Тіл құралдарының стилистикасы


Slide 1

Дәріс № 9

Тақырып: Тіл құралдарының стилистикасы

Slide 2

Тіл құралдарының стилистикасы тілдің барлық деңгейлеріндегі құралдардың стилистикалық қызметін қарастырады. Өйткені әр түрлі стильдік мағына-бояу, стильдік өң, көркемділік мәнерлілік сипат тілдік өлшемдердің барлық түрінде болады.

Тіл құралдары стилистикасының зерттеу нысаны:

лексика-фразеология

грамматика

фонетика қарастыратын тілдік тұлға-бірліктер

Slide 3

Тіл құралдары стилистикасының мынадай түрлері бар:

фонетикалық

лексикалық

грамматикалық

синтаксистік

Slide 4

Лексика стильдік сипатына қарай:

сөйлеу тілі лексикасы

бейтарап лексика

кітаби лексика

Лексика - белгілі бір тілдегі сөздердің жиынтығы, оның сөздік қоры. Қоғам өмірінде болып жатқан жаңа үрдістермен байланысты көптеген жаңа сөздер пайда болып жатады. Тілде мұндай сөздер неологизмдер деп аталады.

Кітаби лексика - ойды нақты, дәл беру үшін жазба әдебиеттерде қалыптасқан сөздер мен сөз оралымдары. Кітаби лексикаға көбінесе саяси-әлеуметтік терминдер, әр алуан экономикалық, техникалық, іскерлік атаулар т. б. жатады. Мәселен, әр түрлі салалық терминдер ғылыми еңбектерде, оқулықтар тілінде көбірек ұшырасады.

Slide 5

Стиль түрлерінің кейбірінде ғана қолданылатын сөздер

ауызекі сөйлеу тілінің лексикасы

жазба әдебиет үлгілері

Бұл жағдайды, хабарды тура айтпай-ақ тұспалдап жеткізетін сөздер табу, эвфемизм делінеді. Стильдік тұрғыдан ұтымды тәсіл:

Бұларың кім? - деді Ұлпан.

Төрттен астам аулының жігіттері ғой, «Алтыбақан» құрып жатқан.

Slide 6

Сөз мағынасының стильдік қызметі

Жеке сөздерге үстеме мағына жүктеледі.

«Қалғып жатқан теңіз ем, дауыл тербеп оятты».

Қосымша мағынаның аз-көп болуы сөздің негізгі лексикалық мағынасымен тығыз байланысты.

Сүбелі мал (семіз) . Бура найман - сүбелі елдің бірі. Бұл - жинақтағы сүбелі де көркем туынды.

Slide 7

Синонимдер - ойды көрікті, әрі әсерлі жеткізудің құралы. Оларды талғай да, таңдай да білу керек. Өйткені мағыналас сөздердің бәрі үнемі бірінің орнына бірі жұмсала бермейді.

Ойды бейнелі айту үшін де көркемдік дәлдікке, шынайылыққа жету үшін де антоним сөздер қолданылады.

Каламбур - шендестіру тәсілі. Дыбысталуы бірдей, мағынасы әр басқа сөздерге негізделген сөз әзілі, яғни омонимдерді жұмсаудағы стильдік тәсіл.

1. Синонимдердің бірнешеуін қатар айту айтылатын ойды анықтай түседі. Ол Сармолда айтып жүрген сөзді өз тарапынан да жұртқа жеткізу борыш, қарыз, тәрізді. Қағаз деген абырой, атақ, беделге қарай ма? Абайдың көз алдына Байтастың былтыр жаздағы әншіл, сауықшыл жолдастары толық елестеді.

2. Кейбір синоним сөздер контексте жансыз заттармен тіркесіп айтылып, бейнелілік мағына беріп тұрады: быжыр жүз, сылбыр күз.

1. Ойды ықшамды, әсерлі ету үшін жұмсалады: күні-түні тынбай, жұмыс жасады. Басы қатты, аяғы тәтті.

2. Ойды жинақтау үшін қолданылады: жақсылық пен жамандықтың бағасын ұғар кезі болды ғой.

Қалқам, жаным, қарағым,

Бетіңе келмес қарағым

Тағы сынды жан едік,

Тағы келдік тар жерге

Slide 8

Экспрессия жалпы екі тұрғыдан сөз етіледі

1. лексикалық мағынасы әуелден экспрессияға бейім сөздер

2. қолданылу процесінде экспрессивтік бояу алатын есімдер, тұлғалар

Тілдің көркемділігін жетілдіру үшін, образ жасауда бұл тәсілді жиі қолданады. Эмоциялық реңкі бар экспрессивті сөздер көбінесе көркем әдебиет стилінде кездеседі, өйткені олардың стильдік бояуы, қыр-сыры сонда ашылады. Ақын-жазушылар шындықты көрсетуде, ондағы кейіпкерлердің мінезін ашып, портретін жасауда осындай көтеріңікі, бейнелі, мәнерлі сөздер қолданады.

Slide 9

Қазақ тілінде әсіресе болымсыздықтың эмоционалды-экспрессивті мәні күштірек сезіледі:

а) сөйлемнің толымсыз формалы баяндауышының қайталанып келуі арқылы

ә) сөйлемде болымсыз есімдіктердің қайталануы да оған экспрессивтік мән береді

б) түгіл, тұрмақ, тұрсын шылдаулары зат есім, сын есім, сан есім, қимыл атауларымен тіркесіп, болымсыз мәнді салыстыру арқылы экспрессивтік мән алады

Slide 10

Қорытынды

Тіл құралдарының стилистикасы тілдің барлық

деңгейлеріндегі құралдардың стилистикалық

қызметін қарастырады. Оның әрқайсысын толық

қамту үшін бұл тақырыпты түгелдей меңгеру қажет.


Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарындағы тіл дамыту жұмыстары
Дискурс Ғылыми дискурс
Қазақ тіл біліміндегі мәтінтанымдық көзқарастар
Морфологиялық стилистика
Ма ғжан Жумабаев (1893-1938)
Ғылыми конференцияларға баяндама дайындау
Құқық нормаларын талқылау ұғымы
Тіл дамуының лингвистикалық, экстралингвистикалық факторлары
Көркем әдебиет стилі
Қазіргі қазақ әдеби тілі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz