Мал қораларындағы ауа ылғалдылығының көздері



Ауаның ылғалдылығы, анықтау тәсілдері.
Орындаған: Бағдатқызы Сымбат
Абжан Қанат
ВМ306
Тексерген: Нурбекова А. Ж.
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ

Ауа ылғалдылығы
Ауаның ылғалдылығы - ауадағы су буының мөлшері; ауа райы мен климаттың ең маңызды сипаттамаларының бірі.
Ауаның ылғалдылығы бірнеше өлшеммен сипатталады:
Абсолют ылғалдылығы
Салыстырмалы ылғалдылығы,
Су буының серпінділігі (миллибар немесе сынап бағанасындағы мм-мен өлшенетін су буының қысымы),
Шық нүктесі,
Меншікті ылғалдылық,
Қоспалар қатынасы (су буы массасының сондай көлемдегі құрғақ бу массасына қатынасы) сияқты шамалармен сипатталады.

Абсолюттік ылғалдылық - 1 м3 ауадағы будың белгілі бір температурадағы мөлшері.
Максималды ылғалдылық - 1 м3 ауаудағы белгілі бір температурада бола алатын будың ең жоғарғы мөлшері.
Салыстырмалы ылғалдылық - абсолютті ылғалдылықтың максималды ылғалдылыққа қатынасы, яғни ауаның бумен толығу дәрежесін немесе пайызын сипаттайтын көрсеткіш.
Ылғал тапшылығы - белгілі бір темепартурада максималды және абсолюттік ылғалдылықтар арасындағы айырмашылықты көрсетеді және ауаның буды жұту немесе сіңіру қабілетін көрсетеді. Ылғал тапшылығы артқан сайын булану жылдамдығы мен ауауның құрғату әсері де ұлғаяды. Мал қораларында бұл көрсеткіш 7, 2 мг/м3 ең аз көрсеткішке дейін ауиқиды.
Шық нүктесі - ауадағы будың суға айналу температурасы.

Мал қора ауасында атмосфераға қарағанда ылғал (бу) көп болады. Атмосфералық ауа ылғалдылығы қора ауасының 10 - 15 пайызын құрайды.
Мал қорасында ылғалдың негізгі бөлігін малдың өзі бөледі: әр сиыр тәулігіне 10кг, ал жылқылар 8 кг-дай, 100 шошқа тәулігіне 2 тоннадай ылғал бөледі. Қора - жай ауасына мал огранизмінен бөлінетін будың (теріден, тыныс жолдарынан шығарылған ауамен және т. б. ) пайызы айтарлықтай көп, яғни 60-80 пайыз. Одан басқа ылғал еденнен, қабырға мен төбеден, суарғыштан және канализация жүйесінен бөлінеді. Шошқа қораларының басқа қоралардан айырмашылығы еденнен буланатын бу мөлшері шошқанынң демі арқылы шығаратын буынан 1, 5 есе көп болады. Себебі, шошқа қораларының едені үнемі ылғалды болып тұрады.
Мал қораларындағы ауа ылғалдылығының көздері.

Құралдар
Ауа ылғалдылығын өлшейтін құрал ретінде гигрометр (гигрос-грекше «ылғалдылық») және психрометр (психриа-«суық» грек сөзінен) қолданылады.
Гигрометр шашты және конденсациялық деп бөлінеді.
Шашты гигрометрдің жұмыс істеу принципі адам шашының (жылқы жалының) ауа ылғалдылығы артқанда ұзаруына негізделген.

Конденсациялық гигрометр
1-метал қорапша,
2-өңделген қабырға,
3-өңделген сақина,
4-жылуөткізбейтін қабат,
5-резеңке допша,
6-термометр.
Конденсациялық гигрометрдің жұмысы абсолют ылғалдылықтың кестесі бойынша шық нүктесін анықтауға негізделген. Эфир толтырылған ыдысқа ауаны айдап кіргізіп, эфирдің булануына қол жеткізіледі. Сонда ыдыс салқындайды да, оның өңделген сыртқы металл бетінде ауаның құрамындағы су буы конденсацияланады. Сосын формула бойынша ауаның салыстырмалы ылғалдылығы есептеледі.

Психрометр
Психрометр құрғақ (1) және ылғал термометр (2) бекітілген корпустан тұрады. Термометрлердің көрсетуінің айырмасы арқылы психрометрлік кесте (3) арқылы ауаның ылғалдылығы табылады.

Емдеу әдістері
Процедуралар жеке-жеке немесе топтарға жүргізіледі.
Науқастар топтық отырыстарында, алдын ала берілген қашықтықта (20-дан 70 см) аппарат айналасына отырғызылады. Сессиясы шамамен 20 минутқа созылады, курстық әсері күнделікті немесе күнара белгіленген 10-20 рәсімдерден тұрады. Қайталау курсын 3-6 ай өткеннен кейін алуға болады. Науқасты жеке емдеу үшін құрылғының алдында ыңғайлы отырығызып буларды тыныс алады.
Терапиялық әсерге қол жеткізу үшін теріс иондар концентрациясы қажетті 1 сағат шамамен 1 105 ғғ сессиясы уақыт болуы тиіс.
Әдетке болдырмау үшін машинаға емдеу уақыты және пациент тәсілді арттыру арқылы иондарының концентрациясын арттыру қажет.
емдеу ғана емес, жалпы aeroionotherapy түрінде жүзеге асырылады, бірақ жергілікті әсерлері болуы мүмкін. Бұл әрекетті орындау үшін, (теріс иондар мазмұны 5 млн дейін жетеді) жасауға бағытталған шоғырланған науқастың денесінің белгілі бір аймағына ағады. Бұл процедура әуе иондар массаж деп аталады. Емдеу ұзақтығы - 5-тен 10 минут, 20 сессияларының ұшырау барысында ұзақтығына.

Ауа ылғалдылығының мал организміне әсері
Ауа ылғалдылығы қоршаған ортаның климаты мен микроклимат көрсеткіштеріне әсер етеді.
Ылғалдылық қоршаған орта арқылы мал организміне тікелей және жанама әсер етеді.
Қора ауасында ылғалдың көптігі, жылу реттеуге тікелей әсер етеді
Температура ыстық кезде, әрі ауа қозғалысы төмен болса (қапырық, нашар желдететін қораларда) организмнен жылу шықпай қызады, ыстық өтеді (гипертермия) .
Ылғал ауаның сиымдылығы құрғақ ауа сиымдылығынан 10 есе үлкен. Сондықтан ауа ылғалдылығы әрі суық болса, оның үстіне ызғырық жел соқса организм тез мұздайды (қосымша салмағы азаяды-15-20%, азықтың сіңірілуі төмендейді, өлім-жітім көбейеді) .
Сыз (ылғалдылығы 90-95%), суық қора-жайларда суық тиіп мал жиі ауырады (өкпе аурулары, гастроэнтерит және т. б. ), тері (қышыма, таз және т. б. ) және тұяқ (некробактериоз, тұяқтың жұмсаруы) ауруларына шалдығады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz