Критериалды бағалау артықшылықтары



Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті
Нұр-сұлтан, 2020 жыл
Білім алушылардың оқу іс-әрекетін бағалаудың жалпы тәсілдері. Критериалды бағалау ұғымын және оның оқу-танымдық құзыреттілігін қалыптастырудағы рөлі.
Кабиева Р. С.

Бүгінде, мұғалім балаларға білімдер жиынтығын беріп қана қоймай, сонымен бірге, ең бастысы - оларды өмір бойы үйренуге үйретулері керек”- деп ұлт көшбасшысы, елбасымыз Н. Ә. Назарбаев айтқандай қазіргі таңда жас ұрпақты жаңашылдықпен дамытып, білім беріп, тәрбие нәрімен сусындандыру бүгінгі күннің ұстаздар қауымына жүктелген міндет пен кезек күттірмес жауапты іс болып отыр. Сол себепті де Елбасымыз бен еліміздің білім беруді дамыту мен жаңарту саласындағы азаматтар білімді жаңаша тәсілмен білім беруді бүгінгі кезеңде басшылыққа алып отыр.

Педагогикалық қызметтің басты мақсаты - жаңа педагогикалық технологияларды ұтымды пайдалану. Қазіргі уақытта мұғалімнің алдында тұрған жауапты міндет - білім алушыға тиянақты білім беру. Оқыту үдерісінде білім алушылардың әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, өздеріне деген сенімін туғыза білу, білім алушының білімге ынтасын көтере білудің маңызы ерекше. Озық ойлы, тапқыр да, нәзік сезімтал, пайымды шәкірттердің іскерлігін, мүмкіндігін ескеріп, бағыт - бағдар беру, ой - өрісін дамытатындай логикалық ой тастау әрбір ұстаздың міндеті.

Білім беру үрдісін ақпараттандыру - жаңа инновациялық әдістер мен оқыту технологияларын қолдану арқылы, дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу- тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді. Бүгінгі күннің талабына сай білім саласында жаңа технологиялар қолданудың маңызы зор. Заман талабына сай білім беру оқушылардың адамгершілік, интеллектуалдық дамуының жоғары деңгейі мен білімін қамтамасыз етуге бағытталған оқытудың үздіксіз үрдісі десек, оның тиімділігі мен сапасын арттыру мұғалімнен оқу процесінің ғылыми теорияға негізделген және оқушының қабілеті мен бейіміне негізделген оқытудың таңдамалы әдістеріне көшуді талап етеді. Ондағы негізгі мақсат оқушыға сапалы білім беру болып табылады.

Бүгінгі таңда жас ұрпаққа кез келген пәнді ұғындырудың тиімді жолы - жаңа технология негіздері болып табылады. Сапалы білім беру - оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз үдерісі. Қазіргі кезде білім берудегі мақсат жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім өзіндік ой- талғамы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Бұрын оқытуда оқушылар тек қана тыңдаушы, орындаушы болып келсе, ал қазіргі оқушы өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек.

Бүгінгі білім беруде оқушыны білімділік, іскерлік, шығармашылық әдістерге баулудың жолдарын іздестіре отырып, мұғалім-шәкірт арасында рухани және сезім бірлестігін айқындайды. Қазіргі кезде оған жететін жаңа педагогикалық технологияларда баршылық. Соның бірі - критериалды бағалау жүйесі.

Критериалды бағалау - бұл оқушылардың білім мазмұны мен мақсаттарына сай, оқу- танымдық құзіреттілігін қалыптастыруда нақты анықталған, ұжыммен қалыптастырылған, алдын- ала оқушылардың барлығына белгілі білім жетістіктерін бағалауға негізделген үдеріс.
Критериалды бағалау

Мектепте оқыту сапасын жоғарлату.
Мектеп оқушыларының білімін халықаралық стандартқа сәйкестендіру.
Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты:

Сабақтың әр бөліктеріндегі әр оқушының дайындық деңгейін анықтауға;
Бағдарламаға сәйкес оқу мақсаттарын орындау қабілеті;
Жеке оқушының даму жетістігін бақылауға
Оқушының білім алу барысындағы қателіктері мен олқылықтарын айқындауға
Әртүрлі жұмыс барысындағы алған өз бағасының әділдігіне көзін жеткізуге
Оқу бағдарламасының тиімділігін саралауға
Сабақ үдерісі мен білімнің меңгерілуі туралы оқушы мен мұғалім және ата-ана арасындағы кері байланысты қамтамасыз ету
Критериалды бағалаудың міндеттері

Критериалды бағалаудың басты ерекшелігі
Алдын ала ұсынылған бағалау шкаласы
Өзін бағалауға мүмкіндіктің берілуі
Бағаның әділдігі
Анық, айқындылығы

Оқу үрдісінің әрбір кезеңінде оқушының дайындық деңгейін анықтау;
Оқу бағдарламасына сәйкес оқытудың мақсаты мен нәтижелерінің жетістіктерін оқушылардың өздерінің талдауы;
Әрбір оқушының жеке даму траекториясын бақылау;
Оқу бағдарламасын меңгерудегі олқылықтарды жою үшін оқушыларды ынталандыру;
Оқу бағдарламасының тиімділігін бақылау;
Оқу үрдісін ұйымдастырудың және оқу материалын меңгерудің ерекшеліктерін анықтау үшін мұғалім, оқушы және ата-ана арасында кері байланысты қамтамасыз ету.
Критериалды бағалау жүйесінің мүмкіндіктері:

Оқушының жеке басы емес, тек қана жұмысы бағаланады;
Оқушының жұмысын бағалау алдын -ала ұсынылған критерийлерге негізделеді.
Бағалау алгоритмі оқушыларға алдын-ала белгілі;
Оқушы нақты не мақсатта жұмыс істеп отырғанын біледі;
Оқушыға өзінің білімділік деңгейі анық көрініп тұрады;
Критерий арқылы бағалау мұғалімнің оқушы деңгейін анық біліп отыруына мүмкіндік береді;
Білім берудің сапасы артады.
Критериалды бағалау артықшылықтары:

Критериалды бағалау:
Мұғалімдерге: Сапалы нәтиже алуды қамтамасыз ететін критерийлерді құрастыруға; Өз жұмысын талдау және жоспарлау үшін ақпарат алуға; Оқу үрдісінің сапасын жақсартуға; Әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқушы үшін оқытудың жеке траекториясын алуға; Бағалаудың әр түрлі тәсілдері мен құралдарын қолдануға; Оқу бағдарламасының мазмұнын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге мүмкіндік береді
Оқушыларға: Нәтижені талдау үшін бағалау критерийлерін білу және түсінуге; Рефлексияға қатысу, яғни өзін және өз достарын бағалауға; Нақты есептерді шешуде білімдерін қолдану, өз ойларын еркін жеткізе білуі, сын тұрғысынан ойлай білуге.
Ата- аналарға: Баласының білім деңгейлерін бақылай алуға; Баласының оқу үрдісін бақылай алуға; Баласына оқу үрдісі кезінде қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.

Критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі:
Заман талабына сай бәсекеге қабілетті, білімді, іскер, ойлау жүйесі дамыған, логикалық тұжырым жасауға бейім, еркін ойлай алатын жеке тұлғаны қалыптастырады;
Жеке жұмыстар жүргізу арқылы білім дәрежесін, ой-өрісін әрі қарай дамытады;
Оқушылардың білім сапасын арттырады;
Оқушының тұлғалық бағытын белсенді позициясына бағыттауға мүмкіндік беретін бірден-бір бағалау жолы;
Тұлғаны өзіндік жауапкершілікке, тұғырлы нәтижеге, бағытқа жеткізетін, шығармашыл бағалау жүйесі.

Критериалдық бағалау жүйесін қолдану арқылы:
Оқушының тұлғалық бағытын белсенді позицияға бағыттау;
Тұлғаны өзіндік жауапкершілікке, тұғырлы нәтижеге, бағытқа жеткізу;
Білім алушылардың дайындық деңгейі мен өсу динамикасын кез-келген кезеңде анықтау;
Әртүрлі жұмыстардан алған бағаларды дифференциалдауға болады (Өздік жұмысы, күнделікті баға, үй жұмысы т. б) ;
Құрылымдық бағалау мен нақтылы бағалаулар арқылы оқушының еңбегін анықтау;
Оқушының бағалау жүйесіне толық қанағаттануын аламыз.

Критериалды бағалау
Критериалды бағалау моделі
Қалыптастырушы бағалау (ҚБ)
Жиынтық бағалау (ЖБ)

Қалыптастырушы бағалау оқушылардың оқуда жетістіктерге жетуіне және алға ілгерілеуіне тікелей ықпал ететін және оқушы мен мұғалімнің арасындағы кері байланысты қамтамасыз ететін оқыту мен оқудың бөлінбейтін құрамдас бөлігі болып табылады. Сабақта қалыптастырушы бағалауды жүйелі өткізу - жиынтық бағалаудың нәтижелі, сапалы болуының баспалдағы.
Жиынтық бағалау тоқсан соңындағы оқушы білімінің жетістігін саралайтын жұмыс, ендеше осы жұмыстың бастауы негізі қалыптастырушы бағалауда қаланады.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz