Химиялық заттардың тазалығы мен оларды тазалау әдістері


Slide 1

Сөж тақырыбы: Химиялық заттардың тазалығы мен оларды тазалау әдістері.

Орындаған: Абдулазизов Д. Ғ

Тобы: В-ФКБ-02-20

Қабылдаған: Доц м. а Туребекова Г. А

СӨЖ

Химиялық пәндер кафедрасы

Slide 2

Жоспар:

Кіріспе

Негізгі бөлім

Заттарға жалпы сипаттама

Заттарды тазалау әдістері

Радиоактивті элементтер

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Кіріспе

Белгілі жағдайда белгілі бір қасиетке ие болатын материяның әрбір жеке түрін зат деп атайды. Жеке химиялық зат белгілі бір қасиетке ие болып табылады. Мысалы: тұрақты қайнау және қату температурасы, сонымен қатар сұйық заттардың тығыздығы және сыну көрсеткіші болады. Кез келген химиялық зат қоспадан тұрады. Және де оның құрамы мен мөлшері берілген заттың алыну әдісімен, оны тазалау әдісіне байланысты болады. Заттың тазалығын физикалық және химиялық әдіспен тексереді.

Slide 4

Лабораториялық жұмыстарда қолданатын заттар жеткілікті таза болуы тиіс. Әр таза заттың түсі, балқу температурасы, тығыздығы және тағы да басқа физикалық қасиеттері болуы тиіс, сондықтан заттың тазалығын осы қасиеттерін білу арқылы анықтауға болады.

Заттың тазалығы туралы түсінік қазіргі бейорганикалық химияда үлкен орын алуда. Нақты таза заттар табиғатта кездеспейді. Сондықтан да мүлдем ерімейтін заттар жоқ және кез келген зат қоспалармен араласқан. Сондықтан қоспалар заттың құрамын өзгертеді.

Заттардың құрамындағы қоспалар олардың балқу температурасын төмендетеді және бастапқы балқудан толық балқығанша таза заттар сияқты соңғысы қалмайды.

Slide 5

Қазіргі заманғы реактивтер өндірісінде қайта кристалдау, химиялық тұнбаға түсіру, транспорттық реакциялар, дистилдеу, ректификация, экстракция, зоналық балқыту, иондық алмасу және адсорбция әдістері қолданылады.

Slide 6

Қайта кристалдау әдісі

Тұздарды және басқа да электролиттер мен органикалық қосылыстарды тазалау әдістерінің барлығынан бірінші орында тұрады. Қыздырған кезде тұздардың ерігіштігі артатындығын қолдана отырып, қайнау температурасында қаныққан ерітінді дайындауға, оны механикалық қоспалардан сүзіп, суыта отырып таза зат алуға болады.

Slide 7 Slide 8

Ыстықтай сүзу әдісі

Тұтқыр сұйықтарды, қаныққан және аса қаныққан ерітінділерді сүзгенде ыстықтай сүзу қолданылады. Сүзгінің жоғарғы жағында су кұю және бу шығуы үшін екі тетігі болады. Ыстықтай сүзетін сүзгіге қысқа саңылаулы шыны құйғы орнатылады да, оған көбінесе қатпарлы қағаз сүзгі салынады.

Slide 9

Қалыпты қысымда сүзу әдісі

Суреттегі аспаптан ерітіндіні сүзуді жүргізу керек. Сұйықтық аз қалғанда тұнбаны шайқап сүзгіге құяды. Сүзгіден өткен ерітінді сүзінді деп аталады. Сүзгіде қалған қалдықты шайғыштағы дистилденген сумен жуады.

Slide 10

Радиоактивтілік

Атомдардың тұрақты еместiгi ХIХ ғасырдың ақырында ашылғанды. 46 жыл өткен соң ядролык реактор жасалды. Бiз атом ядросы физикасының тарихи ретпен жедел дамып келе жатқанын көрiп отырамыз. Радиоактивтiктiң - атом ядросының күрделi құрлысын дәлелдейтiн құбылыстың ашылуы сәттi кездейсоқтықтың жемiсi болды. Рентген сәулелерi алғаш рет шапшаң электрондар разрядтық түтiктiң шыны ыдысының кабырғаларының соқтығысуынан алынды.

Slide 11

1898 ж. Францияда Мария Склодовская - Кюри және басқа да ғалымдар торийдiң сәуле шығаратынын байқаған. Бұдан әрi жаңа элементтерi iздеуде негiзгi күш салған Мария Склодовская-Кюри мен оның ерi Пьер Кюри болды. Уран мен торийi бар рудаларды жуйелi түрде зерттеу, олардың iшiнен бұрын белгiсiз, Мария Склодовская-Кюридің отаны - Польшаның құрметiне полоний деп аталған, жаңа элементтi бөлiп алуға мүмкiндiк бердi. Зерттеу соңында өте қуатты сәуле шығаратын тағы бiр элемент ашылды. Ол радий (яғни сәулелi) деп аталды, Өздiгiнен сәуле шығару құбылысының өзiн ерлi-зайыпты Кюрилер радиоактiвтік деп атады.

Slide 12

Радийдiң салыстырмалы атомның массасы 226-ға тең және Д. И. Менделеев кестесiндегi 88-нөмiрлi торкөзге орналасқан. Кюри ашқанға дейiн бұл торкөз бос болған.

Өзiнiң химиялық қасиеттерi бойынша радий сілтiлiк жер элементтерiне жатады.

Соңынан реттiк нөмiрi 83-тен жоғары химиялық элементтердiң бәрi де радиоактивтi болатындығы анықталды.

Slide 13

Радиоактивтiк құбылысты зерттеу атом ядроларының табиғатына қатысты маңызды жаңалықтардың ашылуына себепшi болды.

Көптеген радиоактивтiк түрленулердi бақылау нәтижесінде радиоактивтiк касиеттерi мүлдем әр түрлi (яғни түрлiше тәсiлдермен ыдырайтын), бiрақ өздерiнiң химиялық қасиеттерi жөнiнен барабар заттар бар екенi анықталды. Белгiлi химиялық тәсiлдердiң бәрiмен де оларды ажырату ешбiр мүмкiн болмады. Осының негiзiнде 1911 ж. Содди хямиялық қасиеттері бiрдей, басқа жағынан, мәселен өзiнiң радиоактивтiгiмен ұксамайтын элементтер бар екенi жөнiнде болжам айтты. Мұндай элементтердi Менделеевтiң периодты жүйесiнiң бiр тор көзiне орналастыру керек. Сондықтан Содди оларды изотоптар (яғни периодтық жүйеде бiрдей орын алатындар) деп атады.

Slide 14

Радиоактивтiк құбылысты зерттеу атом ядроларының табиғатына қатысты маңызды жаңалықтардың ашылуына себепшi болды.

Көптеген радиоактивтiк түрленулердi бақылау нәтижесінде радиоактивтiк касиеттерi мүлдем әр түрлi (яғни түрлiше тәсiлдермен ыдырайтын), бiрақ өздерiнiң химиялық қасиеттерi жөнiнен барабар заттар бар екенi анықталды. Белгiлi химиялық тәсiлдердiң бәрiмен де оларды ажырату ешбiр мүмкiн болмады. Осының негiзiнде 1911 ж. Содди хямиялық қасиеттері бiрдей, басқа жағынан, мәселен өзiнiң радиоактивтiгiмен ұксамайтын элементтер бар екенi жөнiнде болжам айтты. Мұндай элементтердi Менделеевтiң периодты жүйесiнiң бiр тор көзiне орналастыру керек. Сондықтан Содди оларды изотоптар (яғни периодтық жүйеде бiрдей орын алатындар) деп атады.

Slide 15

Радиоактивті элементтердің медицина мен фармацияда қолданылуы


Ұқсас жұмыстар
Судың қасиеттері
Ағынды суларды тазарту әдістері
Ауаны тазалау
Концентрлеу және бөлу әдістерінің сипаттамасы. Тұндыру – бөлу әдісі. Хромотография әдістері
Ақаба суларды тазарту әдістері
Электролиттік әдіс
ЭЛЕКТРЛІК СТАНЦИЯЛАРДЫҢ ТҮТІНДІ ГАЗДАРЫН ФИЗИКА ХИМИЯЛЫҚ ТАЗАРТУ ӘДІСТЕРІ
Химиялық талдау
Мұнай – химиялық қалдықтарын қайта өңдеу
Ағынды суларды тазарту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz