Буйвол сүті




Презентация қосу
Сүттің химиялық құрамы
2 дәріс
Азық – түлік өнімдерінің технологиясы
Мамандығының студенттеріне

.
Жоспар
Сүт және сүт өнімдерінің түрлері.
Мал түліктерінің сүттері
Сүттің құрамы.
Сүт ферменттері

Қорытынды
Сүт және сүт өнімдерінің түрлері. Сүт және қышқыл сүт
өнімдеріне: сүт, қымыз, шұбат, құрт, айран және қаймақ т.б.
жатады.
Сүт. Сапасы мен дәмі оның майлылығымен анықталады. Майы
көп болған сайын, оның дәмі де жақсы болып, құнарлылығы да
артады.
Қымыз. Бие сүтінен жасалатын қышқыл диеталық сусын.
Антибиотикалық (туберкулезге қарсы) заттың қалыптасуына сеп
болады.
Шұбат. Түйе сүтінен жасайды. Ол қымызға қарағанда
қоюырақ және және майлырақ болады, жақсы сақталады,
өзінің емдік сапасын ұзақ уақыт бойы жоғалтпайды.
Құрт. Сүтті ашытып, сосын ұзақ уақыт араластырып,
сұйықтықтың айтарлықтай бөлігі қайнап суалғанша қайнату
арқылы жасалады.
Айран. Бір литр сүтке ашытқы
ретінде қатық, айран немесе
қаймақты пайдалану арқылы
жасалады. Сүтті әбден қайнатып,
бөлме температурасына дейін
салқындату қажет, дайындалған
ашытқына қосып, сосын шыны
немесе керамикалық ыдысқа құю
керек. Әбден ұюы үшін бес‑алты
сағатқа қою қажет.
Қаймақ. Зарарсыздандырылған
кілегейден алынады, қышқыл сүт
бактерияларының таза
дақылдарынан ашытылып, 18-20° С
температурада 3 сағат бойы
ашытылады. Алынған қаймақ 2-6°
С температураға бір тәулік
қойылады.
Cүт – күрделі құрамды биологиялық, организмге 95 – 98 % —
сіңетін, крем реңді ақ түсті және өзіне тән тәтті жағымды
дәмді сұйықтық. Сүт адам тамақтануында маңызды орын
алады, себебі оның құрамында амин
қышқылдары, макро және микроэлементтер,
витаминдер, ферменттер және т.б. бар. Бұл
заттар адам организміне жеңіл сіңеді.
Белоктар ерекше құнды, себебі олар
биологиялық толық құнды . Сүттің
құрамында майда диаметрлері 4 – 5 мкм
түйіршіктері бар. Сүт майы – глицерин мен
май қышқылдарының күрделі эфирі. Сүт
майларының балқу температурасы төмен (27
— 34°С ), сондықтан организмге жеңіл сіңеді.
Майдан басқа май тектес (фосфотидтер,
стериндер) бар
Мал түліктерінің сүттері
•Ешкі сүті
•Қой сүті.
•Бие сүті.
•Түйенің сүті
•Буйвол сүті

Ешкі сүті
Ешкі ежелден келе жатқан түлік. Соған байланысты оның сүті де қай
халыққа болса да етене жақын. Химиялық құрамы жағынан басқа мал
сүтіке қарағанда сиыр сүтіне жақынырақ. Ерте кездерде асқазаны, бүйрегі
дімкәс кісілерді ешкі сүтімен емдеген. Анасы жарытпаған балаларға да
ешкі сүті берілген. Кейбір уақытта сиыр сүті жақпайтын адамдар ешкі
сүтін ішкенде асказанының ас қорытуы жақсарған
Қой сүті
Біздің СССР халықтарының өте көп пайдаланатын сүтінің бірі. Әсіресе
Закавказья, Орта Азия, Қазақстанда, шет елдерден — Болгария, Румыния,
Франция, Греция, Албания т. б. елдерде қой сауу кең тараған. Қүрамында
6,7 процент май, 5,8 процент белок, 4,8 процент сүт қанты, 1 процентке
дейін минералды заттар бар. 4-5 айдың ішінде қойдан 150 килограмга
дейін сүт саууға болады. Кейбір сүтті қойдан 500 килограмға дейін сүт
сауылады.
Бие сүті
Орта Азия, Қазақстан, Татар, Башқұрт, Монғол халықтарының аса
қадір тұтатын сүтінің бірі. Химиялық құрамы жөнінен сиыр сүтінен
айырмашылығы, бие сүтінде құрғақ заттар, соның ішінде белок пен
майдың да мөлшері аз болады. Бірақ бие сүтінде сүт қантының мөлшері
сиыр сүтіне қарағанда көбірек. Бие сүтінен ашытылатын қымыз —
адамзат үшін табиғаттың өзі сыйға тартқан, жүғымдылығы жағынан
болсын, дәмділігі жағынан болсын, тіпті шөл басуының өзі ерекше сусын
Түйенің сүті
Түйенің сүтінен көне заманнан шөл және шөлейт аймақтарды
мекендеген халықтардың бірден-бір негізгі сусыны — шұбат дайындалады.
Түйенің сүтінен әзірленетін шұбат әрі сусын, әрі тағам. Сахараны жайлау
еткен халық өкілдері келген қонағына амандық-саулықтан соң міндетті
түрде осы сусынды ұсынады екен. Түйе сүтінің химиялық құрамы жағынан
сиыр сүтінен өзгешелігі шамалы.
.Буйвол сүті — бір қарағанда құлаққа тосын естіледі. Дегенмен буйвол
Индия, Индонезия т.б. елдерді былай қойғанда біздің Кавказда да көп
тараған малдың бірі. Мәселен, азербайжандар буйвол сүтінен дәмі тіл
үйіретін неше түрлі тағамдар дайындайды. Осы республикада сауылған
бүкіл сүттің 1/4 бөлігі буйвол сүтінің үлесіне тиеді. Буйвол сүтінің құрамы
сиыр сүтінің құрамына өте жақын. Соған байланысты сиыр сүтінен
дайындалатын тағамдар мен буйвол сүтінен дайындалатын тағамдар да
ұқсас. Мысал үшін буйвол сүтінен де айран, сары май, ірімшік т.б.
дайындалады. Сондай-ақ буйвол сүтінің тағы бір ерекшелігі, оның
құрамында А, Е витаминдері көп те, каротин аз болады. Сондықтан да
өндірілген сары майдың түсі ақшылдау келеді.
Сүт технологиялық ұқсатудың нысаны ретінде мынадай негізгі
көрсеткіштермен сипатталады: құрамы, тазалық дәрежесі,
органолептикалық, биохимиялық, физико-механикалық
қасиеттеріне, сонымен қатар ішінде улағыш және нейтраль
( залалсыздандырылған) заттардың болуымен.
Сүттің органолептикалық қасиеттеріне – сыртқы
көрінісі, дәмі, иісі, түрі; биохимиялық қасиеттеріне –
бактерцидтік активтігі (белсенділігі) және
қышқылдылығы; физико-механикалық –
температурасы, жылу өткізгіштігі, осматкалық қысымы,
электр өткізгіштігі және тағы басқалары жатады.
Уландырғыш қоспаларға – сүт құрамында мүмкін
болатын ауыр металдар, антибиотиктер, гормоналдық
препарат-тар, пестицидтер, микротоксиндер (В1 және
М1 афтолотоксиндері), ал нейтрализациялаушы
заттарға – тұз, аммиак жатады
Сүттің құрамы. Сүт судан және оның құрамында қоректік заттар –
майлар, белоктар, көміртекті сулар, ферменттер, витаминдер, минерал
заттар, газдар бар. Осы заттар су мен газды шығарған соң, сүттің құрғақ
қалдығы (СҚҚ) деп аталады.

Мал сүтінің құрамы

Мал түлігі Құрғақ зат Майлылығы Белогы Лактоза Күйі

Сиыр сүті 12,5 3,8 3,3 4,7 0,7
Бие сүті 10,3 1,25 2,15 6,5 0,4
Ешкі сүті 13,4 4,4 3,6 4,9 0,8
Қой сүті 18,2 6,7 6,3 4,3 0,9
Түйе сүті 13,6 4,5 3,6 5,10 0,7
Сүт
ферменттері
П е р о к с и д з а — тотықтыру процесін жылдамдатуға қатысатын
фермент. Сүтті 80 градусқа дейіи қыздырғанда ыдырап, тұнбаға түседі.
Пероксидаза ферментінің бұл қасиетін сүттің пастерлеу температурасын
анықтау үшін де пайдаланады.
Каталаза— сүттің қүрамындағы сутегінің асқын тотығын су және
оттегі молекуласына дейін ыдырататын фермент. Оның сүттегі мөлшері
сүттің ауру не сау малдан сауылғанын анықтайды. Сау малдың сүтіне
сутегінің асқын тотығын қосқан уақытта 1,5—3 мл оттегі бөлініп шығады, ал
сүт безі қабынған малдың сүті 8 — 15 мл сутегін бөліп шығарады.
Липаза — сүт майын май қышқылы мен глицеринге ыдыратады.
Сүтке желін микроорганизмімен келеді иемесе суалуға жақындаған
мал сүтінде болады. Сүтке ащылау дәм береді. Липаза сүтті 80
градусқа дейін қыздырғанда ыдырайды. Егер сүт нашар пастерленген
болса, ондай сүт те бұзылады, алынған май, қаймақ сақтауға
келмейді
Протеаза — белоктардың ыдырауына септігін тигізетін фермент.
Микроорганизмдер шығарған протеаза ферменттерінің әсері күштірек
болады. Сондықтан да кейбір уақытта белоктардың көп ыдырауы
салдарынан сүттің ұйып қалуы да мүмкін. Протеаза сүтті 75 градусқа
дейін қыздырғанда күшін жояды.
Фосфотаза ─ Жаңа сауылған
сүтте сілтілік фосфотаза
ферменті болады. Бұл фермент
фосфор қышқылы эфирлерін
фосфор қышқылына дейін
ыдыратады. 80 градусқа дейін
қыздырғанда фосфотаза толық
күшін жояды. Сондыңтан да
фосфотазаны пастерлеу
режимін қадағалау үшін
қолданылады
Редуктаза - сүттегі микробтар санын білу үшін
пайдаланылады. Егер сүтте микроб көп болса,
редуктаза ферментінің де саны көбейеді.

Сүт газдары. Жаңа сауылған сүт
құрамында газдар да болады.
Газдардың ерітіндідегі Заңы бойынша 1
литр сүтте 70 мл газ ериді. Оның 50 - 70
проценті көмірқышқыл газы, 5-10%
оттегі, 20-30 % азотты газдар болады.
Газдардың көпшілігі қышқыл ретінде
кездееетін болғандықтан сүттің
қышқылдығын сиырды сауғаннан кейін
бір сағаттан соң анықтаған дұрыс.
Қорытынды
Сүт – сапалы, қоректік қасиеті жоғары, бірақ тез бұзылатын
өнім.Оның түсі – ақ немесе аздап сарғылт, дәмі – тәтті, құрамында су,
май, белок, сүт қанты, минералдық заттар, витаминдер, ферменттер,
гормондар бар. Адам ағзасы оның құрамындағы қоректік заттарының
98-99%-ін пайдаланады.
Сүт технологиялық ұқсатудың нысаны ретінде мынадай негізгі
көрсеткіштермен сипатталады: құрамы, тазалық дәрежесі, органо-
лептикалық, биохимиялық, физико-механикалық қасиеттеріне, сонымен
қатар ішінде улағыш және нейтраль ( залалсыздандырылған) заттардың
болуымен. Сүттің органолептикалық қасиеттеріне – сыртқы көрінісі,
дәмі, иісі, түрі; биохимиялық қасиеттеріне – бактерцидтік активтігі
(белсенділігі) және қышқылдылығы; физико-механикалық – темпера-
турасы, жылу өткізгіштігі, осматкалық қысымы, электр өткізгіштігі және
тағы басқалары жатады. Уландырғыш қоспаларға – сүт құрамында
мүмкін болатын ауыр металдар, антибиотиктер, гормоналдық препарат-
тар, пестицидтер, микротоксиндер (В1 және М1 афтолотоксиндері), ал
нейтрализациялаушы заттарға – тұз, аммиак жатады
Назарларыңызға рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Сүт ферменттері
Сүт газдары
Бие сүті
САРЫПТЫҢ ІНДЕТ ОШАҒЫНДА ЖҮРГІЗІЛЕТІН ШАРАЛАР
ГРУЗИНСКИЙ ІРІМШІК
Ауруды ажыратып балау
Ірі қараның обасы
Ірі қара мал лейкозы
Сүттің құрамы, оның адам ағзасына пайдасы
Бруцеллезды балау әдістері туралы ақпарат
Пәндер