Қазақстан кинематографы - Қазақстанның кино өнері мен кино индустриясы




Презентация қосу
ТӘУЕЛСІЗ
ҚАЗАҚСТАННЫҢ
КИНЕМАТОГРАФИЯСЫ
ОРЫНДАҒАН: ДАРИЕВА Ж.
ТЕКСЕРГЕН: ДЖУМАБЕКОВ Е.
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КИНОМАТОГРАФТАРДЫҢ
ҚАЛЫПТАСУЫ
• Қазақстан кинематографы — Қазақстанның кино өнері мен кино индустриясы.
• Қазақстан аумағындағы алғашқы киносеанс 1910 жылы болды, бірақ бұл комерсанттардың ақша
табу мақсатындағы кәсібі болғандықтан ол елде кино өнерінің таралуына да, кино индустриясының
орнауына да әкелген жоқ.
• Қазақстандағы киноның алғашқы қадамдары 1925 жылы жасалды. Осы кезде Қызылордада өткен
Республика кеңестерінің V съездінің хроникалық түсірілімдері жасалды. Сол жылы Қазақстан
туралы алғашқы деректі фильм — «ҚАКСР-ның мерейтойы» түсірілді.
• 1929 жылы Алматыда Жалпыресейлік «Востокфильм» тресінің өндірістік бөлімшесі болып
табылатын алғашқы киностудия ашылды. Зертхана, монтаждық, мультипликациялық және
жазбалар жасайтын цехтар салынды. Бөлімше өз күшімен «Соңғы хабар» деген жалпы атауға
ие болған бірнеше хроникалық киножурнал жасап шығарды. Бірнеше қысқа метражды деректі
фильм түсірілді: «Ауылдардағы кооперация», «Жаңа астана» (Алматы туралы), «Қызыл
Әскер», «Жайлауға» және Түрксіб құрылысы туралы екі киноочерк.
• «Востокфильм» тресінің өндірістік бөлімшесінің құрушыларының ойы бойынша, бұл бөлімше
болашақта Алматыда жаңадан киностудия ашқанда оған негіз болуы керек болатын. Бірақ ол 1931
жылы жабылып қалды, ал «Востоккино» басшылығы жұмыстың бәрін Мәскеуге көшірді.
Бөлімшенің жабылуна екі жағдай негіз болды: біріншіден техникалық база әлсіз болды, екіншіден
кино сценарилері болмады. Әлсіз техникалық базада кино түсіру мүмкін болғанымен,
сценарилердің жоқтығы шешімі жоқ проблема болды, себебі ол кезде кинодраматургия қазақ
көркем әдебиетінің жеке жанры ретінде дамымады.
• 1934 жылы Алматы кинохроника студиясы ашылды. Кеңестік Қазақстан киножурналы мен
деректі фильмдердің тұрақты шығарылымы қолға алынды. Мәскеуді үздік кеңестік фильмдердің
қазақ тілінде дыбыстандыру жұмыстары басталды.
ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН
КИНЕМАТОГРАФЫ
• Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстанда «Катарис» киностудиясы пайда болды (директоры
Максим Смағұлов): 1990 жылы түсірілген бес фильмнің үшеуі осы киностудияла жасалды.
Алайда сол кезде Қазақстанда киноға қатысты заңдық база болмағандықтан, меценаттар құйған
ақшаға жоғары салық салынды, нәтижесінде Смағұловтың ізін кешкен көптеген жеке
киностудиялар жабылып қалды.
• «Қазақфильм» мемлекеттік киностудиясы бұл кезеңде тарихи тақырыптағы фильмдерге көп көңіл
бөлді: «Отырар опаты», «Әбілқайыр хан», «Абай», «Жас Жамбыл» сынды тарихи фильмдер
шықты. Алайда елдегі кинопрокат жүйесінің дұрыс жолға қойылмауына байланысты
қазақстандық көрермендер бұл фильмдерді тамашалай алмады. Ал кино сыншылары
«Қазақфильмді» негізгі жұмыстың фестивальдік киноға бағыттап жатыр деп сынады. Абай
Қарпықов, Бақыт Килібаев, Александр Баранов сынды режиссерлер Ресейге, ал Серік Апрымов
АҚШ көшіп кетті.
• 1998 жылы қазақстандық кино дамуында айтарлықтай өзгерістер болды. 1999 жылдан бастап
«Сорос-Қазақстан» қорының қолдауымен жыл сайын «Жаңаша қараймыз» атты жастар
киносының фестивалі өтіп бастады. Бұл фестивальде Алматы театр және кино институтының
студенттері мен түлектерінің жұмыстары көрсетіді. 2000-жылдары республикада кинотеатрлар
құрылысы басталып, 2005 жылдан бастап олар ашыла бастады: 2009 жылы елде 129 кинозал
болса, 2010 жылдың аяғында олардың саны 196-ға жетті. 2005 жылы отандық кино тарихында
өзіндік ерекше орынға ие болған «Көшпенділер» фильмі жарық көрді. 2007 жылы шыққан «
Рэкетир» фильмі үлкен аудитория жинап, халық ықыласына ие болды. Қазіргі таңда Қазақстан
кинематографы жылына 12-15 фильмнен түсіруде
• Қазақстандық кино тарихында тұңғыш рет «Кореядағы қазақтардағы бизнес» фильмі бір
миллиард теңгенің кассасын жинады.
ҚАЗАҚСТАН «ЖАҢА ТОЛҚЫНЫ»

• Қазақ киносы тарихында «жаңа толқын» деп айдарланған тұтас бір белестің жетістігі жетпіс жыл
бойы сақталған қоғамдағы қалыпты көзқарасты бұзып-жарып өткендігінде болса, сол «қазығынан
қозғалған» әлеуметті маңызды тақырыптардың бірқатары соңғы онжылдық кезең
киношығармаларында әр режиссердің өзіне ғана тән суреттеу ерекшелігі тұрғысынан да алуан
түрлі бағытта жан-жақты ашылуы мүмкіндіктеріне ие болды. Әсіресе, басты назар аударатын
сұрақтар қатарына жаңа заман тақырыбы мен замандас бейнесі. 1989 жылы қазақ киносына
«жаңа толқын» деп аталатын анықтама келді. Қазақ киносының «жаңа толқын»
режиссурасының қалыптасуының бастапқы кезеңінде басты тақырыптардың бірі қоғамдағы
өзгерістерге жастардың көзқарасы мен олардың осы өзгерістерді қабылдау ерекшелігі болды.
«Жаңа толқын» режиссерлары кинематографиялық процесте батыл қимылмен жұмыс жасады.
• Мен «Жаңа Толқын» фильмдерінен «Отырардың күйреуі» атты фильмді алып отырмын.
«ОТЫРАРДЫҢ КҮЙРЕУІ» ФИЛЬМІ
• Отырардың күйреуі — Ардақ Әмірқұлов түсірген 1991 жылғы қазақ
драма фильмі. Фильм кейіпкерлерінің тағдырлары әсерлі ұрыс
көріністерімен шебер өрілген.
• Ежелгі Отырар қазақ өркениетінің бесігі болды. XIII ғасырдың
басында қаланы Шыңғыс ханның әскерлері жаулап алды, ол 64 жаста
болды. Шыңғыс ханның жасақтарына жасырын түрде жол ашқан
ержүрек Унжу құлдықтан мың адамдық қызметке жеті жылға дейін
көтеріліп, шайқастың барлық қыр-сырын үйренді. Шыңғысханның өз
әскерлерін Орта Азияға жіберуге шешім қабылдағанын білген Унжу
Хорезм хандығына келе жатқан қауіп туралы хабарлауға асығады.
• Дохдурбек Қыдыралиев - Унжу, Қыпшақ
• Тұңғышбай Жаманқұлов - Каир-хан, Қыпшақов билеушісі
• Болот Бейшеналиев - Шыңғысхан
• Абдурашид Махсудов - Мұхаммед-Шах, Хорезма билеушісі
• Заурби Зехов - саудагер Ялвач Сабира
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ

Ұқсас жұмыстар
Театр сахнасы
Музыка мәдениеті
XX ғасырдағы Қазақстанда кино өнерінің дамуы
Қазақ театры
Қазақ өнерінің дамуы
Қазіргі қазақ мәдениеті
Факультеттер Барлығы Офлайн Онлайн ППС офлайн
Абылдың күйі
Өнердің түрлері
Қазақ киносының қалыптасуы мен дамуы
Пәндер