Жеке кәсіпкерлік туралы




Презентация қосу
ҚAЗAҚCТAН РECПУБЛИКACЫ AУЫЛ
ШAРУAШЫЛЫҒЫ МИНИCТРЛІГІ C.CEЙФУЛЛИН
AТЫНДAҒЫ ҚAЗAҚ AГРOТEХНИКAЛЫҚ
УНИВEРCИТEТІ
Агрономия факультеті
Егіншілік және өсімдік шаруашылығы кафедрасы

Тaқырыбы: Қазақстан Республикасында агробизнес және
кәсіпкерлік қызметтің субъектілерінің жіктелуі .
Кәсіпкерлік субъектілерін жіктеу әртүрлі негіздер бойынша
жұргізілуі мүмкін. Біріншіден, соның негізінде құрылған және
жұмыс істейтін меншік түріне байланысты мемлекеттік және
жеке ұйымдарды бөлуге болады. Екіншіден, кәсіпкерлік
қызмет субъектілерінің заңды тұлға құқықтарының болуы
немесе болмауына сүйене отырып, оларды мынадай:
кәсіпкерлер - заңды тұлғалар немесе жеке кәсіпкерлер деп
саралауға болады. Үшіншіден, ұйым пайда (табыс) табу үшін
құрылғанына және оны өзара қатысушылар (құрылтайшылар)
арасында бөлісуіне байланысты коммерциялық және
коммерциялық емес ұйымдар деп бөлуге болады.
Бөлудің басқа негізі ретінде жүзеге
асырылып жатқан кәсіпкерлік қызметтің
«Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңмен
белгіленген сандық және сапалык
көрсеткіштері алынуы мүмкін және соларға
сәйкес жеке
кәсіпкерлік субъектілері;
1) шағын кәсіпкерлік субъектілері;
2) орташа кәсіпкерлік субьектілері; ірі

кәсіпкерлік субъектілері деп үш топқа
белінген.
Қазіргі заманғы ауыл шаруашылығының экономикалық
процестерге және ауыл шаруашылығы өнімдерінің рыногіне
үлкен бизнестің әсері күшейген шақтағы аралас салаларымен
тығыз топтасып кетуі ауыл шаруашылығында экономикалық
бағыттарды аралас салалардың әсерінен бөлек қарастыру терең
зерттеуге мүмкіндік бермейтіндіктен, агробизнестің жүзеге
асырудың теориялық әдістемелік оқып үйрену қажеттілігі
туады. 70-жылдарда ғылымда ауыл-шаруашылығын аралас
салалармен бір кешенде зерттеп, дами бастады. Бұл кезде
«агроөнеркәсіптік кешен» атауы пайда болды. Оның үш саласы –
қор шығаратын салалар, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндеу,
тасмалдау, сақтау және өткізумен айналысатын салалар кешені.
Осы салаларға байланысты іскерлік қызмет өзінің айрықша
ерекшеліктеріне қарамастан өзара тәуелділік және өзара әсер
етушіліксіз табысты жұмыс істей алмайды және дамымайды.
Сондықтан да агробизнестің салалары да төрт негізгі сфераға
бөлінеді.
Кез келген басқа бизнес тәрізді аграрлық бизнестің субъектілері:
— кәсіпкерлер;

— тұтынушылар;

— жалдамалы қызметкерлер;

— мемлекет болып табылады.

Кәсіпкерлер өндіріс кұралдарына жеке меншік негізінде,
меншіктің топтық, ұжымдық коопвративтік, акционерлік және
үлестік секілді түр-түрімен жұмыс істейді.
Олар іс-әрекеттің мынаңдай түрлерімен айналысады:

— егін шаруашылығы мен мал шаруашылығы өнімін өндіру;

— ауыл шаруашылық өнімін өткізу мен саудаға салу;

— коммерциялық делдалдық;

— ауыл шаруашылық тауарын ендірушілерді материалдық-

техникалық ресурстармен жабдықтау
Агробизнес комплекстің басқа сфераларды
байланыстырып тұратын ұйытқысы ауыл
шаруашылығы болып табылады. Бірінші
сфераға ауыл шаруашылығын техникамен,
жем-шөппен, тұқыммен, тыңайтқышпен,
өсімдіктер және малды қорғайтын дәрі
дәрмекпен, яғни өндірістің материалдық
фактормен қамтамасыз ететін салалар
жатады. Міндеті жағынан бұл сфераға
шаруа өндірісін дамытуға мүмкіндік беретін
қаржылық ресурс- несие де кіреді.
Шағын кәсіпкерлік субъектілері болып таныла алмайтын субъектілерді
арнайы бөліп көрсетіп отыр. Атап айтқанда, оларға төмендегідей кызмет
түрлерін:
1) есірткі заттары, психикаға әсер ететін заттар, прекурсорлар

айналымына байланысты қызмет;
2) акцизделген өнім өндіру және (немесе) көтерме саудамен сату қызметі;

3) астық қабылдау орындарында астык сақтау бойынша қызмет;

4) лотерея өткізу кызметі;

5) ойын-сауык және шоу-бизнес саласындағы қызмет;

6) сертификация, метрология және сапаны басқару саласындағы қызмет;

7) мұнай, мұнай өнімдерін, газ, электр және жылу энергиясын шығару

бойынша қызмет;
8) радиоактивті материалдар айналысына байланысты кызмет;

9) банк кызметі (немесе банк операцияларының жекелеген түрлері) және

сақтандыру нарығындағы (сақтандыру агенттігінің қызметінен басқа)
кызмет; 10) аудиторлық кызмет;
11) бағалы қагаздар нарығындағы кәсіби кызмет («Жеке кәсіпкерлік туралы»

Заңның 6-бабы, 4-тармағы) жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер мен заңды
тұлғалар жаткызылады.
Осы ұстанымдар бойынша:
1) кәсіпкерлік қызмет субъектілері (кәсіпкерлік қызметте жүзеге

асыру негізгі міндет болып саналатындар);
2) негізгі міндеті әлеуметтік, мәдени, ғылыми және басқадай

шаруашылық қызмет болып табылатын кәсіпкерлік құқық
субъектілері (олардың негізгі міндеттерін іске асыру үшін
шаруашылық айналымға түсу, кәсіпкерлік шарттар жасасу
және т.б. қажет болатын жағдайларда кәсіпкерлік құқық
субъектілері ретінде әрекет ететін коммерциялык емес
уйымдар);
3) кәсіпкерлік қызметті реттеуді (ұйымдастыруды) жүзеге

асыратын субъектілер (оларға, бәрінен бұрын, шаруашылық
қызметті тиісті аумакта реттейтін, кәсіпкерлік қызметті
өздері құрған мемлекеттік кәсіпорындарда ұйымдастыратын
мемлекеттік органдар жергілікті өзін-өзі басқару органдары
жатады) жеке-жеке ажыратылады.
НАЗАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ

Ұқсас жұмыстар
Жеке кәсіпкерлік ұғымы
Кәсіпкерлік қызмет субъектілері ұғымы
Жеке кәсіпкерлік
Кәсіпкерлік қызметтің заңдылығы
Кәсіпкер құқығының азаматтық құқықтық тәртібі
Жеке кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық - құқықтық нысандары
Кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің жауапкершілігі
Кәсіпкерліктің мақсаттары
Кәсіпкерлік қызметті бақылау
Кәсіпкерлердің әкімшілік жауапкершілігі
Пәндер