ұйымдастырылуы;

5) бірлігі және тұтастығы.

Slide 15

Оқыту процесінің өзіне тән қызметтері бар. Олар оқытудың білім беру, тәрбиелік, дамыту деп аталады.

1. Оқытудың білім беру қызметі - бұл адам баласын білім байлығымен қаруландыру, оны өз бетімен білім алуға іскерлік пен дағдыны игеруге даярлау.

2. Оқытудың тәрбиелік қызметі. Ғылыми теориялармен ережелердің оқушылардың дүниетанымымен сеніміне айналуын сипаттайды, моралдық нормаларды игеруін қамтамасыз етуге әсер етеді.

3. Оқытудың дамыту функциясы.

Мұнда оқушылардың таным іс-әрекетін, ой-өрісін және өз бетімен жаңа білімді іздеп табуға және оны игеруге үйрету.


Ұқсас жұмыстар
Оқыту заңдары, заңдылықтары
МҰҒАЛІМ ОҚЫТУ
Оқыту процесінің жалпы заңдылықтары
Оқытудың заңдылықтары және қағидалары
Информатиканы оқыту әдістемесі мен теориясы
Сабаққа қойылатын қазіргі талаптар
Сабақ – оқытудың негізгі формасы туралы ақпарат
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ПРОБЛЕМАЛЫҚ ОҚЫТУДЫҢ ТӘСІЛДЕРІ
Тәрбие процесінің заңдылықтары мен принциптері
Оқытудың принциптері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz