Ғылымның дүниетанымы және функциялары



Ғылымның дүниетанымы және функциялары.

Жоспар:
Ғылыми танымның ерекшеліктері. Ғылым және философия. Ғылым және дін.
Ғылым әлеуметтік-мәдени феномен ретінде.
Ғылым функциясының жіктелуі және ондағы мәселелер. Қазіргі дәуірдегі ғылымның рөлі және дамуы.

Ғылыми танымның ерекшеліктері.
Кейде ғылыми білім өзге білім салаларымен салыстырғанда өзінің жоғарғы дəлдігімен ерекшеленеді. Бүгінгі күні техникада ғана емес, қоғамдық басқару жүйесінде де математикалық есептеулер, статистикалық мəліметтер, бүге-шүгесіне дейін дəл есептелген жоспарлар мен бағдарламалар қолданылады. Ғылыми таным абстрактылы ұғымдармен жұмыс жасаса, көркемдік таным нақты тірі адамды бейнелі, көрнекілік тұрғыдан қарастырады.
Бұл тұжырым белгілі мөлшерде əділ болғанмен, ол да ғылыми танымның ерекшелігін көрсете алмайды. Бір жағынан, күрделі ғылыми абстракциялар құрастыруымен айналысатын ғалымға көрнекі бейнелерге, аналогия мен метафораларға жиі жүгінуге тура келсе, екінші жағынан, суретшілер (мүсіншілер, жазушылар, сазгерлер жəне т. б) өз шығармашылықтарында дəл логикалық, кіршіксіз ұғымдарға, пікірлер мен əдістерге сүйеніп отырады. Бұл ұғымдық жəне бейнелік танымдардың бірін-бірі теріске шығармайтындығын көрсетеді. Олар əр түрлі «мөлшерлерде» ғылыми шығармашылықта да, көркемдік шығармашылықта да кездеседі.

Олар сонымен қатар əдеттік, кəдімгі санаға да тəн. Бұл тұрғыдан философ - неопозитивистердің ғылыми білімнің ерекшелігін оның эмпирикалылығымен, яғни ғылымның бүкіл мазмұнын бақылаулар мен эксперименттерді сипаттау арқылы ғана анықтайтын пікірімен келісуге болмайды. Ғылыми білімнің ең жетілген формасы теория болып табылады. Теория деген не? Теория - бұл тəжірибенің, практиканың немесе бақылаудың қорытындысы деп айтуға болады.
Ғылым жəне дін
Ғылым əртүрлі мəдени дəстүрлермен негізделетін рухани өмірдің ерекше
аймағы болған соң, біз оның қоғам өміріндегі басқа түрлерден
айырмашылығына тоқтап кетейік. Сол себеппен əуелі ғылыммен атқарылатын
міндеттерге тоқтасақ: 1) дүниеге көзқарастық (мəдени-ағартушылық) ;
2) эвристикалық (танымдық) ; 3) практикалық; 4) болжау.
Дүниеге көзқарас - дегеніміз дүние туралы пікір, индивидуалды жəне
қоғамдық түрде қалыптасатын күрделі, интегралдық құрылыс. Көзқарастың бір
бөлшегі білім болады.

Көзқарастың білім бөлігі жазық жəне тікшіл жобасын құрастырады;
жазық тұрғыда: табиғи-техникалық пен əлеуметтік (гуманитарлық) ; тікшіл:
1) қарапайым білім (филогенезде - мифологиялық білімдер; онтогенезде - бала
бақшадағы жəне бастаушы білімде) ;
2) эмпириялық жəне нақты ғылыми
білімдер - филогенезде жылдамдық, салмақ, бойлығы т. б., нақты заңдардың шығуы (Архимед, Эвклид заңдары), онтогенезде - нақты биологиялық, физикалық т. б ғылымдарға сүйенетін мектеп деңгейі;
3) жалпы ғылыми білім - филогенезде Птолемей мен Коперниктің ғарыш туралы заңдары, Ньютонның
механика заңдылықтары, Ломоносовтың салмақты сақтау туралы заң т. б., онтогенезде - жоғары сыныптарға лайық деңгей, сол заңдарды өтеді;
4) білім құрылысының жоғары деңгейі - философиялық білімді қамтитын жалпы заңдар. Ғылым болған жəне əрқашанда ғылыми көзқарастың қалыптастыру қаруы болып қалады.

Ғылым жəне философия
«Философия дегеніміз не?» деген сұраққа келесі жауапты естуге болады «ғылымның ғылымы». Осында жауаптың екі лайықты жағы бар:
1. априорлы тұрғыдан ол философияны үстемді, дəрежелі түрде ұсынады; сөйтіп, философия адамзат ақылының əр саласына қатысты;
2. «ғылымның ғылымы» деген атау алдын ала философияны күрделі пəн деп, əркім оны қабылдай алмайды деген пікірді тудырады.
Орта ғасыр принципі «қажеттіліксіз мəндерді көбейтпеңіз». Яғни, философия ғылымдардың жəй жиыны болса, ол солардың ортасында өзінің мəнін жоғалтар еді. Бүкіл ғылымдардың жетістіктерін бір бетке көшіріп, сидыру оңай іс емес. Бірақ, осындай істе философиядан ештеңе жоқ. Философия Лир патшасы сияқты бүкіл қыздарына байлығын үлестіріп, өзі дымсыз далада қалды. Сөйтіп, философияда өзінің пəндігінен, өзгешелігінен, қажеттілігінен айырылды. Позитивистер сол тұрғыдан философия дербестігі мен өз құндылығынан айырылды дейді.

Нақты ғылымдар нақты елестерден бастайды, оларды дəлелсіз толық қабылдайды. Еш маман өзінің пəні қалай пайда болды, оның өзгешелігі неде деп сұрақ қоймайды. Осы мəселелер қойылса, сонда табиғаттанушы философиялық деңгейге көтеріледі. Философия əр білімнің, оның ішінде философияның негізін іздейді. Сонда, ол бəріне айқын, бəріне мəлім, басқаларға бастаушы нүкте, түсініктің мөлшері бола, жəне баға бере алатын негіздерді іздейді (ақиқат пен пікірді, эмпирия мен теорияны, бостандық пен белсенділікті, озбырлық пен биілікті ажыратады) . Əр нақты ғылымда бастамасын алатын жəне соңын табатын сұрақтар - философиялық ойлардың сүйікті тақырыптары.
Нақты дүние туралы объективтік, жүйеленген, шындық пен ақиқатқа сай білім - ғылымның қызмет түріндегі жетістіктері. Жəне де ол жаңа білімді алуға бағытталған, дүниені пəндік түрде тануға лайық қоғамдық сананың бір түрі. Ғылымның мақсаты əр қашанда заңдар арқылы дүниені сипаттау, түсіндіру, болжау деген. Ғылым жүйесі техникалық, табиғаттану, қоғамдық түрлеріне бөлінеді. Жəне тарихта əр 15 жыл ғалымдардың саны екі есе өседі. Ғылымның дамуында қалыпты кезеңдер революциялықтармен ауысады. Олар жалпы құрылымының, принциптерінің, таным əдістері мен ұйымдастыру түрлері.


Ғылым əлеуметтік институт жəне қоғамдық сананың түрі ретінде
ғылыми-техникалық білімді өндіреді жəне ғылыми ұжымдар мен ғылыми
қоғамдар, жүйе нормалар мен құндылықтар арасындағы байланысты қамтиды.
Тек ХХ ғ. шіркеу мен заңгер кəсібіне тең ғалым кəсібі де дамиды.
Дж. Бернал ғылым туралы ғылымның салушысы ғылымға анықтама беру
үшін келесі жақтарға назар аударуға болады дейді:

Э. Агаццидің пікірінше, ғылымды нақты объектілердің аймағы туралы теория деп түсіну керек; бұл ғылыми жəне қарапайым білімдерді ажырату болып табылады, теориялық деңгейді талап етеді. Сөйтіп, ғылым тек фактілер жиынтығы емес, принциптер болмаса ғылым болмас. Бірақ, бұл екі жақты мəселе, себебі, ғылымның көрсеткіші теориялық, концептуалдық деңгейі. Фактілер тек ғылымның бет жағы. Қазіргі кезде ғылым əлеуметтік-мəдени феномен. Яғни, қоғамдағы көптүрлі күштердің əсерімен компромисстік т. б. позицияларға жақындайды. Сөйтіп, екі ұштасты позиция айқын: адамзаттың қажеттілігімен пайда болған ғылым өзі қоғамдық өмірдің басқа аумақтарына əсер етті, «мəдениет» деңгейіне шықты; екінші жағынан, ғылым мəдениеттің ең тұрақты, нағыз негізі, өзінің бірінші - қызметтік жəне технологиялық түсінігінде.
Қоғамдық қатынастар адам жəне заттар туралы қатынастарға қатысты. Ғылым əлеуметтік-мəдени феномен ретінде адамзат қатынастарының бүкіл аумақтарына қатысты. Қазіргі технократтық ғылымдардың максимасы: «Бəрі ғылымды болмау керек, тек ғылыммен тексеріліп, дəлелдену керек». Сөйтіп, ғылым мəдениетте қалыптасқан дəстүрлер, құндылықтар мен нормаларға бағынады. Танымдық қызмет мəдениет болмысына кіреді. Осыдан, ғылымның мəдени-технологиялық функциясы анық, адам материалын өңдеу

Ғылымның мəдениеттік қызметі тек нəтижеге емес, мəдениеттің мүмкіндігі болып табылады. Ғылымның мəдениеттік қызметі процесуалдылығымен мықты. Ол адамды қызмет пен танымның субъектісі ретінде қалыптастырады. Индивидуалдық таным өзі мəдениетті, қоғамдық түрде өткізіледі. Индивид əлеуметтену барысында дайын əдістер мен құралдарды қолданады. Тарихи тұрғысында адамзат бəріне ортақ тіл, қарулар мен өзгеше анықтамалар, ұғымдарды қолданады. Ғылыми білім адамның қарапайым өміріне толық кіріп, адамдардың санасы мен көзқарастарын қалыптастырып, сөйтіп, қоғамдық ортаның қажетті компоненті, сол ортада тұлғаның қалыптасуы айқын.

3. Ғылым функциясының жіктелуі және ондағы мәселелер. Қазіргі дәуірдегі ғылымның рөлі және дамуы.
К. Р. Поппердің сыншыл рационализмі Карл Поппердің тұжырымдамасына тəрізді келесі ұғымдар: демаркация мəселесі; фальсификация мəселесі; фаллибилизм принципі; «үш əлем» туралы теория. Поппердің пікірінше, сынау ғылымның негізгі əдісі жəне ғалымның əдетінің негізгі рационалды стратегиясы. Поппердің көзқарасын ХХ ғ. басында физикадағы жаңа теориялар, логикалық позитивизмнің идеялары, кантианшылдықтар (Нильсон) өзгертті. Өзінің сыншыл рационализм атты философиялық тұжырымдамасын неопозитивизмге антитеза ретінде құрастырды: верификацияның орнына демаркацияны; индуктивизмге қарсы болды; демаркацияның əдісі - фальсификация (бəрін жоққа шығару) . Карл Поппердің методологиялық идеялары батыс философиясында - сыншыл рационализм - əйгілі бағыттың негізін қалыптастырды. Рационализм ғылыми білімнің мінездемесі жəне зерттеу процесінде ғалымдардың қызмет əдеті ретінде айқын. Сыншыл рационализімнің жарияланған принциптеріне ымырасыз сынау, білімнің принципиалдық гипотетикаландырыуы жатады, себебі, абсолюттік ақиқаттың иелігіне шабыт беретін рационалдылықсыз жағдай.

Поппер ғылыми білімнің өсуін жалпы əлемдік эволюциялық үрдістің нақты оқиғасы дейді. Өзінің эволюциялық эпистемологиясын индуктивистік дəстүрмен пікір таласта дамытқан. Ғылыми теориялар индуктивтік процестер арқылы құрылмайды. Біздің ақылымыз tabula rasa емес. Поппер болжамсыз жəне идеялардың «иррационалды» инъекциясын қабылдайды. Оған қатысты тағы бір пікір - методология эволюцияға қарсы қасиеттердің иесі, себебі, ғылыми методология ғылыми білімнің унификациясына (бірлігіне) əкеледі, ал эволюциялық процесс көптүрлілікке əкеледі. Сол себепте, Поппердің методологиясы эволюциялықтың ұқсастығы, өзгеру, іріктеу, бекіту анықтамаларды кең қолданады.
«Үшінші əлемнің автономиясы, жəне үшінші əлемнің екіншіге жəне біріншіге керісінше əсер беруі - барлығы білімнің өсуінің маңызды фактілері», - деп К. Поппер тұжырымдайды. Қорыта айтқанда, қазіргі ғылым философиясында бірдей түрде толық саналатын жағдайға білімнің дамуының нақты процесі түбінде қатал бақылауға қарсы шығады. Ғылыми процестің субъектілері жарияланған ережемен емес, ішкі мотивациядан өткен логикалық, верификациялық-фальсификациялық салыстырмадан өткен, принципиалды түрде жаңа мүмкіндіктердің болуына ашық.

Ғылым күрделі әлеуметтік функциялар атқарады. Бұл функциялар ғылымның өзінің дамуымен бірге үнемі өзгеріп, толықтырылып және ғылымның дамуына өзіндік осерін тигізіп отырады. Қазіргі ғылымның үш әлеуметтік функциясын атап көрсетуге болады:
1) мәдени-көзқарастық;
2) өндіргіш күштер функциясы;
3) әлеуметтік күштер функциясы. Ғылымның генезисі және негізгі даму кезеңдері.
Ғылымның генезисі, қоғамдағы қызметі және дамуының қозғаушы күштері мәселесі бойынша интерналистік, экстерналистік және позитивистік концепциялар бар. Интернализм ғылымның пайда болуы мен дамуына философиялық ой тікелей әсер етті деп есептейді және қоғамның әлеуметтік-экономикалық, саяси құрылымы мен сол қоғамның ғылымының арасында ешқандай байланыс болуы мүмкін емес деген пікірді ұстанып, ғылымның ішкі факторларын абсолютке айналдырады. Экстернализм бұл концепцияға қарсы. Оның өкілдерінің пікірі бойынша, ғылымға сыртқы факторлардың әсері мықты. Позитивизм; ғылым нақты, тәжірибеден өткен, дәлеледенген фактілерге сүйене отырып дами алады, абстрактылық ойлау мен метафизикалық түсініктер ғылым үшін пайдасыз. Біздің ойымызша, ғылымның пайда болуына, эволюциясына, қоғамда атқаратын қызметіне жоғарыда аталған факторлардың бәрі де белгілі бір дәрежеде ықпалын тигізеді және ол әр дәуірде әр түрлі болуы мүмкін. Сондықтан оларды бір-біріне қарсы қойып, немесе бір-бірінен бөліп алып, белгілі бір факторларды абсолютке айналдыру дұрыс емес.

.
Объективті жаратылыстың философиялық түсінігі табиғат, қоғам және адамзатты қамтиды. Соған байланысты обьективті жаратылыстың осы үш элементіне білімнің үш сферасы нақты қарастырылады.
Жаратылыс сферасына және зерттелетін ақиқат дүниенің түріне байланысты ғылыми білімнің үш бағытын анықтауға болады: жаратылыстану- табиғат туралы білім жүйесі, қоғамтану - қоғамдық емірдің түрлері мен формалары туралы білім жиынтығы, сонымен қатар адам-затты ойлау қабілеті бар жанды зат ретінде қарастыратын ойлау білімдерінің жүйесі.
Ғылыми білімнің тағы бір іргелі бағыты - қоғамтану. Оның пәні болып қоғамдық қубылыстар мен жүйелер, қурылымдар, жағдайлар процестер табылады, қоғамдық ғылымдар қоғамдық байланыстар мен цатынастардың жеке түрлері мен барлық жиынтығы туралы білім бе-реді.
Өзінің сипаты бойынша қоғам туралы ғылыми білімдер сан түрлі, олар жалпы үш бағыт бойынша топтастырылған: зерттеу пәні қоғам болып табылатын әлеуметтік бағыт; халықтың еңбегін, меншіктік қатынасты, қоғамдық өндірісті, айырбасты, таралуды және осыларға негізделген қоғамдық қатынастарды зерттейтін экономикалық бағыт; сонымен бірге мемлекеттік-құқықтық құрылымдарды және қоғамдық жүйелердегі қатынастарды пәні ретінде қарастыратын мемлекеттік-құқықтық білімдер бағыты.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz