Қазақ зиялыларының педагогикалық көзқарастары
Презентация қосу
Қазақ зиялыларының
педагогикалық көзқарастары
КІРІСПЕ
Халқымыздың аяулы перзенттері, ағартушы-демократ
ойшылдары А.Құнанбаев,Ы.Алтынсарин,Ш.Уалиханов,
М.Дулатұлы т.б. жастарға зор үміт артып,ақыл-кеңестерінің
бар нәлісін соларға бағыштады.Өз халқының ізгі ойы мен
асыл арманының жаршысы,жастарды білімге,мәдениетке,
өнер биігіне шақырған асыл жандардың ағартушылық
идеяларының негізгі, әрі өзекті бір арнасы педагогика және
психология мәселелерінің төңірегінде табылуы кездейсоқ
жәйт емес еді.
А.Байтұрсынұлының педагогикалық көзқарастары
А.Байтұрсынов өзінің барлық саналы өмірін қазақ қоғамында
білім-ғылымның дамуына,мектеп ағартушылық ісінің жанданып
кемелденуіне бағыштады. Байтұрсынов алғаш ағартушылық ой-
пікірлері сонау 1913-17 жылдары Орынборда шыққан “Қазақ”
газетінде жарияланған мақалаларынан айқын көрінеді. Ол туған
халқының білім-ғылымға ұмтылуын әр қазақтың ең болмаса
бастауыш білім алуын аңсады. “Адамға тіл, құлақ қандай керек
болса, бастауыш мектепте үйренетін білім де сондай керек”-деп
жазды.Ол медреседе оқығандардың педагогика, әдістемеден
хабарсыз, ал орыс мектептерінде оқығандардың мұсылманша хат
білмейтіндігін қынжыла сөз етеді.Сонымен қатар ол бастауыш
мектептерінде қандай пәндер оқытылу керек дегенге арнайы
тоқталып,ол пәндерді оқу,жазу,ұлт,дін,ұлт тарихы,
есеп,қолөнер,жағрафия,жаратылыс болу керек екендігін
нақтылап көрсетті.
Ыбырай Алтынсарин(1841-1889)
Қазақ халқы мәдениетінің тарихынан көрнекті орын алатын
қайраткерлердің бірі. Халқымыздың мақтанышы,
демократиялық бағыттағы ағартушы, тұңғыш педагог.Ол орыс
халқының кең арнаулы білім бұлағыннан сусындады.Өзінің
алған білімін туған халына тарту етіп, қазақ елі үшін оқу ағарту
саласында көп еңбек сіңірді
Ы.Алтынсариннің педагогикалық көзқарастары
Ы.Алтынсариннің педагогикалық ғылыми көзқарастарының
қалыптасуына белгілі ориенталист ғалымдар В.В.Григорьев,
И.И.Ильминский, Я.П.Яковлев секілді орыс достарының ықпалы
ерекше болды.Ыбырай жаңа типті мектептер үшін оқулық жасау
мәселесін 60-жылдардың басында-ақ қолға алды.Себебі қазақ
арасында діни оқудың кең орын алғандығы, діни кітаптардың
көптігі Ыбырайдың қазақ жастарына шын мәнінде білім мен тәрбие
беруі үшін жаңа оқулықсыз жұмыс жүргізудің мүмкін еместігін
көзін жеткізді,жаңа оқулық жасау мәселесіне үнемі
итермеледі.Алтынсарин “Қазақ хрестоматиясы” еңбегінде көркем
шығармалары арқылы өзінің ағартушылық және педагогикалық
идеяларын толық көрсетіп насихаттады.
Абай Құнанбаев(1845-1904)
Қазақ халқының ұлы ақыны,жазба әдебиетінің негізін
салушы.Сонымен бірге ұлы ойшыл.Абай дүниетануда
материалистік тұрғыда болды.Абай түсінігінде табиғат біздің
санамыздан тыс және бізге бағынышсыз өмір сүреді.Біздің
сеніміміз ,қабылдауымыз жіне ойлауымыз айналадағы
ақиқат,шындық өмірдің саулесі ғана.Абай қазақ халқы
дамуындағы прогрестің халық ағарту ісін кеңінен өрістетуге
байланысты екендігін өте дұрыс түсінді
А.Құнанбайұлының педагогикалық көзқарастары
Абайдың педагогикалық мұраларының негізгі
идеяларының бірі-адамдардың өзара қарым-
қатынасы,әсіресе, жастардың еңбекке баулу. Жастарды
еңбекке шақырды.”Қартайдық,қайғы ойладың ұлғайды
арман,Шошимын кейінгі жас балалардан, Терін
сатпай,телміріп көзін сатып, Теп-тегіс жұрттың бәрі
болды аларман-деп,өз кезіндегі еңбек етпейтін жастардың
осындай жағымсыз мінездерін сынады.Еңбек
тәрбиесін,оқу мен білім алудың негізі-деп түсінген Абай
жас ұрпақтың барлық тәрбиесінің көзін-бұлағын
еңбектен іздеді.
М.Дулатовтың педагогикалық көзқарастары
Дулатовтың оқу-ағарту майданындағы ерекше көзге түсуі
жиырмасыншы жылдардың орта шеніндегі латынша немесе арабша әріпті
алу мәселесінің төңірегіндегі айтыс кездерінде көрінді.Дулатов 1924жылы
Орынборда болған қырғыз-қазақ ағартушыларының тұңғыш съезінде
баяндама жасап, араб әрпінің ерекшелігі мен артықшылығын дәлелдеп
бақты.Оның “Бүкіл шығыс елінің мәдени мұрасы араб әрпімен жазылған,
егер де дүрмекпен латынға көшсек біз бұл байлықтан мүлде қол үземіз”
дейтін пікірінің шындық екендігіне бүгінде дау айтатын адам болмаса
керек.
Ол жұртты оқуға, білім алуға тартқан кезде бір жағынан діни
оқуды да жатсынбау қажет дейді.Дулатов орысша оқып, орыс тілін
үйренген қандай пайдалы болса,мұсылманша оқып,дінді танып,оны
өмірлік қажетке пайдаланса кісі жан-жақты білімді азамат болып
шығатыны туралы айтады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Бұл слайдта қарастырып өткенім
А.Байтұрсынов,А.Құнанбаев,М.Дулатов және
Ы.Алтынсариннің қазақ педагогикасына қосқан зор үлестері
туралы.Шоқан,Абай,Ыбырай еңбектері арқылы өркен
жайғанымен, шын мәнінде Қазан төңкерісіне дейін
педагогика ғылымы дербес ғылымдық дәрежеге көтеріліп
жетпегенін көре аламыз.
Абай да,Ыбырай да, Міржақып пен Ахмет те
келешегінен үміт күткен,өз халқын жан-тәнімен сүйген,
халқының мәдени көркейіп өсуі үшін бойындағы бар күш-
жігерін аянбай жұмсаған патриот азаматтар еді.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz