Азия - қазіргі әлемдік діндердің пайда болған ошағы
Презентация қосу
Оңтүстік
Батыс
Азия
Тобы: 129-28
Орындаған: Әйтбек Д.
Қабылдаған: Карабаева А.
Жер шарындағы ең ірі дүние бөлігі болып
саналатын Азия дүниенің төрт бұрышымен
шектесіп жатыр. Оның жерінің ауданы 44 млн.км2,
халқының саны 3,5 млрд-тан асады.
Азияның адамзат дамуының тарихында айрықша орны
бар. Азия – қазіргі әлемдік діндердің пайда болған ошағы.
Мұнда гүлденген Вавилон, Византия, Қытай, Үндістан, араб
халифаты мен Осман империясы тәрізді өркениеті де
дамудың жоғары дәрежесіне көтерілген. Олардың тарихи-
мәдени мұралдары әлі де толық зерттеуді қажет етеді.
Азияда дүние жүзіндегі ең ірі және ең ұсақ мемлекеттер
қатар орналасқан.
Азияның алуан түрлі табиғат жағдайлары шаруашылықтың
көптеген салаларын өркендетуге мүмкіндік береді. Осы
заманға аса күшті дамыған өркениетті елдері мен сәулетті
қалалары, мәдениет орталықтары бұл дүние бөлігінің
қайталанбас келбетін қалыптастырады. Табиғаты мен
шаруашылығының сипатына қарай Азия бірнеше аймақтарға
бөлінеді: Оңтүстік-батыс Азия, Оңтүстік Азия, Орталық
және Шығыс Азия, Солтүстік Азия, Оңтүстік-шығыс Азия.
Оңтүстік-Батыс Азия – Еуропа, Азия, Африка дүниеге
бөліктерінің тоғысқан жерінде орналасқан ерекше аймақ.
Оңтүстік-Батыс Азия елдері Кіші Азия, Арабия
түбектері мен Иран таулы қыратын алып жатыр.
Құрамында Туркия, Кипр, Иран, Ирак, Ауғаныстан,
Сирия, Израиль, Ливан, Палестина, Иордания, Сауд
Арабиясы, Біріккен Араб Әмірлігі, Йемен, Оман, Катар,
Бахрейн, Кувейт кіретін бұл аймақты «Таяу Шығыс» деп
те атайды. географиялық орнына сәйкес ТМД
құрамындағы Кавказ елдері де Оңтүстік-Батыс Азияға
жатады
Оңтүстік-Батыс Азияның Жерорта теңізі мен Үнді мұхиты
аралығындағы орнына сәйкес, табиғат жағдайы алуан түрлілігімен
сипаталады. Жер бедерінде кең-байтақ Алдыңғы Азия, Армян, Иран
таулы қыраттары мен оларды көмкеріп жатқан қатпарлы биік таулар
басым. Таулардың ең биігі – Гиндукуш таулары, оның шыңдарының
биіктігі Гималай тауынан шамалы ғана аласа болып келеді. Таулы
қыраттардың ішіндегі ең биігі – Армян таулы қыраты, Жер
қыртысындағы күшті жарылулар әсерінен жанартау атқылауларына
ұшыраған. Қазіргі кезде жанартаулық әркет бәсеңдеген, бірнеше сөнген
жанартаулар бар. Ең ірісі – Үлкен Арарат (5165м). Армян таулы
қыратының солтүстігінде Кавказ таулары орналасқан.
Таулы қыраттардың ішкі бөліктері құрғақ климат
жағдайында өте күшті физикалық үгінділерге толған. Альпі-
Гималай геосинклиналдық белдеуінің құрамына кіретін бұл
аймақтар тау жасалу әлі жүріп жатқандықтан, Күшті жер
сілкінулер жиі байқалады. 1999 жылы Туркияда дүркін-дүркін
қайталанып, күші 7 балға жеткен жер сілкінулер 2000 жылы
да қайталанады.
Африка-Арабия платформасының бөлігі болып
табылатын Арабия түбегінің Қызыл теңіз жағалауын
таулар алып жатыр. Түбектің Жерорта теңізі жағалауы
арқылы терең тектоникалық жарық өтеді. Осы жарықтың
бойында Жер шарының теңіз деңгейінен ең төмен жатқан
бөлігі – Өлі теңіз (-403м) орналасқан. Өлі теңіздің суы аса
тұзды болғандықтан, оның суы мен жағалауында тіршілік
белгісі жоқ. Суының емдік қасиетеріне байланысты Өлі теңіз
дүниежүзілік маңызы бар емдеу-сауықтыру орталығы болып
табылады.
Таулар Парсы шығанағына қарай саты түрінде
аласарып, қатты майысқан Месопотамия ойпатына
ұласады. Бұл ойпаттың атауы «Екі өзен аралығы»
деген мағына береді, ойпат арқылы Тигр және
Евфрат өзендері ағып өтеді.
Оңтүстік-Батыс Азия тас көмір мен түсті металдарға бай.
Сонымен қатар вольфрам, хромит, полиметалдардың кен орындары
бар, көлдерден ас тұзы өндіріледі. Аймақтың басты байлығы – мұнай
мен газ. Парсы шығанағының қайраңы мен Месопотамия ойпатында
мұнай мен табиғи газдың дүние жүзіндегі ең мол қоры шоғырланған.
Мұнай – газ Каспий теңізінің жағалауы мен қайраңынан және
Солтүстік Кавказ аймағынанда өндіріледі.
Географиялық орнының ерекшелігіне байланысты аймақ бірнеше
климаттық белдеуді алып жатыр. Жерорта теңізі жағалауына
суптропиктік жерортатеңіздік, Кавказға және құрғақ субтропиктік,
ал Кіші Азия түбегінің ішкі аудандары мен Иран таулы қыратына
құрғақ субтропиктік шөл климаты ықпалында. Аймақтың
климатына тән басты белгі – жазды теиператураның жоғары және
аса құрғақ болуы. Климаттың континенттілігі шығысқа және
оңтүстікке қарай артады: атақты Руб-әл-Хали шөлінде 3-4 жыл
бойы бір тамшы жаңбыр жаумайтын кездер болады. Қара теңіз бен
Жерорта теңізі жағалауларында ғана жауын-шашын мол түседі.
Сондықтан Кавказда түр құрамы ерекше бай субтропиктік ылғалды
ормандар тараған.
Оңтүстік-Батыс Азияда ең ежелгі егіншілік өркениеті
қалыптасып, ірі керуен жолдары өткен. Бұл аймақта дүние
жүзіндегі ең алғашқы қалалар мен мәдениет орталықтары
пайда болған. Оңтүстік-Батыс Азия – қазіргі әлемдік ислам,
христиан, иудаизм діндерінің бесігі. Сондықтан да аймақ
халқының ұлттық құрамы өте күрделі. Арабия түбегі мен
Месопотамия ойпатында, Жерорта теңізінің кейбір
жағалық елдерінде арабтар тұрады. Кіші Азия түбегінде
түріктер мен курдтер, Иран таулды қыратында парсылар
мен ауғандар, тәжіктер, Арабия түбегінің Жерорта теңізі
жағалауында еврейлер қоныстанған. Кавказда көптеген
ұлттардың өкілдері тұрады, саны жағынан әзербейжандар,
грузиндер мен армяндар басым. Аймақ бойынша халықтың
тығыздығы әр түрлі. Климаты жайлы жазықтар мен теңіз
жағалауларында халық тығыз қоныстанған.
Сусыз шөлейттер мен шөлдерде тұрғылықты халық жоқ. Көшпенді
арабтар қой отарлары мен түйелердің соңында жайылымнан-
жайылымға, суаттан-суатқа жылжып, көшіп отырады. Ежелден
егіншілік аудандары болып табылатындықтан жазықтар мен жер асты
сулары жақын жатқан шұраттарда (оазис) халық тұрақты мекендейді.
Оларда суармалы жерде астық дақылдары құрма пальмасы мен жеміс
ағаштары өсіріледі. Аймақта шағын қалалар басым, табиғи келбетін
өзгеріссіз сақтап қалған ежелгі қалаларда көп. Дамаск (Шам), Иерусалим,
Бағдад, Мекке мен Медине, Басра, Стамбул қалаларында сәулет өнерінің
ежелгі және жаңа үлгілері таңғажайып үйлесімін тапқан. Сонымен
қатар бұл ежелгі қалалар ғылымның дамуына да үлкен үлес қосқан.
Әсіресе жалпы географиялық, астрономилық, математикалық түсінікті
кеңейтті.
Араб елдері мен Иран, Иракта мұнай өндіру және өңдеумен
байланысты өндіріс салалары жақсы дамыған. Бұл елдерде
сырттан уақытша жұмыс істеуге келген адамдардың үлесі
жылдан-жылға артуда. Парсы шығанағы жағалауындағы мұнай
сатудан көп пайда табатын елдерде халықтың әл-ауқаты өте
жоғары. Қазіргі заманғы сәулетті қалаларда адам өмірі мен
тұрмысына қажетті барлық жағдайлар жасаланған. Мұнай
тасымалдауды жүзеге асыратын ірі поттар саны өсуде.
Аймақтағы Израиль, Туркия тәрізді елдердің шаруашылығы әсіресе
соңғы жылдары қарқынды дамып, дүние жүзілік деңгейге көтерліді.
Оңтүстік-Батыс Азиядағы елдер мен қалалардың көне тарихы мен
жаңа келбеті, теңіз жағалауындағы емдеу және демалыс орындары
дүниенің түкпір – түкпіріндегі жылына миллиондаған туристерді өзіне
тартады. Ал осындағы қаситті діни орталықтарға тәу етуге арнайы
келетін адамдар саны да жылдан-жзылға арта түсуде. Аймақтың
кейбір бөліктерінде саяси жағдай өте шиеленіскен. Израиль мен
Палестина арасындағы, Кавказ елдеріндегі Ауғаныстандағы түріктер
мен курдтер арасындағы шешімін таппаған даулы мәселелер
қақтығыстарға әкеліп соқтыруда.
Ұқсас жұмыстар
ИДЕЯЛАРДЫҢ ТАРАЛУ СЕБЕПТЕРІ |
ШЕТЕЛДІК АЗИЯ |
Әлемдік діндер |
БУДДА ДІНІ |
Дін және мәдениет |
Мұсылман діні белгісі |
Дін философиясы |
Экономикалық география |
Аллаһ сөзі |
Дін туралы |
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz