Бас бұлшық еттері орналасуы, құрылысы


Slide 1

Бас бұлшық еттері орналасуы, құрылысы

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ

ПРЕДПРИЯТИЯ НА ПРАВЕХОЗЯЙСТВЕННОЕ

ВЕДЕНИЕ «ВЫСШИЙ

МЕДИЦИНСКИЙ КОЛЛЕДЖ»

УПРАВЛЕНИЯ ЗДРАВООХРАНЕНИЯ

ГОРОДА ШЫМКЕНТА

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ

ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ

ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ

“ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНА

КОЛЛЕДЖІ” МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ

КӘСІПОРНЫ

Орындаған:Мамыр Гүлмира Қабылдаған:Абдуллаева Гульдана

МБ 20 “Е” тобы

Тақырыбы:

Slide 2

Жоспар:

Кіріспе

Негізгі бөлім

а) Бас бұлшық еттері

б) Шайнау және ымдау бұлшық еттері

Қорытынды

Slide 3 Slide 4

Бас бұлшық еттері ымдау және шайнау топтарына бөлінеді. Ымдау бұлшық еттері бастың бет бөлімінің тері астында орналасып, пішіні жалпақ болады. Негізіннен бұл еттердің бір ұшы табиғи тесіктердің қабырғаларында аяқталып, олардың ашылып жабылуы, кеңеюі, тарылуы сияқты қызметтерін жүзеге асырады. Ымдау бұлшық еттерінің басқалардан айырмашылығы бір ұшы бас сүйегінен басталса, екінші ұшы міндетті түрде бет терісіне келіп бекиді.

Slide 5

Ауыздың дөңгелек бұлшық еті- еріннің кілегейлі қабығы мен терісінің арасында жатқан ет. Ет талшықтары ауыз тесігіне шеңберлене орналасып, езу аумағында ұрт етіне жалғасып кетеді

Қызметі: Аталған бұлшық ет ерінді жиырып, ауызды тарылтады

Slide 6

Жоғарғы және төменгі тұмсықтық бұлшық еттер- тұмсықтық сүйектің еріндік бетінен және төменгі жақ сүйегінің тұмсықтық бөлігінен басталып, ауыздың дөңгелек етіне келіп бекиді.

Қызметі: Еріндерді тұмсықтық және төменгі жақ сүйектеріне қарай тартып, ауызыдың ашылуына көмектеседі

Slide 7 Slide 8

Шынтақтық бұлшық ет- пішіндес жұқа ет. Ол шынтақтық доғадан басталып, езуде аяқталады.

Мұрын мен ерінді көтеруші бұлшық ет- мұрынның бүйір беті терісінің астында орналасады. Оның басталатын және бекитін ұштары әртүрлі жануарларда бірдей болмайды. Негізінен ол маңдайлық шандырдан басталып, жоғары ерін мен мұрын қанатына бағыталады.

Қызметі: Жоғары ерінді көтеріп, танау тесігін кеңейтеді.

Slide 9

Сыртқы-ұрттық бұлшық ет- мұрын мен ерінді көтеруші етпен бірге басталып, оның артқы жағында орналасады. Ол ұрттық етке келіп бекиді.

Қызметі: Ұртты жоғары қарай тартады.

Slide 10

Ит тістік бұлшық ет- жоғары жақ сүйегінің бүйір бетіндегі көздікастылық тесіктің маңайынан басталып, мұрын қанатымен жоғары ерінде аяқталады.

Жоғары еріннің арнаулы көтеруші бұлшық ет, ит тістік бұлшық еттің үстінде, мұрын мен ерінді көтеруші еттің медиальдік жағында орналасады.

Қызметі: Ірі қара малда танау тесігін кеңейтеді. Шошқада ол танаулық сүйекті тұмсықтық сүйекке бекітеді, ал жылқыда жоғары ерінді көтеруге қатысады

Slide 11 Slide 12

Жоғары ерінді түсіруші ет- тек шошқа мен ірі қара малда болады. Ол ит тістік етпен бірге басталып, шошқада танаулық сүйекке, ал ірі қара малда жоғарыерінде аяқталады.

Slide 13

Төменгі ерінді түсіруші бұлшық ет- төменгі жақ сүйегінің тістік жиегін бойлай орналасады. Оның басталар ұшы ұрттық бұлшық етпен бірігіп кетіп, екінші ұшымен төменгі ерінде аяқталады

Slide 14

Ұрттық бұлшық ет- ұрттың кілегейлі қабығымен жанасып жатады. Ол беткейлік және тереңдік қабаттардан тұрады

Slide 15

Ұрттық еттің беткейлік қабаты үлкен шайнау етінің алдында орналасқан. Ұрттық еттің тереңдік қабаты жоғарғы және төменгі жақ сүйектерінен басталады. Бұл қабаттың ет талшықтары ауыздың дөңгелек етінде аяқталады.

Қызметі: Шайнау кезінде азықты жылжытып, азу тістерге салуға көмектеседі

Slide 16

Шайнау бұлшық еттері:

Үлкен шайнау бұлшық еті- өте күшті қауырсынды бұлшық ет. Ол төменгі жақ сүйегінің бұтағының латеральдік бетінде жатады. Самайлық бұлшық ет- самайлық шұңқыр мен қырдан бастау алып, төменгі жақ сүйегінің тәждік өсіндісіне барып бекиді

Slide 17 Slide 18

Қанаттық бұлшық ет- төменгі жақ сүйегінің медиальдік бетінде орналасқан . Ол екі, қанаттық медиальдік және қанаттық латеральдік бөліктерден тұрады.

Slide 19

Қосқұрсақтық бұлшық ет- мойындырықтық өсіндісі мен төменгі жақ сүйегі денесінің вентральдік жиегінде жатады

Slide 20

Мойындырықты-жақтық бұлшық ет- тек жылқыда ғана кездеседі. Ол мойындырықтық өсіндіден басталып төменгі жақ сүйегінің бұтағының каудальдік жиегіне бекиді.

Slide 21 Slide 22

Аталған шайнау бұлшық еттері төменгі жақ сүйегін қозғалысқа келтіріп, шайнауды қамтамасыз етеді. Үлкен шайнау, самайлық және қанттық бұлшық еттер жиырылғанда төменгі жақ үйегі жоғары көтеріліп, жоғары жақ сүйегіне жанасады. Ал қосқұрсақтық және мойындырықты жақтық бұлшық еттер төменгі жақты түсіреді.

Slide 23

Пайдаланылған әдебиеттер

А. Рақышев «Адам анатомия», 151-159, 200-212 беттер. Ә. Күзембаева «Адам анатомия», 33-36 беттер. Адам анатомиясының атласы. М. Г. Привес, Н. К. Лысенко «Анатомия человека», стр. 128-152 Р. Д. Синельников «Атлас анатомии человека», том 1

Slide 24

Назарларыңызға рахмет!


Ұқсас жұмыстар
Шайнау бұлшықеттері
Дене бұлшық еттері
Нәрестенің бас қаңка сүйектері
Жүрек бұлшық етінің ерекшеліктері
Баланың сүйектерінің ерекшелігі
Жалпы буынаяқтылар
Бас және мойын бұлшық еттерінің топографиясы
ЗАТ ҰЛПА
Көлденең жолақты бұлшықет ұлпасы
Бұлшық ет жүйесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz