Қарым - қатынас психологиясының жалпы сипаты
Презентация қосу
Тақырыбы: Қарым-
қатынас
психологиясының
жалпы сипаты
Орындаған: Кабиева Роза
ДППКқ 18-01 тобы
ҚАРАСТЫРЫЛАТЫН
МӘСЕЛЕЛ
1. ҚАРЫМ- ҚАТЫНАСТЫҢ ТҮРЛЕР
2. ҚАРЫМ- ҚАТЫНАСТЫҢ ҚЫЗМЕТТЕ
Қарым-қатынас – бұл əлеуметтік-психологиялық
құбылыс, ол адам өміріндегі көптеген рухани жəне
материалдық құндылықтарды қамти отырып, оның
өміріндегі ең жоғары қажеттіліктердің бірі.
Қарым-қатынас қарым-қатынас психологиясының негізгі ұғымы. Қарым-
қатынассыз жеке адамның тұлғалық қалыптасуы үрдісін, жалпы қоғам дамуын
түсініп талдауға болмайды. Қарым-қатынас, Г. М. Андрееваның пікірі бойынша,
адамдарды біріктіру және дамыту тәсілі.
Адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды.
Өйткені оның психикасы тек
айналасындағылармен қарым-қатынас жасау
процесінде ғана қалыптасады, қоғамдық
тәрбие арқылы адам белгілі мазмұнға ие
болады. Адам санасының дамуы қоғамның
дамуымен байланысты. Қоғамнан тыс адам
өмірінің болуы мүмкін емес.
ҚАРЫМ- ҚАТЫНАСТЫҢ ТҮРЛЕРІ
Қарым-қатынастың маңызды түрлері:
вербалды
вербалды емес
Кез келген адам дүниеге келісімен екінші бір адаммен
қарым-қатынасқа түсуді қажетсінеді. Мәселен,
нәрестенің анасымен «тілдесуі» қажетін
қанағаттандырмау – біртіндеп оның қатаң сезімді,
мейрімсіз болып өсуіне, кішкентайынан айналасына
сезімінің азаюына әкеліп соқтыратыны байқалып жүр.
Сөйтіп, басқалармен қарым-қатынасқа түсу – қай
жастағыларға болмасын, оған киім-кешек, баспана, ұйқы,
демалу қандай қажет болса, айналадағы жұртпен
аралысып, дұрыс қарым-қатынас жасай білу де қажет.
Мәселен, адамды қамап, басқалармен араластырмай
ұстау – жазаның ең ауыр түрі екендігі белгілі.
Өзгелермен қарым-қатынас жасау – бұл тіршілікке аса
маңызды ақпарат алмасу деген сөз.
ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ
1. Байланыстыру, практикалық қызметі. Қарым-қатынас бүл жерде
кез-келген бірлескен іс-әрекет барысында адамдардың бірігуінің
шарты болып табылады. Вавилон мұнарасы туралы аңызда адамдар бірін-
бірі түсінбеу салдарынан құрылысты бітіре алмағандығы жөніндегі оқиға
тегін емес.
2. Қалыптастыру, дамыту қызметі. Бұл жерде арақатынас
адамның психикалық бейнесінің қалыптасуы мен өзгеруінің алғы шарты
болып танылады. Кішкентай баланың даму барысында оның мінез-
құлқы, іс-әрекеті, өмірге көзқарастары үлкен адамдармен жасаған
арақатынасына тәуелді болып келеді. Сыртқы қарым-қатынас нәтижелері
ішкі психикалық құбылыстарға және баланың өзіндік сыртқы
қимылдарына айналады. Мысалы, "Зита Гита" үнді кинофильмінде егіз
қыздар әртүрлі ортада өскендіктен, мінездері бір-біріне ұқсамайды.
Сыртқы қарым-қатынассыз балалар ой-өрісі өспейді. Балалар
үйінде өскен жасөспірімдердің ой-өрістері өздерінің ата-аналарының
бауырында өскен құрбыларынан едәуір төмен болады. Олардың бүкіл өмірі
туған-туысқандарымен, жақсы көрген адамдарымен қарым-қатынаста өтсе,
психологиялық қасиеттері адами сапаға жақынырақ болары анық. Бірақ
осыған байланысты еске алатын бір жайт: бала үлкендердің барлык.
насихаттарын, ойларын, көзқарастарын өз бойына тікелей құйып алатын
ыдыс емес! Бала мен ересек адамның арақатынасы тек үлкеннен кішіге
ететін білім, біліктілік, дағдылар емес, бұл - неғұрлым күрделі өзара
ықпалдау, өзара өзгеру, бірін-бірі байыту құбылысы. Бала басқаның
тәжірибесін өз ішкі дүниесіне белсенді түрде тез өткізіп қабылдайды.
ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ
3. Растау қызметі. Басқалармен жасаған қарым-қатынас барысында : адам
өзін-өзі танып білуге, бекітуге, өзінің бар екендігін дәлелдеуге мүмкіндік
алады. Адам өзінің бар екендігін, өз түлғасының құндылығын басқа
адамдар арқылы біледі. Адам - үшін ауыр жазаның бірі - жападан жалғыз
қалу, ешкіммен араласпау, басқалардың назарынан тыс қалу. "Сен
жамансың", "Сенікі дұрыс емес" деп адамды жаман бағалаудың
өзінде оны қабылдап, бар екенін растап тұрудың белгісі бар. Ал
қабылдамаудың, барлығын растамаудың белгілері "Сен бұл жерде
жоқсың", "Сен өмір сүрмейсің". Осы әдісті А. Макаренко өз коммунасында
жиі қолданатын еді кінәлі балаға басқалар байкот жариялайтын. Растамау
көп психикалық аурулардың, мысалы, шизофренияның себепшісі. Нәресте,
сәби әке-шешесінен "сен жақсы", "сен біз үшін барсың" деген дәлелдерді
естімесе, оның санасында қалған іздер ердогендік психозға жол ашады.
Күнделікті тіршілік адами арақатынасқа, "растау терапиясына" толы:
танысу мен сәлемдесу рәсімдері, құшақтау мен ізет көрсету, т.б. Осының
барлығы әр адамның бар екендігін растайтын делел екені сөзсіз.
4. Тұлғааралық эмоциялық қатынастарды ұйымдастыру мен
тіректеу қызметі. Басқаларды қабылдау, олармен сан қилы қатынастар
(тұлғалықтан іскерлікке дейін) жасау кезінде адамдар бірін-бірі бағалап,
бірімен бірі не жағымды (симпатия, ұнату), не жағымсыз (антипатия,
ұнатпау) эмоциялық қарым-қатынас орнатады. Заманауи адамдардың
әлеуметтік байланыстары тек эмоциялық қатынастармен шектелмесе де,
эмоциялық қатынастар іскерлік, ұжымдық, рөлдік қарым-қатынастарға өз
әсерін тигізеді.
ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ
5. Тұлға ішіндегі қызмет. Адам өз-өзімен іштей, не
дауыстап сөйлесіп диалог арқылы арақатынас жасайды. Тұлға
ішіндегі қарым-қатынасты адам ойлауының әмбебап тәсілі
деуге болады. Л.С.Выготский жазғандай, жеке қалғанда
да адам қарым-қатынастың қызметін сақтап қалады.
Адам қарым–қатынас арқылы айналасындағы дүние жайлы
мәлімет алады, еңбек пен тұрмыс дағдыларына машықтанады,
адамзат жасап шығарған түрлі құндылықтарды меңгереді.
Әрине қарым-қатынас ақпарат алумен ғана шектелмейді,
оның шеңбері аса кең, бұл кең көп қырлы ұғым. Спектакль
көрсек те, лекция тыңдасақ та , телефонмен хабарлассақ та,
дос-жарандармен сөйлессек те – осының бәрі – қарым-
қатынастың сан алуан қырлары. Өмірдегі сан алуан тіршілікте
адамдар бір-бірімен тікелей, жүзбе-жүз, не жанама не біреу
арқылы қарым-қатынасқа түседі.
Адам баласы жалғыз жүріп, көздеген
мақсат-мұратына жете алмайды.
Сондықтан ол ылғи да басқалармен бірлесіп тіршілік етуі тиіс дедік.
Мұндайда адам ылғи топпен бірге өмір сүретіні белгілі.
Әдебиеттер тізімі:
1.Психология общения/А.И. Волкова
2. Вербальды қарым-қатынас/ https://ppt-online.org/399756
3. https://
www.freepapers.ru/18/arymatynas-zhne-ony-yzmetter/78277.5
09615.list1.html
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz