САЛЫҚТЫҚ КЕҢЕС БЕРУ ЖӘНЕ САЛЫҚ АУДИТІНЕ КІРІСПЕ




Презентация қосу
САЛЫҚТЫҚ КЕҢЕС БЕРУ ЖӘНЕ
САЛЫҚ АУДИТІНЕ КІРІСПЕ

Автор: Алданияз Дамир
Топ: ЕжА 305
Салықтық кеңес беру - өзін орындау барысында
қолданыстағы салық заңдарына қатысты мәселелер
бойынша кеңестік қызметтер көрсетіп, жалпы талдау
жасап, кәсіпорыныңыздың салықтық жүйесін
қарастыратын, салық салынатын базаның
қалыптастырылуына әсер ететін негізгі жайттарды
қарастырып, салықтық есебіңіздің (декларациялардың,
есептердің) шолуын жасайтын аудиторлық кеңес берудің
бір түрі.
Аудиторлық қызметтің мәні қаржылық есеп
беруді, төлем есептеу құжаттамасын тәуелсіз
тексеру, түрлі қызметтер мен кеңес беру,
бухгалтерлік есеп жүргізу мен қалпына келтіру,
ұйымның активтері мен міндеттемелерін
бағалау, салық декларациясын толтыру, қаржы-
шаруашылық қызметке экономикалық талдау
жүргізу бойынша тұтынушыларға
қызметтер ұсынатын аудиторлық фирмалардың
(аудиторлардың) кәсіпкерлік қызметі
болып табылуында.
Салықтар – бұл мемлекет біржақты
тәртіппен заң жүзінде белгілеген,
белгілі бір мөлшерде және мерзімде
бюджетке төленетін қайтарусыз
және өтеусіз сипаттағы міндетті
ақшалай төлемдер.
Салықтарда мемлекеттің экономикалық
мазмұны нақты түрде көрінеді, ал
салықтардың әлеуметтік-экономикалық
мәні, олардың түрлері мен рөлі қоғамның
экономикалық құрылысымен, мемлекеттің
табиғатымен және функцияларымен
айқындалады. Белгілі философ Фрэнсис
Бэкон салықтарды төлеу әрбір азаматтың
қасиетті борышы деген еді.
Салықтың мынадай негізгі
қызметтері (функциялары) бар:
реттеушілік;
фискалдық;
қайта бөлу;
Реттеушілік қызметі – салықтың ең
негізгі қызметі. Осы қызмет арқылы
салықтар ел экономикасына өз ықпалын
тигізеді, яғни салықтық реттеу жүзеге
асырылады. Салықтық реттеудің ең
басты мақсаты - өндірістің дамуына
ықпал ету. Салық түрлері, салық
ставкалары, салық жеңілдіктері, салық
салу әдістері салықтық реттеудің
тетіктері болып саналады
Фискалдық функция – барлық
мемлекеттерге тән негізгі функция.
Оның көмегімен бюджеттік қор
қалыптасды, мұның өзі салықтардың
қоғамдық міндеттерін арттыра
түседі.Өйткені салықтар мемлекеттік
бюджеттің кірістерін толыстыра отырып,
экономиканы, әлеуметтік-мәдени
шаралады жүзеге асыруды қамтамасыз
етеді.
Қайта бөлу функциясы арқылы түрлі
субъектілер табысының бір бөлігі
мемлекеттің қарамағына өтеді. Бұл
функцияның іс-әрекетінің ауқымы
жалпы ұлттық өнімде салықтардың
алатын үлесі арқылы анықталады; ол
ұлттық табыстың мемлекеттендірілу
дәрежесін көрсетеді.
Мемлекетте алынатын салық
түрлерінің, оны құру мен алудың
нысандары мен әдістерінің,
салық службасы органдарының
жиынтығы әдетте мемлекеттің
салық жүйесін құрайды.

Ұқсас жұмыстар
Халықаралық компаниялар
Халықаралық Аудиторлық Компания «Russell Bedford BC Partners» ЖШСХалықаралық Консалтингтік Фирма
Әкімшілендіру департаменті
Қосылған құн салығын есептеу
САЛЫҚТЫҚ ЖОСПАРЛАУ МЕН БОЛЖАМДАУ
Салықтық механизм
Мемлекеттік салық менеджменті
Салық саясаты
Қазақстандағы салық саясаты: қалыптастыру және қызметі атқару механизмдері
Салықтық бақылау
Пәндер