Эмоциялар: рөлдері, қызметтері және эмоциялық интеллект


Slide 1

Тақырыбы Эмоция және олардың атқаратын рөлдері мен қызметтері

Тексерген Нұрова Қ

Орындаған Мендибаева Д

Slide 2

Жоспары

Эмоция туралы жалпы түсінік

Эмоцияның рөлі

Эмоцияныңи көрініс беруі

Slide 3

Эмоция (фр. emotion, лат. еновео - толғану) - адам мен жануарлардың сыртқы және ішкі тітіркендіргіштер әсеріне реакциясы; қоршаған ортамен қарым-қатынас негізінде пайда болатын көңіл-күй.

Эмоция организмнің әр түрлі қажетсінулерге қанағаттануына (ұнамды эмоция) немесе қанағаттанбауына (ұнамсыз эмоция) байланысты. Адамның жоғары әлеуметтік қажетсінулері негізінде пайда болатын тұрақты змоция. Эмоция жоғары түрі адамның іс-әрекетінің өнімді болуына мүмкіндік туғызады. Оларға қуаныш, сүйіспеншілік және т. б. эмоциялар жатады. Жағымсыз эмоция адамның іс-әрекетіне азды-көпті зиян келтіреді. Оларға қорқыныш, қайғы, абыржу, үмітсіздену, үрейлену және т. с. с. эмоциялар жатады.

Көңіл - адамның бойын билеп алатын эмоциялық жағдай. Көңілді болу адамның іс-әрекетінің сәтті, нәтижелі болуына байланысты. Адамның эмоциясын, оның мимикасынан, пантомимикасынан да байқаймыз. Эмоциялық үрдістердің пайда болуы вегетативтік жүйке жүйесінің қызметіне байланысты. Эмоциялар қатарластығы - бірін-бірі итермелеуші эмоциялық кемелденген екі бағдар. Олардың біреуі ұғынымсыздыққа қарай ығыстырылып, индивид мінез-құлқына санадан тыс әсер етеді

ср, 3 февр. 2021 г., 22:47 Dina Mendibaeva :

Эмоциялық интеллект түсінігіне қоршаған ортадағы адамдардың эмоциясын түсіну жəне олардың эмоциялық күйіне икемделу арқылы тұлғаның тиімді қарым-қатынас құра білу қабілеттері жатады. Өзін-өзі ұстай білу жəне өзара əрекеттесудің сауатты үлгісін құру адамдармен тікелей қатынасуға байланысты қызмет салаларында аса маңызды болып жатады. Тұлғаның кəсіби жетістіктері, сөзсіз, оның білімімен, қабілеттерімен, дағдыларымен, жан-жақтылығымен жəне кеңінен ойлау білу қасиеттерімен, яғни оның жалпы интеллект деңгейімен байланысты болып келеді. Алайда көптеген жағдайларда интеллектінің жоғары деңгейіне ие болу жеткілікісіз. Эмоциялық интеллект идеясының пайда болуы əлеуметтік идея турасындағы түсініктердің дамуы нəтижесінде мүмкін болды. Тұлға табыстылығының жалпы интеллект деңгейі мен əлеуметтік ортамен тиімді өзара əрекеттесуі арасындағы сəйкессіздіктердің жиі орын алуының нəтижесінде əлеуметтік интеллектінің жекелеген дара қабілет немесе тұлға қасиеті ретінде бөлініп қарастырылуына түрткі берді

Slide 4 Slide 5 Slide 6 Slide 7 Slide 8 Slide 9
Ұқсас жұмыстар
Эмоциялар және эмоционалдық интеллект: теориясы, функциялары және реттеу механизмдері
Эмоциялар, сезімдер және эмоционалдық интеллект: анықтамалар, түрлері және басқару
Эмоциялық интеллект дамуының психологиялық-физиологиялық әдістемесі
Эмоциялар мен эмоционалдық интеллект: функциялар, реттеу әдістері және теориялық модельдер
Эмоциялық интеллект: ұғымы, құрылымдық компоненттері және әлеуметтік маңызы
Эмоция мен эмоциялық интеллект теорияларын салыстыру негізінде заманауи тұлғаның жетістік индикаторын құру
Эмоция және эмоциялық интеллект теорияларын салыстыру арқылы заманауи тұлғаның жетістік индикаторын әзірлеу
Эмоциялық интеллект пен эмоционалды күйді басқару: теориялық және практикалық негіздер
Эмоциялар мен эмоционалды интеллект: анықтамасы, сыртқы көрінісі, сезімдердің амбиваленттілігі және стресс әсері
Эмоцияның ұғымы, түрлері және эмоционалды интеллект
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz