Алаша хан кесенесі




Презентация қосу
«Алаша хан» кесенесі
Алаша хан кесенесі — Алаша хан күмбезі Ұлытаудың
Қаракеңгір өзен жағасында (Сарыкеңгір өзенінің құярлық
саласында) биік жотаның үстінде тұр. Ғалымдар күмбезді
Қарахан әулетіне, оғыз-қыпшақ заманындағы (10-13 ғ.ғ.)
сәулет өнерінің қатарына қосады. Зерттеушілерәлі де
жаңаболжамдар (15-16 ғ. деушілер де бар) айтқанымен,
күмбездің уақыт зардабынан мүжіліп тозған түрі мен
басқа ешбір ескерткішке ұқсамайтын көркемдеу тәсілі
арғызамандарға сілтейді.
Алаша хан мазары
Алаша хан мазары (ХІІІ-ХІV ғасыр). Ел аузындағы аңызда Алаша хан ордасы Ұлытау төңірегінде
болған.Ұлытаудан ағатын Жаңғабыл өзенінің бойында үлкен сарайдың орны әлі бар. Жергілікті халық
оны Алаша хан ордасы деп атайды. Алаша ханның енді бір сарайы сол маңдағы Қаракеңгір өзенінің
бойында. Шежіре деректерінде Алаша хан әңгімесі маңғол дәуірінен бұрын шыққанын көрсетеді.
Қаракеңгір өзенінің оң жағасында ХІІІ-ХІV ғасырлардағы сахаралық сәулет өнерінің үлгісінде
салынған. Халық аңызына қарағанда, Алаша ханның атына лайықты, оның күмбезін алаша кілемнің
түрімен нақыштап шығарған.Кірпіштер өрілген. Мазарға кіргеннен кейін сол жақта баспалдақты
қуысы бар. Сонымен жоғары көтеріліп, айналма екінші қабатқа, одан кесене үстіне шығуға болады.
Кірпіштердің бетінде ру таңбалары, ою-өрнектер бейнеленген. Іштегі шағын терезелерден күн сәулесі
түсіп тұрады. Осы уақытқа дейін шыдап келген кірпіштің мықтылығын айтсаңызшы! Жылқының қыл
құйрығын турап, биенің сүтіне илеген екен дейді. Ғалымдардың айтуы бойынша, ескерткіш оғыз-
қыпшақ заманындағы (Х-ХІІІғ.) сәулет өнерінің үлгілеріне жатады.
Оның тарихына тоқталсақ: 1855 жылы кесене
жайлы алғашқы жазба деректерді
Ш.Уәлихановтың «Қырғыз-қайсақ молалары және
жалпы бұрынғы туралы» атты мақаласында
кездестіреміз.
1868 жылы подполковник Красовскийдің
"Область сибирских киргизов" еңбегінде кесене
жайлы ең алғаш рет жан-жақты баяндалған.
1945-1946 жылдары М.Б. Левинсон бастаған
экспедиция кезінде ең алғаш рет фотофиксация,
техникалық зерттеу, өлшеу жұмыстары өткізілді.
1946 жылы Қазақ КСР Ғылым Академиясы Тарих,
археология және этнография институтының
жетекшілігімен ескерткіш аумағындағы
археологиялық зерттеу жұмыстары басталды.
1982 жылы Алаша хан кесенесі Қазақ КСР-нің
тарихи және мәдени маңызы бар ескерткіштер
тізіміне еніп, мемлекет қорғауына алынды.
Назарларыңызғ
а рахмет!!!

Ұқсас жұмыстар
Сәулет ескерткіштері
Рухани мәдениет
Жансейіт күмбезі
Қазақстанның ХIV – XV ғасырлардағы сәулет өнері
Сәулет өнері деген қандай өнер
Сәулет өнері
Қожа Ахмет Яссауи кесенесі
Топ басшыларының сайысы
Көшпенділер
«Адамның діни сеніміне құрмет оның таңдауына құрмет ретінде. Қазақстандағы діни сенім. Ислам діні туралы түсінік»
Пәндер