Кәсіпорындар мен мекемелердің, ұйымдардың әкімшілік - құқықтық мәртебесі


Slide 1

Кәсіпорындар мен мекемелердің, ұйымдардың әкімшілік-құқықтық мәртебесі

Slide 2

Жоспар:

Кәсіпорындар мен мекемелер.

Кәсіпорындар мен мекемелердің, ұйымдардың түсінігі, түрлері.

Кәсіпорындар мен мекемелердің қызметінің құрылуы мен тоқтатылуы.

Slide 3

Кәсіпорындар - бұл дербес шаруашылық жүргізуші субъект, олар өнімдер шығару үшін құрылады, шаруашылық-коммерциялық қызметті және пайда табуды жүзеге асырады.

Мекемелер - пайда таппай әлеуметтік-мәдени, әкімшілік-саяси, ғылыми қызметтер атқарады. Олар өндірістік емес сипаттағы әлеуметтік құндылықтар жасайды, бұлар - білім, мәдениет, спорт және басқа мекемелер.

Мемлекеттік кәсіпорындарының мақсаты - мемлекеттің қорғаныс қабілеті мен қоғам мүдделерін қорғауды материалдық жағынан қамтамасыз ету; экономиканың жекеменшік секторы қамтымайтын не жеткіліксіз қамтитын қоғамдық өндіріс салаларында күнделікті аса қажет тауарлар шығару болып табылады.

Әкімшілік - меншік нысаны және шаруашылық жүргізу түріне қарамастан кәсіпорындары мен мекемелердің жұмысына жедел басшылық жасау міндеті жүктелген орган.

Slide 4

Кәсіпорын бұл қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру және пайда табу мақсатында өнім өндіру, жұмыс атқару және қызмет көрсету үшін құрылған шаруашылықпен айналысатын субъект. Мемлекеттік басқару аясында өзінің мақсат міндеті мен әкімшілік құқықтық мәртебесі жөнінен әртүрлі болатын көптеген мемлекеттік және мемлкееттік емес ұйымдар қызмет атқарады. Ұйым деп өзінің басқару органы басшылық ететін және меншігінде, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болатын әр түрлі саны бар ( бірнеше адамнан бірнеше мыңдарға дейін) қызметкерлер ұжымын айтамыз. Ұйымның басқару органы оның әкімшілігі болып табылады. Ұйымдар өзінің қызметінің мақсаты бойынша коммерциялық коммерциялық емес болып бөлінеді.

Slide 5

АК- тің 34-б. 1-тарабы бойынша өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде пайда табуды көздейтін ұйым коммерциялық, ал мұндай пайда келтіре алмайтын және алынған пайдасын қатысушыларына үлестірмейтін ұйым коммерциялық емес болып табылады. Коммерциялық ұйымдар мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестік, өндірістік кооператив нысандарында құрылуы мүмкін Ал, коммерциялық емес ұйымдар мекеме, қоғамдық бірлестік, тұтыну кооперативі, қоғамдық қор, діни бірлестік нысанында және заң құжаттарында көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкін. Қызметінің түрі (мақсат міндеті) бойынша ұйымдардың түрлері: кәсіпорындар, мекемелер, азаматтардың қоғамдық бірлестіктері және өзге де ұйымдар. Меншік түрлері бойынша ұйымдар мемлекеттік және мемлекеттік емес болып бөлінеді( жеке меншіктік, қоғамдық және дінилік) . Мемлекеттік кәсіпорындар мемлекеттің меншігі болып табылады.

Slide 6

Сондықтан мемлекеттік органдардың қарауына жататындар:

мемлекеттік кәсіпорындарды құру,

олардың қызметінің мақсат-міндеттерін, сондай-ақ оларды орналастыратын орнын айқындау,

жарғысын бекіту,

кәсіпорындарды басқару,

олардың басшалыран конкурстық негізде қызметке тағайындау және қызметтен босату,

белгіленген жағдайларда олардың өніміне мемлекеттің тапсырысын жеткізу,

мемлекеттік кәсіпорындарды қайта құру және тарату

Slide 7

Мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелер өзінің қызметінің көлемі мен маңызы бойынша бөлінеді:

облыстық

республикалық

коммуналдық

және

ауылдық

кенттіқ

аудандық

қалалық

Slide 8

Мемлекеттік кәсіпорындардың құрылтай құжаты оның жарғысы болып табылады. Жарғыны кәсіпорынның құрылтайшысы (уәкілетті органы) бекітеді. Мұндай уәкілетті органдарға республикалық мемлекеттік кәсіпорындар жөнінде - республика министрліктері, агенттіктері, ведомстволары және Үкімет сол үшін уәкілеттік берген өзге де мемлекеттік органдар, сондай ақ ҚР ның Ұлттық Банкі, ал коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар жөнінде - жергілікті әкім сол үшін уәкілеттік берген жергілікті атқарушы органдар жатады. Мемлекеттік емес кәсіпорындар өз қызметін жарғының немесе құрылтай шарты мен жарғысының не тек құрылтай шарты негізінде жүзеге асырады.

Slide 9

АК сәйкес кәсіпорын әділет органдарында мемлекеттік тіркелу «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы » 1995ж. 17 сәуірдегі заңның негізінде жүргізіледі. Мемлекеттік кәсіпорындар мемлекеттің меншігі болып табылады. Мүліктік құқықтық режиміне байланысты мемлекеттік кәсіпорындар екі түрге бөлінеді: Біріншісі - шаруашылық жүргізу құқығына негізделген кәсіпорын ( АК-тің 103-б) . Екіншісі-жедел басқару құқығына негізделген кәсіпорын ( АК-тің 104-б) . Мемлекеттік кәсіпорын қызметінің мәні мен мақсатын мемлекеттік басқару органының ұсынуы бойынша оның құрылтайшысы ( уәкілетті органы) айқындайды, бұл кәсіпорынның жарғысында бекітіледі. Өзінің міндеттемелерін орындамаған кәсіпорын дәрменсіз (банкрот) деп жариялануы мүмкін. Борышкерді дәрменсіз деп танудың тәртібі «Банкроттық туралы »1997. 21- қаңтардағы ҚР заңда негізделгендей жүзеге асырылады. Борышкер дегеніміз заңдарда көзделген тәртіппен өзіне банкроттық немесе соттан тыс тарату рәсімінің қолданылуына төлем қабілетсіздігі немесе дәрменсіздігі негіз болып табылатын заңды тұлға. Дәрменсіздігі сот тәртібімен белгіленген борышкер банкрот деп табылады.

Slide 10
Ұқсас жұмыстар
ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ
ӨНДІРІСТІ ЖҰМЫС КҮШІМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Банк операциялары
Құжаттың мәтіні
Адвокаттардың заңды көмегі
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы. Коммерциялық шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы. Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелер қаржысы
Қазынашылық қызметтің теориялық негіздері
Кадрларды дайындау
Қазақстандағы бухгалтерлік есептің даму мәселелері мен перспективалары
Атқарушы билік органдарының әкімшілік - құқықтық мәртебесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz