Философия пәні
Презентация қосу
Философия пәні, функциялары
және міндеттері
орындаған: Тукибаева Алтын
ФИЛОСОФИЯ ертедегі грек сөзінен аударғанда (phileo – сүйіспеншілік,
sоріа – данышпандық деген сөздер) данышпандыққа құштарлық деген
ұғымда, ең алғаш ертедегі грек философы Пифагор (б.з.д. 580-500 жж.)
еңбектерінде философия термині кездеседі. Бұл сөздің рухани мәдениетке,
ғылыми білімге енуі Платонның (б.з.д. 428-347 жж.) есімімен байланысты.
Философия болмысты рухани игерудің жаңа түрі есебінде
ежелгі мәдениеттің үш түрлі ошағында Үнді, Қытай, Грецияда (б.з.д. VIII-VI
ғғ.) бір уақытта пайда болды (Ясперс К. «Смысл и назначение истории». Бұл
кее зңді Карл Ясперс «тарихтың осьтік уақыты» деп атады. Яғни
К.Ясперстің сөзімен айтсақ, философиялық пайымдау дегеніміз философия
тарихына үңілу.
Платон
Философия пәні. Адам мен ғаламның арақатынасы – адамның ондағы 427-347 б.з.д.
алатын орны философияның қарастыратын әмбебап мәселесі. Жалпы
философия таным, табиғатты бастама ретінде, адам мен қоғам мәселелерін
зерттейтін ғылым.
Философиялық негізгі категориялар (ұғымдар): материя (бізді
қоршаған барлық материалды (жасанды) және табиғи заттар мен
объектілер), сана, болмыс.
ФИЛОСОФИЯНЫҢ ӘДІСТЕРІ
ФИЛОСОФИЯНЫҢ ЕКІ ӘДІСІ БАР:
1. ДИАЛЕКТИКА
2. МЕТАФИЗИКА.
ДИАЛЕКТИКА ФИЛОСОФИЯНЫҢ МЕТАФИЗИКА
ӘДІСТЕРІ
Диалектикаға сәйкес барлық заттар мен процестер дамиды, өзгереді, бір-
біріне айналады. Демек диалектикалық әдіс жалпы байланыс, даму қағидаларына
негізделген, яғни барлық заттар байланыста және даму процесінде болады.
•Метафизикалық әдіс бойынша диалектикаға керісінше барлық заттар өзгеріссіз,
ұйып қалған, дамымаған, байланыссыз күйде болады.
•Диалектика мен метафизика әдістері ХVІІ-ХVІІІ ғасырларда пайда болған
механикалық немесе метафизикалық материализмде, XIX ғ. ортасында пайда болған
диалектикалық материализмде нақты көрініс тапты.
4. ДҮНИЕТАНЫМ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ –
МИФОЛОГИЯЛЫҚ, ДІНИ, ФИЛОСОФИЯЛЫҚ
Дүниетаным дегеніміз – әлем және ондағы адамның орны туралы көзқарастар жиынтығы. Философия
дүниетанымның әлеуметтік-тарихи түрі.
Дүниетанымның тарихи үш түрі бар: мифологиялық, діни, философиялық.
Дүниетанымның алғашқы тарихи түрі – мифологиядық, оның негізі миф (грекше mifos – аңыз-ертегі) –
аңызға айналған құдайлар, батырлар туралы хикаялар. Әйгілі мифтер Грецияда туған (Аргонавтар, Олимп
құдайлары Гераклдың 12 жорығы, Прометей туралы мифтер).
Мифологиялық көзқарас дүниеге деген сезімдік көзқарас ол дүниетанымдық сұрақтарды құдайлар, рухтар жөне
батырлармен байланыстыра суреттеуден байқалады және бақытты өмірге, аурудан, жоқшылықтан, сәтсіздіктерден қорғануға деген
мақсаттармен тығыз байланысы.
Діни дүниетаным – негізі – дін, мазмұны – тәңірге ессіз табыну, яғни санадан тыс күштермен белгілі қарым-
қатынас орнататын әдеп-ғұрып жүйесі. Діннің 3 әлемдік түрі бар –буддизм (б. з. д. 6 ғ.), христиандық (1 ғ.),
ислам (7 ғ.). Діни сенімнің түрлері: фетишизм (киелі деп танылатын затқа табыну), тотемизм (адамдардың
шығу тегін жануарлармен, өсімдіктермен байланыстыру), анимизм (жан бар деп сену, әруаққа сыйыну), магия
(сиқырлау, алдау, арбау).
Философиялық дүниетаным – сенімге емес, ақыл мен ғылымға сүйеніп, табиғаттың, қоғамның, адам
санасының және танымның дамуының жалпы заңдарын зерттейді, яғни ол әлеуметтік-теориялық білім және
дүниеге көзқарас ретінде пайда болады.
ФИЛОСОФИЯНЫҢ БАҒЫТТАРЫ –МАТЕРИАЛИЗМ
ЖӘНЕ ИДЕАЛИЗМ
• Философияның басты екі бағыты бар: идеализм мен материализм.
• Идеализм – сананы материалдылықтан жоғары қойды, идеяны мойындады. Идеализмнің
объективтік (рухтың адамның санасы мен табиғаттан тыс, тәуелсіз өмір сүретінін мойындау)
және субъективтік (заттар мен болмыс адам психикасының, рухани өмірінің жемісі) түрлері
бар.
• Материализм (лат. materialis - заттық) – идеализмге қарама-қарсы ғылыми-философиялық
бағыт, материяны немесе табиғат пен заттарды санадан жоғары қойды, матрияны мойындады.
Ол дүниенің мәңгілігін, оның ешкімнің жаратпағанын, уақыт пен кеңістік жағынан шексіздігін
көрсетеді. Сана материяның жемісі, яғни табиғатты тануға болады дейді.
• Философия тарихында материалистерді 3 түрге бөледі: 1) стихиялық, 2) метафизикалық,
3) диалектикалық.
• Стихиялық материализм – Ежелгі Үнді, Қытай, Греция материалистері. Дүниенің
бастамасын табиғаттың 4 (5) cтихиясынан іздеді – судан, оттан, жерден, ауадан (металдан).
•
ФИЛОСОФИЯНЫҢ БАҒЫТТАРЫ –
МАТЕРИАЛИЗМ ЖӘНЕ ИДЕАЛИЗМ
•Стихиялық материализмнің түрлері: натурфилософия – табиғат философиясы ұғымын білдіреді
(Ежелгі Греция мен Қытай философиясы), гилозоизм – материяның (зат және өмір) жанды
тіршілігі туралы философиялық ілім, анимизм - жан, рух дүниесіне табыну, сену (Ежелгі Үнді
философиясы).
• Механикалық, метафизикалық материализм – Европадағы Жаңа заманда (17 ғ.)
табиғатты философияның обьектісі ретінде санап, оны механика мен математика заңдарына
бағындырды. Әйгілі өкілі – Ф.Бэкон.
• Диалектикалық материализм – Маркс пен Энгельстің (19 ғ. орт.) материализмнің ең
жоғарғы түрі. Оған сәйкес дүниедегі барлық нәрселер құбылмалы, кез келген заттар қарама-
қарсы қасиетке ие болуы мүмкін.
• Материализмнің басқа түрлері – антропологиялық (Л.Фейербах) – дүниенің бастамасы
адам деп санады, француз материализмі (П.Гассенди) – дінге қарсы бағытталды,
антиклерикалдық (латынша клерикалис – діни) сипатта дамыды.
ФИЛОСОФИЯНЫҢ МІНДЕТТЕРІ (ФУНКЦИЯЛАРЫ)
•Философияның негізгі міндеттері: көзқарастық, сыни, гуманистік, болжамдық,
методологиялық, теориялық ойлау, аксиологиялық, әлеуметтік.
•1. Көзқарастық қызмет – ең басты міндет, ол адамның дүниеге деген көзқарасын
қалыптастырады.
•2. Сыни қызмет – қоршаған әлемнің, білімнің барлығына күмін келтіреді.. Оның негізгі мақсаты
– таным шекарасын кеңейту.
•3. Гуманистік қызмет – материя мен табиғаттың, адам мен оның санасының, қоғамның,
танымның дамуының жетістерін анықтайды.
•4. Болжамдық қызмет – дүниедегі барлық процестерді, адам өмірі мен санасының дамуын
болжайды.
•5. Методологиялық қызмет – бізді қоршап тұрған дүниенің әдісін қалыптастырады.
•6. Теориялық ойлау қызметі – философиялық тарихи ойды теориялық жүйеге келтіреді.
•7. Аксиологиялық қызмет – әлемдегі басты құндылықтары (моральдік, эстетикалық, ғылыми
т.б.) анықтайды.
•8. Әлеуметтік қызмет – қоғамды зерттейді.
Назарларыңызға рахмет!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz