Кәмелетке толмағандар арасында профилактикалық жұмыстың негізгі деңгейлері
Презентация қосу
Тақырыбы: Кәмелетке
толмағандар арасында
профилактикалық жұмыстың
негізгі деңгейлері.
Орындаған: Кабиева Роза
ДППКқ 18-01 тобы
Кəмелетке толмағандар арасындағы жағымсыз құбылыстардың
профилактикасы, жасөспірімдерді əлеуметтік бейімдеу, балалардың
құқықтары мен мүдделерін қорғау деңгейін арттыру, отбасы
жайсыздығының, əлеуметтік жетімдіктің, балаларға қатаң қараудың алдын
алу мəселелері бүгінгі күні күрделі əлеуметтік проблемалардың біріне
айналып отыр.
Балалардың қадағалаусыздығы мен панасыздығы проблемасының
əлемнің көптеген елдерінде жалпыұлттық қауіп туғызатын фактор
ретінде бағалануы тектен емес. Аталған əлеуметaтік
құбылыстардың етек алуы мемлекет дамуына қатер төндіреді, себебі
қылмыстың, нашақорлықтың өсуіне əкеледі, қоғамның
адамгершілік қағидаларын бұзады. Балалардың қадағалаусыздығы
мен панасыздығы Қазақстанның болашағына да қауіпті, өйткені
мемлекет дамуының келешегі өскелең ұрпақтың денсаулығымен,
адамгершілік тəрбиесі мен білімімен тікелей байланысты.
Балалардың қадағалаусызды мен панасыздығын, сондай-ақ
кəмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықты
төмендету жолдарын іздеу қоғам алдында тұрған өзекті əрі
əлеуметтік маңызы бар міндеттерінің бірі.
Кəмелетке толмағандардың мінез-құлығындағы
барлық ауытқуларға:
қадағалаусыздыққа,
құқық бұзушылыққа,
алкогольді ішімдіктерді,
есірткі заттарды қолдануға негіз болатын бір ғана жəйт –
жасөспірімнің əлеуметтік бейімделе алмауы.
Бұның негізгі себебі отбасы ішіндегі қиындықтарда жатыр. Баланың
толыққанды дамуы үшін оңтайлы орта – туған отбасы.
Алдын алу жұмыстары
Ең алдымен, бұл жергілікті билік орындары жүзеге асыратын аймақтық
деңгейде жүзеге асыратын жалпыəәлеуметтік, экономикалық, ұйымдастыру
шаралары. Алдын алу жұмысын оқу орындарында және сол оқу
орындарында қызмет атқаратын адамдармен тікелей ұйымдастыру қажет.
Бұл жұмыс жасөспірімдердің топтық және индивидуалды қылмыстарының
алдын алу бойынша арнайы мақсатқа бағытталған психологиялық,
педагогикалық, арнайы криминологиялық шараларды қамтуы қажет.
Әлемдік денсаулық ұйымы профилактиканың үш түрін ұсынады:
бастапқы, екінші, үшінші профилактика.
Бастапқы профилактика -белгілі бір құбылыс тудыратын
жағымсыз факторларды жоюға, сонымен қатар бұл факторлардың
əәсеріне жеке тұлғаның төзімділігін арттыруға бағытталады.
Бастапқы профилактиканы жасөспірімдер арасында кеңінен
қолдануға болады.
Екінші профилактиканың міндеті — жүйке-психикалық
ауытқуларды ерте анықтау және оңалту, сонымен қатар "қауіпті
топпен" жұмыс.
Үшінші профилактика- мінез-құлықтың ауытқуларын тудыратын
жүйкелік- психикалық бұзылулар секілді арнайы міндеттерді
шешеді.
Сонымен бірге, үшінші профилактика девиантты мінез-құлықты
тұлғалардың қылмысты қайталауының алдын алуға
бағытталуы мүмкін.
Психопрофилактикалық жұмыс барлық үш деңгейдегі іс-
шаралар кешеніне кіре алады. Психопрофилактикалық
жұмыстың бірнеше формалары бар:
- əлеуметтік ортаны (отбасы, əлеуметтік топ, нақты тұлға)
ұйымдастыруға: салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша
жасалатын əлеуметтік жарнама, БАҚ, жастардың субмəдениетімен
жұмыс;
- мəлімет беру (дəрістер, əңгімелесулер, арнайы əдебиеттерді,
видео жəне телефильмдерді тарату);
- əлеуметтік тұрғыдан маңызды дағдыларды белсенді əлеуметтік
үйрету.
Сонымен қатар жалпы шараларға тәрбиелік шаралар да енеді. Бұған
тек «оқытудың тәрбиелік рөлін жетілдіру» ғана емес, сонымен қатар
педагогтердің оқушылармен тұлғааралық қарым-қатынастарын
адамгершілік тұрғысынан дамыту да енеді.
Арнайы психологиялық жəне педагогикалық шаралар:
- психодиагностикалық: оқуға түскен контингентті зерттеу жəне қылмыс
жасауға бейім тұлғаларды (есепте тұрған, қиын жəне педагогикалық
қараусыз қалған, сонымен қатар, сотталғандар, арнайы мектептер мен
колониялардан келген оқушыларды) анықтау, олардың мектептегі жəне
мектептен тыс достық байланыстарын анықтау;
- психологиялық түзету: жұмыстың индивидуалды және ұжымдық
формаларын қолданып, осы оқушылармен жүйелі түрде құқықтық
тәрбиелеу жұмыстарын жүргізу; олардың тұлғааралық қарым-
қатынастарын бақылау;
- психопрофилактикалық: жайсыз отбасынан, сонымен қатар оқу
топтарынан «шеттетілген» жасөспірімдердің топтық заң
бұзушылықтарының ерте алдын алу шараларды кеңінен қолдану;
-оқу орындарында жəне олардан тыс жерлерде де үнемі бақылау жүргізу.
Аталған шаралардың нәтижелі болуы кәмелетке
толмағандардың қылмыстық əрекеттерінің алдын алумен
айналысатын мамандардың жоғары деңгейі мен психологиялық
және педагогикалық біліктілігіне, терең білімі мен
профилактикалық жұмыстың негізгі принциптерін ұстануына
тығыз байланысты. Профилактикалық жұмысқа қатысушының
әрқайсысы жасөспірімдер қылмыстық əрекеттерінің
ерекшеліктерін және олардың алдын алу жұмыстарының
ерекшеліктерін жақсы білуі керек.
Жасөспірімдердің қайталанбалы қылмыстарымен күресудің негізгі,
маңызды бағыттарының бірі арнайы оқу-тәрбиелеу мекемелерінен және
еңбекпен тәрбиелеу колонияларынан келген жасөспірімдердің əәлеуметтік
бейімделуін қамтамасыз ету болып табылады.
Бұл күрделі мәселе, себебі бұндай мекемелерден қайтып оралған
жасөспірімдердің тең жартысы ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жетім
балалар. Оларды ешкім күтпейді, көбінің тұратын жер, жейтін тамағы
жоқ. Жұмысқа орналасу мен тұрғын үй мәселесін шешу өте қиын.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz