Қызды оңбосағаға шығару




Презентация қосу
Қыздар мен ер балаларға
байланысты салт- дәстүрлер.
«Қызды оңбосағаға шығару»

Орындаған: Жұмахан Аружан
Қабылдаған: Паштанов Сұлтан
Тобы: ФАТ 911 Б
Жалпы «Қызды оңбосағаға
отырғызу» деген не ? Бұл
қандай салт дәстүр? Кімге
арналған?


Қазақ салты бойынша қыз бала бой жетіп
он үшке толған шағында үйдің оң
босағасынан арнайы орын беріп, өзіне
тиесілі киім кишек, көрпе жастығын,
жатын орнын шымылдық құрып
көлегейлейді , бөлектеп тәрбиелеуді
«оңбосағаға шығару» деп атайды.

Оны бүркеп, көлегейлеп тұрған
«шымдылдық», ал шымдылдық ішіндегі
қыздың орны «көсеге» делінген.
Бойжеткен ұзатылған уақытта көсегесін
жасауымен бірге алып кететін болған.
Осы ьорайда ел арасында «көсегең
көгерсін» деген сөз содан шыққан.
«Оңбосағаға шығару» салт дәстүрі ауылдың үлкендерімен
өткізіледі. 15 жасқа толған Нәзікті ортаға шақырмас бұрын
әжесі оған жеңге сайлады. Ақ жаулықты ана келіндерінің
арасынан ең үздігін балиғат жасқа толған немересін дұрыс
бағытта тәрбиелеу үшін таңдайды. Жеңгесі қайын сіңлісінің
жүріс-тұрысынан бастап, қазан-ошақ міндетін, жар болудың
қадір-қасиетіне баулып, дұрыс тәрбие береді.Жеңге
сайлаудың тағы бір сыры, қайынсіңлісімен сырласуында
жатыр. Осы арқылы дұрыс жар таңдауына себептескен.

Жүзі бал-бұл жанған Нәзікті қонақ алдына шақырып, қыздың
балиғат жасына толғанын білдіретін ұлттық әшекейлер
тағады .Ең алдымен үлкен жеңгесі қыздың мойнына
бойтұмар тағып, сол қолының сұқ саусағына құсмұрын жүзік
салады. Соңында бойжеткеннің қос бұрымына күміс шолпы
тағады. Тағылған шолпыны тек әшекей ғана емес, қыздың
бой жетіп, оң босағаға шыққанын білдіретін басты белгі.
Әрбір әшекейдің мән мағынасы бар.
Олар:
1. Бойтұмарға аруларымыз құпия хаттарды сақтаған.
Өйткені балиғат жасқа толған қыздың бойтұмарында
арнайы хат жасыратын орын болған. Сондықтанда
қыз тұмарын өзінен басқа ешкімге ұстатпаған.

2. Құсмұрын жүзіктің ерекшелігі бұл жүзіктің тұмсығы
жоғары қарап тұрса, қыздың басы бос екекін
білдірген. Тағы бір кереметі қыз ұзатылан кезде
анасы осы жүзікті жасауымен бірге орамалға түйіп,
қайын жұртына жіберетін болған.Арада уақыт өте
құдайгиы жүзікті қыздың анасына қайтарып жіберсе,
қыз барған жерінде тәрбиелі, сыйлы, керемет келін
болғанын білдірген. Құсмұрын жүзіктің үйіне қайтып
келгеніне аналар ерекше қуанған
3. Қыз оңбосағаға шыққанда ағасы қымбат бұйым
сыйлаған. Ол БЕЛДІК
Қымбат тастармен көмкерілен белдікті «белдігіңді
ешкімге ұстатпа» деген ырысмен сыйлаған.
Қыздың бойын түзейтін шопысын әжесі тарапынан
сайланған жеңгесі қос бұрымына арнайы сылдырлата
тағады.
Әрбір әшекейдің өзіндік тәрбиесі, мән мағынасы бар. Ата

бабамыз тектен текке ештене жасамаған.

Қыз он үш жасқа дейін өзімен қатарлас ер балалармен
асыр салып ойнап жүре береді. Он үш жасқа толғанда
оның бойжеткенін, әлеуметтік мәртебесінің өзгергенін
білдіру үшін туған туыс, жақындары арасында осындай
ерекше дәстүр «қызды оңбосағаға шығару» дәстүру
жасалады. Бұлда бір кішігірім той.
Осы дәстүрден кейін қыздың тәрбиесіне, өнегесіне, өзге
ортада өзін ұстауын, икемделуіне жеңгесі жауап береді.


Бойтұмар
Құсмұрын жүзік

Шолпы

Жалпы алғанда қыздарымыздың жастай
оңбосаға шығару үлкен ғылыми негізі бар.
Сонымен қатар шаңырақ ұйытқысы болып,
барлық істе икемділігін жоғарылатады.Барған
отаудың берекесін тасытып, ел анасы атанады.
Данаи қалпында көрегендігін байқатып,
айналасына шуағын төгеді. Өзі жиған

дүниесінен құрбысыьмен қайынсіңлісіне сыйлық
береді.

Ерінің керек жарагын дайындап, түздегі
азаматына тілеулес болады. Мұның бәрі бала
күнінен алған тәлім тәрбиесіне, анасынан
көрген тәлімінен ағаруға болады
Халқымыз қыз баласының тәрбиесіне
аса көңіл бөлгендігін еске салып,
дәстүрді заманға сай лайықтап,
күнделіті өмірге енгізсек, қыз
тәрбиесіндегі кейбір өрескел
жағдайлар орын алмас еді.

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАҚМЕТ


Ұқсас жұмыстар
Қалжа мен шілдехана тойы
Қазақ халқының салт- дәстүрлері
Халық дәстүрі-асыл қазына
Қыз балаларға өнегелі тәрбие беру
Қазақтың салт-дәстүрлері
Қыз бала - ұлттың ұяты, халықтың шырайы
Қазақ халқының дәстүрі
Балқаш- аңыз
Қазақтың дәстүрлерін дәстүрлерді ата
Ұлттық ойындар туралы ақпарат
Пәндер