Критериалды бағалау және білім беру сапасын қамтамасыз ету


Slide 1

Критериалды білім беру сапасы

Орындаған: Тукибаева Алтын

Тексерген: Дуйсенбаева Гулзира

Slide 2

«Білім-біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік сол білімді іске асыра білу дағдысы»

«Бағалау» термині «жақын отыру» дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады.

Slide 3

Қазіргі кезде оқыту жүйесіндегі білімді тексеру, бақылау және бағалаудың жаңа технологиялары

Білім беру саласында оқу-таным әрекетінің сапасын, дәрежесін есепке алу, тексеру және бағалаудың білім, білік, дағдының нәтижесін арттыруда қызметі ерекше. Сөйтіп, оның технологиясын әркезде өмір талабына сай жетілдіріп отыру оқыту міндеттерінің өзекті мәселелерінің бірі.

Күні бүгінге дейін оқыту саласында қолданылып жүрген білім, білік және дағдыны тексеру мен бағалаудың «5» баллдық жүйесі, оның сапасын, дәрежесін анықтап, белгілеуде барлық жағдайда объективтік тұрғыда қамтамасыз етпейді.

Slide 4

Критериалды бағалау- оқушының оқу нәтижелерін білім беру мақсаттары мен мазмұнына сәйкес келетін білм беру үдерісіне қатысушылардың барлығына алдын ала таныс, ұжым талқысынан өткен, нақты анықталған өлшемдер арқылы оқушының оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген үдеріс. Критериалды бағалау қалыптастырушы және жиынтық бағалау арқылы жүзеге асырылады.

Қалыптастырушы бағалау- оқу үдерісін дер кезінде түзетуге мүмкіндік беретін, білім алушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді. Үздіксіз жүргізілетін бағалаудың түрі. Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар күнделікті сабақта орындатуға арналған

Slide 5

Жиынтық бағалау- оқу бағдарламасындағы бөлімдер (ортақ тақырыптар бойынша белгілі бір оқу кезеңі (тоқсан/триместр, оқу жылы) аяқталғанда өткізілетін бағалаудың түрі. Білім алушының қабілетін есепке ала отырып, дифференциациялық оқытуды ұйымдастыру үшін қолданылатын күрделілігі түрлі деңгейдегі тапсырмалар орындалады.

Slide 6

Кpитериалды бағалаудың басты ерекшелігі: алдын - ала ұсынылған бағалау шкаласы, анық, айқындылығы, бағаның әділдігі, өзін бағалауға мүмкіндіктің берілуі;

Критериалды бағалаудың тиімділігі: жеке тұлға емес, оқушының жұмысы бағаланады, оқушы жұмысы алдын - ала белгілі критерийлер бойынша бағаланады. Критерийлер- оқытудың міндеттерін жүзеге асыратын өлшемдер, білім алушылар жұмыс барысында орындайтын іс -әркеттер тізбесі.

Slide 7

Назарларыңызға рахмет!


Ұқсас жұмыстар
Білім беру үрдісін басқаруды нормативтік-құжаттық қамтамасыз ету
Критериалды бағалау: ұғымы, түрлері және білім берудегі маңызы
Приозерск №1 жалпы білім беру мектебінің ағылшын пәнін критериалды және қалыптастырушы бағалау жүйесі
Бастауыш білім беруді мониторингілеу және критериалды бағалау: теория мен практика
Өнім сапасын қамтамасыз ету және басқару: квалиметрия, бақылау және сертификаттау
Жаңартылған білім беру жағдайындағы критериалды бағалаудың ғылыми-теориялық негіздері
Критериалды бағалау: құрылымы, құралдары және кезеңдері
Дәріханаішілік бақылау қағидалары: дәріханада дайындалған дәрілік препараттардың сапасын қамтамасыз ету
Критериалды бағалау технологиясын қолданудағы оқушының рөлі
Критериалды бағалау: мақсаты, міндеттері және маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz