Жаһандық денсаулық




Презентация қосу
«Астана Медицина Университеті» КеАҚ
Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар кафедрасы

СӨЖ
Тақырыбы: Жаһандану және қазіргі жаһандық қауіп қатерлер.
Жоспар:

Негізгі бөлім
Жаһандану ұғымы.
Экономикалық жаһандану.
Жаһандық денсаулық.
Жаһанданудың жағымды және жағымсыз тұстары.
Қорытынды
Пайдалынылған әдебиеттер
Кіріспе
• Денсаулық - бұл тек физикалық, рухани (психикалық) және
әлеуметтік салауаттылықтың жай-күйі, сонымен қатар аурулар мен
физикалық ақаулардың болмауы.
• Жаһандану дегеніміз - адамдардың, қызметтердің, тауарлардың,
ақпараттың , технологияның, капиталдың сондай-ақ халықаралық
ауқымдағы құндылықтардың өзара алмасуының өсуіне
байланысты интеграция .
• Жаһандық деп бүкіл әлемді, бүкіл адамзатты қамтитын, оның
бүгіні мен болашағына қауіп төндіретін және оларды шешу үшін
барлық мемлекеттер мен халықтардың бірлескен күш-жігерін,
бірлескен іс-қимылын талап ететін проблемалар аталады. Адамдар
өмірінің әртүрлі салаларын қамтитын интеграциялық
процестердің ерекшеліктері қазіргі заманғы жаһандық
проблемалармен терең және өткір көрінеді.
Жаһандану түрлері
• “Менталдық” немесе мәдени жаһандану
— дәстүрлердің, діндердің,мәдениеттер мен идеологиялардың “ұқсастануының”
кешендік үрдісі. Қазіргі таңда бүкіл әлем, негізінен, 6 жаҺандық діни жүйеге
(христиандық, ислам,иудаизм, индуизм, буддизм, конфуцийшілдік) бөлінеді.
• Аумақтық жаһандану — мемлекетаралық құрылымдардың күшею үрдісі.
Мемлекетаралық экономикалық және әскери-саяси одақтар Жаһанданудың
барынша жоғары деңгейдегі мәнін көрсетеді. Бұл ретте Жаһандану нәтижесінде
болашақта ұлттық мемлекеттерге немесе басқа да аумақтық құрылымдарға
бөлінбейтін біртұтас өркениет құрылуы мүмкін деген болжам айтылады.

•Ақпараттық-коммуникациялық жаһандану — қазіргі заманғы интеграциялық үрдістердің ішінде аса ықпалдысы.
Оған: коммуникациялық мүмкіндіктерді дамыту және ғарыштық кеңістікті ақпарат беру үшін пайдалану; жаhандық
ақпарат желілерінің пайда болуы және тез дамуы; адамзат тұрмысындағы көптеген үрдістердің компьютрлендірілуі
жатады. Сонымен қатар, келешекте екі бағыттағығарыштық жүйелерді басымдылықпен дамыту; байланыстырудың жеке
жүйесі мен жаhандық позицияланудың дамуы; ақпараттық коммуникациялық кешендердің негізінде бизнесті,өндірістік
үрдістер мен үй шаруаларын басқарудың жаhандық жүйесін құру; өмір сүру үрдістерінің мейлінше үлкен
бөлігін компьютрлендіру мен роботтау жүреді;
• Этникалық жаһандану негізгі екі үрдістен тұрады — планета халқының санының өсуі және әр түрлі этникалық
топтардың өзара ассимиляциясы.
Экономикалық жаһандану
• Экономикалық жаһандану екі үрдістің жиынтығын — нарықтардың жаһандануын (капиталдық, еңбек ресурстарының,
тауарлардың және қызмет көрсетулердің) және экономикалық нысандардың жаһандануын білдіреді және экономиканың
ұйымдық құрылымдарының — компаниялардың, фирмалардың,корпорациялардың іріленуімен түсіндіріледі. Қазіргі
уақытта экономикалық Жаһанданудың нақты сипаттары бар:
а) үлкен компаниялардың жетекші рөлі;
ә) жаhандық қаржы, валюта және қор рыноктарының қызмет етуі;
б) жаhандық ақпараттық желілердің қызмет етуінің нәтижесінде көлік ағындары құрылымының өзгеруі;
в) жаhандық сауда-экономикалық бірлестіктер мен одақтардың құрылуы мен қызмет етуі;
г) барлық ұлттық және халықар. қаржылық, валюталық трансакциялардың жаhандық желіге аударылуы;
ғ) бөлшек саудалық, банктік, сақтандыру және сауда операцияларын жаhандық желіге аударылуы;
• Жаһандану нәтижесінде ұлттық экономикалардың жақындасуы байқалады, ол сыртқы сауда мен қаржы ағымы нәтижесінде жүреді. Сонымен
қатар шекарадан жұмыс күшінің, білімнің, технологияның жаппай ағымы. Ол әлемді біріктіреді және өзара тәуелді етеді, мысалы: соңғы
қаржы дағдарысы мен СПИД және жаһандық жылыну мәселелері осының көрінісі болып отыр. Технологиялардың тез дамуы біздің
өміріміздің сапасын өзгерткені рас. Жеке сектордың бұрын соңды болмаған өркендеуі байқалуда, жеке капитал ағымы байқалуда. Осыған
байланысты «дамушы мемлекеттерге қазіргі кезде батыстан келетін қаржыландыру көздері бес есеге ұлғайған. Кедей мемлекеттерде
қарқынды урбанизация байқалуда, азаматтық қоғам қалыптасуда, демократия дамып, билік орталық биліктен жергілікті деңгейге өтуде. Осы
үрдісті дұрыс пайдаланған мемлекеттер үлкен секіріс жасап отыр. Интеграциядан шет қалған мемлекеттер деградацияға ұшырап отыр.
Олардың артта қалуы тереңдей түсіп, тең құқықсыздық жағдайы күшейе түседі.
• Дамыған мемлекеттер үшін мүмкін болатын пайда зиянынан жоғары болып отыр, себебі осында басты ірі компаниялардың штаб-пәтері
орналасқан, ғаламның басты ғылыми техникалық мүмкіндіктері, қаржы көздері т.б. осында орналасқан. Ал дамушы және өтпелі
экономикалық мемлекеттер үшін жағдай басқаша қалыптасқан. Дамушы мемлекеттер бәсекелестік жағдайда әлсіздік көрсетеді.
• Жаһандану үрдісі халықаралық саяси, экономикалық қатынастың екі деңгейіне үлкен әсерін тигізді. Олар - ұлттық мемлекеттер және
халықаралық ұйымдар. Ұлттық экономикалардың өзара тәуелділігі, әр-түрлі экономикалық халықаралық қатынастардың күшейуі, адамзат
өркениетіндегі жаһанды мәселелердің ушығуы, экологиялық, әлеуметтік, ден-саулық, т.б. әлемге ортақ мәселелердің көбеюі халықаралық
ұйымдарға қоғамдық мемлекеттік міндеткерліктің біраз бөлігін беру қажеттілігін тудырды. Жаһандануға дейін ұлттық экономикалық
мемлекет ішілік қатынас басты рөлде болды, ал сыртқы саясат пен халықаралық қатынас екінші орында болды. Бірақ жаһанды нарық
қатынастарының пайда болуына байланысты, жаһанды экономикалы, әлеуметтік, саяси, мәдени, т.б. мәселелердің сырттай әсері күшті
болғандықтан жаһанды қатынастар алдыңғы орынға шығып отыр.
Жағымды жағы
• Дамушы елдерге жаһандану дамуға жаңа мүмкіндіктер жасайды.
• - неғұрлым жылдамырақ экономикалық даму
• - өмір деңгейінің жоғарылауы
• - техникалық жаңалықтар мен басқару дағдыларын жеделдетіп енгізу және тарату
• - жеке тұлғалар үшін де, ел үшін де жаңа экономикалық мүмкіндіктер туғызу. Жаһандану
тұңғыш рет біртұтас ақпараттық кеңістік арқылы әлемдік экономиканың барлық құрамдас
бөліктерін — өндірісті, ғылымды,қаржыларды, тұтынуды біріктіруде. Олардың қазіргі
өзара тәуелділігі соншалықты, ұлттық және аймақтық нарықтардың әлемдік нарықтан кез
келген оқшаулануы ол ұлтты немесе аймақты құлдырауға ұшыратады. Жаһандану кері
айналмас сипатқа ие болып, экономикалық дамудың шартына айналуда. Нарықтар
арасындағы кең ауқымды қаржылық ағындарға байланысты қазіргі күнде
триллион доллармен өлшенетін, тауардың өзіндік құнын 10—12%-ке түсіретін және
сонымен бүкіл циклдық дамуды өзгертетін электрондық сауданың елеулі өсуі байқалады
Жағымсыз жағы
• Дамыған елдермен салыстырғанда, дамушы елдердің артта қалу деңгейі
күн санап арта түседі. Ғаламдық нарықтық экономикаға ену үшін
дамушы елдерден өз әлеуметтік - экономикалық құрылымын түбегейлі
өзгертіп, барынша күш - жігер салуын талап етеді. Халықаралық нарық
толығымен көпұлтты компаниялардың және дамыған постиндустриалды
елдердің "ойын ережелеріне" бағынады. Дамушы елдердің әлеуметтік-
экономикалық дамуы, ғылым, техника және технологиялар деңгейі әзірге
өте төмен, ал бұл өз кезегінде олардың дамыған елдермен қатар бір
деңгейде әлемдік нарықта бәсекеге түсуге мүмкіндік бермейді. Дамушы
елдердің алдында әлемдік ғаламданушы экономикаға кірігу міндеті тұр.
Ал, екінші жағынан олар дамыған елдерге тәуелді болудан қашады.
Жаһандық мемлекеттік жүйе - қазіргі мемлекеттердің әлемдік жүйесі.
Әлемдегі мемлекеттер соның принциптеріне негізделіп құрылған үлттық
мемлекет үлгі болып табылады.
• Жаһандық денсаулық - бұл "бүкіл әлемдегі барлық адамдар үшін денсаулықты жақсартуға және
денсаулыққа әділеттілікке қол жеткізуге басымдық беретін зерттеу, зерттеу және тәжірибе саласы"
деп анықтауға болатын жаһандық контекстегі халықтың денсаулығы.
• Жаһандық денсаулық халықаралық контексте халықтың денсаулығын анықтайтын әртүрлі
аспектілерге бағытталған және медицина, қоғамдық денсаулық сақтау, эпидемиология, демография,
экономика, әлеуметтік ғылымдар, этика және адам құқықтары және т. б. сияқты зерттеу салаларына
қатысты.

2008 жылы Жаһандық денсаулыққа арналған
университеттер консорциумы (CUGH) дүниежүзілік
денсаулық сақтау саласына тартылған жоғары, орта және
төмен табысты елдердің институттарының
қауымдастығы ретінде құрылды. Бүгінгі таңда CUGH
құрамында 120-дан астам академиялық ұйымдар бар.
CUGH пәнаралық байланысты дамытуға бағытталған
және ғаламдық медициналық проблемалармен күресу
үшін білімді таратуға көмектеседі.
АУРУЛАРДЫҢ ЖАҺАНДЫҚ АУЫРТПАЛЫҒЫ

• Аурулардың жаһандық ауыртпалығы (МББ) - бұл негізгі аурулардан, жарақаттардан және
олардың қауіп факторларынан болатын өлім-жітім мен мүгедектікті сипаттайтын көрсеткіштер
тобы.
• . Қазіргі уақытта GBB 50 елден 500-ден астам зерттеушілердің ынтымақтастығының нәтижесі
болып табылады. GBB негізін қалаушы доктор Кристофер Мюррей деп санауға болады. Оның
ғылыми тобы Вашингтон университетінің медициналық-санитарлық көрсеткіштерді анықтау
және бағалау институтында GBB - мен жұмыс істейді және Билл мен Мелинда Гейтс Қоры
қаржыландырады.

DALY индикаторы 1990 ж. ГБД алғашқы зерттеу
барысында аурудың ауырлығын ауру, қауіп факторы және
аймақ бойынша үйлесімді бағалау үшін жасалды.
DALY - (« мүгедектік - өмірдің түзетілген жылдарына »
сәйкес келеді), содан бері зерттеулерде, ұлттық денсаулық
сақтау саясатында және халықаралық статистикада кеңінен
қолданылады. GBD 2010 көрмесіне 50 елден 500-ден астам
сарапшылар қатысты/
Бүгінгі жаһандық денсаулықтың маңызды мәселелері
• Инфекциялық аурулар, ана аурулары, перинаталдық аурулар, тамақтанумен байланысты
бұзылулар
• Инфекциялық емес аурулар
• Жарақаттар
Инфекция – жер бетіндегі тіршілік эволюциясының
негізгі, тіпті басты факторларының бірі болуы
мүмкін. Инфекцияның болуы – адам денсаулығына
қауіп төндіреді.

• Инфекциялық емес аурулардың өзі шын мәнінде инфекциялық ауруға жатады.
Бактериялардан, тірі организмдерден және денені жайлап алатын микробтардан пайда
болмайды. Жәнеде бір адамнан екінші адамға берілмейді. Инфекциялық емес ауру түрлеріне
онкологиялық, жүрек-қан тамырлары және қант диабеті ауруларын мысалға келтіреміз.
• Есте сақтау керек,жұқпалы емес ауруларды емдеуге антибиотиктер пайдаланылмайды.
•Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы– 1946 жылы БҰҰ -ның
жанынан құрылған халықаралық медициналық мекеме.
•Мақсаты — қоршаған ортаға жағымсыз ықпал-әсерлерді бақылау және
басқару арқылы адам денсаулығын қорғау және жақсарту.
• ДДҰ қызметінің негізгі бағыттары:
Жұқпалы емес аурулар
Жұқпалы аурулар
Дайындық, қадағалау және ден қою
Өмір бойы денсаулықты нығайту
Денсаулық сақтау жүйелері
Корпоративтік қызметтер
2000 жылдың 6-8 қыркүйек аралығында болып өткен саммитте, Бірікккен
Ұлтттар Ұйымының штаб-пәтерінде, әлемдік көшбасшылар "Мыңжылдық
Декларациясын" қабылдаған болатын және осы құжатты қабылдауға әлемнің
189 елі қол қойған.
МЫҢЖЫЛДЫҚТЫҢ ДАМУЫНЫҢ СЕГІЗ МАҚСАТЫ:

1. Шегіне жеткен кедейшілік пен аштықты болдырмау
2. Жаппай бастауыш білімді қамтамасыздандыру
3. Ерлер мен әйелдер арасындағы теңдікке қол жеткізу
4. Балалар өлімін азайту
5. Аналардың денсаулығын жақсарту
6. ЖИТС, АИВ және де басқа да аурулармен күресу
7. Экологияны жақсарту
8. Мемлекеттер арасындағы қарым-қатынасты дамыту
1. Шегіне жеткен кедейшілік пен
аштықты болдырмау

• Бұл мақсатқа оның алғашқы нұсқасында Қазақстанда 2004ж қол жеткен
болатын. Қазақстанда 1 МДМ орындалуы кедейлікті және шектен
шыққан кедейлікті азайту есебінен іске асырылды.
• Кедейлік әлемнің барлық елдерінде бұрын да болған, қазір де бар. Жер
шары халқының саны 1960 жылы 3 миллиардтан көбейіп XXI ғасыр
басында 6 миллиард адамды құрап отыр. Соңғы 30 жылда шектен
шыққан кедейлікте өмір сүретін адамдар үлесі екі есеге азайды.
Дәлелдер бүкіл әлемде баланың тамақтануы жақсарғанын көрсетеді.
Төмен салмақты балалардың үлесі 1990 жылғы 25% -дан 2013 жылы
15% -ға дейін төмендеді деп есептеледі. Бес жасқа дейінгі балалардың
бойының өсуінің төмендеуі осы уақыт аралығында бүкіл әлемде 40% -
дан 25% -ға төмендеді.
2 .Жалпы бастауыш білім беруді
қамтамасыз ету


Қазіргі кезде мектепке бару, білім беру сапасы, ауыл мектебінің
проблемалары және халықтың әлеуметтік осал топтарының
балаларын оқыту мәселелері күрделі күйде қалып отыр.
• Конституцияға және Білім туралы заңға сәйкес мемлекеттің саясаты
бастауыш (1-4 сыныптар), негізгі орта (5-9/10 сыныптар) және жалпы
орта (10/11-11/12 сыныптар) білімдерді біріктіретін тегін міндетті
жалпы орта білімге қол жетімдігін/теңдігін және сапасын/тиімділігін
сақтауға бағдарланған.
Сөйтіп, бастауыш білімнің қамтамасыз етілгендігі мәртебесін растай
отырып, Қазақстанға мақсатты жалпыға бірдей орта білімді
қамтамасыз ету деп қарастыру қажет.
3. Ерлер мен әйелдер арасындағы теңдікке қол жеткізу.

Бұл мақсатқа Қазақстанда ерлер мен әйелдердің бастауыш және орта білім аясындағы
теңсіздікті жою міндеттеріне байланысты қол жеткізілді. Қыздардың білім алуы өзін-
өзі анықтаумен, денсаулықты жақсартумен, әлеуметтік және экономикалық
жағдаймен, сондай-ақ ана мен баланың денсаулығының оң нәтижелерімен
байланысты.
Бүгінде Қазақстан Кәсіподақтар федерациясы 2 миллионнан астам кәсіподақ мүшесін
біріктіреді, олардың 65%-ы – әйелдер. 18 мыңнан астам бастауыш кәсіподақ
ұйымдарының 67% -да әйелдер басшылық етеді. ҚРКФ еңбеккер әйелдердің
әлеуметтік кепілдемелерін нығайту мәселесін шешу үшін жүзеге асырылатын жаңа
тәсілдер де атап өтілді.
4. Балалар өлімін азайту

Әлемдік деңгейде 5 жасқа дейінгі балалардың өлімін төмендетуде
айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді.
1990 жылдан бастап 2013 жылға дейінгі кезеңде 5 жасқа дейінгі
балалардың өлімі 49% -ға төмендеді: тірі балалардың 1000 туылуына
шаққандағы 90 өлімнен 46 жағдайға дейін.
•Балалардың өлімін азайту үшін Мыңжылдық Даму Мақсаттарына
(МДМ) қол жеткізу үшін балаларды әмбебап қамту қажет. Олар:
Жаңа туылған нәрестелер мен олардың аналарына күтім жасау сияқты
маңызды тиімді және қол жетімді шаралармен;
нәрестелер мен жас балаларды тамақтандыру;
вакцинация;
пневмонияның, диареяның және сепсистің алдын алу және жағдайын
басқару;
АҚТҚ / ЖҚТБ-ның алдын-алу және күтімі.
• Осы шаралар арқылы өлім-жітім деңгейі жоғары елдердегі өлім жітім
саны екі еседен көп азаюуы мүмкін.
5. Аналардың денсаулығын жақсарту

•2012 жылы тіркелген немесе азаматтық некеде тұрған
15-49 жас аралығындағы әйелдердің 64% контрацепцияның
қандай да бір түрін пайдаланды, ал әйелдердің 12% бала
көтеруді тоқтатқысы немесе кейінге қалдырғысы келді,
бірақ контрацептивтерді пайдаланбады .
•. Әйелдердің шамамен 10% -ы әлі күнге дейін қауіпсіз
және тиімді контрацепцияға қол жеткізе алмайды немесе
қолданбайды.
•Қазақстанның мыңжылдық мақсаттарына қол жеткізу
ісіндегі ілгерілеушілікті талдаудың шыққанынан кейінгі
өткен 2,5 жылдың ішінде аналар өлімін қысқарту мен
ұрпақ келтіру денсаулығының қызметтері мен тауарларына
жаппай қол жетуді қамтамасыз етуде айтарлықтай
ілгерілеушілік орын алмады.
6. ЖИТС, АИВ және де басқа да аурулармен күресу

• Қазіргі таңда дүние жүзі бойынша 42 миллионнан астам адам АИТВ- мен өмір сүреді. Олардың
жартысы қажетті ем алуда. Жыл сайын 2 миллионға жуық жаңа жағдайлар тіркеледі. Қазіргі
уақытта АИТВ жұқтырған жүкті әйелдер емді толық қабылдап, өмірге дені сау бала әкелуде. 2012
жылдың соңында аз және орташа табысы бар елдердегі 10 миллионға жуық адам антиретровирустық
терапиядан өтті.
• Туберкулез. Онжылдықтың ішінде туберкулездің жыл сайынғы жаһандық жаһандық саны баяу
төмендеді, бұл МДМ шеңберіндегі міндетін орындауды қамтамасыз етті, соған сәйкес 2015 жылға
дейін ауруды азайту үрдісі басталуы керек.
• 2000 жылдан бастап аурудың таралуын тоқтату үшін 5 миллиардтан астам емдеу курстары өткізілді,
ал ауруға шалдыққан 73 елдің 39-ы оны 2020 жылға дейін оны денсаулық сақтау проблемасы ретінде
жою мақсатына жетуде.
• Қазіргі уақытта бүкіл әлем қауіпсіз ауыз суға
қол жеткізуді қамтамасыз етумен байланысты
МДМ мақсатына қол жеткізді. 2012 жылы
7.Экологияны жақсарту халықтың 90% -ы ауыз судың жақсарған
көздерін пайдаланды, 1990 жылғы 76% -бен
салыстырғанда.
• Негізгі санитарлық-гигиеналық нысандар
үшін МДМ - ға жаһандық деңгейде қол
жеткізу үшін қазіргі прогресс қарқыны өте
баяу. 2012 жылы 2,5 миллиард адам
жақсартылған санитарияға қол жеткізе
алмады, ал олардың бір миллиарды әлі де
тиісті дәретханаларға қол жеткізе алмады.
Қала тұрғындарының қарқынды өсуі
жағдайында қалалық жерлерде өмір сүретін
және жақсартылған санитарияға қол жеткізе
алмайтындар саны артып келеді.
8.Мемлекеттер арсындағы қарым-қатынасты дамыту

• Негізгі мақсаты: фармацевтикалық компаниялармен
ынтымақтастықта дамушы елдерде қол жетімді қажетті дәрі-
дәрмектерге қол жетімділікті қамтамасыз ету.
• 2007-2013 жж. аралығында жүргізілген зерттеулер
көрсеткендей, табысы төмен және орташа 50 елдің
мемлекеттік секторында таңдамалы дәрілік заттардың орташа
қол жетімділігі жеке секторда 64% 6 ал мемлекеттік секторда
38% құрайды.
• Емдеу курсы үшін ең төменгі жалақы төленетін бюджеттік
сала қызметкері бірнеше күн ішінде өз табысынан бас тартуы
керек. Көптеген жаһандық созылмалы ауруларды емдеудің
тиімді әдістері бар, бірақ оларға қол жетімділікті қамтамасыз
ету мүмкін емес.
Қорытынды :
• Жаһанданудың қазіргі үрдісі бірқатар кері зардаптар әкеледі. 1990 жылы адам басына
есептегенде орташа кіріс аса дамыған 17 елде басқалармен салыстырғанда 4,5 есе жоғары
болған. 1999 жылы жердің аса бай тұрғындарының 20%-і әлемдік ЖІӨ-нің (жалпы ішкі
өнімнің) 86%-не, ал аса кедейлері 1%-ке ие болды. Планета халқының 30%-і күніне бір
доллардан кем қамтамасыз етілген. Постиндустриалдық, индустриалдық және дамушы
елдердің арасындағы алшақтық кему орнына, керісінше, өсе түскендігі байқалып отыр.
Ашық нарықтық принциптерге шартты түрде сүйенетін, ал шын мәнінде дамыған елдердің
бәсекелестік артықшылығын пайдаланатын “Вашингтондық консенсус” адамзаттың аз бөлігі
үшін ғана қызмет етеді. (Вашингто́нский консе́нсус тип макроэкономической политики, который в
конце XX века был рекомендован руководством МВФ и Всемирного банка к применению в странах,
испытывающих финансовый и экономический кризис.)

Ұқсас жұмыстар
Жаһандану және жаһандық денсаулық
Соңғы бес жылда ғана ана мен бала өлімі
Қазіргі заманғы Қазақстанның үшінші модерациясын жүзеге асырудағы философияның рөлі
Егде жастағы адамдар көбінесе
Қазақ халқының этнофилософиясының мазмұнды тұстарын жақсы көрсете білген сайын ұлтымыздың рухани дүниесі кеңиді
Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаевтің қол жеткізген жетістіктер
Медициналық қызметтің кұрылымы
Желілер туралы жалпы ақпарат. Жаһандық және жергілікті желілер
ҚАЗАҚСТАН – 2050 СТРАТЕГИЯСЫ ҚАЛЫПТАСҚАН МЕМЛЕКЕТТІҢ ЖАҢА САЯСИ БАҒЫТЫ
Әлеуметтік қозғалыстар теориялары
Пәндер