Баланың сүйектерінің ерекшелігі



Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Педагогика және психология институты
Семинар сабақ
Тақырыбы: Тірек қимыл жүйесінің құрылысы мен қызметі
Орындаған:1-топ
Қабылдаған: Сейдахан М. Қ.
Алматы 2021 жыл

І. Кіріспе
1. Тірек-қимыл жүйесі
ІІ. Негізгі бөлім:
1. Сүйектердің дамуы
2. Тірек- қимыл жүйесі және оның жас ерекшеліктері
3. Қаңқаның құрылысы
ІІІ. Қорытынды
1. Тірек-қимыл жүйесінің бұзылуының алдын алу гигиенасы және
оның маңызы
2. Қызықты ақпарат
Жоспар


Тірек - қимыл жүйесі екі бөліктен тұрады: активті және пассивті.
Пассивті бөліміне сүйек және олардың байланыстары яғни буындар.
Активті бөліміне қаңқа бұлшық еті жатады. Ол сүйектерге қозғалыс береді, яғни рычаг қызметін атқарады.


Тірек- қимыл жүйесі және оның жас ерекшеліктері
Кеңістікте қозғалып жүру, денені тік қалыпта ұстау, теңдікті сақтау қабілеттері адамның сүйек-ет жүйесінің қасиеттері мен қызметіне байланысты. Сүйек-ет жүйесіне, яғни тірек-қимыл аппаратына адамның қаңқасы мен бұлшық еттері жатады.
Қаңқа (скелет) екі жүзден астам сүйектерден тұратын адамның негізгі қатты тұлғасы. Олардың көбі бір-бірімен буын арқылы жалғасып, қозғалмалы келеді, Қаңқаға бұлшық еттер бекітілген. Ет пен сүйек адамның негізгі тірегі және оның қозғалуы, еңбек етуі осы сүйек-ет жүйесінің қызметіне байланысты. Ол жұлынның, мидың және көптеген ішкі мүшелердің сауыты болғандықтан, қорғану қызметін де атқарады, яғни жұмсақ мүшелерді (жүрек, бауыр, өкпе, ішек-қарын, бүйрек т. б) соққыдан және басқа да түрлі жағымсыз әсерлерден қорғайды. Соңғы кезде бұл жүйке зат алмасуына, әсіресе минерал заттарының мөлшерін бір деңгейде сақтауға қатысатыны анықталды. Бұлшық еттердің ұштары сүйекке бекітілген. Олардың көбі екі сүйекке бекігендіктен олардың қозғалысын іске асырады. Әрбір сүйекке екі, тіпті одан да көп еттердің ұштасуы мүмкін.

Еттердің негізгі қызметі - сүйектерді қозғау. Сол арқылы адамның еңбек етуін, күрделі жұмыстарды орындауын қамтамасыз етеді. Адамның қимыл-қозғалысы организмдердің эволюциялық дамуында қалыптасқан, оған тән морфологиялық және функциялық денені тік ұстауға, қимыл-қорғанысқа ет пен сүйектен басқа тірек-қимыл жүйесіне кіретін буындар, сіңірлер, тарамыстар қатысады.
Сонымен, сүйек-ет жүйесі негізінен тірек, қимыл-қозғалыс, қорғаныс, тұздардың алмасуына қатысу арқылы адам организмінде өте маңызды орын алады.

Адам қаңқасы бас, тұлға, аяқ-қол сүйектерінен тұрады Т ұ л ғ а сүйектеріне омыртқа жотасы, 12 қос қабыргалар мен кеуде сүйегі жатады.
о м ы р т қ а ж о т а с ы - бүкіл дененің тірегі. Ол бір-бірімен буын арқылы жалғасқан 33-34 омыртқадан тұрады. Омыртқа жотасын беске бөледі: 7мойын, 12 көкірек немесе кеуде, 5 бел, 5 сегізкөз, 4-5 құйымшақ омыртқалары. Мүның ішінде құйымшақ және сегізкөз омыртқалары бір-бірімен бірігіп кеткен, қалғандары жеке-жеке болады.
Әрбір омыртқаның денесі, доғалары және ө с і н д і л е р і болады. Омыртқаның тығыз жері - денесі. Омыртқалардың доғалары жұлын орналасатын омыртқа жотасының к а н а л ы н (өзегін) құрады. Омыртқаның 7 өсінділері бар: омыртқаның ортаңғы тұсынан басталып артқа қарай өскен 1 арқа өсіндісі, доғаның шетінен басталып жоғары жөне төмен бағытта орналасқан жүп 2 буын өсінділері, екі жанында орналасқан жүп бүйір өсінділері болады. Омыртқалардың жалпы құрылысы ұқсас болғанымен, өзіндік ерекшеліктері де болады.
Қаңқаның құрылысы

Мектеп жасына дейінгі балалардың омыртқалары ұзарып, жуандайды. 5-6 жастағы балалардың омыртқа жотасы тез қисаяды. Омыртқааралық шеміршектердегі заттың алмасуы өте күшті болады. Сондықтан түрлі жағдайлардың әсерінен омыртқаның өсуі тез бұзылып, омыртқа жотасының бір жақ бүйіріне қарай қисаю, лордозы, кифозы өзгерістері пайда болады. Мысалы, өте жылдам 8-12 м/сек қозғалғанда мойын және көкірек омыртқалары зақымдалады. Бала өте аз қозғалғанда да ұсақ зақымдар пайда болып, олардың негізінде кейіннен омыртқа кемшіліктері дамиды. Омыртқа жотасының өсуі жігіттік пен бойжеткендік кезеңге дейін байқалғанымен, әр түрлі бөлімдерінің омыртқалары бірдей өспейді. 1, 5 жасқа дейін барлық омыртқалар бірдей өседі, 1, 5-3 жас арасында мойын және кеуденің жоғарғы омыртқалары нашар өседі.
Омыртқа аралығындағы шеміршектер жоғарыдан төмен қарай қалыңдай түседі. Ол шеміршектердің ұзындығы бүкіл жотаның 1/4 бөлігіне тең. Бұлар омыртқа жотасын серпімді етіп, жан-жаққа қимылдауға мүмкіндік тудырады.

Бас сүйектері екі негізгі бөліктен тұрады: ми сауыты жөне бет сүйектері.
Бас сүйектері
М и
с а у ы т ы адамның миы орналасқан үлкен қуыс. Ол мандай, жұптасқан төбе, шүйде жөне екі самай, негізгі және көз торы сүйектерінен тұрады. Ми сауыты самай сүйегінің тесігі арқылы ішкі құлақпен, шүйде сүйегінің үлкен тесігі арқылы омыртқа өзегімен (омыртқа каналы деп те аталады) жалғасқан.
Бет сүйектері жоғарғы және төменгі жақ, шықшыт-бет, тандай сүйектері, кеңсірік желбезегі, мұрын сүйегі мен мұрынның төменгі кеуілжігі және көз қуысы сүйектерінен тұрады.
Бұлардың ішінде төменгі жақ сүйегі ғана қозғалмалы орналасқан. Қалғандары бір-бірімен қозғалмайтындай тығыз біткен. Бет сүйегінің біразы жұп (үстіңгі жақ, мұрын, көз қуысы, бет-тандай, төменгі кеуілжік сүйектері), тек үшеуі ғана жалғыз (жақ, тіл асты сүйектері) сүйектер.

Қабырға
Адам денесінде 12 қос қабырғалар бар. Әрбір қабырға жалпақтау ұзын сүйектен және шеміршектен тұрады. Олар бір-бірімен жалғасып кеткен. Қабырғаның б а с ы, м о й ы н ы, д е н е с і болады. Оның омыртқамен жалғасқан жерін қабырға басы деп атайды да қалған жері мен басының арасыңдағы жіңішкелеу жерін мойын дейді. Қабырға денесінің алдыңғы жақ ұшы төс сүйегімен жалғасады. Жоғарғы қос қабырғаның мойыны мен денесінің қосылатын жеріндегі қабырға бұдыры омыртқаның көлденең өсіндісімен жалғасады.
Көкірек қуысының сүйектері.
Тұлға сүйектеріне омыртқа жотасынан басқа көкірек қуысын құратын қ а б ы р ғ а және т о с сүйектері жатады.
Төс суйегі - жалпақ сыңар сүйек. Дененің көкірек қуысының алдыңғы сызығының бойында орналасады. Т ө с сүйегінің денесі, тұтқасы, семсершесі болады. Төс тұтқасының жоғарғы жағында м о й ы н д ы р ы қ, екі жағында б ұ ғ а н а, және жеті-жетіден қабырға ойындылары бар.
І-ші қабырға ойындысы төс тұтқасы мен денесінің қосылған жерінде басталып, қабырға ойындысы төс денесі мен семсершесінің қосылатын жерінде болады.

Иық және жамбас белдеулерінің сүйектері.
Аяқ-қолдардың сүйектері адам денесінің екі белдеуін құрады: иық және жамбас белдеулері. Омыртқа жотасының жоғарғы жағында екі жауырын сүйектері орналасқан. Олар бұғана және тос сүйектерімен жалғасады. Жауырынның сыртқы бұрыштары иық басы сүйегі арқылы қол сүйектерімен жалғасады.
Ж а у ы р ы н - жалпақ қос сүйек, ол омыртқа және қабырға сүйектерімен бұлшық ет арқылы жалғасқан. Жаңа туған сәбидің жауырын сүйегінің иық, құс тұмсық өсінділерінде, буын бетінде, омыртқа жақ шетіңде, жоғарғы және төменгі бұрыштарында шеміршектер болады. Жауырын сүйектері жігіттерде 19-20, қыздарда 18 жаста қатады.
Б ұ ғ а н а (латынның) 8 әрпі тәрізді иілген сүйек. Бала туар алдында оның төс жақ ұшынан басқа жері сүйекке айналып үлгереді. Ал төс жақ ұшының сүйектенуі жігіттерде 24, қыздарда 23 жаста аяқталады. Қ о л жауырынмен қозғала біткен иін сүйектерінен, шынтақ пен шыбық сүйектерінен құралған білек сүйектеріне, білезіктің ұсақ сүйектері, бес ұзын алақан сүйектері мен саусақ сүйектерінен тұратын қолдың басынан тұрады.

Жамбас белдеуінің сүйектері.
Жамбас белдеуі сегізкөзден және онымен қимылсыз біріккен екі жамбас сүйектерінен құралған.
Жамбас сүйектерінің алдыңғы жағы бір-бірімен қимылсыз біріккен. Жамбас сүйектерінің ойысында ортан жіліктің басы бекіген. Жамбас пен ортан жілік қозғалмалы буын арқылы бірігеді. Адамның жамбас сүйектері кең тостақан тәрізді қуыс жасайды. Себебі адамның тік жүруіне байланысты ішек-қарынның салмағы осы жамбас сүйектеріне түседі. Ортан жіліктің екінші шеті асықты жілік пен оның ш ы б ы ғ ы н а жалғасады. Ал олар толарсақ, бақай сүйектері және бақайшықтан құралған т а б а н сүйектерінен тұрады.

Ортан жілік пен асықты жілік бір-бірімен тізе буыны арқылы қозғалмалы жалғасқан. Табан сүйектері бір-бірімен буындасып жалғасқан сүйектер.
Ортан жілік адам денесіндегі ең ірі сүйек. Оның жілік басы, денесі болады. Жілік басы мен денесінің арасында мойыны бар. Мойыны мен денесінің қосылатын жерінде бұдырлау орналасқан ұршықтары болады. Бала туғаннан кейін алғашқы 5 жылда ортан жілік тез өседі де, 5-9 жас арасында қыздардың ортан жілігі жылдан жылға баяулап, ер баланың жілігі бір қалыпта баяу өседі. Жілік басы мен мойыны 14-20 жаста бірігіп кетеді. Осы мерзімде ұршықтары, мойыны, денесі бір-бірімен жалғасады. Ортан жілік 18-20 жаста өсуін тоқтатады. Асықты жілік пен оның шыбығының сүйектері қыздарда 16-18, жігіттерде 19-20 жасқа дейін осіп, одан әрі қарай өсуін тоқтатады. Олар төмен қарай өседі, яғни ұзарады. Асықты жіліктің шеміршектері балада неғүрлым тез жүріп кетсе, соғүрлым тез өседі.

Бақайшақтар бес ұсақ жүмыр пішінді әртүрлі сүйектерден тұрады. Қыздарда - 17, жігіттерде - 20 жасқа дейін өседі. Бес саусақ сүйектерінің төртеуі 3 сүйектен, ал бас бармағы 2 сүйектен құралған, бір-бірімен буындасқан сүйектерден тұрады. Ең алдымен І-саусақтардың сүйектері өсе бастайды да кейіннен IV-V саусақтар сүйектері жетіледі. Барлығының өсуі 15-20 жаста аяқталады.
Т а б а н сүйектері бір-бірімен буын арқылы күмбезденіп қосылған. Табан күмбезі баланың аяғын басу барысында толық қалыптасады. Табан күмбезі сүйектерді мықтап бекітіп тұратын тарамыстардың даму барысында пайда болып, табанға күш түскенде оның күмбезі төмендейді. Табан күмбезінің дұрыс қалыптасуына тар аяқ киім, ауыр жүк тасу, үзақ уақыт табанға күш түсіріп, кішкентай баланың түрегеліп тұруы, сол сияқты мешел ауруыңда да кері әсер етеді. Мұндайда жалпақ табан пайда болады. Жалпақ табанда баланың сымбаты бұзылады, қан айналысы нашарлап аяқ тез шаршайды. Жалаң аяқ жер басып жүру, бұлшық еттерді күшейтетін түрлі жаттығулар, спорт ойындары жалпақ табанның алдын алады, яғни оны болдырмайды, табан күмбезін дұрыс қалыптастырады.

Баланың сүйектерінің ерекшелігі.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz