Аэрофотосуреттерді трансформациялау




Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛТКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ
«Аграрлық» факультеті
«Су-ресурстары,жерді пайдалану және агротехника» кафедрасы

Пәні : Фотограмметрия

№15 дәріс

Тақырыбы: Аэрофотосуреттерді трансформациялау

Шымкент 2021
Жоспар

Кіріспе.
I.Негізгі бөлім
1.1. Трансформациялау тәсілдері.
1.2. Фотомеханикалық трансформациялау.
1.3. Фотосуретті трансформациялаудың
геометриялық қасиеті
1.4. Фотопландар мен фотосхемалар
Қорытынды.
Кіріспе
Суреттерді трансформациялау – еркін масштабтағы еңіс суретін
бекітілген масштабтағы горизонтальды суретке түрлендіру.
Сурет – ол ортаңғы (центральная) проекция, ал топографиялық карта
ол ортогональды проекция. Соған байланысты суреттегі
контурлардың орналасуы бекітілген масштабтағы топографиялық
картада контурларының орналасуына қатысты болады.
Трансформациялау принципі ол сурет бойынша жобаланатын
сәулелер түйінін түсіріс кезіндегі АФА алынған сәулелер түйініне
қайта келтіріп соның көмегімен суреттегі бейнелерді горизонтальды
жазықтыққа жобалау болып келеді.
Аэрофотосуреттерді трансформациялау
тәсілдері
• Аналитикалық трансформациялауда өлшенген көлбеу
суреттің нүктелерінің кординатталары арқылы сол
нүктелердің горизонталь суретте болатын
1 координаталарьн есептейді.

• Фотомеханикалық трансформациялауда арнаулы аспаптар-
фототрансформаторлар пайдаланып, көлбеу суреттің
2 орталық проекциялық көрінісін горизонталь немесе
берілген көлбеу суреттің бейнесін түрлендіреді.

• Дифференциялық трансформациялауда суреттердің
орталық проекциясын берілген масштабтағы ортогоналдық
проекция көрінісіне айналдырады. Бұның нәтижесінде
3 сурет пленкасында немесе сурет қағазында бекітілген
ортофотосурет шығады.
Фотомеханикалық әдіс. Суреттерді трансформациялау фототрансформатордың
көмегімен орындалады. Сурет еңісіндегі бейнелерді объектив арқылы жобалап
бейнелерді горизонтальды суретке қатысты экранда аспапты сол жағдайға
келтіреді. Экранда алынған бейнелерді фотоқағазда фиксацияланады және
химиялық өңдеуден кейін трансформацияланған горизонтальды сурет алынады
Фототрансформатор Seg-5 (ФРГ)

Фотомеханикалық трансформациялауды на
фототрансформаторда орындау.
Трансформациялау үшін суретте бейнеленген
төрт тірек нүктелерінің координаталары белгілі
болуы керек. Төрт тірек нүктелері еңгізілген
планшетті экранға 1 орнатады. Кассетаға
орнатылған суреттін негативін планшетке
жобалап бейненің масштабын өзгертіп экран
мен негативті бұрып планшеттегі нүктелермен
негативтегі нүктелерді біріктіреді. Экранда
трансформацияланган бейнелерді фотоқағазға
түсіреді
1 – экран;
2 – объектив;
3 – кассета;
4 – жарықтандырғыш ұүрылым
Қазіргі кезде суреттерді
трансформациялауда жергілікті жердің
сандық модельі биіктік матрица
түрінде қолданылады. Ол жергілікті
жердің квадраттар торын көрсетеді.
Оның жақтары 0XYZ координата
жүйесінде X және Y осьтеріне
параллельді болады.

Осы әдістердің әр біреуі берілген мәліметтерге байланысты
трансформациялаудың 2 жағдайымен айырады:
1) сыртқы бағдарлау элементтерімен
2) тірек нүктелерімен
Фотосуретті трансформациялаудың геометриялық қасиеті
P еңіс фотосуретте жергілікті жердің Т жазық
горизонтальды участкесінің бейнесі алынған. a және b
нүктелері А және В нүктелерінің бейнесі. Фотосурет P
жергілікті жерді суретке түсіру моментіндегі жағдайға
қатысты орналасады. Яғни P және Т жазықтықтары
арасында перспективті қатынас болады.
Егер түйін сәулелерін Е экранмен параллельді Т
жазықтығымен қиятын болса, онда перспективті қатынас
тек Р және Т жазықытқтарымен ғана емес ал фотосуретпен
Р экран Е жазықтығы арасында да болады. Сондықтан
жобаланған түйін сәулелері экранды қиып өтіп
горизонтальды фотосуретке қатысты бейнені құрады.
Трансформацияланып алынған бейнелердің масштабы
S проекция центрінен экраннын Е алыстауына Z
байланысты болады.

Z – S проекция центрінен Е трансформациялау жазықтығына дейінгі ара қашықытық
Н – суретке түсіру биіктігі;
t – трансформацияланған бейненің бөлінді масштабы.
Фотопландар мен фотосхемалар

Фотоплан –белгілі бір аймақтың планға қойылатын талаптарға сай
фотографиялық бейнесі. Фотоплан құрудың негізгі процесстері:
1. негіз дайындау
2. трансформацияланған түсірістерді дайындау
3. фотопланның монтажы
4 фотоплан тексерулері
5. фотоплан безендірілуі
Фотопланның монтажын солтүстік маршруттан, яғни солдан оңға қарай
бастайды. Негіз ретінде алғашқы түсірісті алады. Анықталған ойық
орталықтарына сай нүктелер арқылы оны грузиктермен бағыттайды. Осылайша
негізге екінші түсірісті қояды да, екі түсірістің жабындысының ортасында
контурлардың үйлесімін тексереді.
Фотосхема деп пландық түсірістерден құралған жергілікті жердің
фотограметриялық түсірісі аталады. Жазық жердің фотосхемасын жақындатылған
фотографиялық план ретінде қарастыруға болады. Фотосхемлар далалық
дешифрлеудің шолу мәліметтері, рельефті түсіру, геологиялық және географиялық
зерттеу және инжинерлік жобалық жұмыстар кезінде қолданылады.
Фотосхемаларды құруда келесі процесстерді жүзеге асырады:
1. Түсірістің монтажы.
2. Түсірістің қимасы.
3. Түсірісті негізге жабыстыру.
4. Фотосхеманың дәлдігін бағалау
5. Фотосхеманы безендіру
Фотосхеманың дәлдігі фотопланның дәлдігіне қарағанда төменірек,
және ол түсірістердің бұрылу бұрыштарына, жергілікті жердің
бедеріне, ұшу биіктігінің ауытқуына, түсірістерді монтаждау кезінде
кеткен ауытқуларға байланысты болып келеді. Бұл қателер кездейсоқ
қателер болып саналады.
Қорытынды
Түрлі тәсілдермен орындалатын трансформациялаудьщ
нәтижесінде трансформацияланған аэрофотосуреттер мен
ортофото-суреттер даярланады. Оларға геодезиялық т.б.
нуктелердің жағ-дайларын белгілеп, оларды кәдімгі карталар
немесе пландар ретінде қолдануға болады.
Сонымен автомобиль жолдарын, көпірлі өткелдерді,
аэродром-дарды жобалау үшін ұшу масштабындағы
фотосуреттер мен фото-схемалар, берілген масштабқа
келтірілген фотосуреттер, трансформацияланған
фотосуреттер мен ортофотосуреттер және бейнелері
берілген масштабтағы жердін планына сәйкес келетін
ортофотопландар мен ортофотокарталарды даярлауға
болады.

Ұқсас жұмыстар
Трансформациялау тәсілдері
Фототопографиялық түсіріс
Топографиялық түсірістер
Фототопография
PHOTOMOD - РЕСЕЙДЕ ӘЗІРЛЕНГЕН БІРІНШІ САНДЫҚ ФОТОГРАММЕТРИЯЛЫҚ ЖҮЙЕ
Жазық координаталар жүйелері
Геоцентрлік координаталар жүйелері
Мал шаруашылығында органикалық қосындыларды биотрансформациялау және жұқа биосинтездеу
ТРАНСФОРМАТОР
Энергияның дәстүрден тыс коздері
Пәндер