Түйсік пен қабылдау



ТАРИХ ЖӘНЕ ШЕТЕЛ ТІЛДЕРІ ИНСТИТЫ
«6В11401 - ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС»
Тақырыбы: Түйсік пен қабылдау
Орындаған: Алпысбай Айғаным
Тексерген: Амирбекова Мархабат

Жоспар

Түйсік - қабылдаудың ажырамас бір бөлігі, ол психикалық үрдістің бірінші элементі, оның көмегімен біз әрбір заттар мен құбылыстардың сапасын, жеке қасиеттерін көремін, формасын, салмағын, түсін, тұнықтығын бейнелейміз. [9 тақырып, 77бет]

Түйсік туралы жалпы ұғым
А. Р. Лурия түйсікті екі принципке бөлді. Олар жүйелік және генетикалық түрлерін ашты.
Түйсіктің жүйелік жүктемесінің, негізін салған ағылшын физиологы Чарльз Скотт Шеррингтон. Түйсікті 3 негізгі типке бөлді.
[9 тақырып, 77бет]

Экстрорецептор
(сыртқы анализатор рецепторлары)
Интероцептор
(ішкі процестерге
байланысты)
Пропреоцептор
(дененің кеңістіктегі қалпы жөніндегі ақпараттармен қамтамасыз етеді)
Рецепторлардың организмде орналасуына қарай түйсіктерді үлкен үш топқа бөлуге болады:
[9 тақырып, 78бет]

Түйсіктің негізгі заңдылықтары
Анықтамасы
Сезгіштік
Психологияда адамның түйсіне алу қасиетін сезгіштік деп атайды.
Сенсибилизация
Сенсибилизация сезгіштіктің тек артуын ғана көрсететін құбылыс болып табылады.
Адаптация
Сезім мүшелерінің сезгіштігі әсер етуші тітіркендіргіштерге біртіндеп бейімделуге да өзгеріп отырады. Бұл құбылысты адаптация деп атайды.
Бір ізді бейнелер
Тітіркендіргіш әсерінің тоқталғандығыга қарамай, аз ғана уақыт болсада, түйсіктің қалатын кездерін бірізді бейнелер деп атаймыз.
Синестезия
Тітіркендіргіштер сезім мүшелерінің біреуінде ғана түйсік туғызудың орнына сол сәтте басқа түйсіктердің пайда болуына да жағдай жасайды.
Түйсіктің негізгі заңдылықтары
[9 тақырып, 87бет]

Түйсіктің түрлері
Көру түйсігі
Есту түйсігі
Иіс түйсігі
Тері түйсігі
Дәм түйсігі
Қозғалыс түйсігі
Статикалық түйсіктер.
[9 тақырып, 78бет]

Көру мүшесі болып табылатын көз - анатомиялық құрылысы күрделі сезім мүшесі. Көз дистанттық рецепторға жатады, өйткені ол сезім мүшелерінен біршама қашықтықта жатқан заттар мен сыртқы дүниеде болып жатқан кұбылыстар жөнінде білім береді. Көру түйсіктері біздің көзімізге электромагнит толқындарының әсер етуінің нәтижесінде пайда болады. Егер бір уақыттың ішінде көзімізгеұзындығы 380-нен 780 миллимикронға дейін (миллимикрон мм-дің 1/1000 000 бөлімі) электромагнит толқындары әсер етсе, біз жарықты сеземіз. Белгіліұзындығы бар әр түрлі толқындар әсер етсе ғана көз заттардың түсін (бояуын) ажыратады
Көру түйсігі
[9 тақырып, 78-79бет]

Мұрын кеңсірігіндегі кілегей қабықтың клеткаларына түрлі химиялық заттардың микроскоптық бөлшектерінің әсер етуі нәтижесінде иіс түйсіктері пайда болады. Осы кілегей қабықтың таяқша тәрізді сезгіш клеткалары бар. Ауамен бірге мұрынға кіретін иісті заттар иіс мүшесінің сезгіш клеткаларын тітіркендіріп отырады. Иіс түйсіктерінің түрлері көп (хош иіс, сасық иіс, өткір иіс т. б. ) . Біз көбінесе белгілі бір иістің атын атаудан гөрі, иіс шығарып тұрған затты атаймыз (темекі исі, газ исі, шөп исі т. б. ) . Иіс түйсіктері адамның тұрмыс салтына, қызмет бабына қарай да ерекше дамып отырады.
Иіс түйсігі
[9 тақырып, 81-83бет]

Дәм түйсіктері түйіспелі контактылы түйсік, ол сезіммүшесі заттың өзімен жанасқанда пайда болады. Дәм білетін мүше - тіліміздегідәм бүршіктері. Дәм бүршіктері тілдің бетінде, жақтың ішінде, таңдайда, жұтқыншақтың арт жағында орналасқан. Олардың ең көпорналасқан жері - тіл аймағы. Дәмдік тітіркендіргіштердің негізгі дәмдік сапалары: қышқыл, тәтті, ащы, тұзды болып төртке бөлінеді. Осы 4 түйсіктің араласуынан және оларға бұлшық еттік (тілдің қозғалысы) түйсіктің қосылуынан сан алуан дәмдік түйсіктер туады.
Дәм түйсігі
[9 тақырып, 83-84 бет]

Тері түйсігінің рецепторы - денедегі терінің өн бойына орналасқан. Тері түйсігі, сондай-ақ тілдің, мұрынның кілегей қабықтарында да мол. Тері түйсіктерінің өзі бірнешеге бөлінеді. Олар: тактиль (жанасқанды түйсіну), температура (суық пен жылыны түйсіну) ауырғанды білдіретін түйсіктер.
Тері түйсігі
[9 тақырып, 84 бет]

Дистанттық түйсіктерге есту түйсіктері де жатады. Есту рецепторын тітіркендіретін дыбыс толқындары. Есту түйсігі де сыртқы дүниені танып, білуде зор маңыз атқарады. Естутүйсігі әсіресе тілді меңгеруге аса қажетті түйсік. Сөздің мәнін ұғу, оны дұрыс түсіну және біреуге айтып беру, дұрыс естімейінше жүзеге аспайды. Әрбір адамның ана тілі оның есту түйсігінің дамуына күшті әсер етеді Есту түйсігін - сөздік, музыкалық және шуылдық деп үш түрге бөледі.
Есту түйсігі
[9 тақырып, 80 бет]

Кинестезиялық түйсіктер(қозғалыс түйсігі) - дененің жеке бөлімдерінің бір күйдегі қалпын, қозғалысын түйсінуін айтады. Кинестезиялық түйсіктердің рецепторлары - бұлшық ет, тарамыс, сіңірлерде орналасқан. Осы түйсіктер адамның сөйлеу әрекетінде де, жазу, сызу жұмыстарьн атқаруда да зор рөл атқарады. Кинестезиялық түйсіктер нәтижесінде дене мүшелері қимылдарының күші, жылдамдығы, траекториясы жөніндегі білім қалыптасады. Қимыл-қозғалыс рецепторларының басым көпшілігі саусақ, тіл, еріндерде орналасқан. Бір сөзбен айтқанда, адамның қозғалысқа түсетін мүшелерінің барлығы да осы түйсікке сүйенеді.
Қозғалыс түйсігі
[9 тақырып, 85 бет]

Вибрациялық түйсіктер.
Қозғалған заттардың ауаны толқытуын денеміздің сезінуін айтамыз. Негізгі анализаторлары - түйсіну мүшелеріз. Дамуы қалыпты жағдайдағы адамдар бұлтүйсікті байқамайды. Ал егер адам есту қабілетінен айырлса, онда вибрациялықтүйсіктер оның тіршілігінде ерекше орын алады.
Статикалық түйсіктер.
Тең басу түйсіктері деп те атайды және денеміздің кеңістікте орналасу қалпын бейнелейді. Дене қалпының жер жазықтығына қатысты күрт және жиі өзгере беруі (әткеншек тебу, теңіз шайқалысы) теңіз ауруына, бастың айналуына әкеліп соғады. Статикалық түйсік - бастың қозғалысын, дененің кеңістіктегіалып тұрған орнын, яғни адамның тең басуын бейнелейді.
[9 тақырып, 86-87 бет]

Қабылдау туралы негізгі түсінік
Заттар мен құбылыстардың миымызда тұтастай бейнеленуі болып табылады. Қабылдауда заттар мен құбылыстардың түсі, дыбысы, дәмі, исі, формасы т. б. қасиеттері тұтас күйінде бейнеленеді
Қабылдаудың физиологиялық негізі - ми қыртысындағы талдағыштар (анализатор) жүйесінің бірлескен анализдік - синтездік қызметінің нәтижесі. И. П. Павлов қабылдауды мидағы «қатынас рефлексінің» жұмысы.
[10 тақырып, 90 бет]

Қабылдаудың негізгі қасиеттері
Анықтамасы
Тұтастығы
Заттарды қабылдағанда біз оны белгілі бір құрамға ие тұтас зат деп түрін, мәнін түсінеміз.
Мағыналылығы мен жалпылау
Адам өзі үшін белгілі маңызы бар заттарды қабылдағанда, өзіне таныс, жақын мағынада, күйде қабылдау
Таңдамалылығы
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz