Экономикалық жүйедегі рынок мен мемлекеттің өзара қатынасы


Slide 1

Экономикалық жүйедегі рынок мен мемлекеттің өзара қатынасы

Алматы Технологиялық Университеті

Орындаған:Мұхамбет Д.

Тобы; ТММП 19-12

Тексерген:Болатқызы С.

Slide 2

Рыноктық жүйенің сипаты - аралас экономика

Экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілігі туралы рыноктың «көрінбейтін қолы» теориясының авторы А. Смиттің өзі де айтқан болатын. Ол өзінің атақты «Адамдар байлығының табиғаты және себептері туралы» еңбегінде ол былай деп жазды: «мемлекеттің мейлінше маңызды үш міндеті бар: әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету, әділ сот жүргізу және пайдалылығы үлкен қоғам үшін едәуір болғанымен жеке тұлғаның немесе шағын топ, шығындарының орнын ешқашан толтыра алмайтын, сондықтан жеке тұлғалар немесе шағын топтар үшін оларды құрап, ұстаудың пайдасы жоқ белгілі бір қоғамдық мекемелерді құрып және ұстау міндеттері».

Slide 3

бұл өкілетті мемлекеттік органдардың экономиканы тұрақтандыру және дамыту, сондай-ақ, әлеуметтік-экономикалық жүйені өзгермелі жағдайларға бейімдеу мақсатында қолданатын заңнамалық, атқару және бақылау сипатындағы шаралар жүйесі.

Экономиканы мемлекеттік реттеу -

Экономикалық мемлекеттік реттеу

рынок субъектілеріне зиян келтірмеуге бағытталған, сондықтан олардың құқықтары мен міндеттерін, өзара жауапкершілігін анықтау үшін қабылданған заңдардың жиынтығы;

рынок субъектілерінің шаруашылық әрекетін қадағалауды қамтамасыз ететін ұйымдастыру-экономикалық құрылымдарды қалыптастыру;

мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясаты негізінде жасалған механизмдерді анықтап, нәтижелі қолдану.

Slide 4

Экономиканы мемлекеттік реттеудің тиімді жүйесін жасау үшін бірқатар шараларды жүзеге асыру қажет.

қаржы жүйесін сауықтыру, индикативтік әдістерге көшу, қаржылық тетіктерді пайдалану;

бірден жойылуы мүмкін болмайтын шығынды және тиімділігі төмен кәсіпорындар үшін бейімделу және содан кейінгі даму жағдайларын жасау;

елдің бүкіл шаруашылық кешенін қажетті құрылымдық өзгерістерге ұшырату арқылы жаңа техника мен технологияларды енгізіп, ресурс сақтау шараларын жүзеге асыру.

белсенді әлеуметтік саясат жүргізу арқылы рынокқа өтудің халық үшін теріс салдарын жеңілдету, әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету, халықты жұмыспен қамту үшін кешенді шаралар жүйесін жүзеге асыру.

Slide 5

Экономиканы мемлекеттік реттеу міндеттері

Экономиканы мемлекеттік реттеу өтпелі кезеңнің бастапқы сатысында - экономиканы ырықтандыру (либерализациялау) бағытындағы шараларды жүзеге асыру; екінші кезеңі - экономиканы тұрақтандыру бойынша шаралар жүйесін жүзеге асыру және қорытынды кезеңі - тиімділікті арттырып, тұрақты өсуді қамтамасыз ету.

Экономиканы мемлекеттік реттеу мүдделердің тепе-теңдігіне жеткізуі тиіс, яғни бір жағынан ол экономикалық реформалардың тиімді барысын, қамтамасыз етуі тиіс, екінші жағынан табыстар мен ресурстарды әділ бөлуге қол жеткізуі қажет.

Slide 6

Қазақстанда рыноктық қатынастарға өту кезіндегі мемлекеттік функциялардың қысқаруы рыноктық ортаның өзін-өзі ұйымдастыруын қалыптастыру әрекеттерімен толықтырылмады. Ал, мұның өзі рыноктық экономикасы бар елдердің практикасында бар жағдайға қарама-қайшы келді. Өтпелі кезең жағдайында қалыптаса бастаған еркін рынок мемлекеттің реттеуші ықпалынсыз монополизацияланған ел экономикасын әлеуметтік бағдарланған рыноктық экономикаға айналдыру ісінде көптеген қиыншылықтарға тап келді. Бір жағынан ескі әміршіл-әкімшіл, жоғарыдан төменге дейін жоспарға бағындырылған жүйе жойыла бастады да, орнына жаңа экономикалық жүйе келе бастады. Көпукладты экономика негіздері туындап, бәсекеге, сұраныс пен ұсынысқа бағдарланған экономиканың алғышарттары күнделікті өмірге ене бастады. Екінші жағынан, өтпелі кезеңде мемлекет шешуі тиіс басты проблемалар қараусыз қалып шиеленісті.

Slide 7

Соның салдарынан рыноктық реформалардың бастапқы кезеңінде бірқатар кемшіліктерге жол берілді олар:

Меншікті жекешелендіру көбінесе өз бизнесін тиімді атқаратын меншік иелерін тауып, қалыптастыра алмады;

Меншікті иемденіп алған шектеулі адамдар тобы табыстарының шексіз өсуі қоғамдағы әлеуметтік теңсіздікке алып келді;

Рыноктық жаңартулар мен жаңғыруларда әлеуметтік тұрғыдан едәуір кемшіліктер жіберілді.

Кәсіпкерліктің мәні мен сипатында алып-сатарлық және қылмыстық әсерлер көптеп кездесті.

Slide 8

Қазақстанда рынокқа өту кезінде де, қазір де толыққанды, тиімді меншік иелерін қалыптастыру міндеті күн тәртібінен алынған емес, сондықтан меншік құрылымы, мемлекетсіздендіру, демонополизациялау сияқты мемлекеттік реттеу объектілері ешқашан да мемлекеттің жіті назарынан тыс қалмауы тиіс.

Slide 9

Экономикаға теріс әсерлердің күшеюі кезінде оған мемлекеттің ықпалы да арта түседі. Елдің бірқалыпты дамуы және дағдарыстың жоқ кезінде мемлекеттің экономикаға әсері қысқара түсіп, рыноктың басқа да субъектілері тәрізді мемлекеттің әрекеті де ұзақ мерзімді бағдарламалар аясында жүзеге асады.

Slide 10

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!


Ұқсас жұмыстар
Әлемдік рынок және әлемдік бағалар
САЯСИ ДАМУ
Экономиканы мемлекеттік реттеудің құралдары
Экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілігі мен астары. Фирмалардың, шаруалар мен үй шаруашылықтарының сәттілігін қамтамасыз етудегі мемлекеттің рөлі
Экономикалық теория туралы түсінік
Қазақстанның саяси жүйесі
Экономикалық жүйе: мәні, элементтері, даму сипаты
ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУ
Қоғамдағы гендерлік роль
Нарықтық құрылымның жіктелуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz