Жасушаның биологиялық мембраналарының молекулалық құрылымы мен функциялары
Презентация қосу
Тақырыбы : Жасушаның
биологиялық мембраналарының
молекулалық құрылымы мен
функциялары
Орындаған: Кенжебек Ә.О.
Курс: 1 курс
Мамандығы: Жалпы медицина
Тобы: 107 Б
Қабылдаған: Максутова А.М.,
Молекулалық биология кафедрасы
medkrmu.kz
Жоспар
Ⅰ. Кіріспе
Ⅱ.Жасушаның биологиялық мембранасының құрылымы
2.2. Жасушаның биологиялық мембаранасының атқаратын
функциялары
Ⅲ.Қорытынды
Ⅳ. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
medkrmu.kz 2
Кіріспе
Биологиялық мембраналар- деп цитоплазманы және жасушаны
құрайтын көптеген элементтерді шектейтін және каналшалардан,
қыртыстардан, қуыстардан тұратын біріктірген жүйені
қалыптастыратын бірнеше молекулярлық қабатты функционалды
құрылымдарды атайды. Биологиялық мембраналар – табиғаттағы
ең алғашқы және универсалды молекула үстілік құрылымдар.
Олардың екі өлшеудегі ұзындығы қалындығынан едәуір жоғары.
Бірақ, мембрананың қызмет атқару қабілеті үшін жауап беретін
механизмдер оның қалыңдығымен байланысты.Биологиялық
мембрананың құрылымын және қызметтерін зерттеу
медицинада өте маңызды, себебі жасушадағы көптеген
потологиялық процестер мембрананың қызметінің бұзылуымен
тікелей байланысты.
medkrmu.kz 3
Жасушаның биологиялық мембранасының құрылымы
Мембрана липидтері амфипатикалық
молекуларларының екі қабатынан тұрады,
мембрана липидтерінің молекулалары бір-біріне
паралель орналасады. Оны билипидті қабат немесе
биқабат деп атайды. Әрбір липид молекуласының
негізгі екі бөлігі – басы және өскіншесі болады.
Өскіншелер гидрофобты болып келеді де бір-
бірлеріне қарама-қарсы орналасады. Липид
молекулаларының бастары – гидрофильді, олар
клетканың сыртқы және ішкі жағына қарап
орналасады. Осындай билипидті қабатқа ақуыз
молекулалары батып тұрады..
Жасушаның биологиялық мембранасының
құрылымы
Ақуыз молекулалары тұтас қабат түзбейді, олардың
кейбіреуі липидті бағана беткейінің екі жағын ала бір
бөлігінің арасында, қалғаны мембранада гидрофильді
поралар түзіп, бағана қабаттарына ене орналасады. Егер
ақуыздар липидті бағаналарды қақ жарып орналасып,
ақуыз молекуласының бір жағы мембрананың бір жағында,
ал екінші жағы мембрананың екінші жағында орналасса,
ондай ақуыздарды интегральды немесе трансмембраналы
ақуыздар деп атайды.Егер ақуыздардың мембрана
маңайлық бетке тек қана бір жағы қарап жатып, екінші
жағы мембрананың ішіне қарап жатса, ондай ақуыздарды
ішкі ақуыздар , ал керісінше болса сыртқы ақуыздар деп
атайды
Жасушаның биологиялық мембранасының құрылымы
Жасушаішілік мембарана
клетканы арнайы
тұйықталған бөліктерге –
компартмент және
органеллаларға бөледі.
Осы құрылым туралы
алғашқы болжамды
Дж.Даниели мен Х.Девсон
жасады. Ол болжам
бойынша, мембрана екі
жағынан белокпен
қапталған қосқабат
липидтен тұрады.
medkrmu.kz
Жасушаның биологиялық мембранасының құрылымы
Ішкі және сыртқы ақуыздарды жартылай интегральды
ақуыздар деп те атайды. Кейбір ақуыздар фосфолипид
қабаттарының ортасында орналасады.Ақуыз
молекулаларының мембрана маңылық кеңістікке қараған
ұштары, осы кеңістіктегі әр түрлі заттармен қосылыстар
түзулері мүмкін. Сондықтан интегральды ақуыздар
трансмембрана үрдістерінде маңызды роль атқарады.
Жартылай интегральды ақуыздармен сыртқы ортадан
сигналдар қабылдайтын (молекулярлы рецепторлар)
немесе мембранадан сыртқы ортаға сигналдар өткізетін
молекулалар байланыста болады. Көпшілік ақуыздар
ферменттік роль атқарады.Липидтер секілді ақуыздар да
латеральды диффузияға ұшырайды, дегенмен олардың
молекулаларының жылдамдығы липидтер
молекулаларының жылдамдығына қарағанда төмен. Бір
моноқабаттан екінші моноқабатқа олар өте алмайды.
Жасушаның биологиялық мембранасының құрылымы
Кейін 1935 жылы
Дж.Робертсон ішкі және
сыртқы мембраналардың
құрылысы бірдей екендігін
көрсетті. Қазіргі кезде
биологиялық мембрананың
С.Дж.Сингер және
Г.Л.Никельсон 1972 жылы
сұйықтау – өрнекті моделі
кеңінен қолданылады.
medkrmu.kz
Жасушаның биологиялық мембранасының құрылымы
А – үшөлшемді моделі; б-
көлденең кесіндісі; 1-
шеткейлік ақуыздар (А);
жартылай интегральды
ақуыздар (Б); бірлестіруші
не интегральды ақуыздар
(В); 2-липидтік қабат; 3 –
гликопротеиндер; 4-
гликолипидтер; 5-
гидрофильді канал
medkrmu.kz 9
Жасушаның биологиялық мембранасының
құрылымы
medkrmu.kz
Жасушаның биологиялық мембаранасының атқаратын функциялары
Бөгеттік қызметі – қоршаған орта мен жасушаның
арасында таңдамалы, кезекпен белсенді, енжар зат
алмасу процестері жүреді. Таңдамалы дейтін себебі
биологиялық мембранада , басқа топқа жататын заттар
тасымалданбайды.
Механикалық қызметі – жасушалармен жасушалар
ішіндегі құрылымдар берік болып өзін – өзі басқарады.
Жасушаның биологиялық мембаранасының атқаратын
функциялары
Матрицалық қызметі – мембаранадағы ақуыздардың
орналасуын, олардың бағытын және өзара ұтымды
әсерлесуін қамтамасыз етеді.
Энергетикалық қызметі – митохондрийдің ішкі
мембраналарында АТФ – ті синтездеу және хлоропласт
мембранасында фотосинтездеу.
Биопотенциалдарды өндіру және оларды тарату.
medkrmu.kz
Жасушаның биологиялық мембаранасының атқаратын функциялары
Рецепторлық қызметі (механикалық, акустикалық, иіс
сезу)қамтамасыз етуде мембрананың ауданының рөлі аса
зор. Көпшілік аурулар мембрана қызметінің қалыпты
кұйден патологиялық күйге ауысуынан болады. Оған
мысал ретінде канцерогенді, артериосклерозды, вирустық
және инфекциялық ауруларды, улануды, ультракүлгін
сәулемен күюді т.б. айтуға болады. Мембрана
цитоплазманы түгел қоршап, оны қоршаған ортадан бөліп
тұрады. Заттың жасушаға өтуі немесе жасушадан шығуы
мембрананың қасиетіне тығыз байланысты. Сонымен қатар
сыртқы қабын құрайды.
medkrmu.kz
Жасушаның биологиялық мембаранасының атқаратын функциялары
medkrmu.kz
Қорытынды
Биологиялық мембрана – жасушаның автономдығын ,
заттың тасымалын, тыныс алу функциясын және т.б.
анықтайды.
Биологиялық мембрана – аса күрделі құрылымдв зат.
Оның құрамына ферменттік ақуыздар, ерекше
рецепторлар, электрондарды тасымалдаушы, энергияны
өңдеуші құрылымдар сонымен қатар гликопротеиндер
мен гликолипидтер болады. Биологиялық мембрана
түрлері: плазмолемма, жасушаішілік мебрана, базальды
мембрана. Мембраналар тек қана жартылай өткізетін,
пассивті қабықтар емес, олар жасушаның бүкіл маңызды
қызметтеріне қатысады, олар бүкіл органеллалардың
құрамына кіреді.
Әдебиеттер
1. Болдырев А.А., Кяйвяряйнен Е.И., Илюха В.А. Биомембранология:
Учебное пособие .Петрозаводск: Изд-во Кар НЦ РАН, 2006.– 226 с.
2. Комов В.П., Шведова В.Н. Биохимия М.: Дрофа, 2008. — 638 с
3. Төлеутаев Н.Т Адам және жануарлар физиологиясы.- Алматы 1992
medkrmu.kz
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz