Сенімхат берушінің қолы



Орындаған:Қалила Р.
Қабылдаған: Кошенова Т.
Сенімхат. Қолхат

Презентацияның мазмұны:
- Құжат түрін үйрету.
- Басқа құжаттардан ажырата білуге үйрету
- Құжаттарды жаза білуге үйрету

Сенімхат
Сенімхат - бір адамның не мекеменің атынан екінші бір адамға тапсырманы орындай алу немесе бір затқа ие болу мүмкіндігінің бар екендігіне сеніп берілетін ісқағазының бір түрі.
Сенімхат мекеме атынан берілсе, арнаулы бланкке жазылады да, мекеме басшысының қолы мен мөрі басылады. Егер сенімхат жеке адам тарапынан берілсе, сенімхат иесінің аты-жөні, құжатының аты мен нөмірі жазылып, қолы қойылады. Төменгі жағына нотариус сенімхат иесінің қолын растап, мөр басады.

Сенімхат, негізінен, мынандай жағдайларда беріледі:
Жалақы алуға, жәрдемақы алуға, зейнетақы алуға, шәкіртақы алуға, банктегі есептерді пайдалануға, пәтер сатуға және сатып алуға, пәтерді жеке адамдарға жалға беруге т. б.
Нотариус сенімхат мәтінін дауыстап оқып, тізбеге тіркейді, тиісті мемлекеттік салық алынады және нотариустың қолы қойылып, мөрі басылады.
Сенімхаттар нотариалдық кеңседе куәландырылады.

Сенімхат мерзімі, әдетте, сенімхатта белгіленеді.
Төлемақы алу үшін берілген сенімхаттардың жарамдылығы - 3 ай.
Мүлікті пайдалану үшін берілетін сенімхаттардың жарамдылығы - 3 жыл.
Егер мүлікті пайдалануға берілген сенімхатта жарамдылық мерзімі көрсетілмесе, онда ол қол қойылған күннен бастап 1 жылға дейінгі мерзімде өз күшінде болады.
Сенімхаттың жарамдылық мерзімі жазбаша жазылуы керек.

Құрылымы:
1. Құжат атауы;
2. Күні, айы, жылы, жасалған орны (қаласы) ;
3. Сенімхат беруші туралы толық мәлімет (аты-жөні, мекенжайы, жеке куәлік нөмірі,
қайда, қашан берілгені) ;
4. Сенім білдірілетін тұлға туралы толық мәлімет (аты-жөні, мекенжайы, жеке куәлік
нөмірі, қайда, қашан берілгені) ;
5. Берілген құқық немесе алынған зат туралы мәлімет;
6. Сенімхаттың жарамдылығы (cенімхаттың қандай мерзімге дейін күшін сақтайтыны
туралы) ;
7. Сенімхат берушінің қолы;
8. Нотариалдық кеңсенің жазбасы;
9. Нотариустың аты-жөні, қолы, мөрі.

Сенімхат өз күшін мынадай жағдайда жоғалтады:
1. Сенімхат мерзімі аяқталғанда;
2. Сенім білдіруші сенімхат күшін тоқтатқанда;
3. Сенімхат берілген тұлға сенімхаттан бас тартқанда;
4. Сенімхат берушінің өлімінен кейін немесе еңбекке жарамсыз болғанда;
5. Сенімхат берілген тұлғаның өлімінен кейін немесе еңбекке жарамсыз болғанда.

Мен, Алматы қаласы, Нурмаков көшесі, 19 үй тұрғыны, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі 1993 жылы 25 қазанда берген, №0136197836 жеке куәліктің иегері Өскенұлы Жандос,
Алматы қаласы, С. Дөнентаев көшесі, 21 үй, 28 пәтерде тұратын Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі 1995 жылы 19 ақпанда берген, №0136197836 жеке куәлік иегері азамат Рақымбайұлы Өтегенге, Алматы қаласы, С. Дөнентаев көшесі, 19 үй мекенжайдағы үйімді сатуға сенім білдіремін.
Қолы 2017 жылғы 7 қаңтар, Алматы қаласы
СЕНІМХАТ

Қолхат
Қолхат - белгілі бір құндылықтардың (құжат, мүлік, зат, ақша) алынғанын куәландыратын және оны белгілі бір мерзімде қайтарып беретіндігін міндеттеп, көрсететін ресми құжат түрі.
Қолхат бір дана болып жасалады. Қолхат алушыда сақталады.
Кейде қолхатта қатысушы куәлер көрсетіледі. Ондай жағдайда куәлер қолхатқа өз қолдарын қойып растайды.
Ақшаны немесе затты қайтарған жағдайда қолхат жойылады.

Ерекшелігі
1) Қолхат құқықтық дәрежесі төмен құжат екендігі.
2) Қолхат нотариалдық кеңседе куәландырылмайтындығы.
3) Мөр басылмайтындығы.

Құрылымы:
• құжаттың атауы;
• қолхат беруші туралы мәлімет (аты-жөні, мекенжайы немесе жұмыс орны) ;
• қолхат алушының аты-жөні;
• алынған заттың атауы (егер ақша болса - көлемі санмен де, жазбаша да көрсетіледі, зат болса оның құны көрсетіледі) ;
• қайтарылатын нақты уақыты;
• қолхат берушінің жеке куәлік нөмірі;
• қолхат жазылған күн, ай, жыл;
• қолхат берушінің қолы;
• куәлардың қолы (кейбір жағдайда)

Тест сұрақтары
1. Бір адамның не мекеменің атынан екінші бір адамға Тапсырманы орындай алу немесе бір затқа ие болу мүмкіндігінің бар екендігіне сеніп берілетін ісқағазының бір түрі ?
A ) Қолхат Б ) Өтінін C ) Сенімхат Д ) Арыз
2. Төлемақы алу үшін берілген сенімхаттардың жарамдылығы ?
А ) 1 жыл Б ) З ай С ) 6 ай Д ) 1 ай
3. Сенімхат қанша дана болып дайындалады ?
A ) 1 Б ) 2 C ) 3

4. Сенімхаттың қанша түрі бар ?
A ) 2 Б ) 4 C ) 3 Д ) 1
5. “ Уполномочить ” сөзінің аудармасы ?
А ) кұкык беру Б ) өкілетті ету C ) тапсыру Д ) сенім білдіру
6. Қолхаттың ерекшелігін табыңыз:
А) қолхат құқықтық дәрежесі төмен құжат екендігі; Б) мүлікті пайдалану үшін берілетін қолхаттардың жарамдылығы 3 жыл.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz