Қазақ ағартушыларының әлеуметтану көзқарастары
Презентация қосу
Коммерциялық емес ашық акционерлік қоғамы
Ғ.Ж.Дәукеев атыындағы АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС
УНИВЕРСИТЕТІ
«Әлеуметтік пәндер» кафедрасы
№1 Семестрлік жұмыс
«Модуль социально-политических знаний» пәні
Тақырыбы : «Қазақ ағартушыларының әлеуметтану көзқарастары».
Мамандығы : Электр Энергетикасы
Орындаған: Имангали Олжас Тобы: ЭЭк-19-13
Тексерген: Әбдіқалық А.Ә
Алматы 2020
Қазақстанда социологиялық көзқарастың қалыптасу негіздері
Қазақстандағы əлеуметтік ой қалыптасуының қазақ халқының
қоғамдық және әлеуметтік болмысының , дүниетанымының ,
әлеуметтік құндылықтар жүйелерінің айрықша нысандарына
байланысты өзіндік ерекшеліктері бар. ХІХ ғасырдағы - ХХ ғасырдың
басындағы әлеуметтік және әлеуметтік - саяси ілімдер
қалыптасуының объективті шарттары мынадай факторлар болады :
1 ) Рухан көтерілу - мәдениет , тарих , жаратылыстану , әдебиет
өркендеді сондай - ақ халықтың саяси және әлеуметтік санасы
сапалық жаңа деңгейгe көтерілгені атап өтілді ; 2 ) әлеуметтік -
саяси даму - Қазақстандағы патшалық отаршылдық саясат әкімшілік
, сот нормалары арқылы қоғамдық құрылымның дәстүрлік
нысанының өзгеруіне әкеп соқты .
XIX ғасырдың аяғында Қазақстанның қоғамдық ойында қазақ
ағартушылығы қалыптасты , оның жарқын өкілдері Шоқан Уәлиханов ,
Абай Құнанбаев , Ыбырай Алтынсарин болды . Қазақ
ағартушылыгының философиялық мұрасы Қазақстан ғылымында
кеңінен зерттелген , онда щазақ ағарту ісінің екі кезеңі
қарастырылады : 1. Классикалық кезең - Ш.Уалихановтан ,А.
Құнанбаевтан және Ы.Алтынсариннен бастау алады ; 2. Дамыған
ағарту ісі кезеңі. Оның өкілдері: А.Байтұрсынов, А.Бөкейханов, Ш.
Құдайбердіұлы. Қазақстандағы әлеуметтанулық көзқарастарының
қалыптасу процесі Батыс Еуропада әлеуметтанудың ғылым ретінде
қалыптасуымен қатар жүрді . Қазақ ойшылдарының теориялық
мұраларын шартты түрде үш бағытқа бөлуге болады . Бірінші бағыт
Ыбырай Алтынсариннің , Шәкәрім Құдайбердиевтің , Ахмет
Байтұрсыновтың әлеуметтану саласындағы еңбектерімен және
кызметімен байланысты . Олар білімді , оның әлеуметтік
маңыздылығы мен құндылығын насихаттауды мақсат етті . Ыбырай
Алтынсарин бұл проблемаға адам жасының психологиясы мен
әлеуметтік педагогика тұрғысынан қарады .
Шәкәрім " Үш анық "
еңбегі
Шәкәрімнің философиялық , әлеуметтанушылық , психологиялық
көзқарастары оның " Үш анық " атты еңбегінде көрсетілген, онда үш
сәтті бөліп қарауға болады :
1 ) Шәкәрім Батыс Еуропа ойшылдарының еңбектерін сын көзбен
зерделеп , Спенсердің Конттің еңбек ерін талдайды , олардың
көзкарастарына қатысты ұстанымын , білдіреді ;
2 ) дамыған халықтардың білімдерін өз халқына жеткізуге
әрекеттенеді ;
3 ) ақиқат ғылымды ізтеу - басқа жат проблемалардан бас тарту деп
есептейді . Ғылыммен еркін , жалтақтамай шұғылдану қажеттігін
айтады
Екінші бағыт- таныммен , танымдық қызметпен , танымдық
белсенділікпен және олардың дамуының белгілі бір
әлеуметтік институттардың нақты қызметімен ұштасуына
байланысты . Бұл кезеңде қазақ даласында мектептер
ашыла бастады , қоғамда Ыбырай Алтынсариннің есімімен
тікелей байланысты білім беру жүйесінің институттану
процесі басталды . Оның ағартушылық қызметінің
ерекшелігі мектеп ашумен шектеліп қоймай , оқытудың
дидактикалык принциптерін жасағанында , инспекторлық
бақылаудың негізін қалап , мұғалімдер даярлау жүйесін
енгізуінде. Үшінші бағыт " Адам дүниені қалай танып біледі "
атты сауалға жауап іздеумен шұғылданды . Білім берудегі
әлеуметтану бұл проблеманың кейбір қырларын өз
зерттеулерінің пәні ретінде қарастырады . Осы тұрғыдан
алғанда Шәкәрiмнін " Үш анық " атты еңбегі аталмыш
проблеманы зерттеу құралы болып табылады .
Қазақ ойшылдарының әлемдік қоғамдық ойға қосылғандығы
және қоғам прогресс идеяларын айрықша қабылдауы
Қазақстанда әлеуметтану көзқарастарын калыптастырудың
негізі болды . Бұл қағидалар әлеуметтанудың пайда болуының
қажетті шарттары болды . Теориялық әлеуметтану Спенсердің
және Конттың ұғымдарындағы прогресстен бастау алады.
Прогресстің өзін О.Конт адам ақылының имманенттік ұмтылысы ,
өзіндік қозғаушы күші ретінде түсіндіреді . О.Конттың
әлеуметтік серпіні қоғамның күйреуін , жойылуын емес ,
керісінше оның жалпы ілгерілеу қозғалысын қамтамасыз ететін
өзгеріске негізделеді , адам қоғамын жануарлардан ,
биологиялық бірліктен ажырататын да осы өзгеріс . Прогресс
дегеніміз - жоғары бағыттағы ілгерілеу қозғалысы - эволюция .
Абайдың әлеуметтанудағы көзқарасы
Абай әлеуметтанудан арнаулы еңбектер жазбағанымен шығармаларында
алуан түрлі әлеуметтік мәселелерді қозғап отырған. Өзінен бұрын және кейін
өмір сүрген ақын – ойшылдармен салыстырғанда Абай қоғамдық
құбылыстардың даму қағидалары туралы, оларды басқару, қоғамның
құрылымы, адам, тарихтағы бұқара халықтың және тұлғаның қалыптасуы,
оның жоғарғы әлеуметтік-моральдық қасиеттері туралы терең ой қозғады.
Яғни адамдарды ғылым және біліммен қаруландырып, олардың сана-сезімін,
білімін дамыту, қоғамның дамуына байланысты білімнің ерекше маңызды рөлі,
т.б. туралы бірінші болып терең ой-пікір айтқан және қоғам құбылыстарының
даму қағидаларының бағыты туралы алғаш рет мәселел қозғап, өзінше
шешкен. Абай сол кезде қазақ халқының саяси, мәдени, экономикалық
жағынан кеш қалу себебін оның көшпенділігінен, бытыраңқылығынан
екендігін халыққа түсіндірмекші болды. Қоғам туралы мәселе Абайды терең
толғандырған. Оның пікірі бойынша, біртұтас құбылыс ретінде қоғамның
табиғи негізін халық құрайды. Қоғамның әлеуметтік құрылымы бірыңғай емес,
ол бір-біріне қарсы тұрған жіктерден, яғни байлар мен кедейлерден
тұратыны ақиқат, дейді Абай. Қоғамның жіктерге бөлінуі ежелден бар.
Сондықтан олардың арасындағы күрес толастаған емес. Қоғам біртұтас,
бірыңғай құбылыс ретінде оның ішкі құрылымы алуан түрлі көкейкесті
мәселелерді шешуді қажет етеді. Олардың қатарына мүлік арқылы жікке
бөлінуі және жеке меншік, таптық құрылым, мемлекеттік басқару және сот
ісін жүргізу, қоғамдағы еркіндік, бостандық, теңдік және адамдардың
достығы, т.б. жатады.
Абай тұжырымдары
•Заман талабына сай еңбек етіп , кәсіпті , сауданы меңгеру
қажет
• Еңбекшілердің хал - ахуалын , өмірін жақсарту үшін
қоғамның экономикалық негізін өзгерту керек .
• Өзгерістің негізгі күші – ағартушылық !
• Халқыздың мүддесі үшін күресте достық , татуластык ,
бірлік
• Қазақтардың прогресті дамуы егіншілік , қолөнері , сауда
сияқты экономиканың үш тетігімен тығыз байланысты .
Ыбырай Алтынсариннің әлеуметтанудағы көзқарасы
• Әлеуметтік тұжырымдаманы дамытуда зор үлесі бар ірі тұлғалардың
бірі Ыбырай (Ибраһим) Алтынсарин (1841-1889) болды.
• Тарихи даму деңгейі феодалдық-рулық сатыны сақтаған қазақ
қоғамын мейлінше жетік білетін ол: «Осы дарынды, ақыл иесі мол
халыққа қазір, кешіклей тұрып рухани және қоғамдық даму жолына
түсетін дұрыс бағыт беру, қалай дегенмен, аса қажет болып отыр»2, —
деп, қазақтардың неге мұқтаж болып отырғанын дәл тауып жазды.
Ыбырай Алтынсарин осы міндеттерді дұрыс шешу арқылы ғана қазақ
қоғамының өркениетті елдер қатарына қосылатынына кәміл сенді.
Осымен байланысты қазақтарға білім беруді қолға алатын маңызды
шаралардың біріне, дамудың негізгі құралына балады. Білімсіздіктің
етек алуынан қазақ қоғамын надаңдық жайлап отырғанын айта келіп,
жұртты білім алуға шақырды. Сондықтан да ол өзінің жиырма бес
жылдық өмірін жеткіншектерге білім беруге арнады.
Ыбырай Алтынсариннің тұжырымдамасы
•Халықтың болашағы отырықшылыққа көшу және егін
шаруашылығымен айналысу.
•Адамдарды іс-әрекетке ынталандырып, жұмылдыратын негізгі
себеп – өмірлік қажеттіліктер.
•Тек білім ағартушылық қана бұқара халықты билеп-
төстеушілердің қысым-қыспағынан құтқара алады.
•Халықты дүниеге дұрыс көзқараспен қарауға тәрбиелеу.
•Мектептердің мақсаты қазақ жастарын жоғары адамгершілік
рухында тәрбиелеу.
Ш. Уәлихановтың әлеуметтану туралы ойы
• Қазақтардың өмір сүрген патриархалды-феодалдық қоғамы барлық
халықтардың басынан өткізген эволюциялық даму жолы екенін атап көрсетеді.
Қазақ қоғамының эволюциялық дамуы өзге елдердегі сияқты елді өркендеудің
биік сатысына көтереді деп түсіндірді. Оның әлеуметтік-экономикалық негіздері
бар екенін дәлелдеді. Ол Ресей державасының «құрамына еніп отырған барлық
бұратана тайпалардың ішінде халқының санының көптігінен, байлығы жөнінен
біз бірінші орын аламыз. Меніңше, алдағы өркендеу де біздің - қазақтардың
үлесіне тиеді»1, - деген қорытындыға келеді.
• Қазақ қоғамында орын алған жағымсыз құбылыстар тоқыраудың мотиві
болғанын, қоғам дамуында жаңа бетбұрыс алған еркін ағымды тоқтатқанын
сынай отырып, қазақ елінің өркендеу болашағын реформамен тығыз
байланыстырады, реформаға қалай әзірлену және оны қалай жүргізу қажеттігі
жөнінде аса құнды ой-пікірлер тұжырымдады. Оның пікірінше, реформаға
ғылыми тұрғыдан келу керек, нақты тарихи жағдайды есепке алу қажет. Сонда
ғана реформа сәтті орындалады, соның негізінде қоғамдық организмнің дамуы
іске асады. Мұндай реформаны аяғына дейін жеткізуді маңызды процесс деп
санайды.
Ш.Уалихановтың көзқарастары
• Билікті халықтың еркімен шектеу дұрыс болады .
• Қоғамдық құрылысты жаңарту үшін революциялық емес ,
реформалық жолды талдау қажет .
• Қоғамның прогресті түрде алға дамуы материалдық әл - ауқатты
жетілдіруге байланысты .
• Халыққа етене жақын , ең маңызды , соның мұқтажыны тікелей
қатысты реформа және әлеуметтік реформа .
• Саяси реформалар - экономикалық істерді жүзеге асыратын құрал
ретінде көрінеді .
Ш.Уәлиханов , Ы. Алтынсарин және А.Құнанбайұлы
идеяларындағы өзара үндестік.
• Адамдардағы адамгершілік қасиеттерді дамыту
•Заңсыздық және әділетсіздікке қарсы тұра білу үшін халық
санасына ізгілік пен ағартушылық нұрын шашу.
• Халықты білімсіздік пен саяси қараңғылықтан шығару.
• Болашаққа заң және әділетке негізделген сара жолды
салу .
Қазақтың классикалық ағарту ісінде
проблемалар мынандай бөліктерге бөлінеді :
1. Адам , оның әлеуметтік мәні ;
2 . Білім, білім беру , ғылым ;
3. Әлеуметтік - мәдени құндылықтар жүйесі ;
4. Қоғамның әлеуметтік мүмкіндіктерінің көрінісі ретіндегі жеке
адамның әлеуметтік - экономикалық және саяси қызметі , адам
тыныс механизмдері , тәсілдері мен әдістері .
Ахмет Байтұрсынов - Қазақстандағы қоғамдық ой-
пікірдің даму тарихында өзіндік орны бар біртума
алып тұлға.
Қазақ халқының, әсіресе «оқыған азаматтардың тұңғыш ... көсемі» болған А.
Байтұрсыновтың саяси іске араласуы Ресей ішіндегі саяси-әлеуметтік
құбылыстармен тікелей байланысты болды: түрлі саяси партиялар мен
қозғалыстардың құрылып, олардың қызметтерінің жанданған кезеңіне, бірінші
орыс революциясының өршіген тұсына сәйкес келді. А. Байтұрсынов қазақ
халқына білім мен ғылымның аса қажеттілігін әлеуметтік-экономикалық және
техникалық даму мәселелерімен тығыз байланыстыра қарастырады. Ол былай
деп жазды: «Неше түрлі ғылым, өнер - бәрі де тіршіліктің ауырлығын азайту үшін,
рахатын молайту үшін шығарған нәрселер. Ғылым, өнер артылған сайын дүнияда
бейнет кемімекші». Алайда, қазақ сахарасында сол бейнеттен арылтатын ғылым,
соның негізінде құрылған завод-фабрикалар жоқтың қасы еді. Бұларсыз, оқусыз
халық қанша бай болса да, біраз жылдардан кейін оның байлығы өнерлі халықтың
қолына көшеді, деп қатаң ескертті. Демек: «басқалардан кем болмас үшін біз
білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп
керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек».
Жалпы ел ішіндегі барлық проблемаларды шешудің алғышарты және құралы оқу
екендігін баяңдай отырып: «әуелі біз елді түзетуді бала оқыту ісінен бастауымыз
керек. Неге десек, болыстық та, билік те, халық та оқумен түзеледі. Қазақ ісіндегі
неше түрлі кемшіліктің көбі түзелгенде оқумен түзеледи халықтың түзелуінің
үміті жастарда. Сондықтан жастардың қалай оқып, қалай тәрбиеленуі - бәрінен
бұрын ескеріліп, бәрінен жоғары қойылатын жұмыс!» - деп қорытты.
Әлихан Бөкейханов (1870-1937) Ресей империясында саяси-
әлеуметтік қарама-қайшылықтар шиеленісіп тұрған тұста
шыққан қоғамдық ойдағы ірі тұлға болды.
Ә. Бөкейханов өзінің шығармаларында қазақ мемлекетінің қалыптасуы мен
дамуының заңдылықтары мен тарихи кезеңдерін маңызды әлеуметтік-саяси
процесс ретінде қарастырып, қазақтың үш жүзінің патшалық Ресейдің
құрамына енуінің мотивтеріне назар аударады. Хан Кенесары Қасымұлы
бастаған ұлт-азаттық қозғалысының түпкі мақсатын, оның әлеуметтік-саяси
маңызын, жеңілу себептерін қарастырып, одан тағылым алады. Кенесары
хан көтерілісінің сәтсіздігі Әлиханды өз халқын еркіндік пен тендікке
жеткізетін күрестің жаңа жолдарын, әдіс-тәсілдерін іздестіруге септігін
тигізді. Нәтижесінде ол күрестің екі жолын анықтайды: оның біріншісі - саяси
күрестің бейбіт жолы саналатын парламенттік күрес әдісі еді. Екіншісі-
дамыған халықтардың мәдениетін қабылдау жолы. Соның негізінде қазақ
халқының өнері мен білімін дамыту, ұлттық жоне саяси санасын
қалыптастыру еді. "Қазақтың ұлт болып еркениетті ел қатарлы өмір сүруі
үшін, - дейді ол, - ең алдымен, халықтың сана-сезімін оятатын жағдай
тудыру керек, қазақтың ұлттық тілін, әдебиетін өрістету керек. Өз әдебиетін
қалыптастыруда табысқа жеткен халық қана азат өмір сүре алады. Қазақ
халқының ұлттық және саяси санасын көтерудегі және қоғамдық пікірді
қалыптастырудағы баспасөздің рөлін жоғары бағалаған Ә. Бөкейханов ана
тілінде газет басып шығару жұмысын ұйымдастырып, соның негізінде
«Қазақ» газеті (1913) шықты.
Белгілі бір мағынада , алеуметтану әлеуметтік дамуға жататын үш
заңы белгіленуінен дамыды деn айтуға болады :
1. Әлеуметтік даму бар және ол тұрақты және әмбебап
сипатталады.
2. Оның негізінде білімнің өсуі , ең алдымен , техника мен
өнеркәсіптік дамуымен іс жүзінде асырылатын білімнің өсуі
жатыр.
3. Қоғам өзінің дамуында жетіле түседі, яғни онда прогресс заңы
әрекет етеді.Соңғы заң алдыңғы екеуін белгілі бір мағынада
қорытындылай келіп әлеуметтанудың калыптасуының
алғышарттары ретінде маңызды орын алады.
Қорытынды
Сонымен, әлеуметтанудың дербес ғылыми пән ретінде
бөлініп шығуы қоғамды тануда аталмыш шектеулер мен
жетіспеушіліктердің орнын толтыруда пайда болған
қажеттіліктермен тікелей байланысты . Қоғамды
әлеуметтану жағынан зерттеу бірнеше шарттардың
орындалуын талап етті . 2 Біріншіден , ол өзінің зерттеу
объектісіне тікелей тәжірибелік ықпал етуден бас тартуы
керек еді . Екіншіден , ол сол кездегі ғылыми
қоғамдастықтың әлеуметтануды ғылым деп есептеуіне
мүмкіндік беретін белгілі бір принциптермен ,
көзқарастармен және әдістермен толықтырылуы тиіс
болды . Басқаша айтқанда , әлеуметтанудың қалыптасуы
жөніндегі алғышарттардың бірінің пайда болуына -
идеясы мен қоғам туралы ғылым идеясының бірігуі әсер
етті.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz