Философиядағы таным мәселесі
Презентация қосу
Философиядағы
таным мәселесі
Орындаған:Қансейтова А
Тобы:1507-29
Қабылдаған:Беспаев М
Таным - бұл адамның бейнелеу әрекетінің ерекше түрі.
Философия тарихында таным деп адамның дәлелденген білім
алу үшін әлемді және ондағы өзін мақсатты түрде бейнелеу
аталған. Таным дегеніміз-білім алу үшін шығармашылық
ізденіс. Таным адамның практикалық іс-әрекетінің рухани
жағы болып табылады. Таным - адам арнайы танымдық мәселе
мен есептерді қойып, мақсатты түрде қол жеткізетін
ақпараттық жоғарғы деңгейі. Таным - адамның нақты
мақсатына бағытталған және шығармашылы іс-әрекетінің
әлеуметтік процесі. Оның нәтижесінде сыртқы әлемнің
идеалды образдары қалыптасып, олар туралы білім пайда
болады.
Гносеология немесе таным теориясы
• Гносеология немесе таным теориясы - философия ғылымының
саласы, танымның мәнін, ерекшелігін, әдіс кұрылымын, деңгейін, басқа
таным формалармен байланысын зерттейтін ғылыми таным теориясы.
Басқаша айтқанда, адамның тану қабілеті, танымның бастауы,
формалары, әдістері туралы, ақиқат және оған жетудің жолдары туралы
ілім. Айналадағы қоршаған дүниенің адам санасында белсенді
бейнелеуін, танымның жалпы шарттары мен мүмкіндігін, білімнің
шындыққа қатысын, қоғамдық практика негізінде іске асатын таным
процесінің заңдылықтарын, оның негізгі формаларын, әдістер,
гепотезалары мен теорияларды құру мен дамытудың принциптерін
зерттейтін философия ғылымының саласы.
Таным теориясы немесе эпистемология - бұл философия ғылымының бір бөлігі.
Онда таным табиғаты мен оның мүмкіндіктері, шегі туралы мәселе қойылып
зерттеледі. Таным теориясы туралы термин философия ғылымына 1854 жылы
шотланд философы Дж.Феррердің еқбектері арқылы енді. Бірақ таным туралы
мәселе өте ертеден бастап-ақ қойылып келеді. Өйткені танымнан тыс білім де,
ғылым да да болуы мүмкін емес. Таным теориясы этика, эстетика, адам туралы
философиялық ілімдермен тығыз байланысты. Дегенмен, ол жалпы философия
теориясының дербес бөлімі ретінде өзінің мағынасын сақтайды.
Эпистемология философиямен катар пайда болып, өмір сүріп келе жатыр.
Дегенмен егер қателік жібермесе, адам ақиқатты ақиқат ретінде тани алмас еді.
Сондықтан гносеологияда адамның қалай адасатыны және одан кейін қалай тура
жол табатыны да зерттеледі. Гносеология үшін дүние, адам және адамзат коғамы
туралы дәйекті білімдердің болуының қандай практикалық маңызы бар деген
мәселенің өмірлік мәні ерекше.
Гносеология - айналадағы әлемді тану туралы философиялық ғылым. Таным
теориясы немесе гносеология (грекше gnosis - білім, таным) - философиямен
бірге, оның іргелі бөлімдерінің бірі ретінде пайда болды және қалыптасты. Ол
адам танымының сипатын, білімінің формаларын, оның жадағай түрінен
тереңіне бойлау әдістерін зерттейді. Гносеологиядағы орталық ұғымдарға
"таным субъектісі" мен "таным объектісі", "білім", "таным" жатады.
Таным субектісі дегеніміз-мақсатпен бағытталған
заттық-практикалық, белсенді таным әрекетін
ұстанушы, ол индивид те, ұжым да, әлеуметтік топ,
қоғам да болуы мүмкін.
Таным обьектісі дегініміз-субьектінің таным
әрекеті бағытталған нәрсе.
Білім деген не?
• Білім - адамның санасында берілген, өзінің қызметінде шынайы
дүниенің заңды байланыстарын идеалды бейнелейтін
объективті шындық. Материалды дүниені бейнелеудің нәтижесі,
түйсіктің, білімнің, зауықтың, қобалжудың бірлігі болып
табылатын және материямен ұштасатын санадан өзгешелігі -
таным білім алу үдерісі болып табылады және ол тәжірибемен
жанасады.
Эпистемология немесе ғылыми таным
• дүниенің, объективті шындықтың жалпы байланыстары мен қасиеттерін
арнайы тәсіл арқылы зерттейді. Ғылыми таным-жүйелі таным. Ол
адамнан арнайы дайындықты, іздестіруді, тынымсыз еңбекті қажет
етеді.Ең алдымен, ғылыми таным өзі зерттейтін объект жөнінде жан-
жақты дәлелді объективті білім жинақтауға тырысады. Ол абстрактілі-
аналитикалық, сонымен қатар, конструктивті-синтетикалық білім болып
табылады. Талдаудың көмегімен зат ойша бөлек-бөлек қасиеттерге,
функцияларға, сапаларға жіктеледі. Біріктіру арқылы заттың жеке
бөлшектері туралы білім оның біртұтас және көлемді бейнесінің
қалыптасуына мүмкіндік туады. Ғылыми танымның екі деңгейін-
эмпириялық таным мен теориялық танымды бөліп көрсетуге болады.
Эмпириялық таным
• эксперимент, бақылау, баяндау, салыстыру, өлшеу. Бұл
деңгейде объект алғашқы ізденістен өтеді, онық сыртқы
ерекшеліктері мен кейбір заңдылықтары анықталады.
Теориялық деңгейде объект түсіндіріледі, оның түпкі,
негізгі, ұдайы қайталанып отыратын заңдылықтары
ашылады. Бұл екі деңгей бір-бірімен тығыз байланысты.
Эмпириялық таным ғылыми заңдардың қалыптасуының
бастауы, негізі болып табылады, теория эмпириялық
материалды түсіндіреді.
Зерттеудің теориялық деңгейі жоғары деңгейдегі жинақтаумен,
идеализациялаумен, объектінің заңдылықтары мен ішкі байланыстарды
бейнелеумен ерекшеленеді. Ғылыми танымда арнайы методтар
қолданылады. Метод дегеніміз - зерттелетін нәрсені ойша қайта
жаңғыртудың, қойылған ғылыми мақсатқа жетудің тәсілі. Эмпириялық
деңгейде бақылау, өлшеу, эксперимент, баяндау, ал теориялық деңгейде
тарихилық пен логикалық, аксиоматикалық метод, формальдау,
абстрактіліктен нақтылыққа өрлеу сияқты тәсілдер қолданылады. Кейбір
тәсілдер (жіктеу мен біріктіру, индукция мен дедукция, модельдеу)
эмпириялық және теориялық деңгейде де кеңінен қолданылады. Бақылау
- сыртқы дүниені мақсатты да жүйелі түрде қабылдау. Ол танымның
алғашқы дерек беретін көзі болып табылады.
Негізгі және қосымша ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
1. Қасабек, А. Қазіргі ғылым дамуының философиялық
ерекшеліктері [Мәтін] / А. Қасабек, Күлпан Аликенова.-
Талдықорған: ЖМУ баспасы, 2017.- 190б.
2. Әбішев Қ. Философия: Жоғары оқу орындары
студенттері мен аспиранттарға арналған оқулық / Қ.
Әбішев.- Алматы: Эверо, 2014.- 256бет.
3. Мырзалы С. Философия: Оқулық баспа / С. Мырзалы.-
Алматы: Бастау, 2013.- 644б.
4. Әлікенова, К.Н. Ғылым тарихы мен философиясы
[Мәтін]: Оқу құралы / К.Н. Әлікенова.- Талдықорған: ЖМУ
баспасы, 2012.- 256бет.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz