БҰРШАҚТАР ТҰҚЫМДАСЫНЫҢ ТАҒАМДЫҚ ӨСІМДІКТЕРІ




Презентация қосу
БҰРШАҚТАР ТҰҚЫМДАСЫНЫҢ
ТАҒАМДЫҚ ӨСІМДІКТЕРІ
Бұршақ тұқымдасы (лат. Fabceae,
немес лат. Fabaceae s.l., немесе лат.
Leguminsae, немесе лат. Papilionaceae) –
қос жарнақтылар класына жататын
бұта, шала бұта, шырмауық, кейде
ағаш, көп жылдық және бір жылдық
шөптесін өсімдіктер тұқымдасы. Жер
шарында кең тараған: 730 туысы,
19,400 түрі белгілі. Қазақстанда 42
туысы мен 650-дей түрі бар.
Тағамдық түрлері

Горох
Бұршақ

Фасоль
Жасымық
Ас бұршақ (лат. Pisum sativum) — шырмалғыш немесе жер тағандап өсетін, біржылдық
бұршаққынды өсімдік, асқа жасыл дәндері қолданылады.

Бұршақ, тіпті, ежелден-ақ әйгілі көкөністерге жатады. Ол Таяу Шығыста және
Балкандарда өсіріле бастаған көкөністердің ең алғашқыларының бірі болды.

Құрамы
Ас бұршағының 100 г - 79 ккал. Ағуыздың,
көмірсулардың, жасұнықтың тамаша көзі, құрамында
темір, калий, фосфор, мырыш, С дәрумені, В тобының
дәрумендері бар.
Пайдасы
Холестерин деңгейін төмендетеді. Қатерлі ісіктен
қорғайды және сүйек жүйесіне жақсы әсер етеді. Ол
өте дәмді ғана емес, сонымен қатар пайдалы
заттардың ерекше үйлесімділігі болып табылады. В1,
В2, В6 мен С дәрумендерінің, сондай-ақ темірдің бар
болуының арқасында, ол шаршағандыққа, қаназдыққа
қарсы дәрі болып табылады, ақыл-ой қабілетін
жақсартады, төзімділік жүйесінің мәселелерін шешуге
көмегін тигізеді.
Фасоль туысы.
Түрлерінің жалпы саны 200-дей. Табиғи жағдайда негізінен Азия
мен Американың тропикалық аймақтарыңда өседі. Біржылдық
шөптесін өсімдік, сабақтары тігінен жайылып, көп жағдайда тіптен
шырмалып өседі. Жапырақтары үшқұлақ күрделі болып келеді.
Күлте жапырақшалары сары, ақ, қызғыштау-сары, қоңыр-қызыл
және сия-көк түсті болып келеді. БОР-дың территориясыңда 20-дай
түрі белгілі. Олардың барлығы тек мәдени жағдайда көкөніс
дақылы ретінде және сәндік өсімдіктер ретінде ботаникалық
бақтарда, парктерде, скверлерде өсіріледі.
Үрме бұршақ (фасоль) – бұршақ тұқымдасына
жататын дақыл. Оның дәнінде ақуыз 17-23%,
крахмал 50-60% болады. Сол себепті үрме бұршақ
жұғымды әрі дәмді тағам, ақуызы адам ағзасына
оңай (90%) сіңеді. Сонымен қатар құрамында
крахмал, көмірсулар мен нәруыздар, С, B1, В2, В6,
РР дәрумендері,

макро және микроэлементтер (әсіресе, мыс, темір, күкірт, хлор),
фосфор, калий, натрий, магний, кальций, лизин, аргинин, гистидин,
тирозин, триптофан бар. Үрме бұршақтың касиеттері ет пен балыққа
жақын келеді. Оның ағзаны тазалаушы және несеп айдаушы қасиеті
бар.
Маңызы
Бүйрек, қуық, бауыр, жүрек жеткіліксіздігі, асқорыту ауруларына диеталық
тағам ретінде қолданылады. Құрамында темір мөлшері көп. Ол
эритроциттердің (қанның қызыл түйіршектері) түзілуіне көмектеседі,
жасушаларға оттегінің келуін қамтамасыз етіп, иммундық жүйені нығайтады.
Ақ үрме бұршақтың құрамында тіс, сүйекті қатайтатын магний мен кальций бар.
Ақ үрме бұршақты қайнату кезінде араластырмау керек. Қайнаған соң суын
төгіп тастап,салқын су құйса, барынша құнарлы да, дәмді болады. Үрме
бұршақтардың құрамында тирозин, триптофан, метионин және т.б.
аминқышқылдарының көп болуына байланысты депрессияға қарсы дақыл
саналады. Ол тіпті қатерлі ісікпен ауру қаупін азайтады. Бұршақты шикі күйінде
жеу улануға әкеп соқтыруы мүмкін. Көптеген адамдарға үрме бұршақ
жақпайтындықтан, іштің кебуі мүмкін. Мұны болдырмас үшін, үрмебұршақпен
бірге аскөк немесе жебіршөп жеген дұрыс. Қызыл үрмебұршаққа қарағанда ақ
үрмебұршақ іш кебуді аз тудырады. Үрмебұршақты қарт кісілерге, гастритпен,
тоқ ішегі қабынған, асқазан жарасы, өт қабынуы, артық тұздың жиналуымен
ауыратын науқастарға жеуге болмайды.
Азықтық жасымық
(лат. Lens culinaris) –
Азиядан шыққан
өсімдік, қазіргі таңда
әлемнің барлық
елдерінде, сондай-ақ
Польшада да өсіріледі.
Құрамы
100 г жасымықта – 347
ккал бар
Жасымықтың құрамында
каротин, ақуыздар,
протеиндер, крахмал,
кальций, фосфор, темір,
фолий қышқылы және A, B1,
B2, B6, C және PP
дәрумендеру бар.
Денсаулыққа пайдасы
Құрамындағы темір мен фолий қышқылының
көп мөлшерінің арқасында, жасымық қызыл қан
түйіршіктерінің өндірілуіне себепші болады
және жүйке жүйесінің жұмысын реттейді. Оның
төмен гликемиялық индексінің арқасында, ол
емдәмдердің, соның ішінде қант диабетімен
ауыратын адамдарға арналған емдәмдердің де
құрамдас бөлігі болып табылады. Крахмалдың
арқасында асқорыту жолына тазарту әсерін
береді және холестерин мен глюкозаның
деңгейін төмендетеді.
Бұршақ тұқымдастарының
құрамындағы белок, май,
көмірсу
Өнім Су Акуыз Май Көмірсу Жасунық

Асбұршақ 14,0 22,4 2,4 54,1 4,7

Үрме 14,0 23,2 2,1 53,8 3,6
бұршақ
Соя 10,0 36,5 17,5 26,0 4,5
Бұршақ тұқымдас дакылдарының
зиянкестері
Бұршақ бітесі, түйнек бізтұмсығы, жоңышқа
жапырағының бізтұмсығы немесе фитономус,
жоңышқаның зер қоңызы, жоңышқа қандаласы,
жоңышқа жуанаятысы, жоңышқаның сүген қоңызы және
т.б
Назарларыңызға
рахмет!!!

Ұқсас жұмыстар
МАҢЫЗЫ РАУШАНГҮЛДІЛЕР ТҰҚЫМДАСЫ
Асқабақ және орамжапырақ тұқымдастар
Асқабақтың аталық гүлі Асқабақтың аналық гүлі
Астық және бұршақ тұқымдастарын ветеринарлық санитарлық сараптау
САРҒАЛДАҚТАР
Айлаулықтар тұқымдасы
Жан қиналмай жұмыс бітпес, талап қылмай мұратқа жетпес бітпес, талап қылмай мұратқа жетпес
Шәмшаттар тұқымдасы
Науқастың тамақтануын ұйымдастыру
Алматы мемлекеттік қорығы
Пәндер