Ауыз әдебиеті - халықтың ғасырлар бойы ауызша шығарып, сақтап келген рухани асыл қазынасы


Slide 1

« Қазақстан тарихы және әлеуметтік - қоғамдық пәндер » кафедрасы.

ПРЕЗЕНТАЦИЯ

Орындаған:

Тобы:

Қабылдаған : Айдарбекова. Г

Тақырыбы: Заманауи тарихнаманың зерделеуіндегі ортағасырлық ғалымдардың еңбектерінің маңызы.

Оқу жылы 2020-2021

Slide 2

Ерте кездегі түрік, ру-тайпаларымен бірге жасалған ортақ әдебиетті 3 кезеңге бөледі:

1. ҮІ-ІХ ғ. көне түркі әдебиеті ескерткіштері. Бұған орхон жазба ескерткіштері яғни «Күлтегін», «Білге қаған», «Тоныкөк» туралы құлыптастарға қашап жазылған жырлар, сондай-ақ, «Оғыз-нама» дастаны мен «Қорқыт ата кітабы», Әбу-Насыр Әл-Фарабидің әдебиет саласындағы еңбектері енеді.

2. Х-ХІІ ғ. әдебиет. Ж. Баласағұнның «Құтты білік», М. Қашғаридің «Түркі тілінің сөздігі», А. Яссауидің «Даналық кітабы», А. Иүгінекидің «Ақиқат сыйы», С. Бақырғанидың «Хакім ата», «Жұбан ана», «Әулие Мария» туындылары жатады .

3. ХІІІ-ХІҮ ғ. әдебиеті. Олар: «Кодекс куманикус», Хорезмидің «Мұхаббатнама», Н. Рабғузидің «Қисса сул Әнбия», С. Сарайдың «Гүлстан бит түрк», Құтыптың «Хұсрау-Шырын» дастандары, Х. Дулатидің «Тарихи Рашиди», Қ. Жалайыридың «Жамиғ ат тауарих», З. Бабырдың «Бабырнама» шығармалары жатады .

Slide 3

Ауыз әдебиеті - халықтың ғасырлар бойы ауызша шығарып, сақтап келген рухани асыл қазынасы. Ауыз әдебиеті ағылшының фольклор сөзімен қатар қолданыста жүрді. Бұл термин 1843ж. Ағылшын археологы Джон Томсом ойлап тапты.

Ауыз әдебиетінің жанырлары: ертегі, аңыз-әңгіме, мақал-мәтел, тұрмыс-салт жырлары, шешендік сөздер, эпостар, айтыстар, өлеңдер.

Ертегі - халықтың шығарған көркем әңгімесі. Ол қола дәуірінен басталып, қазіргі күнге дейін өз маңызын жойған жоқ. Бұлар, қиял-ғажайып, тұрмыс салт, жануарлар шыншыл ертегілер болып бөлінеді.

Мифология - адамның рухани мәдениетінің алғашқы формасы.

Мақал-мәтел - дегеніміз халықтың нақыл сөздері, белгілі бір-ойды ықшам түрде, ұғымды өткір айтып, беретін сөз.

Шежіре - бір ұлттың шығу тегі мен аталық нәсілінің тармақтап ұрпаққа, руға таралуын баяндайтын тарих ғылымының бір тармағын түсіндіретін атау.

Slide 4

Тарихнама - ғылымның белгілі бір түрі қай ғасырда пайда болды, қай ғасырдан бастап зерттеле бастады, ғалымдар осы ғылым саласы бойынша қандай еңбектер жазды, соны зерттейді. Жазбаша тарихтың - хроникалардың, қолжазбалардың, арнайы тарихи еңбектердің болмауы ішінара ұжымдық жадымен, ауызекі бай тарихи біліммен орны толтырылып отырды. Юдин сынды ғалымдардың арқасында ауызша материалдар жүйеленіп, объективті түрде жазылды, бұл өткен оқиғалардың нақты картинасын қалпына келтіруге мүмкіндік береді. «Шыңғыснама» - терең шыншыл әрі сан қырлы шығарма. Терең ойлы оқырман бұл шығармадан Алтын Орданың саяси тарихы, және Шығыс Дешті Қыпшақта, яғни байырғы қазақтың жерінде өмір сүрген көшпелі қауымның этносаяси, шаруашылық, әлеуметтік-мәдени өмірі, тұрмысы, идеологиясы мен тілі туралы аса құнды мәліметтерді табады. Шығарма түпнұсқа тарихи негіз ретінде ең аз зерттелген Қазақстанның XIV ғасырдағы тарихи кезеңін зерделеуге септесуімен аса құнды.

Slide 5

Мұхаммед Хайдар Дулати (1499-1551) қазақтың әлемге әйгілі тұңғыш тарихшы ғалымы, кемеңгер ойшылы, әдебиет зерттеушісі, этнограф. М. Х. Дулати Кашмирде билік құрған жылдары парсы тілінде «Тарих-и Рашиди» атты Орталық Азия халықтарының ХІІІ-ХVІ-шы ғасырлардағы тарихы, этнографиясы мен географиясы, әдебиеті мен мәдениеті жайлы классикалық тарихи шығармасын жазды. Еңбектің ішінде халқымыздың тарихына қатысты қызықты мағлұматтар көп. Соның бірі, Шыңғысханның Орта Азия мен Қазақстанды жаулап алу оқиғасы.

Slide 6

Жазба деректерге қарағанда, бұл жорыққа Шыңғысхан өте ұқыпты дайындалған. Ол өз еліне Орта Азиядан, Қазақстаннан келген саяхатшылар мен саудагерлерден Хорезм шахының, Қарахан мемлекетінің, қарақытайлардың ішкі саяси жағдайы, олардың бір-бірімен қарым-қатынастары, әскерлерінің құрамы туралы сұрап, мәліметтер алып отырған. Шыңғысхан 1217 жылы Күшліктің Жетісудағы иеліктерін басып алуға Жебе ноянды аттандырады.

Бұл оқиға жайлы, ғұлама бабамыз : «Бір нәрсе айдан анық: кімде-кім ислам діні мен Мұхаммедтің заңына, жолына кедергі, шабуыл жасаса, ешқашан жеңіске жетпеген, ал оның дәстүрін сақтап жолын қуған адамның күн сайын берекесі артқан», - деген тұжырым жасаған.

Slide 7

Қадырғали Қасымұлы Жалайыр (1555 - 1607) - қазақтың ғұлама - тарихшысы, қоғам және мемлекет қайраткері.

«Жәми - ат Тауарих» еңбегі. Орыс патшасы Борис Годунов 1600 жылы өз жарлығымен Ораз- Мұхаммедті осы Қасым хандығының ханы етіп қойды. Сол жарлығымен патша Ораз - Мұхаммедке төрт уәзір тағайындаған болатын. Соның бірі Қадырғали Жалаири еді.

1600 жылы ғана Қадырғали Жалаири тікелей ғылыми жұмыспен айналысуға мүмкіндік алды. Сол жылы «Қасым патшалығында» ол өзінің «Жәми ат-тауарих» атты тарихи еңбегін жазуды бастап, оны 1602 жылы толық жазып бітті. Бұл кітап сол кездегі дәстүр бойынша орыс патшасы Борис Годуновқа арналды.

Slide 8

Қадырғали Жалаиридің бұл еңбегін Шыңғыс хан және оның ұрпақтары жайындағы, сондай - ақ Қазақ хандығы туралы шежіре деуге болады. Алайда «Шежірелер жинағының» алғы сөзінде атап көрсетілгендей - ақ, «Қазақстан тарихы үшін аса маңызды бөлігі - 3-ші, яғни бұрын - соңды ешқандай автордың еңбегіндежазылмаған тың тарихи мәліметтер берген соңғы бөлімі. Ол тоғыз дастаннан тұрады. Олардың сегізі Шыңғысхан ұрпақтарының ішінде Қазақстан тарихына қатысы бар хандар - Ұрысхан, Тоқтамыс, Темір-құтлық Ұрысханұлы, Қажы-Керей, Қажы-Мқхаммед, Әбілқайыр, Жәдігер, Ораз-Мұхаммед жене басқаларға арналса, бір дастан Алтын Орда тарихыңдағы ірі тұлға Едіге биге арналды.

Slide 9

Қорытынды


Ұқсас жұмыстар
Әлем әдебиеті
Қарақалпақ әдебиеті
Өтірік өлең
Қазақ халқының рухани құндылығы
XIXғасырдың бірінші жартысындағы қазақ әдебиеті
Мұхтар әуезов және фольклортану мәселелері
ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІ НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
Блум таксономиясы негізінде қазақ ауыз әдебиеті саласы бойынша мультимедиялық көрнекіліктер әзірлеу
Халық тық педагогика
ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКА ЭЛЕМЕНТТЕРІН ДАМЫТУ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz