Тыныс алу мүшелерінің орналасуы, құрылысы


Slide 1

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ

ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ

ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ

“ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНА

КОЛЛЕДЖІ” МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ

КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ

ПРЕДПРИЯТИЯ НА ПРАВЕХОЗЯЙСТВЕННОЕ

ВЕДЕНИЕ «ВЫСШИЙ

МЕДИЦИНСКИЙ КОЛЛЕДЖ»

УПРАВЛЕНИЯ ЗДРАВООХРАНЕНИЯ

ГОРОДА ШЫМКЕНТА

Тақырыбы:

Орындаған:Мамыр Гүлмира Қабылдаған:Абдуллаева Гульдана

МБ 20 “Е” тобы

Тыныс алу мүшелерінің орналасуы, құрылысы

Slide 2

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

Тыныс алу

Ауыз куысы

Мұрын қуысы

Көмей

Кеңірдек

Өкпе

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3 Slide 4

Тыныс алу

Тыныс алу дегеніміз ағза және сыртқы орта аралығындағы газ алмасу үрдісі. Тыныс алу жүйесінің қызметі ағзаны оттегімен қамтамасыз етіп, түзілген көмірқышқыл газын шығарып отырады.

Slide 5 Slide 6

Ауыз қуысы

Ауыз қуысы дегеніміз - тынысалу жүйесінің мұрын уақытша жұмыс істемеген кезде (мұрын бітелгенде, мұрыннан қақ бөлінгенде, қан ақанда, т. б. ) пайдаланылатын сақтама жолы.

Slide 7

Аңқа дегеніміз

Аңқа дегеніміз - ауыз және мұрын қуыстарының қосылған жері. Ол тыныс алу және ас қорыту жүйесінің ортақ бөлімі - жұтқыншаққа ұласады. Жұтқыншақтың соңғы ұшы тармақталады. Бір тармағы - өңешке қарай, екіншісі көмекейге астасады.

Slide 8 Slide 9

Көмей

Көмей (көмекей) шеміршектерден түзілген, олардың ең үлкені қалқанша шеміршек (еркекте өндіршек) . Мұның арасындағы маңызды шеміршек - көмей қақпашығы (көмей шодыры) . Ол асты көмейге жібермей, өңешке қарай бағыттайды. Көмекей құрамына шеміршектерден басқа дауыстық ағзалар жиынтығы енеді. Ол екі сілемейлі дыбыстық байламнан құралады да, олардың аралығында дыбыстық саңылау орналасады. Әңгімелесу кезінде саңылауды байламдар жауып қалады да ауа олар арқылы күшпен қысылып шығып, дыбыс түзіледі. Байламдар неғұрлым (көмейден үлкен) ұзын болса, дыбыс соғұрлым жуан болады. Дыбыстың еркекте-жуан, әйелде көбінесе жіңішке болатыны сондықтан.

Slide 10

Көмекей жартылай сақиналы шеміршектерден тұратын түтік - кеңірдекке ұласады. Кеңірдек өңештің алдыңғы жағында орналасады. Сондықтан ішкі жағында және жартылай сакиналар аралығында жұмсақ дәнекер ұлпатек болады. Соның арқасында ас жентегі кеңірдек шеміршегіне қысым түсірмей, өңешпен еркін жылжиды. Кеңірдек екі ауатамырларға тармакталады. Ауатамырлар шеміршек сақиналарынан құралады. Олар бұрынғысынан да ұсақ ауа тамырлық тармақшаларға (бронхиолдарға) тармақталып, өкпе ішінде «бронхиолды ағаш» түзеді. Ауатамырлық тармақшалардың ең ұсақтары өкпе көпіршіктері - альвеолдармен аяқталады. Көпіршіктердің әрқайсысын қан тарату қылтамырлары торлап жатады. Оларда веналық қан болады, ол оттегіне қанығып, артериялық қан болып шығады. Гемоглобин көмірқышқыл газды беріп, оттегін қосып алады (карбогемоглобиннен оксигемоглобинге айналады) . Өкпе көпіршіктері және веналық қылтамырлардын кабырғасы арқылы газ алмасады. Өкпе альвеолдар жәрдемімен өте қан ұяшықтарға бөлініп, газалмасатын үстіңгі қабаттың көлемін өте ұлгайтады. Қанның оттегіне қанығуына өкпедегі ауа құрамы алмасады. Атмосфералық ауа (тыныс алғанда) құрамында 21% оттегі және 3% көмірқышқыл газы болады. Өкпе арқылы (тыныс шығарғанда) өткен ауа құрамында 16% оттегі және 4% көмір қышқылы қалады. Ауадағы азот мөлшері өзгермейді (74%) . Өкпе қызметың маңызды көрсеткіші ӨТС-өкпенің тіршіліктік сыйымдылығы. Бұл өте терең тыныс алған соң адамның тыныс шығара ала-I ми пуп мөлшері. Оның орташа мөлшері 3, 5 л немесе 3500 см3. Жаттыққан адамдарда ӨТС бұдан көбірек (5-7 л және одан артықтау) болады. ӨТС неғұрлым жоғары болса, өкпе соғұрлым жақсы қызмет атқарады.

Slide 11 Slide 12

Кеңірдек

Кеңірдек- ұзындығы 9-13 см, диаметрі 15мм. Өңештің алдында орналасатын түтік. Сақина тәрізді 16-20 шеміршектен тұрады. Кеуде омыртқасы деңгейінде кеңірдек негізгі екі бронхыға бөлінеді.

Slide 13

Кеңірдек

Кеңірдек 5-інші арқа омыртқасының тұсынан оң және сол жақ өкпеге баратын 2 ауатамырға тармақталады. Ауатамыр (гр. bronchus - тыныс алқымы) кеңірдектің жалғасы. Ішкі беті сілемейлі қабықшамен қапталған. Ауатамырлар өкпеде өте көп тармақтарға бөлінген. Ең жіңішке тармақтары ауатамырлық тармақшалар (бронхиола) (гр. bronchioli - кішірею) деп аталады. Ауатамыр тармақшаларының ұштары шоғырланып, іші ауаға толы өкпе көпіршік-терімен (альвеолалармен) аяқталады. Альвеоланың (лат. alveolus - ұяшық, көпіршік, қуыс) диаметрі 0, 2-0, 3 мм, қабырғалары бір қабатэпителий жасушаларынан тұрады. Өкпе көпіршіктерінің сыртын тұтас қылтамырлар торлап жатады. Қылтамырлар мен өкпе көпіршіктері қабырғаларының арасында газ алмасады. Көпіршіктердің ішіндегі ауа құрамынан оттекі қанға өтеді. Қылтамырлардағы қанның құрамындағы көмірқышқыл газ өкпе көпіршігіне өтеді. [2]

Slide 14 Slide 15 Slide 16

Өкпе

Өкпе (pulmones, лат. pulmo - өкпе) - адам мен жануарлардың тыныс алу мүшесі. Пішіні жартылай конус тәрізді, оның төменгі жағы немесе негізі ойыстау біткен, кеуде қуысын іш қуысынан бөліп тұратын көк етке кіріп жатады. Жоғарғы жағы сүйір, бұғана сүйегінен 2 - 3 см-дей шығып, мойынның төменгі бөлігіне еніп жатады. Сыртында сірлі қабық - өкпеқап (плевра) болады. Өкпеге ауатамырлары (бронх), өкпе артериясы келеді де, одан екі өкпе венасы шығады. Сол жақ өкпе екі бөліктен (жоғарғы, төменгі), ал оң жақ өкпе үш бөліктен (жоғарғы, ортаңғы және төменгі) тұрады. Өкпеішілік ауатамырлар жүйесі тармақты ауатамыр түзеді, бөліктік ауатамырлардың ұшындағы тармақтары ауатамыршаларға (бронхиолаларға) бөлінеді әрі тыныс алу бөлігіне өтеді

Slide 17

Ауатамыршалары көпіршікті жолдар түзеді онымен қоса оның ішінде өте көп майда көпіршіктер (альвеолдар) болады. Ересек адамның екі өкпесіне 700 млн-нан астам көпіршіктер сияды. Жан-жағын қантамырлар капиллярлары қоршаған көпіршектерде газ алмасу жүреді. Өкпеде жұтқан ауа қанға өтеді, көмір қышқыл газы қаннан ауаға шығады

Slide 18

Өкпедегі газ алмасу

Адам құрамында 21% оттек, 79% азот, 0. 03% көмірқышқыл газы бар атмосфералық ауамен тыныс алады. Дем шығарғандағы ауада 16% оттек, 4. 0% көмірқышқыл газы және 79% азот болады. Дем алғандағы және дем шығарғандағы ауа құрамындағы оттек пенкөмірқышқыл газының айырмашылығы - өкпедегі газ алмасу нәтижесі болып табылады. Өкпеде газ алмасу диффузия жолымен жүреді. Өкпе капиллярына түскен вена қанында оттек аз, көмірқышқыл газы көп. Сондықтан альвеола ауасындағыоттек қанға араласады, ал көмірқышқыл газы қаннан өкпе альвеоласына түседі. Өкпедегі газ алмасуды сыртқы тыныс алу дейді. Қандағы оттекэритроциттерге өтеді де, гемоглобинмен берік емес байланысып, оксигемоглобин түзеді. Вена қаны артерия қанына айналады да, өкпе венасы арқылыжүрекке, одан қанайналымның үлкен шеңберінің тамырларына түседі. Көмірқышқыл газы альвеоладан ауа тасымалдайтын жол арқылы сыртқа шығарылады. [3]

Slide 19 Slide 20

Бронх

Өкпенің ішкі бетіндегі бронхылар, артериялар кіретін және вена мен лимфа тамырлары шығатын жерін өкпе қақпасы деп аталады. Өкпенің терең сайлары болады . Олар өкпені бірнеше бөліктерге бөліп тұрады. Оң өкпе үш бөліктен тұрады. Оларды жоғарғы, ортаңғы төменгі бөлімдер деп атайды.

Сол өкпе екі бөліктен тұрады. Оларды жоғарғы, төменгі бөлімдер деп атайды. Бронхылар өкпеге кіретін жерінде бөлінеді. Оң бронхы 3 бұтаққа, сол бронхы 2 бұтаққа бөлініп, өкпе бөліктеріне қарай барады. Бронхылар әрі қарай бұтақталған сайын тарамы жіңішкеріп, саны көбейе береді.

Осылайша үшінші рет пайда болған бронхыларды сегментарлы деп атаймыз. Бұдан кіші бронхыларды бронхиолалар деп атаймыз.

Slide 21 Slide 22

Сыртқы тыныс алу жүйесінің патофизиологиясы

Сыртқы тыныс алу жетіспеушілігінің белгілері: алқыну, патологиялық тыныс және асфиксия.

Алқыну - адамда ауа жетпеу сезімімен қабаттасатын, тыныс алу қозғалыстарының тереңдігі мен жиілігінің, дем алу мен дем шығару уақытының, тыныс алу ырғағының өзгеруімен сипатталады. Ол үрейлену, қорқыныш, абыржу сезімдерімен қабаттасады. Алқыну түрлеріне терең және жиі тыныс (гипрепноз), терең және сире тыныс (брадипноз), үстіртін жиі тыныс (полипноз немес тахипноз), инспирациялық және экспирациялық алқынулар жатады.

Экспирациялық алқынуда дем шығару ұзақтығы дем алу ұзақтығынан ұзақ болады. Өкпе көпіршіктерінің жиырғыштылығы мен серпімділігі төмендегенде (өкпе эмфиземасында), тыныс алу жүйесінің қызметі бұзылғанда (асфиксияның 2- сатысында), ұсақ бронхылардың тарылуы және бітелуінде (бронхы демікпесі) байқалады


Ұқсас жұмыстар
Тыныс алу мүшелерінің гигиенасы
Тыныс алу мүшелері гистологиясы
Тыныс алудың маңызы
Тыныс алу мүшелері
Көмей қызметі
Мұғалімдер әрекеті Оқушылар әрекеті
Адам басының құрылысы
Өкпенің тіршілік сыйымдылығы
ОТТЕГІ ЖАСТЫҚШАСЫНАН ЫЛҒАЛДАТЫЛҒАН ОТТЕГІН БЕРУ
Қанның өкпе альвеолаларында
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz