Гербарий үлгілерін нөмірлеу, жапсырма қағаздарын дайындау және құрастыру әдістері


Slide 1

Үлгілерді номерлеу және этикетка жасау

Орындаған: Нұрмаханова Г.

Раймбек М.

Slide 2

Жоспары

Үлгілерді нөмірлеу және жапсырма қағаздарын жасау.

Жапсырмақағаздардың типтері.

Жапсырмақағаздарды дайындау және рәсімдеу

Өсімдіктердің шығу тегін, даму жағдайын, өсу маусымын, гүлденуін көрсететін латынша сөздер

Slide 3

Жапсырмақағаздарды дайындау және рәсімдеу

Жапсырмақағаз - гербарийлық үлгінің маңызды бөлігінің бірі, ғылыми құжат. Онда үлгі туралы маңызды ақпарат жазылады: өсімдіктің атауы, коллектордың аты-жөні, жинақтың мерзімі мен орны. Мұндай ақпараты болмаса дайындалған үлгі жарамсыз болып қалуы мүмкін. Өсімдіктерді коллекциялаудың бастапқы кезеңдерінде жапсырмақағаздарды дайындауға жеткілікті көңіл бөлінбеген. Олар қолдан жазылып, оқылуы қиындық туғызған. Қазіргі кезде жапсырмақағаздарды дайындауға көп назар аударылған.

Slide 4

Жапсырмақағаздардың типтері:

Негізгі жапсырмақағаздар - олар барлық үлгілерде болуы тиіс және оларда өсімдік туралы маңызды ақпарат жазылады.

Slide 5

- Гербарийдің аталуы - кейде латын тілінде жазылады, әсіресе ескі европалық гербарийлерде; өсімдік атауын қысқартып жазса болады.

- Ғылыми аталуы - (анықталмаған үлгілерде бос орын қалдырылады) ;

- Жергілікті аталуы;

- Жиналған жер, географиялық ендік пен бойлық көрсетілгені жөн;

- Мекендейтін жері туралы мәліметтер және экологиялық

сипаттамалары;

- Коллектордың аты-жөні, үлгінің нөмірі, егер гербарий нөмірленген болса.

- Жиналған күні;

- Практикалық қолданылуы.

Slide 6 Slide 7

Кептірілген үлгілерді құрастыру (монтировка) . Құрастыруға (монтировкаға) төмендегі жабдықтар пайдаланылады:

1. Тығыз ақ (ватман тәрізід) немесе сарғыш қағаз, я ақ жартылай картон (ауыр салмағы бар үлгілерге) . Қағаз жылтыр емес бұдырмақтылау болғаны жақсы, тығыздығы жоғары болуы тиіс.

2. Жартылай мөлдір қағаз, нәзік гүлдер үшін қорғайтын жолақтар жасау үшін;

3. Түрлік тыстар («жейделер») құрастырылған фондтағы үлгілерді тұрақты түрде сақтау үшін. Ол үшін жеңіл, бірақ төзімді қышқылсыз түсті қағаздарды пайдаланған дұрыс;

4. Типтік үлгілерге арналған тыстар типтерді сақтау үшін қажет, төменгі шеттеріне қызыл жолақ жапсырылады, яғни типтік үлгі екенін көрсету үшін.

Slide 8 Slide 9

Гербарлық қағазға құрастырылған өсімдік оның морфологиясы жайында толық мәлімет беруі тиіс. Сондықтан гербарийді рәсімдегенде бірқатар ережелер мен талаптарды ескеру керек:

1. Басқыштарда кептірілген өсімдіктерді көлемі 42х28 см ақ жіңішке картоннан немесе тығыз ақ қағаздан жасалған парақтарға -құрастырады. Бір парақта бір немесе бір түрге жататын бірнеше өсімдіктің данасын сыйғызып жасайды.

2. Төменгі оң немесе сол бұрышында жапсырмақағаз жапсырылады, көлемі10х8 см, берілген ақпаратқа қарай үлкендеу болса да болады. Жазбалар қара сиямен, түсінікті етіп жазылады

3. Құрастыру үшін сәтті кептірілген гүлдері, жемістері, зақымданбаған даналары алынады.

5. Өсімдікті парақтың бетіне жерасты бөліктерін төмен қаратып құрастырады. Егер өсімдік тым үлкен болса, бірнеше жерін байқап майыстырып жапсырылады.

6. Өсімдікті ақ немесе жасыл жіппен тігеді, немесе жалпақ қағаз жолақтармен жапсырылады. Бірінші кезекте жерасты бөліктері, сонан соң сабағы, кейін жапырақ саптары, гүлшоғыр осі, гүлтабаншасы жапсырылады.

Slide 10 Slide 11

7. Гербарий парағының артқы жағында ұзын тігістер болмауы тиіс (1-2 см аспайды), жіпті гербарийдің оң жақ бетінде түйіндейді!

8. Гербарий парағын өсімдікті астына қаратып аударып көреді.

Салбырап тұрған өсімдік бөліктерін ені 1, 5-2 мм қағаз жолақтарымен жапсырылады. Өсімдіктің өзін немесе бөліктерін

қағазға желімдеуге болмайды!!!

9. Гүлшоғыры мен гүліне калькадан жасалған конверт кигізеді. Жемістерді калькадан жасалған арнайы конверттерге салып, оны гербарий парағына қоса жапсырады.

Slide 12 Slide 13 Slide 14

9. Гүлшоғыры мен гүліне калькадан жасалған конверт кигізеді. Жемістерді калькадан жасалған арнайы конверттерге салып, оны гербарий парағына қоса жапсырады.

Гербарий құрастыру үшін ПВА желімін, гуммиарабик желімін немесе клейстер, ағаш желімдейтін желімді пайдаланады. Силикат желімі қағазды және ондағы жазуды біраз уақыт өте құртады.

Жапсырмақағаздарды толтыратын сиялар суға төзімді болуы шарт.

Жапсыратын қағаз жолақтарының орнына скотч немесе бұласыр (пластырь) пайдалануға болмайды, себебі біраз уақыттан соң кеуіп кетіп, өсімдік бөліктері түсіп қалуы мүмкін.

Slide 15

1. Кептірілетін өсімдіктерді нөмірлеудің маңызы қандай?

2. Жапсырмақағаз, оны дайындау және оның маңызы?

3. Жапсырмақағазды рәсімдеу мақсатында жиналатын өсімдік туралы мәлімет?

4. Кепешөпті құрастыру қалай іске асырылады?


Ұқсас жұмыстар
Іс қағаздарын жүргізу жүйесіндегі жеке құрам бойынша құжаттардың түрлері мен құрастыру ерекшеліктері
Киімнің жаңа үлгілерін техникалық модельдеу: базалық конструкцияны таңдау және конструкциялық сызбаны құрастыру
Бұйымды ұлттық ою-өрнектермен өңдеу: жапсырма, кестелеу және әшекейлеу әдістері
Басқарушылық шешімдерді құрастыру технологиясы мен әдістері
Бөлу, бөліп шығару және концентрациялау әдістері: тұндыру, экстракция, хроматография және газ үлгілерін алу
Рекомбинантты ДНҚ молекулаларын құрастыру технологиясы және әдістері
Еңбек қорғау нұсқауларын ұйымдастыру және іс қағаздарын жүргізу тәртібі
Карта: анықтамасы, жіктелуі, құрастыру және қолдану әдістері
Қазақстандағы іс қағаздарын жүргізудің нормативтік негіздері мен рәсімдеу ережелері
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру: әдістері, жеке нөмірлеу және ветеринариялық паспорт тәртібі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz