Үшінші кезең


Slide 1

Тақырыбы:

Жыныстық жолмен берілетін инфекцияларға жалпы сипаттама. Этиологиясы және эпидемиялық процестің сипаттамасы. Алдын-алу және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру.

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік универтитеті

Шымкент медицина институты

Жоғары медициналық білімнен кейінгі білім беру факультеті

«Жалпы дәрігерлік практика №1» кафедрасы

Қабылдаған:Бердыкулова М. М

Орындаған: Жораева Б

Тобы:ЖТД-714

Slide 2

I Кіріспе

Жыныстық жолмен берілетін инфекциялар

II Негізгі бөлім

Мерез

Соз

СПИД

III Қорытынды

IV Әдебиеттер тізімі

Slide 3

Жыныс қатынасынан жұғатын аурулар (ағылш. Sexually Transmitted Diseases (STD) ) - көбіне жыныстық жолымен жұғатын инфекциялық аурулар.

Жыныстық қатынаста жұғатын ауруларға не мүмкіндік туғызады және қалай азайтуға болады? Жыныстық жолмен берілетін аурулар немесе жыныстық қатынаста жұғатын аурулар жыныстық қатынастар арқылы беріледі. Әсіресе олардың ең қауіптілері: СПИД, мерез, соз. Олармен әркім зақымдала бермейді. Адамдар мәдениеттілікті сипаттайтын ереженің ретін сақтап жүрсе және өзінің денсаулығын, сондай-ақ басқа адамдар денсаулығын ойлап жүрсе, бұл аурулар болмас еді.

Кіріспе

Slide 4

Мерез (лат. Syphilis) - жұқпалы созылмалы ауру. Қоздырғышы - Treponema pallidum.

Ол тек адамда ғана болады. Көбінесе жыныстық жақындасу арқылы жұғады. Кейде осы аурумен ауырып жүрген адаммен сүйіскенде, сол адам пайдаланған орамал, қасық, шанышқы, қылдырық (тіс шұқығыш), ерін бояуы, темекі арқылы да жұғуы мүмкін. Мерез қан берген адамның қаны, ананың емшек сүті арқылы да жұға береді.

Мерез ауруы үш кезеңге бөлінеді. Алғашқы жасырын кезеңде сырқаттың белгісі үш-төрт аптадан кейін ғана біліне бастайды. Бұл кезде оның диагнозын дөп басып тану қиын. Бозғылт спирохета (лат. Treponema pallidum) қан арқылы адам организміне толық тарайды. Бұл кезең үш-төрт аптаға, кейде үш айға дейін созылады.

Бұл кезеңде адам өзінің ауырғанын білмейді, сондықтан, тиісті ем-дом жасалмай, ауру асқына береді де, басқаларға жұғады.

Slide 5

Аурудың көзге көрінетін алғашқы белгісі - қатты шанкр. Бұл бозғылт спирохетаның адам организміне түскен жерінде пайда болатын, қатып қалған, ауырмайтын түймедей жалақ немесе сызат жара. Әдетте, мерезбен ауырған адамның жыныс мүшелерінде, ернінде, тілінде т. б жерлерінде кездеседі. Мерезбен ауырдым-ау деген күдігі бар адам мұндай жараны йод, көк дәрі арқылы емдемей, тезірек шипагерге қаралуы қажет.

Ауру белгісі пайда болғаннан кейінгі бір апта ішінде жара маңайындағы бездер үлкейіп ісе бастайды. Бірақ, ол жанға батып ауырмайтындықтан, сырқаттың оған көңіл аудармауы да мүмкін. Ауру жұққаннан кейін бір жарым-екі айдың ішінде де сырқаттың жалпы көңіл-күйі пәлендей өзгере қоймайды, бірақ, аздаған әлсіздік, буындардың сырқырауы, дене қызуының ептеп көтерілуі байқалады.

Slide 6

Ауру жұққаннан кейін екі-үш ай өткесін мерездің екінші кезеңі басталады. Бұл кезеңде теріге бөртпе қаптап кетеді, бірақ, ол теріні түсірмейді және науқасқа да айтарлықтай әсер етпейді. Еріннің, ауыздың ішкі сілекей қабына ақ таңдақтар түседі. Кейде дауыс қарлығуы да мүмкін, сонымен қатар, теріде қызғылт түйіршіктер пайда болады. Жыныс мүшелеріне шыққан майда түйіндер бара-бара үлкейе түседі. Кейде біріне-бірі қосылып, үлкен жараға айналады.

Осы жарадан аққан іріңде бозғылт спирохета көбейіп, дене қызуы көтеріледі. Бұл кездегі ауру адамның басқаларға мерез ауруын тарату мүмкіндігі ерекше күшті болады. Біраз уақыттан кейін алгі белгілер өзінен-өзі жоғалып кетеді. Ауру өзін жазылдым деп санайды. Оны бездерден, қаннан ғана табуға болады. Егер ауру адам емделмесе мерездің екінші кезеңі үш-төрт жылға созылады және әлсін-әлсін жоғарыда айтылған белгілер қайталап отырады.

Slide 7

Осыдан соң мерез үшінші кезеңге өтеді. Бұл кезеңде сырқат организмы мүлде әлсіреп, ми мен жұлын жүйелерінің жұмысы бұзылады, адам сал болып қалады, көзі көрмейді, жүкті әйелдер бала тастайды, жүрек, өкпе, бауыр қызметтеры нашарлайды. Мұрын кеңсірігі опырылып, адам пұшық болып қалады.

Slide 8

Соз (лат. Gonorrhoea) - ең зиянды жұқпалы жыныс ауруларының бірі, жіңішке деп те атайды.

СОЗ, гонорея (gonorrhoea) - жыныстық қатынас арқылы жұғатын жұқпалы ауру. Создың қоздырғышы - Neіsserіe тобына жататын гонококк. Оны 1879 ж. неміс дерматолог-венерологы А. Нейссер (1855 - 1916) аурудан алған іріңнен тапқан. Ересек адамдарға ауру жыныстық қатынас кезінде, ал балаларға дерт ата-анасынан (мыс., босану кезінде) жұғады.

Кейде дерт науқас адаммен бір төсекте жатса, оның сүлгісін, ыдыс-аяғын пайдаланса да жұғуы мүмкін. Аурудың қоздырғышы тек жыныс мүшесінің шырышты қабығын ғана қабындырып қоймайды, сондай-ақ көздің (қ. Бленнорея), ауыздың, тік ішектің (проктит ауруы) шырышты қабығын зақымдайды. Аурудың жасырын кезеңі бір күннен 2 - 3 аптаға дейін созылуы мүмкін.

Slide 9

Ауру еркектерде үрпіден, әйелдерде жатыр мойнынан басталады. Ер адам Соз ауруына шалдыққанда, гонококк ағзаға өткеннен кейін қабыну процесі жүреді. Науқастың денесі күйіп, қышына бастайды, кіші дәретке отырғанда ауырсынады. 1 - 2 күннен кейін несепке іріңді зат араласып, кіші дәретке отырғанда қуық қатты ашып ауырып, үрпі қызарып, ісінеді.

Slide 10

Бұл кезде науқастың дене қызуы көтерілуі мүмкін, әлсіздік пайда болып, тамаққа зауқы соқпайды. Әйелдер СОЗға шалдыққанда, гонококк алдымен жатыр мойнының шырышты қабығын қабындырады. Әйелдерде ауру белгісі бірден білінбейді, сондықтан дерт асқынып кетеді.

Бұл кезде жатыр мойны іріңге толып, әйелдің белі және іші төмен тартып, қатты ауырады. Ауру әбден асқынғанда, кіші дәретке отыру қиындап, несепке қан араласады. Созбен ауырғанда дұрыс ем қабылдап, толық жазылып кетпесе, еркек те, әйел де бедеулікке шалдығады. Сондай-ақ дұрыс емделмеген Соз ауруы жеке органдарды (мыс., жүрек, буын, т. б. ) да зақымдауы мүмкін.

Slide 11

Емі: антибиотиктер, сульфаниламидтер беру; иммунотерапия, физиотерапия тағайындалады. Ауру қайталанбау үшін жеке бастың гигиенасын сақтап, диета ұстау қажет; науқас адам арнайы ауруханада емделіп, дәрігердің бақылауында болады.

Slide 12

ЖИТС шақыратын вирус гендік аппараты рибонуклеин қышқылынан тұратын ретровирустар қатарына жатады. Вирус сыртқы қабықтан, оған бекіген арнайы белоктардан тұрады. Вирустың ортасындағы геном рибонуклеин қышқылымен қоса үш ферменттері бар, олар кері транскриптаза, интеграза және протеаза. Тағы бір ерекшелігі вирустың өзгергіштік қасиеті болып табылады. Вирус сыртқы ортада тұрақсыз. Ол 560 С қыздырғанда 30% ал қайнатқанда 1-5% өледі, дезинфирлеуші заттардың әсерінен тез өледі(3% cутегінің асқын тотығы, 5% лизол, 0, 6% Na гидрохлориді) . Ультракүлгін сәулесіне тұрақты.

ЖИТС - Адамның иммунитет тапшылық вирустық инфекциясы адам организмінің иммундық жүйесін зақымдайтын вирустың енуінен дамитын ауру. Ұзақ уақыт лимфоциттерде, макрофагтарда, жүйке тіндерінде персистерлеуші қабілеті бар адамның иммуножетіспеушілік вирусымен шақырылады.

Slide 13

АИВ инфекция қоздырғышы

АИВ-1 Солтүстік Америка

және Европа елдерінде

АИВ-2 Батыс Африкада

Slide 14

АИВ инфекция-өмір бойына созылатын инфекция, ЖИТС-ке дейінгі(сау адамнан терминалды жағдайға) кезеңдерден тұратын ауру.

1989ж. Покровский ұсынған жіктелуде осы ерекшеліктер ескерілген.

Бұл жіктелу АИВ жұқтырғандарды және диспансерлік бақылауын жүзеге асыруға, аурудың ағымын бастауға, ауруды емдеу тактикасын анықтауға, өте қымбат тұратын лабораториялық зерттеулерді жүргізбей-ақ дәрілік препараттарды тағайындауға қолайлы рұқсат беретін жіктеу.

Иммуножетіспеушілік тереңдігін, яғни СД4 құрамын және вирустық жүктемені ескертіп жіктелудің маңызы зор.

Slide 15

Вирус жұққан адам - вирус тасымалдаушылар, ЖИТС-пен ауырған адамдар-инфекция жұқтыру көзі болып табылады. Ешқандай ауру белгілері байқалмайтындықтан әсіресе вирус тасымалдаушылар өте қауіпті.

Вирус кездеседі:

көп мөлшерде қанда

спермада

қынап кілегейінде

емшек сүтінде

көз жасында

жұлын сұйығында

сілекейде өте аз мөлшерде болуы мүмкін.

Slide 16

- жыныстық қатынас; - вирустың бірден қанға түсуі (әртүрлі инъекциялар жасаған кезде т. б. жағдайларда) ; -анасынан нәрестеге жүғу арқылы.

Жыныстық жол-негізгі жұғу жолы болып табылады. ЖИТС адамдарға 80% жағдайында осы жолмен, яғни гетеросексуальдық (еркек-әйел) және гомо-сексуальдық (еркек-еркек) жыныстық қатынас кезінде жұғады. Ең қауіптісі - гомосексуальдық анальдық қатынас, өйткені партнерлердің жыныс мүшелерінің терісі, шырышты қабатының жарақаттануы жиі болады. Қатерлі топқа жезөкшелер де жатады. Партнерлердің жиі ауысуы да ЖИТС жұқтыру мүмкіндігін күшейтеді.

Slide 17

ЖИТС-тің вирустың қанға бірден түсуі арқылы жұғуы қазіргі кезде ерекше аландаушылық туғызып отыр. Себебі тамырға наркотиктер енгізгенде ортақ инелі шприцті пайдаланатын нашақорлардың саны көбейіп келеді. Әрине, қолданатын инелерін олар тиісті өңдеуден өткізбейді. Вирус аурулардың 20%-ына осындай жолмен жұғады. Вирус адамға қан немесе қан құрамынан тұратын препараттар құйғанда да жұғуы мүмкін. Егер донор ЖИТС-ке тексерілмеген болса, вирус жұқтыру қаупі өте жоғары. ЖИТС жұғу мүмкіндігі бар қатерлі топқа гемофилиямен ауырғандар да жатады. Соған қарамастан Қазақстанда АИВ-тың 20%-ы емдеу-профилактикалық мекемелерде жұқтырылғаны тіркелген (ДДҰ мәліметі бойынша мұндай көрсеткіш 0, 5%-ға тең) . Экономикасы нашар дамыған елдерде ЖИТС-тің қан арқылы жұғу қаупі әлі де сақталып отыр.

Slide 18

ЖИТС вирусының үшінші жұғу жолы - анасынан нәрестеге жұғуы. Ауырған немесе АИВ жұққан әйелдерден туған балалардың 4/5-не вирус осындай жолмен жұққаны белгілі болды. Вирус нәрестеге қалыпты босану кезінде, баланы операция жасап алғанда және жүктілік кезінде жұғуы мүмкін. ЖИТС-тің нәрестеге науқас анасының емшек сүті арқылы жұғу жағдайлары да белгілі.

Slide 19

Нашақорлар;

Қан реципиенттері.

Шетел азаматтарымен жыныстық қатынаста болатын әйелдер;

Ретсіз жыныстық қатынаста болатын, жыныстық жолдасын жиі ауыстыратындар;

Гомосексуалистер;

Жезөкшелер;

Slide 20
Ұқсас жұмыстар
Ақпараттық технология құралдары
Қазақ емісдері
Атыс дайындығы
Еаэқ еркін сауда режимі
Екінші кезең
Руссо бірнеше еңбектері
Ақуыз биосинтезі
Интербелсенді сабақтың құрылымы
Келіссөздері жоспарлау
Огюст Конттың еңбектері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz