Білім мазмұнының компоненттері
Презентация қосу
ҚАЗІРГІ МЕКТЕПТЕГІ
БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ
Орындаған:
Тобы:ФАҚ-911 Б
Қабылдаған:Паштанов Сұлтан
Жоспары
1.Білім беру мазмұны
2.Білім мазмұнының компоненттері
Білім мазмұнын анықтайтын нормативтік
құжаттарға сипаттама
1.БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ
1. Білімнің мазмұны туралы ұғым. Білімнің мазмұны
дидактиканың негізгі ұғымдарының бірі. Ол әрбір мектеп
реформасының негізіне жатады, ал реформалар тек
қана жергілікті факторлардың ықпалымен ғана емес,
халықаралық ықпалмен де жүреді.
Білім мазмұны балаларға "Нені оқыту керек?" — деген
сұраққа жауап береді.Білім беру мазмұнының теориялық
мәселелерін және оны іріктеу жолдарын В.В.Краевский,
И.Я.Лернер, В.С.Леднев, М.Н. Скаткин, т.б. зерттеді.
И.Я.Лернердің анықтамасы бойынша "білімнің мазмұны
дегеніміз - оқушыға берілетін білім, іскерлік және дағды
жүйесі, шығармашылық іс-әрекет, эмоциялық қарым-
қатынас тәжірибесі".(бұлар білім беру мазмұныңын
компаненттері)
Ең бастысы, білімнің мазмұны жеке тұлғаны жан-жақты
үйлесімді дамыту керек.
Білім беру -қоғамдық ұйымдастырылатын жəне
реттелетін, бір ұрпақтан екінші ұрпаққа əлеуметтік
маңызды тəжірибені тұрақты түрде беру процесі.
Білім беру үш бірдей процесті қамтиды: тəжірибені
меңгерту, жүріс-тұрыс қасиеттерін тəрбиелеу, дене
жəне ақыл-ойын дамыту.
Білім берудің мәні:
1.Жеке тұлға үшін:білімнің
сабақтастығы,өзгергіштік,жеке білім беру
траекториясы,өзін-өзі тәрбиелеу-қазіргі қоғамдағы
тұлғаның жетістікке жетуінің қажетті шарттары.
2.Қоғам үшін:қоғам мен мемлекеттің дамуын
қамтамасыз етеді;белгілі бір нормаларды
белгілейді;қоғамға тұрақтылық береді
Білім беру мазмұнын қалыптастырудың негізгі
концепциялары 18 ғ. соңымен 19ғ. басында
жасалды. Олар педагогика тарихында білім беру
мазмұнының материалды жəне формальды
теориялары деген аттармен белгілі.
Біріншісін дидактикалық материализм теориясы
немесе энциклопедизм депте атайды. Оның
жақтаушылары (ағылшын тарихшысы Дж.
Мильтон, неміс педагогы Н.Б. Беседов жəне т.б.)
білім берудің негізгі мақсаты əртүрлі ғылым
салаларынан неғұрлым көп білім көлемін беру
деп есептейді. Осы көзқарасты Я.А. Коменский
де ұстанды. Және ол өзінің оқулығында
оқушыға қажетті барлық білімдерді енгізбекші
болды.
Білім беру мазмұнын қалыптастырудың формальдық
теориясы немесе дидактикалық формализм оқытуды
оқушылардың қабілеттерін жəне танымдық
қызығушылықтарын дамыту құралы ретінде ғана
қарастырды. Оқу пəндерін таңдаудағы негізгі критерий
ретінде оның дамытушылық құндылығы алынды (мысалы,
математика, тілдер). Дидактикалық формализмнің
теориялық негізі -іс-əрекеттің бір саласында игерілген
білімдерді жəне іскерліктерді басқа салаға көшіру
қағидасы болды.
Дидактикалық формализмнің жақтастары ежелгі дүниеде
де болған.Мысалы, Гераклиттің «көп білген ақылға
үйретпейді» деген пікірі осының айғағы. Осындай
позицияны Цицерон да ұстанған. Кейіннен дидактикалық
формализм принциптері Кант философиясында,
Песталоццидің неогуманистік идеяларында өз жалғасын
тапты.
Қысқаша айтқанда,
Формальді білімнің мақсаты –адамның ойлау, есте
сақтау қабілеттерін, танымдық қызығушылықтарын,
зейінің дамыту.
Материалдық білімнің мақсаты-ғылым негіздерін
игеру,заттарды,құбылыстарды тану,өмірге қажет
нақты білім қалыптастыру.
Аталған екі теорияға К.Д. Ушинский келіспеді. Оның
пікірінше , мектеп, адамды біліммен байыту керек
және сонымен бірге осы білімді қолдануды үйрету
қажет, сөйтіп ол білім берудің мазмұнын іріктеуде
материалдық және формалдық теориялардың
бірлігін қамтамасыз ету идеясын ұсынды.
2.БІЛІМ МАЗМҰНЫНЫҢ
КОМПОНЕНТТЕРІ
Қазіргі қоғамда еркін, шығармашылықпен ойлай білетін
адамды қалыптастыруға сәйкес қазіргі білім беру
мазмұнында тұжырымдаманың кеңінен танымал үш түрі бар.
Сол білім мазмұнының тұжырымдамасының бірінде
ғылымдардың негізіне педагогикалық бейімделуіне
мектепте оқыта отырып жеке тұлғаның шығармашылыққа
деген қабілеттілігі еркін тандауды іске асыра білуге,
адамдарға деген әділ қарым-қатынас сияқты жеке тұлганың
қасиеттері.
Қазіргі коғамда адамның өз еркімен толық өмір сүруіне емес,
бұл әдіс оқушыларды ғылыммен және өндіріспен
араластыруға бағытталган. Бұл жерде адам өндірістік
фактор ретінде қарастырылады.
Оқыту барысында оқушылар міңдетті түрде білім
мазмұнының астары ретінде ғылыми білімдер жүйесін
тәжірибелік іс-әрекет дағдыны, сонымен бірге
дүниетанымдық және адамгершілік, эстетикалық идеяларды
түсінуі қажет (И.Ф.Харламов).
Қоғам өмірінің кейбір салаларына байланысты мәселелерін
шешу, оқушылардан білім мазмұнын меңгеру, ерік-жігері,
қаншалықты дамығандығын өз ісіне жауапкершілігін,
Отанға, қоғамға өзінің тағдырына көзқарасы, қоршаған
ортаны қорғау, қатыгездікке, өтірікке төзбеу, техникалық
және коғамдық прогрестің дамуына дұрыс көзкарасты талап
етеді.
Тәрбиеленушілердің осы қасиеттерін дамыту, құндылық мәні
бар сұраныстарды қалыптастыру қоғамдық өмірдегі
маңызды фактордың бірі өздігінен білімін көтеруді қажет
етеді. Білім беру мазмұнының тұжырымдамасындағы мақсат-
гумандық ойлауға, әлеуметтік тәжірибенің барлық
құрылымдық бөліктерінде педагогикалық бейімделуіне
сәйкес келеді. Одан басқа білім мен тәжірибені іске асыру
барысында бұл тұжырымдама шығармашылық іс-әрекеттік
және құндылық эмоционалдық қатынас тәжірибесін енгізеді.
Әрбір осы аталған әлеуметтік тәжірибелер білім беру
мазмұнының өзіндік түрі
Іскерлі
Білім
к
Эмоционалдық- Дағд
жігерлік
қатынас тәжірибесі ы
Шығармашыл
ық
іс-әрекет
тәжірибесі
1. Білім - адамзаттың жинақтаған тәжірибесі ,
заттар мен құбылыстарды , табиғат пен қоғам
заңдарын тану нәтижесі .
2. Іскерлік — алған білім негізінде оқушылардың
практикалық әрекеті іске асырылады . Мысалы ,
сауатты жазу үшін грамматикалық ережелерді білу
керек .
3. Дағды - бұл қайта - қайта орындалатын
практикалық әрекетке машықтандыру . Мысалы ,
тез оқу дағдысы - жүйелі түрде жаттығу нәтижесі.
Оқу процесінде білімнің , іскерліктің және дағды
ның өзара байланысы , бірлігі оқушылардың таным
қабілетінің ( зейін , байқағыштық , ес , қиял , ойлау )
дамуына мүмкіндік туғызады.
4. Әрбір адамның қалыптасуының көрсеткіші
ретінде белсенділігі және өзіндік дамуы кішкентай
бала кезінен шығармашылықпен жұмыс істеу
барысында қалыптасады. Объектіге адамның іс-
әрекетіне оның айналадағы қоршаған дүниеге
деген басқа адамдардың талаптарына, тұлғаның
белгілі бір объектіге байланысты сезімдік
қабылдауына сәйкес құндылық қатынас тәжірибесі.
5.Сезім мәдениеті - адамның әлеуметтік
тәжірибесі арқылы қалыптасатын ерекше құбылыс.
Адамның білімге, іскерлік дағдыларға іштей
сұраныстарын туғызып, түрлі сезімдерге бөлеп ,
білім беру мазмұнын меңгертуге болады . Білім,
іскерлік, дағды, шығармашылық іс - әрекет
эмоцияны тәрбиелейді. Бала сезіміне әсерлі
мәтіндер , Иллюстрациялар, сұрақтар мен
тапсырмалар да әсер етеді. Оқушы өзі оқып отырған
материалға қатынасын сөзі және ісі арқылы
білдіреді.
БІЛІМ МАЗМҰНЫН
АНЫҚТАЙТЫН НОРМАТИВТІК
ҚҰЖАТТАРҒА СИПАТТАМА
Білім беру мазмұнын
анықтайтын негізгі
құжаттар
Мемлекеттік
Білім беру
білім беру
туралы Заң
стандарты
Оқу
Оқу Оқу
бағдарлама
жоспары әдебиеті
сы
Стандарт – үлгі, білім мазмұнының негізі. Білім
мазмұны стандартта жазылған талаптарға сай
жасалады . Стандартта оқушы меңгеруі тиіс білім,
іскерлік дағдылардың көлемі, оқушының
дайындығына қойылатын талаптар белгіленген.
Аталған құжат республикадағы білім саясатын
жүзеге асыруды қамтамасыз ететін стратегиялық
маңызды құжат. Стандарттың негізгі қызметі -
басқару. Ол " Білім туралы " Заңға сәйкес жасалады.
Қазіргі уақытта елімізде білім берудің барлық
деңгейлеріне арналған мемлекеттік стандарттары
дайындалып, тәжірибеге енгізілді.
Оның көп себебі бар . Солардың бірі - кейбір
мектептердің күмәнді мазмұны бар оқу курстарын
ешқандай әдістемесіз енгізуі .
Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы»
Заңы 1999 жылы 7 маусымда қабылданған. «Білім
беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
мемлекеттік білім беру саясатын анықтайды.
Қазақстан Республикасының білім беру
саласындағы мемлекеттік саясат принциптері:
үздіксіз білім беру;
барлық адамдардың білім алуға тең құқықтығы;
жалпы орта білімнің тегіндігі;
орта білімнің міндеттілігі.
Оқу жоспары – оқу жылының, тоқсандардың,
демалыс күндерінің мерзімін, оқытылуға тиісті оқу
пәндерінің тізімін, әрбір оқу жылы /сыныптар/
бойынша оқу тәртібін және ретін, әрбір пәнге бүкіл
оқу мерзімінде және апта сайын әр пәнге бөлінетін
сағаттардың мөлшерін анықтайтын нормативтік
құжат.
базисті
к
Жалпы білім типти
беретін к
мектептін оқу
жоспары
Оқу жоспары
Оқу бағдарламасы – оқу пәнінен берілетін білім мен
игерілетін дағдылардың мазмұны мен көлемін және оқу
жылындағы орнын белгілейтін құжат. Оқу
бағдарламасының түсінік хатында оқу пәнін оқытудың
мақсаты, бағдарламаның құрылымы, оқу материалының
жүйесі, оқытудың әдістері мен ұйымдастыру
формаларының ерекшеліктері көрсетіледі, сыныптағы
және сыныптан тыс оқыту жұмыстарының басқа
пәндермен байланыстылығы анықталады.
Оқу бағдарламасы мына қағидалар негізінде жасалады:
жас ұрпақтар үшін бағдарлама мазмұнының тәрбиелік
мәні болуы, оқыту мазмұнының ғылыми тұрғыда келуі,
оқу материалының оқушылардың жас ерекшеліктеріне
және білім дәрежесіне сай жасалуы, оқылатын объективті
дүние құбылыстары мен оқу пәндерінің арасындағы
табиғи жалғастықты бейнелейтін өзара байланыс
ескеріледі.
Оқу әдебиетіне оқулықтар, анықтамалар, қосымша
кітаптар, есептер мен жаттығулар жинақтары, атластар,
карталар, жұмыс дәптерлері жатады.
Оқулық – оқу бағдарламасына сай оқу пәнінің мазмұнын
жүйелі түрде баяндайтын кітап.
Оқулыққа қойылатын талаптар:
Пәнаралық, пәнішілік байланысты қамтамасыз ету
Оқу материалының оқушылар жас ерекшеліктеріне сай
болуы
Оқу материалының жоғары идеялық және ғылыми
деңгейінде түсінікті баяндалуы
Ой әрекетінің негізгі тәсілдерін қалыптастыру (әртүрлі
сызба, кесте, тапсырма және сұрақтардың болуы)
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz