Біржылдық және көпжылдық бұршақ дақылдары зиянкестерінің түр құрамы, жоңышқа қандаласы


Slide 1

Қазақ Ұлттық Аграралық Зерттеу Университеті

Тақырыбы: Біржылдық және көпжылдық бұршақ дақылдары зиянкестерінің түр құрамы, жоңышқа қандаласы. Фитономус, тихиустар, жоңышқа жуанаяқтысы биологиясы, зияндылығы. Зиянкестерге қарсы күресу шаралары.

Орындаған:Құрақбаева. Б. Б

Қабылдаған: Искендирова. Р. А

ЗР-316к

Алматы-2021

Slide 2

Кіріспе

Бір жылдық бұршақ дәнді дақылдарға көпқоректі зиянкестерден басқа да бұршақ өсімдіктерімен ғана қоректенуге бейімделген бунақденелердің (бөжектердің) көптеген түрлері зиян келтіреді. Маманданған зиянкестер: бұршақ қоңызы - дән бұршақты, түйнекті бізтұмсықтар - жапырақтар мен азотфиксациялайтын түйнектерді, бұршақ бітесі - жапырақтар мен бұршақты зақымдайды.

Slide 3

Бұршақ қоңызы

Бұршақ қоңызы - гороховая зерновка (Bruchus pisorum L. ) . Қазақстанда кең таралған, әсіресе оның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы облыстарында қатты зиян келтіреді. Зиянкес жылына бір ұрпақ беріп көбейеді. Қоңыздардың дене ұзындығы 4-5 мм. Денесін тотық қара түсті түктер басқан. Мұртшалары 11 бунақты, алдыңғы бунақтары қызғылт. Алдыңғы арқасы өте жалпақ, көлденеңі ұзындығынан 2 есе артады. Үстіңгі қанаттарында ақшыл дақтар мен қиғаштау орналасқан ақ жолақтар бар. Құрсағының ең соңғы бунағы қанаттармен бүркелмеген, онда крест тәрізді ақ таңба болады.

Slide 4

Жұмыртқасы дөнгелек келеді, түсі ашық-сары, мөлшері 0, 3-0, 5 мм дейін. Дернәсілдер алдымен қызыл түсті, түкті, кеудесінде жақсы дамыған үш жұп аяғы бар, одан кейінгі жоғары жастағылары ақшыл-сары түсті, басы кішкентай ақшыл-қоңыр, кеудесінде аяқтары дамымаған, С- тәрізді болып келеді. Қуыршақтары ашық, дернәсілдерге қарағанда күңгірттеу келеді, ұзындығы 6 мм дейін. Қөбінесе ол ересек қоңыз күйінде қамбадағы және өнімді жинаған кезде егіс далаларында шашылып қалған бұршақ дәндерінің ішінде қыстайды. Оңтүстік аудандарда қоңыздардың біразы дәннен шығып, ағаш қабығының астын және өсімдік қалдықтарын паналап қыстап шығады. Егіс далаларында қоңыздар бұршақтың гүлдену кезінде пайда болып, гүлдің күлте жапырақтарымен және тозаңымен қоректенеді. Қоңыздар жұмыртқаларын бұршақ жармасының үстіне салады. Аналықтардың орташа өсімталдығы 130 жұмыртқадан келеді, ал кейбір жағдайда 750 дейін жетеді. Эмбрионалдық дамуы 6-10 күнге созылады. Дернәсілдердің шығуы маусым айының екінші онкүндігінде басталады. Олар бұршақтың жармасына жылжып, оның үстін кеміріп теседі де дәннің ішіне енеді. Дернәсілдер енген бұршақтардың тесіктері жылдам жабылып қалады, сыртынан зақымдалған дәндерді сауынан ажырату өте қиын болады. Ары қарай дернәсілдің дамуы дәннің ішінде өтеді.

Slide 5

Асбұршақтың түйнектену фазасында бұршақ қоңызының ЭЗШ-гі қаққышпен 10 рет қағымға - 15-20 қоңыз. Ұзақ мерзімді болжауға мынадай көрсеткіштер пайдалынады: 1. Асбұршақ гүлденуінің бас мерзімінде зиянкеске жүргізілген тексерудің жалпы көлемі және оның ішінде залалданғаны, зиянкестің саны (максимальды және орташа) . 2. Асбұршақ дәндердің дернәсілдермен зақымдалғаны. 3. Жүргізілген күрес шаралардың көлемі және олардың тиімділігі.

Slide 6

Түйнек бізтұмсықтары - клубеньковые долгоносики (Curculinidae) . Бұған бір және көп жылдық бұршақ тұқымдас дақылдардың маманданған зиянестері жатады. Асбұршаққа негізінен 2 түрі зиян келтіреді: түйнек жолақ бізтұмсығы - полосатый клубеньковый долгоносик (Sitona lineatus L. ) және түйнек қылшықты бізтұмсығы - щетинистый клубеньковый долгоносик (Sitona crinitus Hbst. ) . Қазақстанда кең таралған. Қоңыздардың бас түтігі жуан және қысқа, мұртшалары түйреуіш басты бүгілмелі, денелерінің ұзындығы 3-4, 5 мм. Түстері қоңыр, бірақ денесін қаптап тұратын қабыршақтарына байланысты көбінесе сұр түсті болып келеді. Қанаттарының үстінде ақ, сұр және қоңыр түсті қабыршақтардан тұратын дақтар немесе жолақтар болады. Қылшықты бізтұмсықтың үстіңгі қанаттарында ақшыл үрпиген қылшықтары бар.

Slide 7

Жұмыртқалары сопақша, ұзындығы 0, 2 мм, алғашында ақшыл-сары, соңынан қараяды. Дернәсілдердің саны қара, денесінің қалған бөлігі ақ, аяқтары болмайды, денесі аздап доғаша иілген, ұзындығы 5 мм жетеді. Қуыршақтары ашық, ақшыл-сары түсті, ұзындығы 4-6 мм. Түйнек бізтұмсықтардың дамуы ұқсас келеді. Жылына бір ұрпақ беріп өсіп-өнеді. Ересек қоңыз фазасында топырақ арасында немесе жер бетіндегі өсімдік қалдықтарының астында қыстап шығады. Қоңыздар ерте көктемде ауаның орташа температурасы 3-5 0С болғанда қысқы ұйқыдан оянып шыға бастайды да, температура 7-9 0С жеткенде қоректенуге кіріседі. Ерте көктемде олар жаңадан көктеп келе жатқан жоңышқаның және басқа да бұршақ тұқымдас өсімдіктердің жас жапырақтарын шетінен кеміріп жарты шеңбер тәрізді ойық жасап жейді. Температура 150С жеткенде бізтұмсықтар бір жылдық бұршақ тұқымдас өсімдіктерге көшеді. Қыстайтын жерден қоңыздар шыққанан екі апта өткен сон олар жұмыртқаларың сала бастайды. Қоңыздар жұмыртқаларын топырақтың үстіне және өсімдік жапырақтарына бір-біреуден шашыратып орналастырады. Өсімталдығы өте жоғары, бірнеше ондағанан бірнеше жүзге дейін жұмыртқа салады. Эмбрионалдық даму мерзімі ауа райына байланысты 8 күннен 20 күнге дейін созылады. Жұмыртқадан шыққан дернәсілдер көп кешікпей топырақ арасына еніп, жоңышқаның тамыр жүйесінің айналасына шоғырланады да, азот жинағыш түйнектермен және тамыр түктерімен қоректенеді.

Slide 8

Бұршақтардың өскінділері пайда болу мерзімінде түйнек бізтұмсықтарының ЭЗШ-гі 1м 2 - 10-15 қоңыз. Болжауға мынадай ақпараттар пайдаланылады: 1. Асбұршақтың өскіндері пайда болу мерзімінде тексерілген және қыстап шыққан қоңыздармен қоныстанған алаң көлемі; қоңыздардың саны. 2. Қоңыздардың қыстайтын жерден шыққан мерзімі. 3. Жаңа ұрпақтағы қоңыздардың зияндылығы (өсімдіктердің зақымдалған пайызы және жапырақтардың зақымдалған дәрежесі) . 4. Жүргізілген күрес шаралардың көлемі және олардың тиімділігі. 5. Қыстайтауға кету алдында популяцияның жағдайы.

Slide 9

Бұршақ бітесі - гороховая тля (Acyrtosiphon pici Kalt) . Қазақстанда кең таралған. Бұршақтан басқа да осы тұқымдас өсімдіктердің көптеген түрлерін зақымдайды. Жасыл барқыт түсті, былқылдақ денелі ұсақ бөжек. Басы сарғылтжасыл, көздері қызыл-қоңыр, мұртшалары маңдай төмпешігіне орналасқан, денесінен ұзын, 6 бунақтан тұрады - I-IV бунақтарының түсі жасыл, V-VI бунақтары қара-қоңыр, аяқтары ұзын, түстері жасыл, сирақтарының төменгі жағы мен табандары қара түсті. Қанатсыз партеногенетикалық аналықтарының ұзындығы 4-5, 6 мм, ал қанатты ұрғашы бітенің ұзындығы 5 мм.

Slide 10

Жаңадан салынған жұмыртқалары төгілген жасыл түсті болады да кейіннен қараяды. Бұршақ бітесінің жұмыртқалары көпжылдық бұршақ тұқымдас өсімдіктердің әр түрлі мүшелерінде қыстап шығады. Көктемде олардан дернәсілдер шығып, 10-15 күн өткен соң қанатсыз «негіз салушы» деп аталатын ұрғашы бітелерге айналады. Маусым-шілде айларында қанатты аналық бітелер шығады да бұршақ тұқымдастардың басқаларына, ең алдымен бір жылдық бұршақ дәнді дақылдарға таралып, өсіп-өніп қаптап кетеді. Зақымдалған өсімдіктердің жапырақтары ширатылып бүрісіп қалады, 60 сабақтары қисайып, бұралып, өсуі кешеуілдейді және генеративті мүшелері (тұқымдары, жемістері және т. б. ) пісіп-жетілмей солып қалады. Бұршақ өнімдері төмендейді. Тамыз айында, яғни бір жылдық бұршақ дәнді дақылдардың ұлпасы қатайған кезде, бітелер көпжылдық бұршақ тұқымдастарға көшеді. Күзде бұл жерде қанатсыз аталықтары мен аналықтары пайда болады. Шағылысқаннан кейін аналықтары қыстайтын жұмыртқа салады. Бітелер өте тез өсіп-өніп көбейеді, бір жаз ішінде 10 генерацияға дейін береді. Ауа райы жылы, жауын-шашынды жылы бітелер жаппай көбейеді.

Slide 11

Бұршақтың түйнектену және одан кейінгі фазаларында бұршақ бітесінің ЭЗШ-гі - өсімдіктердің 20% шамалы қоныстанғанда, немесе қаққышпен 100 рет қағымға - 250-300 бітелердің түсуі. Болжауға мынадай көрсеткіштер пайдаланылады: 1. Бұршақ егістердің бітелермен қоныстанған мерзімі және оны орта көрсеткіштермен салыстыру; бұршақ бітелердің саны және зияндылығы. 2. Вегетация мерзімінде ауа райы жағдайы ерекшеліктері. 3. Жүргізілген күрес шаралардың көлемі және олардың тиімділігі.

Slide 12

Санын есептеу әдістемелері. Көктемде өсімдіктердің толық өскінділері пайда болудан 2-3 жапырақ мерзіміне дейін, сонымен қатар жазда жаппай гүлдену және тұқымдар пісу кезінде зиянкестерді айқындау үшін тексеру жұмыстары жүргізіледі. Түнек бізтұмсықтарының зияндылығы болуына болжау беру үшін қыстайтын көпжылдық бұршақ тұқымдас өсімдіктерде күзде және көктемде қосымша тексеру жұмыстары жүргізіледі. Аланның екі диагоналы бойыша тереңдігі 5 см, мөлшері 0, 25м 2 8-16 топырақ үлгісі алынады. Кездескен қоңыздардың түрі аңықталынады және 1м 2 келетін орташа саны есептелінеді. Көктемде зиянкестердің саны жоғары болған жерлерде қосымша бақылау тесеру жүргізіледі. Көктемгі тексеру топырақта мекендейтін көп қоректі зиянкестер мен түйнек бізтұмсықтарының санын есептеуге арналған, олар әсіресе бұршақ дақылдардың өскіндеріне қауіпті. Өскіндер толық өніп шыққаннан кейін барлық бұршақ дәнді дақылдарына тексеру жұмыстары басталады.

Slide 13

Бұршақ қоңызына қарсы егісті өндеудің фенологиялық бақылауы дақылдың гүлденудің бас мерзімі болып табылады. Біріншісінен 8-10 күн өткен соң екінші өндеу жұмыстарды өткізеді (18 нұсқау) . Екінші жазғы тексеру өнімді жинаудан 2-3 апта бұрын, дәндер пісу кезеңінде жүргізіледі. Дән бұршақ қоңызы, жапырақ ширатқышы және бұршақ откөбелегімен зақымдалғаны есептелінеді. Егістің әр жерінен 100 бұршақты жинап, оның ішінен ақырындап дәндерін бөліп шығарады. Дәндердің жалпы және сыртынан кемірген (жапырақ ширатқыштар мен откөбелектердің жұлдызқұрттарымен зақымдалғаны ) саны есептелінеді. Қалған дәндерді скальпелмен ашады. Ішінде қоңызы (дернәсілдер, қуыршақтар және имаго) бар дәндер есепке алынады. Дәннің қоңыз, жапырақ ширатқыш және откөбелектермен зақымдалған пайызы анықталынады.

Slide 14

Жоңышқа жапырағының бізтұмсығы немесе фитономус - листовой люцерновый долгоносик или фитономус (Phytonomys variabilis Hrbst. ) . Республиканың оңтүстік бөлігінде жоңышқа өсірілетін аудандардың барлығында кең таралған. Олар жоңышқаның жапырағымен қоректенеді, сабағын кеміріп шұқырайтып тастайды. Бірінші орылатын жоңышқа егісінің негізгі зиянкесі. Солтүстік Қазақстанда басқа түрі кездеседі Phytonomys transsylyanicus Petri. - далалық жоңышқа бізтұмсығы. Бұл екі бізтұмсықтар түрі жылына бір генерация беріп өсіп-өнеді. Қоңыздың бас түтігі ұзын, алдыңғы арқа бөлімінің ұзындығына тең, сарғылт-сұр немесе сұр түсті. Дене тұрқы 4, 5-5, 5 мм-ге дейін жетеді.

Slide 15

Мұртшасы буын-буынға бөлінген. Қоңыздардың алдыңғы арқасында ақшыл жолағы бар. Жұмыртқалары сопақша, жылтыр сарғылт түсті, ұзындығы 0, 6 мм. Дернәсілдердің түсі сарғылт-жасыл, басы қара-қоңыр, арқасында ақ жолағы бар, аяқтары болмайды, құрсақ сегменттерінің бүйір жақтарында орналасқан емшектәрізді бұдырмақтардың көмегімен қозғалады. Дамуы аяқталған дернәсілдердің ұзындығы 6-8 мм жібек тәрізді піллә ішінде қуыршаққа айналады. Қуыршағы алғашында сарғылт болады да, кейіннен жасыл түске көшеді, олар піллә ішінде дамиды, ұзындығы 5, 5-8 мм. Қоңыздар жоңышқа егістігінде топырақтың ең үстіңгі қабатында немесе оның айналасындағы өсімдіктердің тамырға таяу түбінде қыстайды. Қөктемде ауаның орташа температурасы 120 С болғанда шыға бастайды. Олар сәуір айының соңғы онкүндігінде жаңадан өсіп келе жатқан жоңышқаның жапырағымен қоректеніп, көп кешікпей-ақ өсіп-өніп көбеюге кіріседі. Аналық қоңыз жоңышқаның сабағын кеміріп 10-12 см биіктікте кішкене қуыс жасайды да, жұмыртқаларын 10-30 дейін топтап, сонда орналастырады. Жұмыртқаларды салу 30-40 күнге созылады. Аналықтары күніне 1-80-н жұмыртқа салады, жалпы саны 500 дейін. Мамыр айының аяғы- маусым айының басында жұмыртқадан дернәсілдер шыға бастайды, олар сабақтың ұшына қарай көтеріледі де жапырақ бүршіктерінің ішіне еніп, жасырын қоректенеді. Дамуы аяқталып, қоректенуін тоқтатқан дернәсілдер (IV-жаста) жапырақ бетінде піллә жасап, соның ішінде қуыршаққа айналады.

Slide 16
Ұқсас жұмыстар
БҰРШАҚТАР ТҰҚЫМДАСЫНЫҢ ТАҒАМДЫҚ ӨСІМДІКТЕРІ
Суармалы егіншілік жағдайында зиянкестерге қарсы күрес жағдайлары
Көпжылдық бұршақ – астық тұқымдастардың шөп қоспалары
Астық және бұршақ тұқымдастарын ветеринарлық санитарлық сараптау
ӨСІМДІК ШАРУАШЫЛЫҒЫН ӘРТАРАПТАНДЫРУДЫҢ МАҢЫЗЫ
Бұршақ бітесі
Техникалық дақылдарға тыңайтқыш қолдану жүйесі
Жоңышқаның ақ ұнтағы
Ауыспалы егісдерді жіктеу
Паразитті және паразитті емес арамшөптердің өкілдері және оларға қысқаша сипаттама
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz