Ежелгі Грекияның мемлекеттік формасы




Презентация қосу
Ежелгі Грекия саяси
ілімінің дамуы: саяси
ғылымның негізгі
мектептері мен
жетістіктері.

Иманғали Олжас
Ээк 19-13
Тексерген: Әбдіқалық А.Ә
Жоспары:
Кіріспе
1. Ежелгі Грекияның мемлекеттік формасы
2. Грекияның демократиялық басқаруы
3. Демокриттік саяси ойы
4. Ежелгі Грек өнері, мәдениеті және жеткен
жетістіктері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Көне Грекия территориясында алғашқы
мемлекеттер б.э.д. I мың жылдықта дербес, егеменді
қала – мемлекеттер – полистер ретінде пайда болды.
Алғашқы қауымдық құрылыстан құлдық
формацияға көшу процесі қоғамда өте қатал
таптық қайшылықтарға толы болды. Екі
антогонистік тап қалыптасты.
Бір жағынан бай аристократтар болса, екінші
жағынан кедейленген қала тұрғындары және ерікті
адамдар мен құлдар болды.
Мемлекет басқару формасында қала полистер
арасында қатаң бәсекелестік басталды. Бұрыннан
билік басында болған ақсүйектермен
(аристократтар) бақталастыққа олигархтар (ірі
мүлік иелері) түсті.
Осындай қиын жағдайда кейбір қалаларда демократиялық басқару формасы
қалыптасты (Афина мен Абдер қалалрында). Қоғамдағы осы саяси жағдайлар мен
процестер грек ойшылдарының саяси ілімдерінің қалыптасуына ықпал етті.
Грекиядағы саяси ойлардың даму ерекшеліктерін саралағанда, біз оның үш кезеңін
қарастырамыз. Алғашқы кезең – (б.э.д IX–VI ғғ.) ол көне грек мемлекеттерінің
қалыптасуымен тұспа-тұс келеді және мемлекеттің пайда болуын философиялық-
құқықтық (Пифагор, Гераклит) негізде түсіндіру үрдісі қалыптасады. Екінші кезең –
(б.э.д. V–IV ғғ.) грек философиясының өркендеуі мен саясиқұқықтық идеялардың
даму кезеңіне сай келеді. Бұл Демокрит, Сократ, Платон, Аристотель заманы еді.
Үшінші кезең – эллинизм дәуірі, грек мемлекеттерінің құлдырауы мен грек қала
полистерінің әуелі Македонияның, одан кейін Рим империясының қол астына
енуімен сипатталады.
Демокрит (б.э.д. 460–370 жж.) өзінің саяси ойларында алғаш рет адам мен
адамзат және қоғамның дамуы әлемдік даму үдерісінің табиғи жалғасы деп
қарастырды. Осылайша адамзат қоғамы прогрессивті эволюциялық
өзгерістерден кейін өзінің қалыпты жағдайынан шықты. Осы тұрғыдан
алып қарағанда полис, қоғам және заңнамалар қолдан жасалған, ол
табиғаттан алынбаған. Сондықтан да олардың пайда болу үдерісінің өзі
қажеттіліктен туылған, яғни кездейсоқ процесс емес деп көрсетеді. Осыдан
да болар Демокрит үшін табиғи және қолдан жасалған дүниенің байланысы
саясат пен этикалық нормалардағы өлшеммен анықталады. Сондықтан да
ол адам табиғатына қарсы келетін дүниенің барлығын әділетсіз деп
қабылдайды.
Ежелгі Грекия немесе Эллада — б.з.б. III
мыңжылдықтан б.з.б. I ғасырына дейін
болған ежелгі грек мемлекеттері жерінің
жалпы аты; Балкан түбегінің оңтүстігін, Эгей
теңіздегі аралдарды, Фракия жағалауын,
Кіші Азияның батыс өңірін ала орналасқан.
Грек отаршылдығы дәуірінде (б.з.б. 8-6 ғ.
бұл мемлекеттер өз ықпалын Италия,
Шығыс Сицилия, Оңтүстік Франция жеріне,
Африканың солтүстік жағалауына
(Киренаикаға), Қара теңіз бен Азов Теңізінің
бұғаздары мен жағалауларына дейін
таратып, сол жерлерде грек отарлары
Ежелгі Грекия тарихында тарихшылар келесі
кезеңдерді белгілейді::
Эгей мәдениеті (б.з.б. III мыңжылдықтың соңы
— II мыңжылдық). Миной және Микен өркениеті.
Миной өркениеті (Крит):
Ерте миной кезеңі (б.з.б. XXX—XXIII ғғ.).
Орта неминой кезеңі (б.з.б. XXII—XVIII ғғ.).
Кейінгі миной кезеңі (б.з.б. XVII—XII ғғ.).
Эллада өркениеті (Балкан Грекиясы):
Ерте эллада кезеңі ( б.з.б. XXX—XXI ғғ.).
Орта эллада кезеңі (б.з.б. XX—XVII ғғ.).
Кейінгі эллада кезеңі (б.з.б. XVI—XII ғғ.)
немесе Микен өркениеті.
Полистер кезеңі (б.з.б. XI—IV ғғ.).
Гомер кезеңі немесе «қараңғы ғасырлар»
(б.з.б. XI—IX ғғ.).
Көне Грекия (б.з.б. VIII—VI ғғ.).
Эллинистік Грекия (б.з.б. IV—I ғғэ.).
Бірінші эллинистік кезені (б.з.б. 334—281 ж.).
Екінші эллинистік кезені (б.з.б. 281—150 ж.).
Үшінші эллинистік кезені (б.з.б.150—30 ж.).
ЕЖЕЛГІ ГРЕК ӨНЕРІ
Зевстің алтың мүсіні.
Зевстің алтын мүсіні – кезінде Ежелгі Грекиядағы Олимп тауында Зевс құдайға
орнатылған ескерткіш, “әлемнің жеті кереметінің” бірі. Б.з.б. 5 ғ-да өмір сүрген
белгілі афиналық мүсінші Фидий сомдаған. Ежелгі гректер құдайлардың құдайы деп
сенген Зевске арнап ақ мәрмәрдан зәулім сарай тұрғызған болатын. Фидий өзінің
мүсінін осы сарай ішіне сомдаған. Тақта отырған құдай мүсінінің биіктігі 17 м
болған, ол сарай төбесіне сәл-ақ тимей тұрған. Зевс отырған тақ түгелдей алтын және
піл сүйегінен жасалған. Негізгі ағаштан істелген құдай мүсінінің беті, қолы, аяғы
және ашық төсі өте нәзік зергерлікпен өңделген піл сүйегімен түгелдей қапталған.
Мүсіннің белден төм. бөлігі гүлдермен, жұлдыздармен, әр түрлі хайуанаттар
бейнесімен көркемделген алтын жамылғымен жабылған. Мүсінші Зевстің бір қолына
ұстатқан жеңімпаздық құдайы Ника бейнесі де, екінші қолындағы қыран қонған
тұғыр да алтын мен піл сүйегінен жасалған еді. Ал Зевстің басына таза алтыннан
өрілген тәж кигізілген болатын. Ежелгі гректер ең үлкен бақытсыздық – Зевс
құдайдың алтын мүсінін көрместен бұрын өліп кету деп есептеген. Сондықтан да ес
білген әр адамға бұл бейнені көру арман болған. Б.з. 5 ғ-нда Зевс мүсінін Грекиядан
Константинопольге (қазіргі Стамбұлға) көшірген. Мүсін сонда өртте қалып жоқ
болды. Бірақ оны көрген адамдардың жан-жақты суреттеп, сипаттап қалдырған
көптеген қолжазбалары арқылы Зевстің алтын мүсінінің қандай болғанын көзге
елестетуге болады.
Ежелгі грек театры.
Эпидаврдағы театр
Театрдың даму кезеңдерінің бірі — көне замандағы театр мәдениеті. Ертедегі грек
драмасы мен театры — жүзім мен шарап жасау Құдайы Дионистің құрметіне ауылдык
жерде мереке өткізу негізінде пайда болды. Бұл мерекелерде маскалы адамдар, теке
терісін кигендер (теке — Дионистің қасиет тұтатын жануары) өнер көрсетті.
Маскалылар хорының би аралас әндерінде диалог элементтері мен сахналық қимыл-
әрекет басым жатты.

Эллинистік дәуірге дейін хор грек драмасындағы
басты элемент болып келді. Феспид бірінші болып
б.з.д. 534 жылдың көктемінде Ұлы Дионис
мерекесінде, өзінің трагедиясын көрсетіп, бас
жүлдеге ие болды. Сондықтан да б.з.д. 534 жыл әлем
театрының туған жылы деп саналады. Ақын Феспид
хордан ерекше орындаушыны — актерді бөліп
шығарды. Сөйтіп, дүниеге бірінші актер —
протагонист келді. Хор басшысы — корифей бастаған
хор 12, кейіннен 15 адамнан құралды. Грек драмасы
өзінің даму процесінде діни әдет-ғұрыптардан бірте-
бірте алшақтай берді. Сонымен бірге драма грек
мифтеріндегі материалды молынан пайдаланды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. М. Мұхамедов, Б. Сатершинов, Б. Сырымбетұлы.
Құқықтық- саяси ілімдер тарихы. Оқу құралы. Алматы,
«Заң əдебиеті». 2002 ж.
2. Əбдіғалиев Б.Б., Жамалов Қ.Ж., Сатершинов Б.М.
Саяси ой тарихы. –Алматы: Үш-қиян, 2003.
3. Азаркин Н.Н., Левченко В.Н., Мартышин О.В.
История политических учений.
Под общей ред. О.В. Мартышкина. М., 1994 (к темам 1-3,5-8).
4. История политических и правовых учений. Под общей ред.
B.С. Нерсесянца. М. 2000.(к темам 1-18).
5. Хрестоматия по Истории политических и правовых учений
под ред. Лейста О.Э. М.2001. ↑ Ежелгі дүние тарихы. Жалпы
білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық. Алматы : "
Атамұра "
6. Ежелгі дүние тарихы - 6 сынып - Алматы: Атамұра баспасы
2006
Назарларыңыз
ға рақмет!

Ұқсас жұмыстар
Ежелгі батыс елдері
Гомер дәуірінің мәдениеті
Ежелгі Грекия өркениеті
Ақпараттық технологияны оқу процесінде қолдану арқылы оқушы
Ежелгі Грек мәдениеті
Даосизм - байырғы Қытай философиясындағы негізгі бір бағыт
Тақырып Философия және рухани жаңғыру
Антика дәуіріндегі философия аясында жеке ғылымдардың бастауларының пайда болуы
ҒЫЛЫМ ЕЖЕЛГІ ГРЕК ӨНЕРІ
Ежелгі мәдениет пен өркениет
Пәндер