Автомобиль трансмиссиясы мен жүріс бөлігінің қызметі және негізгі жүйелері


Slide 1

Автомобиль трансмиссиясы мен жүрiс бөлiгi

Трансмиссияның қызметi және негiзгi түрлерi

Ілініс муфтасы, беріліс қорабы, карданды және басты беріліс.

Автомобильдiң бағытын басқару жүйесi

Автомобильдiң жетекшi дөңгелектерiне мотордың айналу моментiн трансмиссия жеткiзедi. Ол айналу моментi мен айналыс жылдамдығын өзгертiп жетекшi дөңгелектерге таратады. Трансмиссия берiлiс санын өзгертедi. Автомобиль трансмиссиясына iлiнiс, берiлiс қорабы, үлестiргiш қорап, карданды берiлiс, басты берiлiс, жетекшi белдiктер кiредi.

Iлiнiс (сцепление) матордан трансмиссияны бiр сәтке ажыратып және оларды өзара жай ырғақсыз қосу қызметiн атқарады. Автомобильдердiң көбiнде фрикционды iлiнiс пайдаланылады. Мұндай iлiнiстiң жұмысы үйкелiс күшiн пайдалануға негiзделген. Үйкелушi беттер негiзiнде дискiлер. Берiлетiн бұраушы моментiнiң шамасына және дискiнiң диаметрiне байланысты үйкелiсетiн элементтердiң саны әр түрлi болады. Сондықтан iлiнiс бiр дискiлi және екi дискiлi болуы мүмкiн.

Автомобильдiң берiлiс қорабы жетекшi дөңгелектерiнiң тартымдылық күшiн, берiлiс санын, мотордан ажыратуға және жүру бағытын өзгертуге арналған.

Берiлiс қорабы сатылы, сатысыз, механикалық, гидравликалық, электрлiк, автоматты және құрама болып бөлiнедi. Сатылы механикалық берiлiс қорабы алға жүру сатыларының санына байланысты төртсатылы, бес сатылы және т. с. с. болып бөлiнедi.

Slide 2 Slide 3

Гидродинамикалық беріліс деп- жетекші біліктен жетекке қатаң байланыс арқылы емес, жұмыстық сұйықпен қуатты берілуін қамтамасыз ететін гидроқұрылғыны айтады. Осындай әрекеттердің нәтижесінде, моторға қатысты жетекші біліктің механикалық энергиясы жұмыстық сұйықтықтың кинетикалық энергиясы болып өзгереді, одан кейін жетектегі біліктің механикалық энергиясына айналады. Оларға жылдамдық энергиясының беріліс принципі енгізілген. Онда насоспен айдалатын сұйықтың ағымы кинетикалық энергияны жетектегі элементтерге береді және көшіреді.

Slide 4 Slide 5

§6. Карданды берiлiс

Берiлiс қорабының немесе тарату жетектелушi бiлiктерiнiң белдiктердiң (мостардың) басты берiлiсiнiң карданды бiлiк жалғайды. Берiлiс қорабы (немесе тарату қорабы) рамаға, ал жетекшi белдiктер (мостар) рамаға асқыштар арқылы жалғанады. Сондықтан олардың бiлiктерiнiң осьтерi А және В бiр түзу сызықтың бойында жатпайды және өзгерiп тұрады

Slide 6

Басты берiлiстiң қызметi мен негiзгi түрi

Автомобильдерде жылдам жүрiстi, қуатты моторлар қолданады. Олардың айналу жылдамдығын басты берiлiс бiрнеше есе азайтып дөңгелектерге бередi. Дөңгелектердiң қозғалу қажеттiлiгiнен төмен момент болып келедi. Немесе, айналдыру моментiн көбейтiп, мотордарда айналу жылдамдығын азайтады, сөйтiп жетекшi дөңгелектi қозғау, тарту күшiнiң қажеттi деңгейiне жеткiзедi.

. Басты беріліс. а, б, в-сыңар берілісті; г, д-қос берілісті; е-редуктор; 1-жетекші шестерня; 2-жетектегі шестерня; 3, 4, 5, 6, 8, 11-шестернялар; 7-жартылай ось; 9-сателлит; 10-ось.

Slide 7

Автомобиль конструкциясы бойынша белдiктер қолданады. Жетекшi белдiкте картер, басты берiлiс дифференциал және дөңгелек жарты остерi орналасады. Автомобиль тек тiке жүрмей, жол қисығына байланысты бұрылып отырады. Ол бұрылғанда iшкi дөңгелектер кiшi радиуспен, ал сыртқы дөңгелектер үлкен радиуспен бұрылып жылжыйды. Немесе сыртқы дөңгелектiң жылдамдығы iшкi дөңгелектерден артық болады. Олардың әр түрлi жылдамдықпен айналуына симметриялы немесе симметрясыз дифферинциалдар мүмкiндiк бередi.

Конусты шестернялы дифферециал. а-тіке жүрісте, б-бұрылыс кезінде. 1-конусты үлкен шестерня; 2- сателлит осі; 3-сателлит; 4-жартылай ось шестернясы; 5- жартылай ось.

Slide 8

Рульдiк механизмнiң бiрнеше типтерi бар: червяк-роликті, винті-рейкалы және рейкалы

Slide 9

Тежеуiш жүйелерi

Тежеуiштер автомобильдiң жылдамдығын баяулатуға және тегiс емес жерде бiр орнында ұстап тұруға арналған. Олардың түрлері:

Жұмыстық тежеу жүйесі. Бұл автомобильдің басты тежеу жүйесі, барлық дөнгелекті тежеп жүріс жылдамдығын баяулатуға және шұғыл тоқтатуға арналған. Көбінде бұл тежеу жүйені аяқ тежеуіші деп атайды;

Тұру тежеуі. Көбінде тұру тежеуішін автомобиль тоқтағаннан кейін қосады, сондықтан ол автомобильдің бір орнында қалуын қамтамасыз етеді. Бұл жүйе автомобильдің жетекші дөнгелектеріне трансмиссияның білігін тежеу арқылы әсер етеді. Бұл жүйе қолмен басқарылады, сондықтан оны қол тежеу жүйесі деп те атайды;

Қосымша тежеу жүйесі. Басты тежеу жүйе істен шыққанда автомобилді тоқтатуға арналған. Мұндай жүйесі жоқ автомобильдерде істен шықпаған жұмыстық тежеу жүйесінін бөлігі (бірінші немесе екінші контур) немесе тұру тежеу жүйесін пайдаланады; .

Көмекші тежеу жүйесі. Автомобильдің жолдың ұзақ ылди бөлігімен жүргенде жылдамдықты шектеуге арналған. Шектегіш-тежеуіш трансмиссия білігіне әсер етеді, басты тежеу жүйесін қызудан және таулы жерде тез істен шығудан сақтайды. Жүк автомобилі қала сыртында әр 100 км жолда жүргізуші 125 рет тежеу жүйесі іске қосады, таудағы жолда осы жүйені іске қосу 1000-а жетеді;

Тіркемелік тежеу жүйесі. Тіркеме дөнгелектерін жүріс кезінде, тоқтағанда және тіркеменің жүріп келе жатқан автомобилден ажырап кеткенінде тежеуге арналған.

Slide 10 Slide 11

Бақылау сұрақтары

1. Трансмиссияның қызметi және негiзгi түрлерiн атаңыз?

Ілініс муфтасы қандай қызмет атқарады?

3. Беріліс қорабы қызметі және жұмысы?

4. Басты беріліс және соңғы беріліс қызметі?

5. Тежегіш жүйесі қандай қызмет атқарады?

6. Дифференциалдың атқаратын қызметі?

7.


Ұқсас жұмыстар
Сұйытылған және сығылған газбен жұмыс істейтін автомобиль қозғалтқыштарының қоректендіру жүйелері
Автомобиль генераторының құрылысы, негізгі бөлшектері және жұмыс принципі
Автомобиль кузовын жөндеу, дәнекерлеу және сырлауға арналған негізгі жабдықтар мен құралдар
Тоғызқұмалақ ойынының тарихы, ережелері және жүріс есептеу әдістері
Автомобиль көлігімен жүк тасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі бизнес-жоспар
Тоғызқұмалақ: ережелері, жүріс дәлдігі және оқу-әдістемелік сабақ жоспары
Елді мекендерді сумен қамтамасыз ету жүйелері: түрлері мен негізгі элементтері
Өндіріс жүйелері: түсінігі, негізгі қасиеттері, заңдары және жіктелуі
Спиральді мүше және жарғақты лабиринттің вестибулярлық бөлігінің анатомиясы мен гистологиясы
Көлік түрлері: теміржол, әуе, су және автомобиль тасымалы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz