Жібек жолымен араб


Slide 1

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Факультеті: Медицина және Денсаулық Сақтау

Кафедрасы: Қоғамдық Денсаулық Сақтау

Мамандығы: Қоғамдық Денсаулық Сақтау 1-Группа

СОӨЖ

Тақырыбы: Ұлы Жібек Жолы

Орындаған: Жабасов Нұртай

Тексерген: Айтенова Альфия

Алматы 2020 жыл

Slide 2 Slide 3

«Жібек Жолы» (Ұлы «Жібек Жолы»)

Қытайдың Ши-ан деген жерінен басталып, Шыңжаң, Орталық Азия арқылы Таяу Шығысқа баратын керуендік жол бағыты. Атауды алманиялық ғалымдары Ф. фон Рихтһофен (F. von Richthofen) бен А. Һерман (А Hеrman) 19 ғасырда ұсынған. Ұлы Жібек жолы - адамзат өркениеті жасағын тарихи ескерткіштердің бірі. Біздің дәуірімізден бұрынғы II ғасырдан басталған бұл жол, Еуропа мен Азияның-Батыс пен Шығыстың арасын жалғастырған көпір болған.

Оның Қазақстан жерін кесіп өтетін тұсында, VI ғасырдан бастап екі бағыт: Сырдария және Тянь-Шань жолдары бағыттары кең өрістелген. Бірінші жол Қытайдан басталып, Шығыс Түркістан Қашқар арқылы Жетісуға, содан Сырдарияны жағалап, Арал маңынан әрі қарай Батыс елдеріне өткен.

Slide 4 Slide 5

Жібек Жолы тарихы

Халықаралық сауда жолының тарихы б. з. б. 3-2 мыңжылдықтардан, Шығыс Түркістаннан Иран, Мысыр, Қытай мен Сирияға лазурит пен нефрит тасудан басталады. Б. з. б. 138 жылы Қытайдан император У-дидің Батыстың беймәлім елдеріне (күн қайда батса, сол жаққа) жіберген елшілік керуені жолға шығады. Ол алғаш рет Қытайдан Орталық Азияға тіке жол тартты. Сапар барысында сауда үшін қолайлы жолдар анықталды. Бұл жолдар Ұлы Жібек жолының негізін қалады.

Уақыт өте келе Орталық Азия мен Қытай арасындағы сауда-саттық нығайды. Қытайдан шыққан керуендер солтүстік Тянь-Шань тауларына бағыт алып, Орталық Азияны кесіп өтіп, ары қарай Подсамудария, Хорасан арқылы Месапатамимен Жерорта теңізіне жететін.

Тарих ғылымында б. з. б. II ғасырды Ұлы Жібек жолының тұрақты жұмыс істеуінің басталуы деп есептеу қабылданған. Қытай елшісінен кейін іле-шала бұл жолмен Батысқа жібек керуендері жүрді. Рим мен Византия, Үндістан, Иран, Араб халифатынан осы елдерде өндірілетін тауарлар тасылды. Ұлы Жібек жолының маңызы - халықтар мен мәдениеттерді жақындастырып, өзара байытуында болды. Ұлы Жібек жолы өзінің атауын XIX ғасырда ғана алды. Оны неміс ғалымы, Азияның физикалық географиясы туралы еңбектердің авторы фон Рихтгофен ұсынды.

Slide 6

Ұлы Жібек жолы туралы 10 мәлімет

1. «Жібек жолы» термині кейіннен енгізілген, ал жолдың өзі ежелгі. «Жібек жолы» терминін неміс географы Фердинанд Рихтофен 1877 жылы енгізген. Ол бұл сауда жолы туралы Қытай туралы жазған кітабында айтып өткен болатын.

2. Аталуына қарап бұл жолды қандай да бір мықты магистраль деп ойлайсың. Алайда, тарихшылар айтып өткендей, Ұлы Жібек жолы үлкен ағашқа ұқсайды, себебі оның көптеген бағыттар болған. Осылайша, сауда айналымы көптеген қалаларды қамтыды.

3. Ұлы Жібек жолының қашықтығы 12 000 шақырымды құрады. Сондықтан саудагерлер мұндай қашықтықты толық жүріп өтпеген. Көп жағдайда олар ауысумен жүріп, жолдың ортасында өз тауарларын ауыстырып алып отырған.

4. Қытай императорының сауда жасайтын серіктестерді іздеу үшін жіберген арнайы дипломатиялық керуені Қытайға 13 жылдан кейін бір-ақ оралған.

5. Жібек жолы сүрлеуін жылқы салған.

6. Жібек жолы арқылы көп жағдайда жүзім мен мақта, жылқылар мен азықтық дақылдар жеткізілді.

7. Ұлы Жібек жолының пайда болуының арқасында қолөнер шеберлері жаңа өнер түрлерін игерді. Шеберлер темірден жасалған бұйымдарды жасау ісін Шығыстан, ал шыны жасау ісін Батыстан үйренді.

8. Қытай аңыздарында жібек жіпті ең алғаш болып Си Линг-чи патша ханым алған елінген. Аңызға сүйенсек, патша ханым шай ішіп отырған кезде оның шыныаяғына ағаштан жібі шығып тұрған құрт түсіп кетеді. Сөйтіп, патша ханым құрттың жібін тарқатып алып, осылайша алғашқы жібек жіп алынады.

9. Тасымалдың қарқындылығы Жібек жолындағы кейбір қалалардың арнайы уақыт кестесін белгілеп отырғанын дәлелдейді. Мысалы, керуендер Қытайдың Лоян қаласынан алдыңғы керуеннің шыққанына бір апта өткеннен кейін бірақ қозғалған.

10. Бүкіл Еуразия арқылы саяхаттаған саудагерлер технологиялар, діни ілімдер туралы айтып, мәдениетімен бөліскен. Сапарға саудагерлер ғана емес, жазушылар, жауынгерлер де, ғалымдар да аттанған. Ұлы Жібек жолының тарихы өте көне. Еуропа осы бағытпен жүріп өткен саяхатшылардың арқасында ғана Шығыстың мәдениетімен танысты. Мысалы, оқдәрі алғаш Қытайда ойлап табылды. Бірақ еуропалықтар бұл туралы білгеннен кейін ғана алғашқы қару-жарақ пайда болды.

Slide 7

Тауарлар

Жібек сауданың басты түрі болды. Жібек алтынмен бірге халықаралық валюта міндетін атқарды. Оны патшалар мен елшілерге тарту етті, жалдамалы әскерге жалақы және мемлекеттік қарыздардың өтеуі ретінде төледі. Жібек өзінің жұқа, әсемдігінің арқасында алыс жерлерге тасымалданатын негізгі тауар саналды. Сонымен қатар иіссу, тәтті тағамдар, женьшень мен маталар, бояу, бағалы тастар, аң терісі, алтын, күміс құймалары сияқты бұйымдар да тасылды. Жібек жолымен араб арғымақтары, қаршыға, тотықұстар мен түйеқұстар т. б. сатуға әкелінді.

Slide 8

Ұлы Жібек жолындағы сауда

Жібек жолы бағытымен өткен керуен саудасы пайда әкелумен қатар, үлкен қауіп-қатерге де толы еді. Сол себепті көпестер жолға жалғыз емес, қарулы адамдардан тұратын ірі керуендермен шықты. Керуендер жүк артылған бірнеше жүздеген малдан құралды. Олармен бірге саудагерлер, аудармашылар, нөкерлерін ерткен елшілер, дін таратушылар да сапар шекті.

Slide 9

Жібек жолындағы қалалар

Ортағасырлық авторлардың деректері мен археологиялық қазба жұмыстары Жібек жолы бойындағы халықаралық сауданың IX ғасыр мен XIII ғасырдың басында ерекше дамығандығын айғақтайды. Испиджаб, Кедер, Отырар, Тараз, Науакент, Баласағұн қалалары ірі сауда орталықтары саналды. Осы кезеңде Шу, Талас және Сырдария алқаптарында қала орталықтары қалыптасты. Бұл қала орындары Арал бойындағы құрғақ, шөлейт аймақтарда жақсы сақталған. Ұлтаралық және дінаралық төзімділік, өзге халықтың салт-дәстүріне құрметпен қарау Ұлы Жібек жолы бойындағы қалалардың басты ерекшелігі болды.

Slide 10 Slide 11 Slide 12

Ұлы Жібек жолының тарихи маңызы

Ұлы Жібек жолының тарихында оны түркі мемлекеттері толықтай дерлік бақылауда ұстаған үш кезең болды: VІ-ХІІІ ғасырдың басындағы түркі қағанаттарының; XIII ғасырдың екінші ширегі мен XIV ғасырдағы Монғол империясының; XIV ғасырдың үшінші ширегі мен XV ғасырдың басындағы Әмір Темір мемлекетінің бақылауындағы кезеңдер. Ұлы Жібек жолы мыңдаған шақырым қашықтықты қамтыды. Саудагерлердің көпшілігі жолдың ұзақтығынан тауарларын жарты жолда ауыстырып алуға тырысты.

Жібек жолы түркі бөлігінің халықаралық саудада маңызы зор еді. Ұлы Жібек жолы сауданың дамуына, көптеген қалалардың пайда болуына, өркендеуіне жол ашты. Бұл жол мемлекеттердің қалыптасуында, әлемдік өркениеттің дамуында үлкен рөл атқарды. Шығыс пен Батыс мәдениеті арасындағы байланыстырушы көпір саналды.


Ұқсас жұмыстар
Ұлы жібек жолы арқылы тараған діндер
Түркі мәдениеті мен өркениеті және олардың Ұлы Жібек жолы халықтарының мәдениеті дамуындағы мәдени - өркениеттік рөлін айқындау
Көшпелі мәдениет
XІ-ХІІ ғғ. Қазақстан жеріндегі отырықшы және көшпелі отырықшы және көшпелі мәдениет
ҚАРЛҰҚ ҚАҒАНАТЫ
Ұлы Жібек жолының тарихи мен дамуы
ТҮРКІ МӘДЕНИЕТІ МЕН ӨРКЕНИЕТІ
ТҮРКІ МӘДЕНИЕТІ
Мұсылман мәдениеті
Ұлы жібек жолы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz